Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812.

      Орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ескерту. 1-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25. N 64 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.<*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047 қаулысымен .
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн;<*>
      2) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25. N 64 Қаулысымен);
       3) мемлекеттiк бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын.<*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047   қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65 қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мұнайгаз және көлiк-коммуникация кешендерiндегi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет және спорт жүйелерiнiң кәсiпорындарындағы жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасында:        "Денсаулық сақтау, бiлiм, ғылым, мәдениет және спорт, объектiлерiн жекешелендiрудiң шарттары" деген тарауша мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Жалпы бiлiм беру мекемелерi, кәсiптiк-техникалық мектептер, мектептен тыс мекемелер Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң келiсiмiмен жекешелендiрiледi".
      Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1998 жылғы тамыздағы    
N 640 қаулысымен    
бекiтiлген    

Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры туралы
ҮЛГI ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады