Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы N 32 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 123 бұйрығын қараңыз.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жоғары және бірінші сортты бидай ұнын міндетті түрде фортификациялау (байыту) ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 708 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 358-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 19 қаңтардағы
N 32 қаулысымен 
бекітілген    

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс
тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесі 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      алдын ала жасалған қоспа - берілген пропорцияда және өз көлемінде тең бөлінген витаминді-минералды қоспасы (премиксі) және қосымша толықтырғышы бар қоспа;
      байыту (фортификациялау) - бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттерді (витаминдер, минералдар, белоктар, амин қышқылдары, май қышқылдары) және онда бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған басқа да заттарға өнімнің тағамдық құндылығын арттыру және халық арасында микронутриентті аурулардың алдын алу мақсатында белгілі бір қасиеттерді беру үшін оларды тамақ өнімдеріне қосу және тең болу;
      витаминді-минералды қоспа (премикс) - технологиялық ерекшеліктерді (сусымалылығын сақтауға) жасауға арналған ингредиенттер (витаминдер, минералдар, металдар, амин қышқылдары, май қышқылдары, балластты бейтарап заттар) мен басқа да заттардың кешені;
      микронутриенттер - адам организмінің тиісінше өсуі мен зат алмасуы үшін белгілі бір шағын мөлшерде алмастыруға болмайтын витаминдер, минералдар, металдар, амин қышқылдары, май қышқылдары.

      3. Тамақ өнімдерінің мынадай түрлері байытылуы мүмкін:
      1) бірінші және жоғары сортты ұн;
      2) нан пісіруге арналған ашытқы, нан, нан-тоқаш өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер;
      3) сүт және қышқыл-сүт өнімдері;
      4) май өнімдері;
      5) сыйымдылыққа құйылған ауыз су;
      6) алкогольсіз сусындар.

      4. Тамақ өнімдерін байыту үшін мыналар пайдаланылады:
      1) витаминдер;
      2) поливитаминдер мен витаминді премикстер;
      3) су- және май ерітетін R-каротин және басқа да каротиноид препараттары;
      4) минералды заттар мен металдар;
      5) көп функциялы өсімдік қоспалары.

      5. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) үшін бекітілген оны қолдану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамасы бар болғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен осы мақсаттар үшін қолдануға келісілген витаминді-минералды қоспалар, препараттар мен басқа да ингредиенттер пайдаланылуы тиіс.

      6. Тамақ өнімдерін байыту байытылатын өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатпауға, олардағы басқа да тағамдық заттардың құрамы мен сіңімділігін азайтпауға, өнімдердің дәмін, хош иісін, жаңалығын елеулі өзгертпеуге, олардың сақталу немесе жарамдылық мерзімін қысқартпауға тиіс.

      7. Өндіруші кепілдік беретін байытылған тамақ өніміндегі витаминдер мен минералды заттардың болуы байытылған өнімді тұтынудың әдеттегі деңгейінде осы микронутриенттерге тәуліктік қажеттіліктің кемінде 10 %-ын қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс және ұсынылып отырған тәуліктік қажеттіліктің 30 %-ынан аспауға тиіс.

      8. Байытылған тамақ өнімдерін орау онда микронутриенттердің кепілдік берілген мөлшерінің болуын, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Жарыққа сезімтал препараттардан тұратын тамақ өнімдері үшін орамы қараңғыланған болуы тиіс.

      9. Микронутриенттердің енгізілу нормалары мен біркелкілігін өндірістік бақылау технологиялық процесс кезеңдерінде жүзеге асырылады.
      Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған (немесе) аккредиттелген зертханаларда (орталықтарда) жүзеге асырылады.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ
өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібі

      10. Микронутриенттерді тамақ өнімдеріне қосу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген рецептуралар мен технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес және олардың өнімде болуының ғылыми негізделген профилактикалық нормаларында көзделген мөлшерде жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған байытылған тамақ өнімдерінде витаминдер мен микроэлементтердің болуы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
      Экспортқа арналған байытылған тамақ өнiмдерiнде витаминдер мен микроэлементтердiң болуы импорттаушы елде қолданылатын техникалық регламенттердiң, ұлттық стандарттардың, ұйымдар стандарттарының және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуi тиiс және бұл талаптар жеткiзу шартында көрсетiлуі тиiс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

      12. Байытуды жүргізу кезінде байытылатын өнімдердің түрін және қолданылатын технологияны ескерген жөн. Технологиялық процестің сатылары мен технологиялық жабдықтар:
      1) микронутриенттердің байытылатын өнімнің бүкіл массасына біркелкі бөлінуін;
      2) белгіленген көлемде, массада немесе бірлі-жарым бұйымдарда микронутриенттердің кепілдік берілген болуын;
      3) микронутриенттерді Тағам салмағына қосудың қарапайымдылығын;
      4) байытылған өнім сынамасын іріктеу мүмкіндігін;
      5) технологиялық процестің жекелеген сатыларының витаминді-минералды қоспалардың тұрақсыз компоненттеріне теріс әсерін төмендету мәліметтерін қамтамасыз етуге тиіс.
      Ингредиенттердің біркелкі араласуына дозалаудың дәлдігімен және микронутриенттерді өнімге енгізудің үздіксіздігімен, сондай-ақ дайын байытылған өнімді бөлшектеп салуды қоса алғанда, араластыру уақытын реттеумен қол жеткізіледі.

      13. Бірінші және жоғары сортты нан пісіретін бидай ұнын (бұдан әрі - ұн) байыту (фортификациялау) ұн алудың толық қалыптасатын технологиялық процесі бар объектілерде және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дозалау мен араластыру үшін қажетті технологиялық жабдық болғанда жүзеге асырылады.

      14. Премикс ингредиенттерін біркелкі араластыруды қамтамасыз ету мүмкін болмағанда оны өндіру кезінде қолданылатын премикстің негізінде алдын ала жасалған қоспаны қолданады. Егер алдын ала жасалған қоспаны қолданудан жақсы араластыру тиімділігіне қол жеткізілмесе, ал қосымша араластыру жабдығын орната отырып, технологияны қайта жаңарту экономикалық тұрғыдан ақталмаса, ұйымдастыру әдісін қолданады - дайындаушыдағы әрбір қап осы қапты байытуға арналып, нан пісіру кәсіпорындарында қамырға (нан ашытатын ағаш шелекке) оны қайта өңдеу сатысында ұнға салынатын премикстің немесе алдын ала жасалатын қоспаның орамы қоса жүруге тиіс. Мұндай ұнды сату үшін сауда желісіне жіберуге болмайды.

      15. Ұнды байыту үшін бастапқы шикізат стандарттың тиісті талаптарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келетін жоғары және бірінші сортты ұн болып табылады. Байытылған ұн сауда желісінде сатуға және нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолдануға арналған.

      16. Нан пісіретін ашытқы, нан, нан-тоқаш өнімдері және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер йод препараттарымен, В және Е тобының витаминдерімен, никотин және фолий қышқылымен, суда еритін R-каротинмен, витаминді-минералды премикстермен байытылуы мүмкін.

      17. Нан пісіру ашытқыларын йодтау кезінде калий иодиті ерітіндісі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген мөлшерде вакуум-сүзгілеу сатысында қосылады.

      18. Тағамдық ас тұзы тұз өндіретін өнеркәсіп кәсіпорындарында йодталады.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, N 0, N 1 және N 2 барлық тартылу сорттарының тағамдық тұзы йодталуға тиіс.

      20. Сүт өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында сүт және сүт өнімдері қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес байытылады.

      21. Витаминдер және микроэлементтер салқын сүтте алдын ала ерітілген рецептурасына сәйкес сүттің жалпы массасына қосылады.

      22. Сарымай, маргариндер мен өсімдік майлары рецептурасына және белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес майда еритін және суда еритін витаминдермен байытылуы мүмкін.

      23. Витаминдер өсімдік майларына дезодорациялау процесінен кейін қосылады. Суда еритін витаминдер сулы-сүт фазасына, майда еритіндері - майлы-тоңмайлы фазасына қосылады.

      24. Жекелеген майда еритін витаминдердің температурасы Цельсий бойынша 50 градустан аспауға тиіс.

      25. Сыйымдылыққа құйылған ауыз су Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органы пайдалануға рұқсат еткен тамақ өнімдеріндегі биологиялық активті макро- және микроэлементтермен (йод, фтор, кальций, магний, гидрокарбонаттар, натрий, калий, селен және т.б.) байытыла алады. Алкогольсіз: салқын сусындар - А, С, РР, В тобының витаминдерімен, микроэлементтермен (кальций, магний, натрий, калий, және т.б.).

      26. Сыйымдылыққа құйылған ауыз суды биологиялық активті макро- және микроэлементтермен байытуға техникалық регламенттерде және ұйымдардың стандарттарында белгіленген ауыз су сапасының гигиеналық нормативтері деңгейінде рұқсат етіледі.

Об утверждении Правил обогащения (фортификации) пищевой продукции, подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2008 года N 32. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

     Примечание РЦПИ.
     В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ И.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 123.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила обогащения (фортификации) пищевой продукции, подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2005 года N 708 "Об утверждении Правил обязательной фортификации (обогащения) пшеничной муки высшего и первого сортов, производимой на территории Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 28, ст. 358).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
 
            Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены               
постановлением Правительства     
Республики Казахстан       
от 19 января 2008 года N 32      

Правила обогащения (фортификации)
пищевой продукции, подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору

1. Общие положения

       1. Настоящие Правила обогащения (фортификации) пищевой продукции, подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" и определяют порядок обогащения (фортификации) пищевой продукции, подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору (далее - Правила).

      2. В настоящих Правилах используются следующие термины и понятия:

      предсмесь - смесь, содержащая в заданной пропорции и равномерно распределенную в своем объеме витаминно-минеральную добавку (премикс) и дополнительный наполнитель;

      обогащение (фортификация) - введение в пищевую продукцию и равномерное распределение в ней одного или более необходимых ингредиентов (витаминов, минералов, белков, аминокислот, жирных кислот) и других веществ, не присутствующих в ней изначально либо присутствующих в недостаточном количестве или утерянных в процессе (на стадии) производства (изготовления) для придания им определенных свойств с целью повышения пищевой ценности продукта и профилактики микронутриентных заболеваний среди населения;

      витаминно-минеральная добавка (премикс) - комплекс ингредиентов (витамины, минералы, металлы, аминокислоты, жирные кислоты, балластные нейтральные вещества) и других веществ, для создания технологических особенностей (сохранение сыпучести);

      микронутриенты - витамины, минералы, металлы, аминокислоты, жирные кислоты, которые являются незаменимыми в известных микроколичествах для надлежащего роста и обмена веществ организма человека.

      3. Могут быть обогащены следующие виды пищевой продукции:
      1) мука первого и высшего сорта;
      2) хлебопекарные дрожжи, хлеб, хлебобулочные изделия и мучные кондитерские изделия;
      3) молоко и кисло-молочные продукты;
      4) жировая продукция;
      5) вода питьевая расфасованная в емкости;
      6) напитки безалкогольные.

      4. Для обогащения пищевых продуктов используются:
      1) витамины;
      2) поливитаминные и витаминные премиксы;
      3) водо- и жирорастворимые препараты R-каротина и других каротиноидов;
      4) минеральные вещества и металлы;
      5) растительные многофункциональные добавки.

      5. Для обогащения (фортификации) пищевой продукции должны использоваться витаминно-минеральные добавки, препараты и другие ингредиенты, прошедшие санитарно-эпидемиологическую экспертизу и согласованные к применению для этих целей государственным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения в соответствии с действующим законодательством, при наличии утвержденной нормативно-технической документации по ее применению.

      6. Обогащение пищевых продуктов не должно ухудшать потребительские свойства обогащаемых продуктов, уменьшать содержание и усвояемость других присутствующих в них пищевых веществ, существенно изменять вкус, аромат, свежесть продуктов, сокращать срок их хранения или годности.

      7. Гарантируемое производителем содержание витаминов и минеральных веществ в обогащенном продукте питания должно быть достаточным для удовлетворения не менее 10 % суточной потребности в этих микронутриентах при обычном уровне потребления обогащенного продукта и не должно превышать 30 % от рекомендуемой суточной потребности.

      8. Упаковка обогащенного пищевого продукта должна обеспечивать гарантированное содержание в нем микронутриентов, качество и безопасность продукта. Для пищевой продукции, содержащей светочувствительные препараты, упаковка должна быть затемненной.

      9. Производственный контроль за соблюдением норм и равномерности введения микронутриентов осуществляется на этапах технологического процесса.

      Производственный контроль безопасности пищевой продукции осуществляется аттестованными и (или) аккредитованными лабораториями (центрами) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок обогащения (фортификации) пищевой продукции,
подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору

      10. Внесение микронутриентов в пищевую продукцию осуществляется в соответствии с рецептурами и технологическими инструкциями, утвержденными в установленном законодательством Республики Казахстан порядке и в количествах, предусмотренных научно-обоснованными профилактическими нормами содержания их в продукте.

      11. Содержание витаминов и микроэлементов в обогащенной пищевой продукции, предназначенной для реализации на территории Республики Казахстан, должно соответствовать требованиям нормативно-технической документации, санитарно-эпидемиологическим правилам и нормам и иным нормативным документам по стандартизации.

      Содержание витаминов и микроэлементов в обогащенной пищевой продукции, предназначенной на экспорт, должна соответствовать требованиям технических регламентов, национальных стандартов, стандартов организаций и другой нормативно-технической документации действующих в стране-импортере и эти требования должны отражаться в договоре поставки.
      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 23.07.2013 № 735.

      12. При проведении обогащения следует учитывать вид обогащаемого продукта и применяемую технологию. Стадии технологического процесса и технологическое оборудование должны обеспечивать:
      1) равномерное распределение микронутриентов по всей массе обогащаемого продукта;
      2) гарантированное содержание микронутриентов в фиксированном объеме, массе или единичном изделии;
      3) простоту внесения микронутриентов в пищевую массу;
      4) возможность отбора проб обогащенного продукта;
      5) сведение к минимуму негативного влияния отдельных стадий технологического процесса на неустойчивые компоненты витаминно-минеральной добавки.
      Равномерность смешивания ингредиентов достигается точностью дозирования и непрерывностью введения микронутриентов в продукт, а также регулированием времени смешивания, включая расфасовку готового обогащенного продукта.

      13. Обогащение (фортификация) муки пшеничной хлебопекарной первого и высшего сортов (далее - мука) осуществляется на объектах с полностью сформированным технологическим процессом получения муки и при наличии необходимого технологического оборудования для дозирования и смешивания, допущенного к применению в Республике Казахстан.

      14. При невозможности обеспечения равномерного смешивания ингредиентов премикса с мукой при ее производстве, применяют предсмесь на базе применяемого премикса. В случае если эффект хорошего смешивания от применения предсмеси не достигается, а реконструкция технологии с установкой дополнительного смешивающего оборудования экономически не оправдана, применяют организационный метод - каждый мешок у изготовителя должен сопровождаться предназначенной для обогащения этого мешка упаковкой премикса или предсмеси, которая вводится в муку на стадии ее переработки в тесто (дежа) на хлебопекарных предприятиях. Такая мука не может направляться для реализации в торговую сеть.

      15. Исходным сырьем для обогащения муки является мука высшего и первого сортов, соответствующая требованиям стандарта и другим нормативно-техническим документам. Обогащенная мука предназначена для реализации в торговой сети и применения в производстве хлебобулочных и кондитерских изделий.

      16. Хлебопекарные дрожжи, хлеб, хлебобулочные изделия и мучные кондитерские изделия могут обогащаться препаратами йода, витаминами группы В и Е, никотиновой и фолиевой кислотой, водорастворимыми препаратами R-каротина, витаминно-минеральными добавками.

      17. Раствор иодита калия при йодировании хлебопекарных дрожжей вносится на стадии вакуум-фильтрации в количестве, установленном в нормативно-технической документации.

      18. Пищевая поваренная соль йодируется на предприятиях соледобывающей промышленности.

      19. Йодированию должна подвергаться пищевая соль всех сортов помолов N 0, N 1 и N 2, за исключением случаев, предусмотренных   законодательством Республики Казахстан.

      20. Молоко и молочные продукты обогащаются на предприятиях молокоперерабатывающей промышленности в соответствии с действующими стандартами и другими нормативными документами.

      21. Витамины и микроэлементы добавляются к общей массе молока в соответствии с рецептурой, предварительно растворенные в холодном молоке.

      22. Сливочное масло, маргарины и растительные масла могут обогащаться жирорастворимыми и водорастворимыми витаминами в соответствии с рецептурами и технологическими инструкциями, утвержденными в установленном порядке.

      23. Витамины в растительные масла вводятся после процесса дезодорации. Водорастворимые витамины добавляются в водно-молочную фазу, жирорастворимые - в масляно-жировую фазу.

      24. Температура отдельных жирорастворимых витаминов не должна превышать 50 градусов по Цельсию.

      25. Вода питьевая, расфасованная в емкости может обогащаться биологически активными макро- и микроэлементами (йод, фтор, кальций, магний, гидрокарбонаты, натрий, калий, селен, и др.), разрешенными для использования в пищевых продуктах уполномоченным органом в области государственного санитарно-эпидемиологического надзора Республики Казахстан. Безалкогольные прохладительные напитки - витаминами А, С, РР, группы В, макроэлементами (кальций, магний, натрий, калий и др.).

      26. Обогащение питьевой воды, расфасованной в емкости, биологически активными макро- и микроэлементами допускается на уровне гигиенических нормативов качества питьевой воды, установленных техническими регламентами и стандартами организаций.