Қазақстан аркарлары мен қарақұйрықтарды жерсіндіру және жартылай еркін жағдайда өсіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1130 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңына сәйкес және "Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267  қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Табиғаттан:
      1) Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағына жерсіндіру мақсатында 5 (бес) бас және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жартылай еркін жағдайда өсіру мақсатында 5 (бес) бас, барлығы 10 (он) бас қазақстан арқарын;
      2) "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Алматы облысының республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағына жерсіндіру мақсатында 10 (он) бас және "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жартылай еркін жағдайда өсіру мақсатында 10 (он) бас, барлығы 20 (жиырма) бас қарақұйрықты алуға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 10 (он) бас қазақстан арқарын және "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 20 (жиырма) бас қарақұйрықты алуға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
      2) қазақстан арқарлары мен қарақұйрықтарды алу жөнінде іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об интродукции и разведении в полувольных условиях казахстанских горных баранов и джейранов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2007 года N 1130

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и в целях реализации  постановления Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2005 года N 267 "Об утверждении Программы сохранения и восстановления редких и исчезающих видов диких копытных животных и сайгаков на 2005-2007 годы" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Разрешить изъятие из природы:
      1) казахстанских горных баранов в количестве 10 (десять) голов из Каркаралинского государственного национального природного парка, в целях интродукции на территорию Улытауского района Карагандинской области в количестве 5 (пять) голов и разведения в полувольных условиях на территории Каркаралинского государственного национального природного парка в количестве 5 (пять) голов;
      2) джейранов в количестве 20 (двадцать) голов из государственного национального природного парка "Алтын-Эмель", в целях интродукции на территорию Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения Алматинской области в количестве 10 (десять) голов и разведения в полувольных условиях на территории государственного национального природного парка "Алтын-Эмель" в количестве 10 (десять) голов.

      2. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан:
      1) в установленном порядке выдать разрешение Республиканскому государственному казенному предприятию "ПО "Охотзоопром" на изъятие казахстанских горных баранов в количестве 10 (десять) голов из Каркаралинского государственного национального природного парка и джейранов в количестве 20 (двадцать) голов из государственного национального природного парка "Алтын-Эмель";
      2) обеспечить контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира при проведении мероприятий по изъятию казахстанских горных баранов и джейранов.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан