Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1047 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; N 29, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн";

      2) 3-тармақтағы: 
      1) тармақшасындағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3)  күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25.  N 64  Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады