Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 175 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 567 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.24 № 668 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.24 № 668 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 20 ақпандағы
N 175 қаулысымен
бекітілген    

Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) азық қоспаларын байқаудан өткізу – азық қоспаларының биологиялық қасиеттерін, оларды ветеринариялық практикада пайдалану тиімділігін, олардың әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында зертханалық немесе өндірістік жағдайда өткізілетін сынақтар;
      2) азық қоспаларының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген азық қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
      3) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу – уәкілетті органның азық қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тізілімге енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
      4) азық қоспаларын тіркеу сынақтары – азық қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
      5) азық қоспалары – адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
      6) жетілдірілген азық қоспалары – тиісті тіркеу сынақтарынан кейін оларды дайындау, оларды өндіру технологиясындағы олардың қасиеттеріне әсер етуге қабілетті құрамдастарының, сондай-ақ оларды пайдаланудың (қолданудың, сақтаудың) басқа да тәсілдерінің немесе пайдалануға берілген көрсеткіштерінің өзгерістерімен тізілімге енгізілген азық қоспалары;
      7) тіркеу куәлігі – азық қоспаларына оның мемлекеттік тіркелуін растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат;
      8) өтініш беруші (өндіруші) – азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға.
      3. Қағидалар азық қоспаларын өндіретін (дайындайтын) және әкелетін (импорттайтын) барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      4. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау) және әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
      5. Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын басқа мемлекеттерде өткізілген мемлекеттік тіркеу тізілімге енгізу үшін негіз болып табылмайды.
      6. Түрі бірдей, атауы бірдей және бір өндіруші дайындаған азық қоспаларын қайта мемлекеттік тіркеуге рұқсат етілмейді.

2. Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      7. Мемлекеттік тіркеу:
      1) өтініш беруші ұсынатын азық қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жасауды;
      2) ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелеріне сараптама жасауды;
      3) азық қоспасын тізілімге енгізуді қамтиды.
      8. Азық қоспаларын Тізілімге енгізу мемлекеттік тіркеудің қорытынды кезеңі болып табылады және тіркеу куәлігінің берілуімен бірге жүреді.
      9. Азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азық қоспасын мемлекеттік тіркеуге өтініш;
      2) «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) азық қоспалары үшін азық қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ);
      3) уәкілетті орган айқындайтын ғылыми-зерттеу мекемесінің НТҚ-ға қорытындысы;
      4) азық қоспасын өндіру туралы деректері бар құжат;
      5) азық қоспасын бақылау әдістері;
      6) азық қоспасы сапасының сертификаты;
      7) егер азық қоспасы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тіркелген болса, оның тіркелгенін растайтын құжаттар;
      8) егер Қазақстан Республикасының сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және заттың шыққан жерінің атауы туралы заңнамасына сәйкес сауда белгісі ретінде тіркелсе, азық қоспасының бірегей атауы туралы түпнұсқа дерек құжаттары;
      9) азық қоспаларының үлгілері мынадай көлемде – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейін.
      10. НТҚ-ға:
      1) азық қоспалары қауіпсіздік көрсеткіштері;
      2) азық қоспаларының жарамдылық мерзімдері;
      3) азық қоспаларын буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы үдерістерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар;
      4) азық қоспаларының қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;
      5) зерттеу әдістері, қатерлерді бағалау, оларды барынша азайту тәсілдері;
      6) қауіпті азық қоспаларын кәдеге жарату мен жою тәсілдері кіреді.
      11. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар түпнұсқада немесе нотариалды куәландырылған көшірмемен уәкілетті органға ұсынылады, олар 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қаралады.
      Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда уәкілетті орган белгіленген қарау мерзімі ішінде өтініш беруші тапсырған барлық құжаттарды себептерін жазбаша түрде көрсетіп кері қайтарады.
      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігін жойғаннан немесе дұрыс мәліметтерді ұсынғаннан кейін осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға тапсырады.
      12. Азық қоспаларының үлгілерімен бірге ұсынылған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу және байқаудан өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға (бұдан әрі – зертхана) 5 жұмыс күні ішінде жібереді.
      Зертханалық зерттеулер азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізуді және/немесе байқаудан өткізуді өзіне қамтиды.
      13. Тіркеу сынақтары азық қоспаларына НТҚ-да көрсетілген бақылау әдістеріне сәйкес 60 күнтізбелік күннен аспай жүргізіледі.
      14. Азық қоспаларын, сондай-ақ жетілдірілген азық қоспаларын байқаудан өткізу үшін өтініш берушімен (өндірушімен) бірлесіп, өндірістік сынақтар бағдарламасы жасалады, оны уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы бекітеді.
      Азық қоспаларын байқаудан өткізу 2 жылдан асырмай жүргізіледі.
      15. Азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізуге және байқаудан өткізуге шығындарды өтініш беруші көтереді.
      16. Зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден өтініш берушіге (өндірушіге) себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлау арқылы бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      17. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізілгеннен кейін өтініш берушіге тіркеу куәлігі беріледі.
      18. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 6 жыл. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын азық қоспаларын тіркеуге өтініш беріледі.
      19. Азық қоспаларына тіркеу куәлігінің қолданылуының тоқтатылуы:
      1) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеудің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      2) заңды тұлғаның таратылуы;
      3) азық қоспалары құрамдастарының, оны дайындау технологиясының өзгеруі;
      4) өтініш беруші (өндіруші) атауының, орналасқан жерінің өзгеруі немесе қайта ұйымдастырылуы;
      5) сот шешімі болып табылады.
      20. Азық қоспаларын тіркеу куәлігінің түпнұсқасы жоғалған, бүлінген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органды хабардар етеді және тіркеу куәлігінің телнұсқасын беруге өтініш береді. Тіркеу куәлігінің телнұсқасын уәкілетті орган өтініш келіп түскеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде береді.

Қазақстан Республикасының аумағында  
алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және
алғаш рет әкелінетін (импортталатын)  
азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша                

ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасында азық қоспасын мемлекеттік тіркеуді сұраймын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (азық қоспасының саудалық және жалпы қабылданған аты)
1. Азық қоспасын өтініш беруші _____________________________________
____________________________________________________________________
            (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
2. Мәлімдеушінің мекен-жайы, телефоны, факсі, банкі деректемелері __
____________________________________________________________________
3. Азық қоспасы туралы мәлімет:
3.1. Құрамы_________________________________________________________
____________________________________________________________________
3.2. Үлгісі ________________________________________________________
                    (азық қоспасының үлгісін көрсету)
3.3. Тағайындау ____________________________________________________
____________________________________________________________________

3.4. Азық қоспасын әзірлеуші _______________________________________
____________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
3.5. Азық қоспасын өндіруші _______________________________________
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә, мекен-жайы)
4. Өтініш берушінің өкілі __________________________________________
____________________________________________________________________
                      (өкілдің Т.А.Ә. және лауазымы)
5. Өтінішке мынадай нормативтік-техникалық құжаттар қоса берілді____
____________________________________________________________________
6. Өтініш беруші азық қоспасын мемлекеттік тіркеу жөніндегі шығыстарды төлеуге кепіл болады.
7. Өтініш берілді:
20_____ж. «____» ________________ __________________________________
                      (қолы)        (өтініш беруші өкілінің Т.А.Ә.)
8. Өтініш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қабылданды:
20_____ж. «____»_________ __________________________________________
                  (қолы) (өтінішті қабылдаушының қызметі және Т.А.Ә.)
9. Өтініш мемлекеттік ветеринариялық ұйымға қабылданды:
20_____ж. «____»______ _____________________________________________
                 (қолы) (өтінішті қабылдаушының қызметі және Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының аумағында    
алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және
алғаш рет әкелінетін (импортталатын)    
азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына
2-қосымша                 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ТІРКЕУ КУӘЛІГІ

№ ___________

Осы куәлік _________________________________________________________
____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес __________________
____________________________________________________________________
      (азық қоспасының жалпы қабылданған және сауда атауы)
үлгі _______________________________________________________________
                 (азық қоспасының үлгісі көрсетіледі)
арналуы _____________________________________________________ берілді
           (қолданылу, шектелу аясы және т. б., көрсетіледі)
Азық қоспасын өндіруші______________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасында №_________________________________ тіркелді
                                    (тіркеу нөмірі)

      жылғы «____»_________бастап жылғы «____»__________дейін
            (тіркелген күні)            (тіркелген мерзімі)

Осы куәлік азық қоспасын сатып алу бойынша міндеттеме және сапалық сертификат болып табылмайды.

Басшы ________________ ____________________
             (қолы)           (Т.А.Ә.)

      МО

Об утверждении Правил государственной регистрации впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) на территорию Республики Казахстан кормовых добавок

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2008 года N 175. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 567

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 567 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 24.05.2012 № 668 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила государственной регистрации впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) на территорию Республики Казахстан кормовых добавок.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 24.05.2012 № 668 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 20 февраля 2008 года № 175

Правила
государственной регистрации впервые производимых
(изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых)
на территорию Республики Казахстан кормовых добавок

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 24.05.2012 № 668 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственной регистрации впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) на территорию Республики Казахстан кормовых добавок (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" и определяют порядок государственной регистрации впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) на территорию Республики Казахстан кормовых добавок.
      2. В Правилах используются следующие понятия:
      1) апробация кормовых добавок – испытания, проводимые в лабораторных и производственных условиях с целью определения их биологических свойств, эффективности использования их в ветеринарной практике, отсутствия последствий действия кормовых добавок, а также экологической безопасности;
      2) государственный реестр кормовых добавок (далее – реестр) – перечень, издаваемый уполномоченным органом в области ветеринарии (далее – уполномоченный орган), содержащий сведения о кормовых добавках, прошедших государственную регистрацию и разрешенных к производству, импорту и применению в Республике Казахстан;
      3) государственная регистрация кормовых добавок – внесение уполномоченным органом в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, кормовых добавок в реестр по результатам их экспертизы, апробации и регистрационных испытаний и выдача на них регистрационных удостоверений установленной формы;
      4) регистрационные испытания кормовых добавок – комплекс методов, методик, применяемых в порядке, установленном уполномоченным органом, для определения соответствия кормовых добавок требованиям законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      5) кормовые добавки – вещества органического, минерального и (или) синтетического происхождения, используемые в качестве источников недостающих питательных и минеральных веществ и витаминов в рационе животных, являющихся источником пищи для человека;
      6) усовершенствованные кормовые добавки – кормовые добавки, после соответствующих регистрационных испытаний занесенные в реестр с изменениями компонентов при их изготовлении, технологии их производства, способные повлиять на их свойства, а также других способов их использования (применения, хранения) или показания к использованию;
      7) регистрационное удостоверение – документ, выдаваемый уполномоченным органом на кормовые добавки, с целью подтверждения его государственной регистрации и введения в реестр;
      8) заявитель (производитель) – физическое или юридическое лицо, подавшее заявление на государственную регистрацию кормовых добавок.
      3. Правила распространяются на все физические и юридические лица, производящие (изготавливающие) и ввозящие (импортирующие) кормовые добавки.
      4. В Республике Казахстан производство (изготовление), ввоз (импорт) и реализация кормовых добавок разрешаются только после их государственной регистрации, за исключением случаев производства (изготовления) и ввоза (импорта) образцов, необходимых для проведения регистрационных испытаний.
      5. Государственная регистрация впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) кормовых добавок, проведенная в других государствах, не является основанием для внесения их в реестр.
      6. Не допускается повторная государственная регистрация кормовых добавок одного вида, одного наименования и изготовленных одним производителем.

2. Порядок государственной регистрации впервые производимых
(изготавливаемых) и впервые ввозимых (импортируемых) на
территорию Республики Казахстан кормовых добавок

      7. Государственная регистрация включает в себя:
      1) экспертизу нормативно-технической документации на кормовые добавки, представляемые заявителем;
      2) экспертизу результатов научных и лабораторных исследований;
      3) внесение кормовых добавок в реестр.
      8. Внесение кормовых добавок в реестр является заключительным этапом государственной регистрации и сопровождается выдачей регистрационного удостоверения.
      9. Для государственной регистрации кормовых добавок заявитель представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление на государственную регистрацию кормовых добавок по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) нормативно-техническую документацию на кормовые добавки (далее – НТД) для впервые производимых (изготавливаемых) на территории Республики Казахстан кормовых добавок, согласованную с уполномоченным органом в соответствии с Законом Республики Казахстан "О безопасности пищевой продукции";
      3) заключение на НТД научно-исследовательского учреждения, определяемого уполномоченным органом;
      4) документ с данными о производстве кормовых добавок;
      5) методы контроля кормовой добавки;
      6) сертификат качества кормовой добавки;
      7) документы, подтверждающие регистрацию кормовой добавки, если она зарегистрирована вне пределов Республики Казахстан;
      8) документ с данными об оригинальном названии кормовой добавки, если она зарегистрирована как торговый знак в соответствии с  законодательством  Республики Казахстан о торговых знаках, знаках обслуживания и наименованиях мест прохождения товаров;
      9) образцы кормовых добавок в следующем объеме – три упаковки или от 500 граммов до 1 килограмма.
      10. НТД включает:
      1) показатели безопасности кормовых добавок;
      2) сроки годности кормовых добавок;
      3) требования к упаковке, маркировке, условиям процессов (стадий) разработки (создания), производства (изготовления), оборота кормовых добавок;
      4) программы производственного контроля за безопасностью кормовых добавок;
      5) методики исследований, оценки рисков, способы их минимизации;
      6) способы утилизации и уничтожения опасных кормовых добавок.
      11. Документы, указанные в пункте 9 настоящих Правил, представляются в уполномоченный орган в оригинале или нотариально заверенной копией, которые рассматриваются на соответствие требованиям настоящих Правил в течение 5 рабочих дней.
      В случае несоответствия представленных документов или представления недостоверных сведений, уполномоченный орган в течение установленных сроков рассмотрения возвращает все документы, представленные заявителем, с указанием причин в письменном виде.
      После устранения несоответствия представленных документов или представления достоверных сведений заявитель представляет документы в уполномоченный орган в порядке, установленном пунктом 9 настоящих Правил.
      12. Копии представленных документов с образцами кормовых добавок в течение 5 рабочих дней уполномоченным органом направляются в государственную ветеринарную организацию (далее – лаборатория), осуществляющую функции по проведению регистрационных испытаний и апробации кормовых добавок согласно законодательству Республики Казахстан в области ветеринарии.
      Лабораторные исследования включают в себя проведение регистрационных испытаний и/или апробации кормовых добавок.
      13. Регистрационные испытания проводятся в соответствии с методами контроля, указанными в НТД на кормовые добавки, не более 60 календарных дней.
      14. Для проведения апробации кормовых добавок, а также усовершенствованных кормовых добавок совместно с заявителем (производителем) составляется программа производственных испытаний, которая утверждается руководителем подразделения уполномоченного органа.
      Апробация кормовых добавок проводится не более 2 лет.
      15. Затраты на проведение регистрационных испытаний и апробации кормовых добавок несет заявитель.
      16. На основании результатов лабораторных исследований уполномоченный орган в течение 5 рабочих дней после их поступления принимает решение о (об) государственной регистрации кормовых добавок или отказе с уведомлением заявителя (производителя) в письменном виде с указанием причин.
      17. После внесения в реестр заявителю выдается регистрационное удостоверение согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      18. Срок действия регистрационного удостоверения составляет 6 лет. За один месяц до истечения срока действия регистрационного удостоверения подается заявление на регистрацию кормовых добавок.
      19. Прекращением действия регистрационного удостоверения на кормовые добавки являются:
      1) истечение срока действия государственной регистрации кормовых добавок;
      2) ликвидация юридического лица;
      3) изменение компонентов кормовых добавок, технологии его изготовления;
      4) изменения наименования, местонахождения или реорганизации заявителя (производителя);
      5) решение суда.
      20. В случаях утери, порчи оригинала регистрационного удостоверения на кормовые добавки, заявитель информирует уполномоченный орган и подает заявление на выдачу дубликата регистрационного удостоверения. Дубликат регистрационного удостоверения выдается уполномоченным органом в течение 10 календарных дней после поступления заявления.

Приложение 1            
к Правилам государственной регистрации
впервые производимых (изготавливаемых)
и впервые ввозимых (импортируемых)
на территорию Республики Казахстан
кормовых добавок          

                           ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу провести государственную регистрацию в Республике
Казахстан кормовой добавки
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (торговое и общепринятое название кормовой добавки)
      1. Заявитель кормовой добавки
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (название юридического лица, Ф.И.О. физического лица)
      2. Адрес заявителя, телефон, факс, банковские реквизиты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Сведения о кормовой добавке:
      3.1. Состав: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3.2. В форме
_____________________________________________________________________
                   (указать форму кормовой добавки)
      3.3. Назначение
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3.4. Разработчик кормовой добавки
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (Ф.И.О. физического лица, название юридического лица, адрес)
      3.5. Производитель кормовой добавки
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (название юридического лица, Ф.И.О. физического лица, адрес)
      4. Представитель заявителя
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (Ф.И.О. и должность представителя)
      5. К заявлению прилагаются следующие нормативно-технические
документы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Заявитель гарантирует оплату расходов по государственной
регистрации кормовой добавки.
      7. Заявление подано:
"___" ______ 20__ г. ________________________________________________
                        (подпись) (Ф.И.О. представителя заявителя)
      8. Заявление принято в Комитет ветеринарного контроля и надзора
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан:
"___" _______ 20__ г. _______________________________________________
                     (подпись) (Ф.И.О. и должность принявшего заявку)
      9. Заявление принято в государственные ветеринарные
организации:
"___" _______ 20__ г. _______________________________________________
                    (подпись) (Ф.И.О. и должность, принявшего заявку)

Приложение 2            
к Правилам государственной регистрации
впервые производимых (изготавливаемых)
и впервые ввозимых (импортируемых)
на территорию Республики Казахстан 
кормовых добавок          

                             МИНИСТЕРСТВО
                         СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
                         РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
                    РЕГИСТРАЦИОННОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ

                            № ____________

Выдано настоящее удостоверение ______________________________________
_____________________________________________________________________
     (наименование юридического лица, Ф.И.О. физического лица)

в том, что в соответствии с Правилами государственной регистрации
впервые производимых (изготавливаемых) и впервые ввозимых
(импортируемых) на территорию Республики Казахстан кормовых добавок
_____________________________________________________________________
       (общепринятое и торговое наименование кормовой добавки)
в форме _____________________________________________________________
                     (указать форму кормовой добавки)

предназначенный для _________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (указать сферу применения, ограничения и т.д.)

Производитель кормовой добавки ______________________________________
_____________________________________________________________________

Зарегистрирован в Республике Казахстан за № _________________________
                                               (номер регистрации)
от "____" __________________ г. до ____________________ года
          (дата регистрации)        (срок регистрации)

Данное удостоверение не является обязательством по закупке кормовой
добавки и сертификатом качества

Руководитель ______________ _________________
                (подпись)         (ФИО)
      МП