"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспалары сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2117 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл № 9-10, 805-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 5 қарашадағы № 639 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5892 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 194 (1617) "Заң газетінде" жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Н.Х.Жақыпбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Е. Аман |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығымен бекітілген |
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының бар және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау Қағидасы, (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының (бұдан әрі – ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары) серияларының (топтарының) оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда сонымен бірге мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде сәйкестігін белгілейді.
2. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау тиісті ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының нормативтік-техникалық құжаттары (бұдан әрі – НТҚ) негізінде жүргізіледі.
3. Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) антибиотиктер – микроорганизмдерден, өсімдіктерден және жануарлардан бөлінетін, антимикробтық, антипротозойлық және антигельминттік әсері бар химиялық заттар;
2) биологиялық стимуляторлар – организмдегі зат алмасу процестерін күшейтуге қолданылатын, жануардан немесе өсімдіктен алынатын ұлпа зат;
3) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ – ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына арналған техникалық шарттары, қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқауды, ветеринариялық препараттарды жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын құжаттар пакеті;
4) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериясы (тобы) – бірдей жағдайда алынған, бір ыдыста араластырылған, бір жұмыс циклінің ішінде өлшеп оралған, өзінің сериялық нөмерін, өндірістік бақылау нөмірін алған және белгіленген үлгідегі бір құжатпен толтырылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының белгілі бір мөлшері;
5) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндірістік бақылау – ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасы туралы құжатты (паспортты) ресімдей отырып, олардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігіне ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді және дайындауды жүзеге асыратын ұйымдардың өндірістік бақылау бөлімдерінде (бұдан әрі – ӨББ) жүргізілетін зерттеу;
6) ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының, рекламациясы – ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оның әсер ету қасиетінде өзгеріс бары туралы мәлімет алынған жағдайда (иммунобиологиялық, технологиялық және басқа параметрлері бойынша нашарлығы) және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ талаптарына сәйкес келмегенде немесе оны қолданудың регламенті бұзылғанын анықтайтын құжат (актісі).
7) гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін немесе синтетикалық жолмен алынатын және организмнің көптеген өмірлік қызметтеріне реттеуші әсері бар, биологиялық белсенді заттар.
4. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сәйкестігіне айқындау жүргізу үшін ӨББ және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары үлгілерді іріктеп алуды мынадай нормативтерде (көлемдерде) жүргізеді:
1) фармакологиялық заттар (паразиттерге қарсы заттар):
сұйық – көлемі 0,5-тен 1 литрге дейін (үш бума);
сусымалы – салмағы 0,5 килограмға (бұдан әрі – кг) дейін (үш бума);
2) фармакологиялық заттар (микробтарға қарсы және вирустарға қарсы препараттар, ферменттер, гормондар, витаминдер, витаминдік препараттар, аминқышқылдары):
сұйық – 0,1-ден 1 литрге дейін (бес бума);
сусымалы – салмағы 0,5-ден 1 кг дейін (үш бума);
3) дезинфекциялаушы заттар – салмағы 3 кг-нан 5 кг дейін;
4) биологиялық заттар (вакциналар, анатоксиндер, емдік-алдын алуға қолданылатын сары сулар және глобулиндер) – 20 флакон/ампула;
5) диагностикалық жиынтықтар – үш жиынтық;
6) жемшөп қоспалары, премикстер – салмағы 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума);
7) жемшөп – салмағы 3-тен 5 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3-5 бума);
8) микроэлементтер, ақуызды-витаминдік қоспалар – 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума);
9) ферменттер, гормондар, витаминдер, витаминдік препараттар, аминқышқылдары:
сұйық – 0,5-тен 1 литрге дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума);
сусымалы – салмағы 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума).
2. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп
қоспаларының оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда НТҚ-ға
сәйкестігін айқындау тәртібі
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда шығару кезінде жүргізіледі.
6. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау үшін оларды өндіру жөніндегі әр ұйым ӨББ құрады.
ӨББ өндіру жөніндегі ұйымдарда өндірілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының әр сериясының (тобының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау жүргізеді.
7. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау аяқталғаннан кейін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық талаптарға сәйкес келетіні сәйкес келмейтіні туралы еркін нысанды ішкі өндірістік акт жасалады.
8. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) НТҚ-ға сәйкес келген жағдайда ӨББ өндірістік бақылаудың нөмірін, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серия (тобы) атауын, оларды өндіру жөніндегі ұйымдардың аталуын, жасалған күнін, жарамдылық мерзімін және паспорттың берілген күнін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт жасайды.
9. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) НТҚ-ға сәйкес келмеген жағдайда ӨББ олардың жойылуына еркін нысандағы акт жасайды және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының барлық сериясы (тобы) жойылады.
10. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтарына) НТҚ-ға сәйкестігіне айқындауды жүзеге асырған кезде ӨББ-де осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша журналдар жүргізіледі.
11. Журналдар нөмірленіп, жіппен тігіліп, мөрмен және ұйым басшысының және ӨББ бастығының қолдарымен бекітіледі.
3. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде ветеринариялық
препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының
(топтарының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау тәртібі
12. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде (бұдан әрі – Зертхана) ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасына жыл сайынғы жоспарлы тексеріс жүргізген кезде;
2) ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының белгілі бір сериясына (тобына) рекламация келіп түскен кезде;
3) даулы жағдайлар кезде, және сондай-ақ ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары иесінің ниеті бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау ветеринариялық нормативтерде көрсетілген бақылау тәсілдері бойынша жүргізіледі.
14. Шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасын жоспарлы тексерген кезде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
Жоспарлы тексеруді жүзеге асырған кезде, тексеруді жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексерілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерін іріктейді және оларды Зертханаға жолдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Рекламация түскен кезде, даулы жағдайларда сондай-ақ ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспалары иесінің ниеті бойынша ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау жүргізу жеке және заңды тұлғалардың тиісті өтініштері негізінде жүргізіледі.
16. Зертхана келіп түскен ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалар үлгілерінің серияларын (топтарын) зерттеуді (сараптауды), оларды өндіру жөніндегі ұйымдардың мұрағатында сақталған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерімен қатар жүргізеді.
17. Зертханада ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына зерттеу (сараптау) жүргізу мерзімдері ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-да анықталады.
18. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларына (топтарына) жүргізілген зерттеулер (сараптаулар) нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актісі (сынақ хаттамасы) жасалады.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын зерттеудің (сараптаудың) оң нәтижесі болған жағдайда ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталған сериясының (тобының) айналымына жол беріледі;
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын зерттеудің (сараптаудың) теріс нәтижесі болған жағдайда жануарлардың және адамдардың денсаулығы үшін қауіп туғызатын серияларына (топтарына) осы ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының осы сериясы (тобы) залалсыздандырылады (зарарсыздандырылады).
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Нысан
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекен жайы, телефоны, факсы және банктік реквизиттері)
ПАСПОРТ
___________________________________________________________________
(ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталуы)
Серия № ______________ Өндірістік бақылау №_______________
Талдау ветеринариялық норматив бойынша жүргізілді __________________
Сақталу мерзімі ________________
Дайындау уақыты _______________
№ | Көрсеткіштердің аталуы | Нормативтердің талаптары | Талдау нәтижелері |
Қорытынды:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өндірістік бақылау
бөлімінің бастығы __________________________________________________
Датасы "____" _______________ 20 _ ж.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат беремін.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындайтын және өндіретін ұйымның басшысы
_____________________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты – болған кезде)
Датасы "____" _______________ 20 _ ж.
Нысан
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын бақылау журналы
ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ №_________
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталуы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Серия № _________ дайындалған датасы_________
саны____________________Вакцинаның сутектік көрсеткіші (РН)
___________________________________
Микробтардың концентрациясы ________________________________________
Дайындау тәсілдері ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылауға түскен датасы
______________________________________________
Стерилдігіне және тазалығына тексеру_______ сынама саны ________________
Себудің қорытындылары: _____________________________________________
етпептондық сорпада (флакондарда) __________________________________
етпептондық сорпада (пробиркада) ___________________________________
етпептондық агарда (пробиркада)_____________________________________
етпептондық бауыр сорпасында (флакондарда)__________________________
етпептондық бауыр сорпасында ( пробиркада)__________________________
Микроскопияның нәтижесі ____________________________________________
Қорытынды __________________________________________________________
_____________________________________ Датасы "_____"_________ 20 __ж.
Ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының залалсыздығын және авируленттілігін тексеру
Жануардың түрі | Салмағы | Дозасы | Енгізу датасы | Енгізу тәсілдері | Нәтижелері |
Қорытындысы: ______________________________________
Датасы "____" _______________ 20 ___ ж.
Ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының белсенділігін тексеру
Жануарлардың түрі | Саны | Егу датасы | Жұқтыру датасы | Нәтижелері | Белсенділік проценты | |
өлді | тірі қалды | |||||
Қорытынды __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өндірістік бақылау
бөлімінің бастығы ________________________________________
Датасы "____" _______________ 20 _ ж.
Нысан
Өндірістік бақылау бөлімшелерінде ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының архивтік үлгілерінің келіп түсуі және сақталуы жөніндегі есепке алу журналы
№ | Ветеринариялық препараттардың жемшөп және жемшөп қоспаларының аталуы | Серияның номірі | Дайындалған датасы | Түскен датасы | Үлгілердің саны | Жарамсызд ыққа жіберу датасы | Орындаушының қолы |