Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау
түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттама
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы 57/199
Қарарымен қабылданды
КІРІСПЕ
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,
азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауға тыйым салынады және адам құқығының бұзылуын білдіретінін қайта куәландыра отырып,
азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция бойынша (бұдан әрі - Конвенция деп аталады) және азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне бостандығынан айырылған тұлғаларды қорғауды күшейтуге сенімді бола отырып,
Конвенцияның 2 және 16-баптары әр қатысушы мемлекетті аумақтағы өз құқықтық құзырында азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы шара қолдануға міндет ететінін еске сала отырып,
Бұл баптарды орындауда басты жауапкершілік мемлекеттерге артады, өйткені бостандығынан айырылған тұлғаларды қорғауды күшейту және олардың адам құқығының бұлжытпай орындау баршаның ортақ міндеті болып табылады және халықаралық органдар іске асыру бойынша ұлттық шараларды толықтыратынын және нығайтатынын мойындай отырып,
азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды ескерту заңнамалық, әкімшілік, сот және басқа шараларды ағарту және үйлестіру саласында шаралар қолдануды қажет ететінін еске сала отырып,
1993 жылғы маусым айында Венада болған адам құқығы жөніндегі Дүниежүзілік конференция азаптауларды жою ең алдымен ескертуге бағытталуы керек және қамауға ұстау орындарына бару алдын алу жүйесін құрастыру мақсатында Конвенцияға факультативтік хаттаманы қабылдауға шақырғанын еске сала отырып,
Бостандығынан айырылған адамдардың азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері қамауға алу орындарына баруға негізделген, соттан тыс шаралар сипаты бойынша күшейтілетініне сенімді бола отырып,
мына төмендегілер туралы уағдаласты:
1 БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕР
1-бап
Осы Хаттаманың мақсаты тәуелсіз халықаралық және ұлттық органдармен жүзеге асырылатын, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін алдын алу мақсатында бостандығынан айырылған адамдар бар орындарға тұрақты бару жүйесін құру болып табылады.
2-бап
1. Азаптауларға қарсы комитеттің азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша осы Хаттамада баяндалған функцияларды жүзеге асыратын Кіші комитет (бұдан әрі -»"Алдын алу жөніндегі кіші комитет" деп аталады) құрылады.
2. Алдын алу жөніндегі кіші комитет өз жұмысын Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы шеңберінде орындайды және оның мақсаттары мен қағидаларын, сонымен қатар бостандығынан айырылған адамдарға іс-әрекеттеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы нормаларын да басшылыққа алады.
3. Алдын алу жөніндегі кіші комитет құпиялылық, турашылдық, сайлаудан тыс, бірегейлік және әділдік принциптерін басшылыққа алады.
4. Алдын алу жөніндегі кіші комитет және қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманы жүзеге асыру ісінде ынтымақтасады.
3-бап
Қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін алдын алу (бұдан әрі -»"ұлттық алдын алу тетігі" деп аталады) мақсатында бару үшін бір не бірнеше органды ұлттық деңгейде құрайды, қолдайды немесе тағайындайды.
4-бап
1. Қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы осы Хаттамаға сәйкес, 2 және 3-баптарда айтылатын оның құқықтық құзырында және бақылауындағы бостандығынан айырылған адамдар мемлекеттік органның өкімі не оның нұсқауы бойынша немесе оның қатысуымен не үнсіз келісімімен, тетіктермен баруға рұқсат беріледі (бұдан әрі - қамауда ұстау орындары деп аталады). Бұл бару қажетті болғанда адамды азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Осы Хаттаманың мақсатында бостандығынан айырылу кез келген қамауда ұстау нысаны не сот, әкімшілік немесе кез келген органның бұйрығымен түрмеде отыру не адамды мемлекеттік немесе жеке қамауға алу орнынан, не өз бетінше кете алмайтынын білдіреді.
2 БӨЛІМ
АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КІШІ КОМИТЕТ
5-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитет он мүшеден құралады. Елуінші ратификациялық грамотаны немесе осы Хаттамаға қосылу туралы құжаттарын тапсырғаннан кейін Кіші комитеттің саны 25 адамға дейін артады.
2. Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшелері жоғары моральдық қасиеттеріне және сот төрелігін іске асыру саласында жұмыс кепілді тәжірибесі бар, пеницитарлық немесе полиция не бостандығынан айырылған адамдарға қатысы бар әртүрлі саладағы адамдардан іріктеледі.
3. Алдын алу жөніндегі кіші комитетті құру кезінде қатысушы мемлекеттердің әділетті географиялық бөлінуін және мәдениеттің әр-түрлі нысандарына және құқықтық жүйелерге тиісінше көңіл бөлінеді.
4. Алдын алу жөніндегі кіші комитетті құру кезінде тең және кемсітпеушілік негізінде теңдестірілген гендерлік өкілдікке де көңіл бөлінеді.
5. Алдын алу жөніндегі кіші комитет құрамына бір және сол мемлекеттің бір ғана азаматы кіре алады.
6. Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелері өз міндеттерін жеке дара орындайды, олар тәуелсіз және турашыл болуы керек және Кіші комитеттің құрамында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндігі болуға тиіс.
6-бап
1. Қатысушы-мемлекеттердің әрқайсысы 2-бөлімге сәйкес біліктілікті меңгерген және 5-бапта мазмұндалған талаптарға жауап беретін екі кандидатты және сонымен қатар кандидаттардың біліктілігі туралы жан-жақты ақпарат ұсына алады.
2. а) Кандидаттар осы Хаттаманың қатысушы-мемлекеттің азаматы болуы тиіс;
b) қатысушы-мемлекеттен ұсынылған екі кандидаттардың кем дегенде біреуінде осы қатысушы-мемлекеттің азаматтығы болуға тиіс;
с) Алдын алу жөніндегі кіші комитет құрамына екі кандидаттан аспайтын бір және сол қатысушы-мемлекеттің азаматы ұсыныла алады;
d) қандайда қатысушы-мемлекет басқа қатысушы-мемлекеттің азаматын ұсынғанға дейін сол қатысушы-мемлекеттің оған келісімін сұрайды және алады.
3. Қатысушы мемлекеттер, сайлау өтетін жиналыс басталғанға дейін кемінде бес ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қатысушы-мемлекеттерге үш ай мерзімде өз кандидаттарын ұсынуға хат жолдайды. Бас хатшы әліпбилік ретпен осы негізде ұсынылған барлық кандидаттардың тізімін, оларды ұсынушы қатысушы мемлекеттер ңұсқауымен ұсынады.
7-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелері мынадай үлгіде сайланады:
а) осы Хаттаманың 5-бабының талаптары мен өлшемдерін орындауға басты назар аударылады;
b) бірінші сайлау осы Хаттама күшіне енгеннен кейін алты айдан кешіктірмей өткізіледі;
с) қатысушы мемлекеттер Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшелерін жасырын дауыс берумен сайлайды;
d) Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшесін сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы екі жыл сайын шақыратын қатысушы мемлекеттердің кеңестерінде өткізіледі. Кворум қатысушы мемлекеттердің үштен екі санын құрайтын бұл кеңестерде дауыс беруге қатысқан қатысушы мемлекеттер өкілдерінің барынша көп санын және ең көп санын жинаған адамдар Кіші комитетке сайланған мүшелер болып саналады.
2. Егер сайлау барысында қандай да бір қатысушы мемлекеттің екі азаматы Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің құрамында жұмыс істеу құқығын алады, дауыстардың көпшілік санын алған кандидат Кіші комитет мүшесі болады. Егер бұл азаматтар дауыстардың бірдей санын алса, мынадай рәсім қолданылады:
а) егер ол азаматы болып табылатын қатысушы мемлекет бір кандидатты ұсынса, бұл азамат Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшесі болады;
b) егер екі кандидатты да олар азаматтары болып табылатын қатысушы мемлекет ұсынса, бұл азаматтардың қайсысы Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшесі болатынын анықтау үшін бөлек құпия дауыс беру өткізіледі;
с) егер ол азаматы болып табылатын қатысушы мемлекет бірде бір кандидат ұсынбаса, бұл азаматтардың қайсысы Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің мүшесі болатынын анықтау үшін бөлек құпия дауыс беру өткізіледі.
8-бап
Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелерінің бірі қайтыс болған немесе орнынан түскен жағдайда немесе олардың қандай да бір себеппен Кіші комитет мүшесінің функцияларын орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда оның кандидатурасын ұсынған қатысушы мемлекет сайлануға құқығы бар, білікті және 5-бапта жазылған талаптарды қанағаттандыратын басқа адамды, құзыреттің түрлі салалары арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, қатысушы мемлекеттердің келесі кеңесіне дейінгі өкілеттік мерзіміне оны қатысушы мемлекеттердің көпшілігі бекіткен жағдайда тағайындайды. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болжанып отырған тағайындау туралы хабарлағаннан кейін алты апта ішінде қатысушы мемлекеттердің жартысы немесе жартысынан көбі мұндай тағайындауға қарсылық білдірмесе ғана бекітілді деп саналады.
9-бап
Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелері төрт жыл мерзімге сайланады. Олар кандидатураларын ұсынған жағдайда бір рет қайта сайлана алады. Бірінші сайлауларда сайланған мүшелер санының жартысының өкілеттігінің мерзімі екі жыл мерзім біткеннен кейін аяқталады; бірінші сайлаулардан кейін дереу осы мүшелердің аты-жөндері 7-баптың 1-тармағында d) тармақшасында айтылған кеңес Төрағасы өткізетін жеребемен анықталады.
10-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитет лауазымды адамдарын екі жыл мерзімге сайлайды. Олар қайта сайлануы мүмкін.
2. Алдын алу жөніндегі кіші комитет өз рәсімдерінің ережесін белгілейді. Бұл рәсім ережесі мынаны көздейді, атап айтқанда:
а) кворум бір қосылған мүшелер санының жартысын құрайды;
b) Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің шешімі қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады;
с) Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің отырысы жабық болып табылады.
3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің бірінші кеңесін шақырады. Кіші комитет өзінің бірінші кеңесінен кейін оның рәсімі ережелерінде белгіленген аралықта келесі кеңестерін өткізеді. Кіші комитет пен Азаптауларға қарсы комитет сессияларын бір мезгілде ең болмағанда жылына бір рет өткізеді.
III БӨЛІМ
АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КІШІ КОМИТЕТТІҢ МАНДАТЫ
11-бап
Алдын алу жөніндегі кіші комитет:
а) 4-бапта айтылған жерлерге барады және қатысушы мемлекеттерге бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғауға қатысты ұсынымдар береді;
b) ұлттық алдын алу тетіктеріне қатысты:
і) қажет болғанда, мұндай тетіктерді құруда қатысушы мемлекеттерге консультация береді және оларға жәрдемдеседі;
іі) ұлттық алдын алу тетіктерімен тікелей, қажет болғанда құпия байланыс жасайды және олардың әлеуетін нығайту мақсатында кәсіби дайындық және техникалық көмек саласында қызмет көрсетеді;
ііі) бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғауды күшейту үшін қажетті сұраныстар мен шараларды бағалау ісінде оларға консультация береді және көмек көрсетеді;
iv) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға арналған ұлттық алдын алу тетіктерінің мүмкіндіктері мен мандатын нығайту мақсатында қатысушы мемлекеттерге ұсынымдар мен ескертулер береді.
с) Азаптаулардың алдын алу мақсатында жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті органдарымен және тетіктерімен, сондай-ақ адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғауды күшейту мүддесінде әрекет ететін халықаралық, өңірлік және ұлттық мекемелермен немесе ұйымдармен ынтымақтасады.
12-бап
Алдын алу жөніңдегі кіші комитеттің 11-бапта жазылған мандатты орындауы үшін қатысушы мемлекеттер:
а) Алдын алу жөніндегі кіші комитетті өз аумағында қабылдауға және осы Хаттаманың 4-бабында анықталған қамауда ұстау орындарына баруға рұқсат беруге;
b) Алдын алу жөніндегі кіші комитет бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғауды күшейту үшін қабылдануға тиісті қажеттіліктер мен шараларды бағалау мақсатында сұрау салуы мүмкін барлық тиісті ақпаратты беруге;
с) Алдын алу жөніндегі кіші комитет пен ұлттық алдын алу тетіктері арасындағы байланыстарды көтермелеуге әрі жеңілдетуге;
d) Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің ұсынымдарын зерделеуге және олармен жүзеге асыру жөніндегі болуы мүмкін шараларға қатысты пікір алмасуға міндетті.
13-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитет алдымен жеребенің көмегімен 11-бапта айқындалған мандатын орындау мақсатында қатысушы мемлекеттерге тұрақты бару бағдарламасын белгілейді.
2. Консультациялар өткізгеннен кейін Алдына алу жөніндегі кіші комитет баруды жүзеге асыру үшін қажетті практикалық шараларды кешіктірмей қабылдау үшін қатысушы мемлекеттерге өз бағдарламасы туралы хабарлайды.
3. Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің ең болмағанда екі мүшесі баруды өткізеді. Қажет болғанда, бұл мүшелерге осы Хаттамада қамтылатын салаларда расталған жұмыс өтілі мен білімі бар сарапшылар ілесіп баруы мүмкін. Олар қатысушы мемлекеттердің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының халықаралық қылмыстылықтың алдын алу жөнінде айтқан ұсыныстарының негізінде дайындалған сарапшылардың тізімінен таңдалады. Бұл тізімді дайындау кезінде тиісті қатысушы мемлекеттер кемінде бес ұлттық сарапшыны ұсынады. Тиісті қатысушы мемлекеттер бару үшін ұсынылған сарапшының кандидатурасынан бас тартуы мүмкін, бұдан кейін Кіші комитет басқа сарапшыны ұсынады.
4. Егер Алдын алу жөніндегі кіші комитет қажет деп тапса, ол тұрақты баруды өткізген соң қысқаша кейіннен баруды ұйымдастыруды ұсына алады.
14-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің өз мандатын орындауы үшін осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер оған:
а) 4-бапта анықталған қамауда ұстау орындарындағы бас бостандығынан айырылған адамдардың саны туралы, сондай-ақ осындай орындардың саны және олардың орналасқан жері туралы кез келген ақпаратқа шектеусіз қол жеткізуді;
b) бұл адамдармен қарым-қатынас жасауға, оларды қамауда ұстау жағдайларына қатысты кез келген ақпаратқа шектеусіз қол жеткізу;
с) 2-тармаққа сәйкес - барлық қамауда ұстау орындарына, олардың ғимараттары мен объектілеріне шектеусіз қол жеткізуді;
d) бас бостандығынан айырылған адамдармен куәларсыз жеке өзі немесе аудармашы арқылы, сондай-ақ Алдын алу жөніндегі кіші комитеттің пікірі бойынша тиісті ақпарат ұсынуы мүмкін кез келген басқа адаммен жеке сөйлесулер өткізу мүмкіндігін;
е) оның барғысы келетін орынды және әңгімелескісі келетін адамдарды кедергісіз таңдау құқығын беруге міндетті.
2. Нақты қамауда ұстау орнына баруға қатысты қарсылық шұғыл түрде туындаған және ұлттық қорғанысқа, мемлекеттік қауіпсіздікке, дүлей зілзалаларға немесе мұндай баруды өткізуге уақытша кедергі келтіретін баратын жерлердегі күрделі тәртіпсіздікке қатысты нық пайымдауларға ғана негізделуі мүмкін. Мұнсыз төтенше жағдайды жариялауды қатысушы мемлекет баруды өткізуге қарсылық келтіру себебі ретінде келтіре алмайды.
15-бап
Ешбір орган немесе лауазымды тұлға Алдын алу жөніндегі кіші комитетке немесе оның мүшелеріне кез келген ақпаратты таратқаны үшін кез келген тұлғаға немесе ұйымдарға қатысты кез келген санкцияны тағайындауы, қолдануы, рұқсат етуі немесе жол беруі мүмкін емес, бұл шын немесе жалған болса да ешбір мұндай адамға немесе ұйымға қандай да бір өзге үлгіде қысым жасалмайды.
16-бап
1. Алдын алу жөніндегі кіші комитет өз ұсыныстары мен ескертулерін қатысушы мемлекетке және қажет болғанда ұлттық тетікке құпия түрде жолдайды.
2. Алдын алу жөніндегі кіші комитет өз баяндамасын қатысушы мемлекеттен тиісті өтінім келіп түскен жағдайда тиісті қатысушы мемлекеттің кез келген ескертулерімен бірге жариялайды. Егер қатысушы мемлекет баяндаманың жартысын жариялы етсе, Кіші комитет баяндаманы толық немесе ішінара жариялай алады. Сонымен қатар жеке сипаттағы деректер тиісті тұлғаның тікелей келісім білдіруінсіз жарияланбайды.
3. Алдын алу жөніндегі кіші комитет Азаптауларға қарсы комитетке өз қызметі туралы ашық жыл сайынғы баяндаманы ұсынады.
4. Егер қатысушы мемлекет 12 және 14-баптарға сәйкес Алдын алу жөніндегі кіші комитетпен ынтымақтасудан бас тартса немесе Кіші комитеттің ұсынымдары аясында жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдаудан бас тартса, Азаптауларға қарсы комитет Кіші комитеттің өтінімі бойынша қатысушы мемлекет ретінде өз ой-пікірін баяндау, мүшелерінің көп даусымен осы мәселе бойынша жариялы түрде өтініш жасау немесе Кіші комитеттің баяндамасын жариялау мүмкіндігін алады.
IV БӨЛІМ
ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ
17-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін немесе оны ратификациялаған немесе оған қосылғаннан кейін бір жылдан кешіктірмей әрбір қатысушы мемлекет ұлттық деңгейде азаптаулардың алдын алу үшін бір немесе бірнеше тәуелсіз ұлттық алдын алу тетіктерін қолдайды, тағайындайды немесе құрады. Орталықсыздандырылған органдар құрған тетіктер осы Хаттаманың мақсаты үшін егер олар оның ережелерінің талаптарына жауап берсе, ұлттық алдын алу тетіктері ретінде тағайындалуы мүмкін.
18-бап
1. Қатысушы мемлекеттер ұлттық алдын алу тетіктерінің функционалдық тәуелсіздігіне, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің тәуелсіздігіне кепілдік береді.
2. Қатысушы мемлекеттер ұлттық тетік сарапшыларының қажетті әлеуеті мен кәсіби білімінің болуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Олар елде қалыптасқан этникалық топтар мен аз топтарының гендерлік теңгерімін және барабар болуын қамтамасыз етеді.
3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық алдын алу тетіктерін қалыптастыру үшін қажетті ресурстарды беруге міндетті.
4. Ұлттық алдын алу тетіктерін құру кезінде қатысушы мемлекеттер адам құқықтарын қорғау және көтермелеу жөніндегі ұлттық мекемелердің мәртебесі мен жұмыс істеуіне қатысты Қағидаттарды ескереді.
19-бап
Ұлттық алдын алу тетіктеріне мынадай өкілеттіктер беріледі:
а) 4-бапта анықталған қамауда ұстау орындарындағы бас бостандығынан айырылған адамдармен қарым-қатынас жасау, қажет болғанда күшейту мақсатында оларды азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғау туралы мәселені тұрақты түрде қарау;
b) бас бостандығынан айырылған адамдармен қарым-қатынас жасауды және оларды ұстау жағдайын жақсарту және азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті нормаларын ескере отырып тиісті органдарға ұсынымдар беру;
с) қолданыстағы заңнамаға немесе заң жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулер беру.
20-бап
Ұлттық алдын алу тетіктері өзінің мандатын орындауы үшін осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер оған:
а) 4-бапта анықталған қамауда ұстау орындарындағы бас бостандығынан айырылған адамдардың саны туралы, сондай-ақ осындай орындардың саны және олардың орналасқан жері туралы кез келген ақпаратқа шектеусіз қол жеткізуді;
b) бұл адамдармен қарым-қатынас жасауға, оларды қамауда ұстау жағдайларына қатысты кез келген ақпаратқа шектеусіз қол жеткізу;
с) барлық қамауда ұстау орындарына, олардың ғимараттары мен объектілеріне шектеусіз қол жеткізуді;
d) бас бостандығынан айырылған адамдармен куәлерсіз жеке өзі немесе аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігінің пікірі бойынша тиісті ақпарат ұсынуы мүмкін кез келген басқа адаммен жеке сөйлесулер өткізу мүмкіндігін;
е) олар барғысы келетін орынды және әңгімелескісі келетін адамдарды кедергісіз таңдау құқығын;
f) Кіші комитетпен алдын алу бойынша байланыстар орнату, оған ақпарат жіберу және кездесу құқығын беруге міндетті.
21-бап
1. Ешбір орган немесе лауазымды тұлға ұлттық алдын алу тетігіне кез келген ақпаратты таратқаны үшін кез келген тұлғаға немесе ұйымдарға қатысты кез келген санкцияны тағайындауы, қолдануы, рұқсат етуі немесе жол беруі мүмкін емес, бұл шын немесе жалған болса да ешбір мұндай адамға немесе ұйымға қандай да бір өзге үлгіде қысым жасалмайды.
2. Ұлттық алдын алу тетігі жинаған құпия ақпарат жарияланбайды. Жеке сипаттағы деректер тек тиісті адамның тікелей келісімімен ғана жарияланады.
22-бап
Тиісті қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары ұлттық алдын алу тетігінің ұсынымдарын зерделейді және жүзеге асыру жөніндегі болуы мүмкін шараларға қатысты пікір алысады.
23-бап
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер ұлттық алдын алу тетіктерінің жыл сайынғы баяндамаларын жариялауға және таратуға міндетті.
V БӨЛІМ
ӨТІНІШ
24-бап
1. Ратификациялағаннан кейін қатысушы мемлекеттер өз міндеттемелерін жүзеге асыруды осы Хаттаманың не III бөлігіне сәйкес не IV бөлігіне сәйкес кейінге қалдыруға қатысты өтініш жасай алады.
2. Мұндай кейінге қалдыру ең көбі үш жыл әрекет етеді. Қатысушы мемлекет тиісті материалдар бергеннен кейін және Алдын алу жөніндегі кіші комитетпен консультациядан кейін Азаптауларға қарсы комитет бұл мерзімде тағы екі жылға ұзарта алады.
VІ БӨЛІМ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ
25-бап
1. Алдын алу жөніндегі комитет осы Хаттаманы жүзеге асыру барысында жұмсаған шығыстарды Біріккен Ұлттар Ұйымы жабады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Хаттамаға сәйкес Алдын алу жөніндегі комитеттің функцияларын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қызметкерлермен және жағдаймен қамтамасыз етеді.
26-бап
1. Бас Ассамблеяның тиісті рәсіміне сәйкес Алдын алу жөніндегі кіші комитет қатысушы мемлекетке барғаннан кейін шығарған ұсынымдарды, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетіктерінің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қаржыландыруда көмек көрсету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылық жағдайлары мен ережелеріне сәйкес басқарылатын Арнайы қор құрылады.
2. Бұл Арнайы қор үкіметтер, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да жеке немесе мемлекеттік құрылымдар төлейтін ерікті жарналар есебінен қаржыландырылуы мүмкін.
VІІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ
27-бап
1. Осы Хаттама Конвенцияға қол қойған кез келген мемлекеттің қол қоюы үшін ашық.
2. Осы Хаттама Конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген мемлекеттің ратификациялауына жатады. Ратификациялау грамотасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
3. Осы Хаттама Конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
4. Қосылу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекетті әрбір ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру туралы хабардар етеді.
28-бап
1. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына 20-шы ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін 30-шы күні күшіне енеді.
2. Осы Хаттаманы ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жиырмасыншы ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін осы Хаттама оның дербес ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін 30-шы күні күшіне енеді.
29-бап
Осы Хаттаманың ережелері федеративтік мемлекеттердің барлық бөліктеріне қандай да бір шектеулерсіз немесе ерекшеліктерсіз қолданылады.
30-бап
Осы Хаттамаға қандай да бір ескертпелер жасауға жол берілмейді.
31-бап
Осы Хаттаманың ережелері қатысушы мемлекеттердің қамауда ұстау орындарына бару жүйесіне негізделген кез келген өңірлік конвенциялар жөніндегі міндеттемелерін қозғамайды. Алдын алу жөніндегі комитет пен мұндай өңірлік конвенцияларға сәйкес құрылған органдарға қайталауды болдырмау және осы Хаттаманың мақсаттарына тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бір бірінен консультация алу және ынтымақтасу ұсынылады.
32-бап
Осы Хаттаманың ережелері қатысушы мемлекеттердің төрт 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенциясы және 1977 жылғы 8 маусымдағы оған Қосымша хаттама бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ кез келген мемлекеттің Халықаралық Қызыл Жарты ай комитетіне халықаралық гуманитарлық құқықтармен қамтылмаған жағдайларда қамауда ұстау орындарында болуға рұқсат ету құқықтарын қозғамайды.
33-бап
1. Кез келген қатысушы мемлекет кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Хаттаманың күшін жоя алады, одан кейін бұл туралы осы Хаттама мен Конвенцияға басқа қатысушы мемлекеттерге хабарлайды. Күшін жою Бас хатшы мұндай хабарламаны алғаннан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
2. Мұндай күшін жою қатысушы мемлекетті осы Хаттама бойынша күшін жою күшіне енген күнге дейін орын алған кез келген әрекетпен немесе оқиғамен немесе Алдын алу жөніндегі кіші комитет тиісті қатысушы мемлекетке қатысты қабылдауға шешім қабылдаған немесе қабылдауы мүмкін шараларға байланысты оның міндеттерінен босатпайды және күшін жою Кіші комитеттің күшін жою күшіне енген күнге дейін қаралған кез келген мәселені одан әрі қарауына ешқандай да залал келтірмейді.
3. Қатысушы мемлекеттер жариялаған күшін жою күшіне енген соң Алдын алу жөніндегі кіші комитет осы мемлекетке қатысты кез-келген жаңа мәселені қарауды бастай алмайды.
34-бап
1. Осы Хаттамаға кез келген қатысушы мемлекет оны түзетуді ұсынуы және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуі мүмкін. Бас хатшы одан кейін ұсынылған, түзетуді осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттерге бұл ұсынысты қарау және ол бойынша дауыс беру өткізу мақсатында олар қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыруға келісетін, келіспейтінін хабарлау өтінімімен қайта жолдайды. Егер мұндай хатты жіберген күннен бастап төрт ай ішінде ең болмағанда қатысушы мемлекеттердің үштен бірі бұндай конференция үшін пікірін білдіреді, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында шақырады. Осы конференцияға қатысқан және дауыс беруге қатысқан қатысушы мемлекеттердің үштен екісі басымдықпен қабылдаған кез келген түзетуді Бас хатшы барлық қатысушы мемлекеттерге қабылдау үшін жолдайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес бекітілген түзету оны осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің үштен екісі басымдықпен қабылдағаннан кейін олардың конституциялық процедураларына сәйкес күшіне енеді.
3. Түзетулер күшіне енгеннен кейін оларды қабылдаған қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін - осы Хаттаманың міндетті ережелері және олар қабылдаған кез келген алдағы түзетулер міндетті болып қалады.
35-бап
Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелеріне және ұлттық алдын алу тетіктерінің мүшелеріне олардың өз функцияларын тәуелсіз жүзеге асыруы үшін қажетті артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. Кіші комитет мүшелеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының 1946 жылғы 13 ақпандағы Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясының 22-бөлімінде санамаланған артықшылықтар мен иммунитеттер, осы Конвенцияның 23-бөлімінің ережелері сақтала отырып беріледі.
36-бап
Қатысушы мемлекеттерге барған кезде Алдын алу жөніндегі кіші комитет мүшелері осы Хаттаманың ережелері мен мақсаттары және олар пайдалана алатын артықшылықтар мен иммунитеттер үшін залал келтірмей:
а) барған елінің заңдары мен нормаларын сақтайды; және
b) олардың міндеттемелерінің әділ әрі халықаралық сипаттамасына сәйкес келмейтін кез келген әрекеттерден немесе қызметтерден аулақ болады.
37-бап
1. Осы Хаттаманың мәтіндерінің ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бірдей тең болатын түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Хаттаманың куәландырылған даналарын барлық мемлекеттерге жолдайды.