Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 769 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1635 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 213 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 213 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 102-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 сәуірдегі N 522 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 184-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2007 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 769 қаулысымен   
бекітілген      

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.08 № 213 (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардың бар болуын қамтиды:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы Саласындағы органның қорытындысы ұсынылады);
      2) технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар (астық қабылдау кәсіпорнының техникалық паспортының көшірмесі немесе астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісі ұсынылады);
      3) өткізу режимі, аумақтың қоршалуы;
      4) астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен және мыналармен:
      типін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын дән маңызының құрамы мен сапасын санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен) (зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады);
      астық үлгілерін сақтауға арналған сорелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана;
      5) тиісті білімі (басшылар үшін - жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін арнаулы орта (техникалық немесе технологиялық) білім) және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін - 3 жылдан кем емес, мамандар үшін - 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (3-тен кем емес) және мамандардың (3-тен кем емес) білікті құрамы (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кесте ұсынылады).

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2007 года N 769. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 1635

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.12.2012 № 1635 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 08.02.2012 № 213 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      В соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан от 19 января 2001 года "О зерне" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 08.02.2012 № 213 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2000 года N 273 "Отдельные вопросы лицензирования деятельности по хранению зерна на хлебоприемных предприятиях" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 9-10, ст. 102);

      2) подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2001 года N 522 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 14, ст. 184).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 5 сентября 2007 года N 769

Квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по оказанию услуг
по складской деятельности с выдачей зерновых расписок

      Сноска. Квалификационные требования в редакции постановления Правительства РК от 08.02.2012 № 213 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования).

      Квалификационные требования, предъявляемые к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок, включают наличие:
      1) на праве собственности зернохранилища (элеватора, хлебоприемного пункта), отвечающего требованиям санитарно-эпидемиологического благополучия (представляются: копии правоустанавливающих документов, заключение органа в области санитарно-эпидемиологического благополучия);
      2) технологического оборудования (зерноочистительные машины, зерносушильное оборудование), весового оборудования (поверенного в установленном порядке), погрузочно-разгрузочных устройств, подъемно-транспортного оборудования, передвижного транспортного оборудования, оборудования активного вентилирования, емкостей для хранения зерна, оборудования для контроля температуры и влажности зерна при хранении, асфальтированных площадок (представляются: копия технического паспорта хлебоприемного предприятия или акт обследования хлебоприемного предприятия);
      3) пропускного режима, ограждения территории;
      4) производственно-технологической лаборатории для определения качества зерна, прошедшей оценку состояния измерений, оснащенной:
      лабораторным оборудованием и приборами (влагомерами, сушильными шкафами, весами лабораторными, мельницей для размола зерна, комплектами сит, пробоотборниками, пурками, устройствами для определения содержания белка, содержания и качества клейковины, числа падения, оптическими приборами для определения зараженности зерна), прошедшими испытания с целью утверждения типа или метрологическую аттестацию, внесенными в реестр государственной системы обеспечения единства измерений Республики Казахстан и поверенными в установленном порядке (представляется копия свидетельства о состоянии средств измерений в лаборатории);
      стеллажами для хранения образцов зерна;
      5) квалифицированного состава технических руководителей (не менее 3) и специалистов (не менее 3), имеющих соответствующее образование (для руководителей - высшее техническое или технологическое образование, для специалистов - среднее специальное (техническое или технологическое) образование) и опыт практической работы по специальности (для руководителей - не менее 3 лет, для специалистов - не менее 1 года) (представляются штатное расписание и сводная таблица, включающая фамилию, имя, отчество, специальность по образованию, должность, стаж работы по специальности).