Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 176 Қаулысы

      Тәжікстан Республикасында қалыптасқан қиын экономикалық және әлеуметтік жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін материалдық құндылықтар мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан 1000 (бір мың) тонна көлемінде азықтық бидайды тиеп жөнелтуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін  481,109 (төрт жүз сексен бір бүтін бір жүз тоғыз) тонна дизель отынын және 479,434 (төрт жүз жетпіс тоғыз бүтін төрт жүз отыз төрт) тонна жағатын мазутты тиеп жөнелтуді қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1240 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Тәжікстан Республикасына азықтық бидай ізгілік жүгін Амузанг станциясына дейін, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын, дизель отынын, жағатын мазутты Душанбе 1 станциясына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулының 1-тармағына сәйкес шығарылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының құнын өтеуге 65772500 (алпыс бес миллион жеті жүз жетпіс екі мың бес жүз) теңге сомасында қаражат;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне азықтық бидай құнын және ізгілік көмекті сақтау, тасымалдау және жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуге 27742140 (жиырма жеті миллион жеті жүз қырық екі мың бір жүз қырық) теңге сомасында қаражат;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне дизель отынының, жағатын мазуттың құнын өтеуге, тасымалдауға және жеткізуге 60533679,02 (алпыс миллион бес жүз отыз үш мың алты жүз жетпіс тоғыз теңге екі тиын) теңге сомасында қаражат;
      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуге байланысты көліктік шығыстардың құнын өтеуге 977210 (тоғыз жүз жетпіс жеті мың екі жүз он) теңге сомасында қаражат бөлсін.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1240 Қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы»20»ақпандағы
N 176 қаулысына 
қосымша     

Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету
үшін шығарылатын материалдық құндылықтар тізбесі

N№ Материалдық
құндылықтар-
дың атауы
Өлшем
бірлігі
Шығарыла-
тын мате-
риалдық
құндылық-
тар саны
Өлшем бірл.
бағасы
(теңге)
Сомасы

1

Жылы шалбарлар

дана

700

4300

2150000

2

Жылы күртешелер

дана

500

6100

3050000

3

Жүн қолғаптар

жұп

4285

70

2999500

4

Көрпелер

дана

1200

2500

3000000

5

Ет консервілері

нақты б.

288000

192

55296000


Жиыны:




66495500

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады