Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері<*> Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N 522 қаулысымен.~P010522

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 273. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.05. N 769 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі  N 769  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қосымшаға сәйкес Астықты меншігінде айрықша қызмет түрі ретінде астықты сақтау жүзеге асырылатын астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.<*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N  522  қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесіндегі реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату"; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі: 
      санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі деген І бөлім мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын: 
      "23. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату"; 
      Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі деген II бөлім мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
      "20. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін  қабылдау, сақтау, ұқсату".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N  168  қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N  522  қаулысымен.
      4. Осы  қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің               
2000 жылғы 22 ақпандағы       
N 273 қаулысымен           
бекітілген               

     Астықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
     заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына)
              қойылатын біліктілік талаптары 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N  522  қаулысымен. 

      Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 
      1) өткізу режимінің, салмақ өлшеу жабдықтарының, астық сақтауға арналған ыдыстардың болуы;
       Ескерту. 1-тармақшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N  522  қаулысымен.  
      2) көтеру-тасымалдау жабдықтары бар ақаусыз жүк түсіруші құрылғылардың, ауа тазартқыш пен желдеткіш жүйелерінің болуы; 
      3) ақаусыз астық тазартқыш машиналар мен астық кептіргіштердің (егер технологиялық схемада көзделсе) болуы; 
      4) астықты сақтау кезінде технологиялық процестердің сақталуын қамтамасыз ететін ақаусыз технологиялық жабдықтардың болуы;
       Ескерту. 4-тармақшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.19. N   522  қаулысымен. 
      5) ақаусыз өндірістік-технологиялық лабораторияның болуы 
(лабораториялық жабдықтардың, аспаптардың дайындығы мен болуы);
      6) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының лицензиялық қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы қорытындысының болуы;
      7) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың бар екендігі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады