"Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1013 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27
желтоқсандағы N 1508 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 674-құжат; 2006 ж., N 42, 456-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлыққа 3-қосымша алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасын облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөлсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады