Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды
аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену,
олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Кеден одағының жоғарғы органы кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын, екі бөліктен тұратын халықаралық шарттардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) айқындайды:
бірінші бөлік - ЕурАзЭҚ шеңберінде қолданыстағы халықаралық шарттар;
екінші бөлік - кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттар.
2-бап
Кеден одағының жоғарғы органы Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттың күшіне енуі туралы шешімді осы халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің ақпараты болған жағдайда қабылдайды.
3-бап
Тараптың Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттан шығуы оның Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген барлық халықаралық шарттардан шығуын білдіреді. Мұндай Тарап үшін олардың қолданысы депозитарий шығу туралы хабарламаны алған күннен бастап 12 ай өткен соң тоқтатылады.
4-бап
Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттар күшіне енгеннен кейін оларға қосылатын мемлекет Тізбеге енгізілген барлық халықаралық шарттардың ол үшін міндеттілігіне келісім білдірген жағдайда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа басқа мүше мемлекеттердің оларға қосылуы үшін ашық болады.
Қосылатын мемлекет үшін көрсетілген халықаралық шарттар олардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы жазбаша хабарламаларды ол депозитарийге тапсырған күннен бастап үш ай өткен соң бір мезгілде күшіне енеді.
5-бап
Тізбеге енгізілген халықаралық шарттардың ережелері, егер мұндай шарттар Тараптардың кірігуінің неғұрлым жоғары дәрежесін көздейтін болса, Тараптардың арасындағы басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
Тізбеге енгізілген халықаралық шарттардың ережелері Тараптар арасында көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын жаңа халықаралық шарттарды жасасуға кедергі келтірмейді.
6-бап
Осы Хаттамаға ескертпелерге жол берілмейді.
7-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялануға тиіс және депозитарий осы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
200__жылғы "_____"____________ __________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, депозитарийдің функциясын Кеден одағының комиссиясына бергенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті депозитарий болып табылады.
Депозитарий осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасы Республикасы Федерациясы
үшін үшін үшін