Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 365-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 428-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1635 қаулысымен
бекітілген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1005 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi).
Р/с |
Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды |
Құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) |
астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасы; |
астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын құжат және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады |
2 |
технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар |
мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес) |
осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
3 |
өткізу режимі, аумақтың қоршалуы |
мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес) |
осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
4 |
астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен және мыналармен: |
зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар |
зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады |
5 |
тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы |
мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес) |
осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
Астық қолхаттарын бере отырып,
қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
нысаны
Астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік
құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған (оларға)
салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органы
анықтамасының нөмірі және берілген күні: ____________________________
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы ______________________
Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы орган
қорытындысының болуы туралы мәліметтер:
нөмірі ________________________________________________________
күні __________________________________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қорытынды мәртебесі)
_______________________________________________________________
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының
атауы _______________________________________________________________
Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер:
Жабдықтың атауы |
Өлшем бірлігі |
20__ жылғы _____ |
Жай-күйі |
1 |
2 |
3 |
4 |
астық тазалау машиналары |
дана |
||
астық кептіру жабдығы |
сағатына дана/тонна |
||
салыстырып тексеру туралы сертификаттың деректері (нөмірі, берілген күні, метрологиялық қызметтің атауы, сертификаттың қолданыс мерзімі) көрсетілген таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген) |
дана |
||
тиеу-түсіру құрылғылары |
дана |
||
көтергіш-көлік жабдығы |
дана |
||
жылжымалы көлік жабдығы |
дана |
||
белсенді желдету жабдығы |
дана |
||
астық сақтауға арналған ыдыстар |
мың тонна |
||
сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық |
жиынтық |
||
асфальтталған алаңдар |
шаршы метр |
Өткізу режимі, аумақ қоршауының болуы туралы мәліметтер _______
Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен
өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы
туралы мәліметтер
Р/с |
Құжаттың атауы |
Құжаттың нөмірі |
Құжаттың басталу күні |
Іс-әрекеттің аяқталу күні |
Метрологиялық қызметтің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық
зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жабдықталуы туралы
мәліметтер
Объект |
Өлшем бiрлiгi |
20__ жылғы ______ |
1 |
2 |
3 |
Сынама іріктегіштер |
дана |
|
Ылғал өлшегiштер |
дана |
|
Кептiргiш шкафтар |
дана |
|
Зертханалық таразылар |
дана |
|
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер |
дана |
|
Елеуіштер жиынтығы |
дана |
|
Астық тегін анықтауға арналған құрал (пурка) |
дана |
|
Ақуыздың салмақтық үлесін анықтауға арналған құрылғы |
дана |
|
Дән маңызының салмақтық үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғы |
дана |
|
Құлау санын анықтауға арналған құрылғы |
дана |
|
Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар |
дана |
|
Астық сынамаларын сақтауға арналған сөрелер |
дана |
Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы
туралы мәліметтер:
Р/с |
Маманның Т.А.Ә. |
Лауазымы |
Білімі бойынша мамандығы |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |