Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 748 Қаулысы

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін:
      "Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы", Алматы қаласы;
      "Алматы гидрометеорология орталығы", Талдықорған қаласы.
      2. "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 14-2 және 14-3 жолдармен толықтырылсын:
      "14-2. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Алматы қаласы
      14-3. Алматы гидрометеорология орталығы, Талдықорған қаласы".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады