Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметі жұмысының тиімділігін арттыру, гидрометеорологиялық болжаулардың және табиғи ортаның іс жүзіндегі жай-күйі мен климаттың өзгеруі туралы ақпараттың сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ азаматтық авиацияның метеорологиялық қамтылуын жүзеге асыру және әуе кемелері ұшуының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазгидромет" кәсіпорны) және шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазавиамет" кәсіпорны) бөлу арқылы қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет кәсіпорнының және "Қазавиамет" кәсіпорнының мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
3. "Қазгидромет" кәсіпорнының негізгі міндеттері мыналар болып белгіленсін:
1) қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжаулар әзірлеу және жасау;
2) қоршаған ортаға жүйелі гидрометеорологиялық байқаулар және қоршаған ортаның мониторингін жүргізу;
3) гидрометеорологиялық зілзала құбылыстары болуының ықтималдығы туралы ескерту жасау;
4) Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық деректер қорын жүргізу;
5) энергетиканы, ауыл шаруашылығын және Қазақстан Республикасы экономикасының басқа да салаларын метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, экономикасы салаларының және халқының ауа райы, климат, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері және табиғи орта ластануының жай-күйімен бұл өзгерістердің себептері туралы ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.
4. "Қазавиамет" кәсіпорнының негізгі міндеті авиацияны метеорологиялық қамтуды жүзеге асыру және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін арттыру болып белгіленсін.
5. Мыналардың:
1) "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2-қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құруға рұқсат етілсін.
6. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) "Қазгидромет" кәсіпорнының және "Қазавиамет" кәсіпорнының жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) ұйымдардың тізбесі мен бөлінген бюджеттік қаржының есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша "Қазгидромет" кәсіпорны ұсынатын гидрометеорологиялық ақпараттың көлемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдасын.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
2 наурыздағы
N 185 қаулысына
1-қосымша
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
1. Ақмола гидрометеорология орталығы, Көкшетау қаласы <*>
2. Ақтөбе гидрометеорология орталығы, Ақтөбе қаласы
3. Атырау гидрометеорология орталығы, Атырау қаласы
4. Жамбыл гидрометеорология орталығы, Тараз қаласы
5. Қарағанды гидрометеорология орталығы, Қарағанды қаласы
6. Қызылорда гидрометеорология орталығы, Қызылорда қаласы
7. Қостанай гидрометеорология орталығы, Қостанай қаласы
8. Маңғыстау гидрометеорология орталығы, Ақтау қаласы
9. Павлодар гидрометеорология орталығы, Павлодар қаласы
10. Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы, Петропавл қаласы
11. Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығы, Орал қаласы
12. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы, Өскемен қаласы
13. Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы, Шымкент қаласы
14. <*>
14-1.Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Астана қаласы <*>
14-2. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Алматы қаласы
14-3. Алматы гидрометеорология орталығы, Талдықорған қаласы
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.20. N 1482 , 2003.12.05. N 1240 , 2007.08.28. N 748 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
2 наурыздағы
N 185 қаулысына
2-қосымша
"Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
1. Алматы авиаметеорологиялық орталығы, Алматы қаласы
2. Астана азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Астана қаласы
3. Ақтау азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Ақтау қаласы
4. Ақтөбе азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Ақтөбе қаласы
5. Арқалық азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
6. Атырау азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Атырау қаласы
7. Балқаш азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
8. Тараз азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Тараз қаласы
9. Қарағанды азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Қарағанды қаласы
10. Қызылорда азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Қызылорда қаласы
11. Көкшетау азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау қаласы
12. Қостанай азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Қостанай қаласы
13. Павлодар азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Павлодар қаласы
14. Петропавл азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Петропавл қаласы
15. Семей азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
16. Талдықорған азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы
17. Орал азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Орал қаласы
18. Өскемен азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Өскемен қаласы
19. Шымкент азаматтық авиациялық метеорологиялық станциясы, Шымкент қаласы