Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.11.2023 № 993 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

      Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын білім беру ұйымының алқалы органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің не кәмелетке толған білім алушының (бұдан әрі – өтініш беруші) өтінішіне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру актісі негізінде айқындайды және бастауыш сыныптарда білім алатын тұлғаларды қамтиды.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі

      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын қаражат көлемі жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылардың және тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді.

      3. Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты:

      1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға;

      2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға;

      3) қаржылай көмек көрсетуге;

      4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға;

      5) жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтарды (бұдан әрі – қосымша сабақтар) ұйымдастыруға жұмсалады.

      Қаржылай көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.

      Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Бастауыш сыныптардың білім алушыларына материалдық көмек көрсетудің бір түрі қолданылады – білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек қаражат алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруші берген өтініш негізінде ақшалай нысанда жүзеге асырылып, білім беру ұйымына қаражаттың нысаналы пайдаланылуы (сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстар туралы растайтын құжат) міндетті түрде құжаттамамен расталады.

      Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздей алады.

      Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.

      4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың санаттарына жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылай және материалдық көмек алу құқығы білім беру ұйымына құжаттар ұсыну арқылы бір оқу жылында бір рет расталады.

      Қаржылай және материалдық көмек:

      1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған тұлғаларға (отбасыларға);

      2) материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы органның қорытындысына сәйкес қаржылай және материалдық көмектің берілуіне мұқтаж емес тұлғаларға (отбасыларға) тағайындалмайды.

      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын есепке алуды білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе білім ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға, 30 наурызға және 30 мамырға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша еркін нысанда есеп беріп тұрады.


Об утверждении Правил формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных организаций образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года N 64.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 949 (вводится в действие с 01.01.2021).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правительства РК от 08.08.2022 № 544 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных организаций образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 949 (вводится в действие с 01.01.2021).

      2. Признать утратившими силу:

      1) пункт 1, подпункт 2) пункта 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 "О мерах по дальнейшему реформированию системы среднего образования в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 29, ст. 258);

      2) подпункт 3) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 1047 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 января 2008 года № 64

Правила формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных организаций образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников

      Сноска. Правила - в редакции постановления Правительства РК от 10.11.2023 № 993 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных организаций образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 21) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи следующим категориям обучающихся и воспитанников государственных организаций образования:

      1) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;

      2) детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;

      3) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях;

      4) детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций;

      5) иным категориям обучающихся и воспитанников, определяемым коллегиальным органом организации образования (далее – обучающиеся и воспитанники).

      Коллегиальным органом управления организации образования является попечительский совет.

      Категория лиц, указанная в подпункте 5) пункта 1 настоящих Правил, определяется коллегиальным органом организации образования на основании акта обследования материально-бытового положения семьи обучающихся и воспитанников согласно заявлению родителей или законных представителей либо обучающегося, достигшего совершеннолетия (далее – заявитель), в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных услугах и включает лиц, обучающихся в начальных классах.

Глава 2. Порядок формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных организаций образования

      2. Объем средств, направляемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, распределяется в размере не менее двух процентов от бюджетных средств, выделяемых на текущее содержание общеобразовательных школ и размещение государственного образовательного заказа на среднее образование в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения, между организациями образования пропорционально их контингенту обучающихся и воспитанников, отнесенных к категориям, указанным в пункте 1 настоящих Правил.

      3. Бюджетные средства, выделяемые на оказание финансовой и материальной помощи, направляются на:

      1) приобретение одежды, обуви, школьно-письменных принадлежностей;

      2) организацию одноразового питания в период нахождения в организации образования;

      3) оказание финансовой помощи;

      4) участие в культурно-массовых и спортивных мероприятиях;

      5) организацию дополнительных занятий по общеобразовательным предметам (далее – дополнительные занятия).

      Оказание финансовой помощи осуществляется для обучающихся и воспитанников, указанных в подпункте 4) пункта 1 настоящих Правил.

      Приоритетным направлением расходования средств является организация одноразового питания обучающихся в период нахождения в организации образования. Обучающимся начальных классов применяется один вид оказания материальной помощи – организация одноразового питания в период нахождения в организации образования.

      Местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения и столицы в сфере образования устанавливается объем бюджетных средств на каждого обучающегося и воспитанника для приобретения одежды, обуви, школьно-письменных принадлежностей в размере не ниже величины прожиточного минимума согласно действующему законодательству о республиканском бюджете. Материальная помощь обучающимся и воспитанникам, отнесенным к категориям, указанным в пункте 1 настоящих Правил, для приобретения одежды, обуви, школьных принадлежностей осуществляется в денежной форме на основании поданного заявителем заявления, с обязательным документальным подтверждением целевого использования средств (подтверждающий документ о расходах с указанием наименования приобретенных товаров) в организацию образования в течение 10 рабочих дней со дня получения средств.

      Местные представительные органы могут предусмотреть дополнительные средства в местных бюджетах для предоставления путевок в загородные и пришкольные лагеря отдыха.

      Организация дополнительных занятий с обучающимися и воспитанниками по предметам (дисциплинам и циклам дисциплин) сверх учебного времени, выделенного по учебному плану и программам, осуществляется государственными организациями образования посредством информационно-коммуникационных технологий и телекоммуникационных средств, используемых при дистанционном обучении.

      4. Оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам осуществляется на основании поданного заявителем заявления в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных услугах.

      5. Право на финансовую и материальную помощь в период получения образования обучающихся и воспитанников, отнесенных к категориям лиц, указанным в пункте 1 настоящих Правил, подтверждается единожды на учебный год представлением документов в организацию образования, за исключением обучающихся и воспитанников, указанных в подпункте 4) пункта 1 настоящих Правил.

      Финансовая и материальная помощь не назначается:

      1) лицам (семьям), представившим заведомо ложную информацию и (или) недостоверные документы;

      2) лицам (семьям), которые согласно заключению коллегиального органа, подготовленного по результатам обследования их материально-бытового положения, не нуждаются в предоставлении финансовой и материальной помощи.

      6. Целевое расходование средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, обеспечивается первыми руководителями организаций образования.

      7. Учет поступлений и использования средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, осуществляется финансовой службой уполномоченного органа в области образования или организации образования.

      Организации образования в срок до 30-го сентября, 30-го декабря, 30-го марта и 30-го мая представляют в местный исполнительный орган отчетность по итогам проведенной работы в произвольной форме.