Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1394 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 624-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 657 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 262-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1394 қаулысымен   
бекітілген   

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Еңбек кодексі) сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін (бұдан әрі - Ереже) айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
 

      1) орташа жалақы - қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерге төленетін ақша қаражатының сомасы;
 

      2) орташа күндік (сағаттық) жалақы - уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін есептелген жалақы сомасы;
 

      3) есеп айырысу кезеңі - төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең;
 

      4) оқиға - Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен байланысты жағдайлар.

      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері есеп айырысу кезеңінен алынып тасталады.

      4. Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге орташа жалақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.

      5. Ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеу үшін қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын өзге кезеңдер көзделуі мүмкін.

2. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі

      6. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
      Орташа жалақыны есептеуде қосымшаға сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

      7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

      8. Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

      9. Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.

      10. Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы, не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.

      11. Толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақы осы Ереженің 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      12. Қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда есептелген жалақы сомасы болмағанда, не оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердің жалақысы болмаған жағдайда, орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.

      13. Жұмысты вахталық әдіспен орындайтын қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеуге арналған орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған кесте бойынша еңбекке жарамсыздығы салдарынан болмаған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен анықталады.

      14. Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
 

      1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
 

      2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
 

      3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі.
      Арттыру коэффициенті оқиға басталған айда белгіленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледі. Қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.

      15. Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.
      Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесінде көзделген жұмыс қорытындысы бойынша төленетін тоқсандық, жарты жылдық сыйлықақылар тиісінше есеп айырысу кезеңінің әрбір айына тиісінше 1/3, 1/6 мөлшерінде есептеледі; айлық сыйлықақылар есеп айырысу кезеңінің әрбір айы үшін біреуден аспауға тиіс.
      Ағымдағы жылда төленетін өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде әрбір айға 1/12 мөлшерінде, өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыны, сыйақыларды төлеу сәтіне дейін жүргізілген төлемдерді қайта есептеуді жүргізусіз, нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.
      Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық өтелмеген жағдайларда, сыйлықақылар мен тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеген кезде есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақытқа барабар ескеріледі.

Орташа жалақыны  
есептеудің бірыңғай
ережесіне қосымша 

Тұрақты сипаттағы емес, орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер

      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы.
 

      2. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер.
 

      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыру жәрдемақысы.
 

      4. Қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы.
 

      5. Тұрақты жұмысы жол үстінде немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда тәулікақы орнына белгіленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар, өтемақы төлемдері.
 

      6. Дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым.
 

      7. Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жерге ауыстырған кезде берілетін өтемақы.
 

      8. Қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кездегі шығыстарды өтеу.
 

      9. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныш құралдарының, алғашқы дәрігерлік көмек құралдарының, жуу және зарарсыздандыру материалдарының, сүттің, емдеу-профилактикалық тамақтандырудың және басқа да құралдардың құны.
 

      10. Қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа).
 

      11. Қызметкерлерге жұмыс беруші көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы) (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа жағдайларда).
 

      12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерекелік күндерге, мерейтой күндеріне байланысты, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, мінсіз еңбек қызметі үшін, зейнетақыға шығуына орай жұмыс беруші еңбекақы төлеу қоры есебінен беретін біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда).
 

      13. Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге төлейтін өсімақылар.
 

      14. Қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары.
 

      15. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері.
 

      16. Спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар.
 

      17. Қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы.
 

      18. Қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері.
 

      19. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері.

Об утверждении Единых правил исчисления средней заработной платы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года N 1394. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2015 года № 862

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.10.2015 № 862 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра здравоохранения и социального развития РК от 07.07.2015 г. № 567.


      В соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан от 15 мая 2007 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Единые правила исчисления средней заработной платы.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1942 "Об утверждении Инструкции о порядке исчисления средней заработной платы работников" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 56, ст. 624);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2006 года N 657 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1942" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 25, ст. 262).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 29 декабря 2007 года N 1394

Единые правила исчисления средней заработной платы

1. Общие положения

      1. Настоящие единые Правила исчисления средней заработной платы разработаны в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 15 мая 2007 года (далее - Трудовой кодекс) и определяют единый порядок исчисления средней заработной платы (далее - Правила).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) средняя заработная плата - сумма денежных средств, исчисляемая работодателем и выплачиваемая работнику за период, в течение которого работнику гарантируется сохранение его заработка;

      2) средний дневной (часовой) заработок - начисленная сумма заработной платы за единицу времени (день, час);

      3) расчетный период - период продолжительностью двенадцать календарных месяцев, предшествующих событию, с которым связана соответствующая оплата (выплата) либо период фактически отработанного времени, если работник проработал у работодателя менее двенадцати календарных месяцев, используемый для исчисления средней заработной платы;

      4) событие - случаи, связанные с сохранением или выплатой средней заработной платы в соответствии с Трудовым кодексом .

      3. Для всех случаев определения средней заработной платы из расчетного периода исключаются праздничные дни, установленные   законодательством Республики Казахстан .

      4. Из расчетного периода при исчислении средней заработной платы исключается неотработанное время и суммы, начисленные в данный период за неотработанное время, когда работнику в соответствии с Трудовым кодексом выплачивалась или сохранялась средняя заработная плата.

      5. В коллективном договоре могут быть предусмотрены и иные периоды для расчета средней заработной платы, не ухудшающие положения работников.

2. Единый порядок исчисления средней заработной платы

      6. Исчисление средней заработной платы, как при пятидневной, так и при шестидневной рабочей неделе производится за фактически отработанное время из расчета среднего дневного (часового) заработка за соответствующий период с учетом установленных доплат и надбавок, премий и других стимулирующих выплат, носящих постоянный характер, предусмотренных системой оплаты труда .
      При исчислении средней заработной платы не учитываются выплаты, не носящие постоянный характер, согласно приложению.

      7. Средняя заработная плата работника исчисляется путем умножения среднего дневного (часового) заработка на количество рабочих дней (рабочих часов), приходящихся на период события.

      8. Средний дневной (часовой) заработок во всех случаях определяется путем деления суммы начисленной заработной платы в расчетном периоде на количество рабочих дней (часов), исходя из баланса рабочего времени, соответственно, при пятидневной или шестидневной рабочей неделе.

      9. Если расчетный период отработан не полностью, то средний дневной (часовой) заработок определяется путем деления суммы начисленной заработной платы за отработанное время на количество рабочих дней (часов) при пятидневной или шестидневной рабочей неделе, соответственно, приходящихся на данное отработанное время.

      10. Если в расчетном периоде работнику не начислялась заработная плата, то расчет среднего дневного (часового) заработка осуществляется путем деления суммы начисленной заработной платы за двенадцать месяцев работы, предшествующих расчетному периоду, либо за период фактически отработанного времени у данного работодателя, предшествующего расчетному периоду, на количество рабочих дней (часов), при пятидневной или шестидневной рабочей неделе, соответственно, приходящихся на это отработанное время.

      11. Средний дневной (часовой) заработок при неполной рабочей неделе (рабочем дне) рассчитывается в соответствии с пунктами 8, 9, 10 настоящих Правил.

      12. В случае наступления события при поступлении работника на работу, когда он не имеет начисленной суммы заработной платы, либо в случае, если работник не имел заработной платы в течение 24 месяцев, предшествующих событию, средний дневной (часовой) заработок рассчитывается исходя из дневной (часовой) тарифной ставки (должностного оклада) работника.

      13. Средняя заработная плата для исчисления социального пособия по временной нетрудоспособности у работников, выполняющих работу вахтовым методом определяется путем умножения среднего часового заработка на количество рабочих часов, пропущенных вследствие нетрудоспособности, по графику, составленному работодателем, но не более нормальной продолжительности рабочего времени, установленной Трудовым кодексом .

      14. В случае повышения должностного оклада исчисление средней заработной платы производится с учетом коэффициента повышения в следующем порядке:
      1) если повышение произошло в расчетный период, средняя заработная плата, за каждый месяц, предшествующий повышению, исчисляется с учетом коэффициента повышения;
      2) если повышение произошло после расчетного периода до наступления события, средняя заработная плата за расчетный период, исчисляется с учетом коэффициента повышения;
      3) если повышение произошло в период события, часть средней заработной платы исчисляется с учетом коэффициента повышения с даты повышения должностного оклада (ставки) до окончания указанного периода.
      Коэффициент повышения рассчитывается путем деления должностного оклада (ставки), установленного в месяце наступления события, на должностной оклад (ставку), установленный до повышения. При переводе работника с одной должности на другую коэффициент повышения не применяется.

      15. Премии и другие стимулирующие выплаты за результаты труда, носящие постоянный характер и предусмотренные системой оплаты труда работодателя, за исключением годовых премий, вознаграждений, выплачиваемых по итогам работы за прошлый год, включаются при подсчете средней заработной платы по времени начисления.
      Квартальные, полугодовые премии по итогам работы, предусмотренные системой оплаты труда и премирования работодателя, учитываются соответственно в размере 1/3, 1/6 за каждый месяц расчетного периода; месячные премии - не более одной за каждый месяц расчетного периода.
      Годовые премии, вознаграждения, выплачиваемые по итогам работы за прошлый год, которые выплачиваются в текущем году, при подсчете средней заработной платы учитываются с момента фактической выплаты в размере 1/12 за каждый месяц, без осуществления пересчета выплат, произведенных до момента выплаты годовой премии, вознаграждений по итогам работы за прошлый год.
      В тех случаях, когда время, приходящееся на расчетный период, отработано не полностью, премии и другие стимулирующие выплаты, носящие постоянный характер учитываются при подсчете среднего заработка пропорционально отработанному времени в расчетном периоде.

Приложение       
к Единым правилам исчисления
средней заработной платы 

Выплаты, не носящие постоянный характер,
не учитываемые при исчислении
средней заработной платы

      1. Компенсация за неиспользованную часть оплачиваемого ежегодного трудового отпуска.
 

      2. Социальное пособие по временной нетрудоспособности, а также дополнительные выплаты к размерам социального пособия, устанавливаемые работодателем.
 

      3. Пособие на оздоровление, выплачиваемое работникам при предоставлении оплачиваемого ежегодного трудового отпуска.
 

      4. Компенсации работникам, направляемым в служебные командировки.
 

      5. Доплаты и надбавки, устанавливаемые взамен суточных, компенсационные выплаты в случаях, когда постоянная работа протекает в пути или имеет разъездной характер либо связана со служебными поездками в пределах обслуживаемых участков.
 

      6. Полевое довольствие работникам, занятым на полевых работах.
 

      7. Компенсация при переводе работника на работу в другую местность вместе с организацией.
 

      8. Компенсация расходов при использовании личного имущества работника (физического лица) в интересах работодателя, на основании соглашения сторон.
 

      9. Стоимость выданной специальной одежды, специальной обуви и других средств индивидуальной защиты, первой медицинской помощи, моющих и дезинфицирующих материалов, молока, лечебно- профилактического питания, и других средств в соответствии с трудовым   законодательством Республики Казахстан .
 

      10. Выплаты по возмещению вреда жизни и здоровью, причиненного работнику при исполнении им трудовых обязанностей (кроме выплат в части утраченного заработка).
 

      11. Материальная помощь (денежное пособие), оказываемая работникам работодателем (при рождении ребенка, для оплаты медицинских услуг, на погребение и других случаях).
 

      12. Единовременные поощрительные выплаты (включая единовременные денежные вознаграждения) в связи с праздничными датами, установленными действующим законодательством Республики Казахстан, юбилейными датами, за образцовое выполнение должностных обязанностей, за безупречную трудовую деятельность, с выходом на пенсию, производимые работодателем за счет фонда оплаты труда.
 

      13. Пени, выплачиваемые работнику работодателем при задержке выплаты заработной платы по вине работодателя и за несвоевременное перечисление обязательных пенсионных взносов в соответствии с законодательством Республики Казахстан .
 

      14. Расходы работодателя, связанные с обучением и повышением квалификации работников.
 

      15. Выплаты компенсаций и социальных гарантий, предусмотренных дополнительно в коллективном договоре и (или) актом работодателя за счет средств работодателя.
 

      16. Денежные награды, присуждаемые за призовые места на спортивных смотрах, конкурсах и соревнованиях.
 

      17. Заработная плата, выплаченная работнику по месту выполнения государственных и общественных обязанностей.
 

      18. Компенсационные выплаты работникам за работу при разделении ежедневной работы (рабочей смены) на части.
 

      19. Компенсационные выплаты надомным работникам.