Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.17 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы қаулымен бекітілген Техникалық регламентке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
N 227 қаулысымен
бекітілген
"Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы Техникалық регламент нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттардың, имараттардың (бұдан әрі - ғимарат (имарат) және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне, оларды жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
1) ғимараттарды (имараттарды) жобалау (бұдан әрі - жоба) кезеңінде жасалатын, олардың нарықта өткізілетін жобалық-сметалық құжаттамасы;
2) ғимараттарды (имараттарды) салу, қайта жаңарту, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын технологиялық құрылыс процестері;
3) құрылыс кезеңі аяқталғаннан кейін нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар);
4) функционалдық мақсатына қарай пайдалану мақсатында нарық субъектілері жүзеге асыратын ғимараттарды (имараттарды) пайдалану процестері;
5) ғимараттарды (имараттарды) пайдаланып болғаннан кейін қалпына келтірілетін элементтерді (құрастырмаларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіре және қайта пайдалана отырып, сондай-ақ қалпына келтіруге жарамайтын элементтер мен қалдықтарды өңдеп бөлшектеу және бұзу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын кейіннен кәдеге асыру кезеңінің технологиялық процестері.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары 2-тармақта көрсетілген техникалық реттеу объектілеріне, Қазақстан Республикасының барлық аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан ғимараттарға (имараттарға) қауіпті әсер еткен жағдайларда қолданылмайды.
4. Мыналар адам өміріне немесе денсаулығына келтіруі мүмкін зақымға қатысты нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттарда (имараттарда) жол берілмейтін қауіпті факторлар (қауіптер) болып табылады:
1) ғимарат (имарат) шегінде адамның жүретін жолдың көлденең және еңіс беттерімен өткен кезінде тайғанауы;
2) ғимарат (имарат) шегінде адамның жүретін жолындағы оның ықтимал құлауына әкелуі мүмкін қауіпті кемерлердің, өңістердің, шұңқырлардың, ойықтардың және басқа сол сияқты факторлардың болуы;
3) ғимарат (имарат) шегінде адамның соққы алуына әкелуі мүмкін мұздың қатуы, жасыл екпелер элементтерінің дұрыс орналастырылмауы немесе қауіпті жағдайда болуы және құрылыс материалдарының, құрастырмалардың және жабдығының бұзылуы және ақаулары;
4) ғимарат (имарат) шегінде адамның күюіне немесе үсуіне әкеліп соғатын ыстық немесе қатты мұздатылған үстіңгі бетінің, сұйықтықтардың, газдардың, техногендік сипаттағы ауа массаларының болуы;
5) ғимарат (имарат) шегінде қорғалмаған электрөткізгіш элементтердің болуы салдарынан электр тогының соғуы;
6) адам денсаулығына зиян келтіруі немесе өміріне жарақат алуына әкелуі мүмкін құрылыста пайдаланылатын материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың, жабдықтың және ғимарат (имарат) шегіндегі өзге де элементтердің жарылу қаупі;
7) адам денсаулығына дене немесе психикалық зақым әкелуі мүмкін, ғимарат (имарат) шегінде белгіленген нормативтік мәндерден асып кететін шу деңгейі;
8) ғимараттың (имараттың) жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінің тұрақсыз жұмысы немесе бұзылуы салдарынан болатын адамның өмір сүру ортасының жайсыз микроклиматы;
9) ғимарат (имарат) шегінде қауіпті сәулелердің (электромагнитті, радиоактивті және т.б.) болуы;
10) адам денсаулығына зиян келтіруге қабілетті улы газдардың бөлінуі;
11) үй-жайлардағы ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;
12) көтеруші элементтердің өрт болған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде олардың беріктігін сақтай алмайтын өртке әлсіз төзімділігі;
13) ғимараттардың (имараттардың) ішкі кеңістігінде от пен түтіннің пайда болуына және қарқынды түрде таралуына ықпал ететін тез тұтанғыш үстіңгі қабаттар мен элементтер, сондай-ақ өзге де факторлар;
14) өртке қарсы қажетті тосқауылдардың (өртке қарсы қабырғалар, көршілес ғимараттар арасындағы қажетті ең аз арақашықтық және т.б.) болмауы;
15) жылу өте көп бөлініп, соның салдарынан өрт пайда болуы мүмкін қауіпті пайдалану процестері;
16) ықтимал төтенше жағдайларға арналған эвакуациялау жолдарында бөгеттердің және өзге де кедергілердің болуы;
17) өрт сөндіру және құтқару топтарының ғимаратқа (имаратқа) қарай және оның ішінде жүретін жолдарындағы жобада көзделмеген кедергілер;
18) жобалау, салу, пайдалану кезеңінде жіберілген қателердің салдарынан ғимараттың (имараттың) немесе оның бір бөлігінің бұзылуы;
19) ғимараттың (имараттың) және оның жекелеген бөліктерінің, сондай-ақ жабдықтың жол берілмейтін шамада бүлінуі және өзге де зақымдары;
20) жер қыртысының кенеттен және күрт жылжу жағдайында кұрастырманың беріктігін жоғалтуына себепші болатын ғимараттың (имараттың) негізгі (көтеруші) элементтерінің қауіпті жағдайы;
21) ғимарат (имарат) тұрған аумақта геофизикалық ауытқулардың болуы (геологиялық жарылымдар, жерасты су ағындарының қиылысуы, ғаламдық желі сызықтарының тартылуы);
22) адамның жаны мен тәнінің саулығына зиян келтіретін бейнеэкологиялық қауіптің болуы;
23) ғимарат (имарат) шегінде кездейсоқ оқиғалар салдарынан болған бастапқы себептерге сыйымсыз адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп.
5. Қоршаған ортаға келтіруі мүмкін зиянға қатысты нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттарда (имараттарда) жол берілмейтін қауіпті факторлар (қауіптер) мыналар болып табылады:
1) ғимараттарды (имараттарды) салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыруда табиғатты пайдалану режимінің бұзылуы;
2) ғимараттарды (имараттарды) олардың функционалдық іс-әрекетінің экологиялық салдарын ескермей жобалық орналастыру;
3) қоршаған ортаны қорғауға залал келтіріп, ғимараттың (имараттың) бекітілген жобасын немесе жұмыстың құнын өзгерту;
4) құрылыс-монтаж жұмыстарын және кейіннен кәдеге жаратуға байланысты жұмыстарды орындау кезінде табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану;
5) өндірістік мақсатта су объектілерінің ластануына және бітеліп қалуына әкелетін ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивті материалдарды қолданатын ғимараттарды (имараттарды) су жинағыш алаңдарда салу;
6) су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулері шегінде ғимараттарды (имараттарды) салу;
7) зиянды қалдықтарды, мейлінше жол берілген нормативтер деңгейінде ластаушы заттардың шығарындыларын тазарту, залалсыздандыру және пайдаға асыру қондырғыларымен және жабдығымен, қоршаған ортаны ластауды бақылау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, жерді қайта қалпына келтіру және іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша жобаланған жұмыстары аяқталмаған өндірістік мақсаттағы ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға беру;
8) ғимараттарды (имараттарды) пайдалану барысында пайда болатын өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды санитарлық тазарту, залалсыздандыру, пайдаға асыру, жинау, қауіпсіз түрде жою, өңдеу және көму жұмыстарының болмауы.
6. Осы Техникалық регламенттегі техникалық реттеу объектілері мынадай ережелер бойынша оның талаптарын қолдану мақсатында сәйкестендіріледі:
1) жоба объектіге және салу мақсатына байланысты қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының түрлеріне және құрамына қарай сәйкестендіріледі және тапсырыс берушінің жобалауға берген тапсырмасы мен болжалды құрылыс ауданында инженерлік және коммуналдық қамту қызметтерін жеткізушілердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған техникалық шарттарына сәйкес әзірленеді;
2) көлемді, жазық және сызықты күрделі объектілердің (ғимараттардың, имараттардың және олардың кешендерінің, коммуникациялардың) оларға жататын технологиялық және инженерлік жабдықты қосқандағы барлық түрін жасауға арналған құрылыс процестері салу-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша сәйкестендіріледі және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
3) нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар) жобалық-сметалық құжаттама немесе техникалық паспорт негізінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі;
4) ғимараттарды (имараттарды) пайдалану процестері олардың қызметтік мақсатына байланысты Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ережелері мен осы Техникалық регламенттің негізінде сәйкестендіріледі;
5) ғимараттарды (имараттарды) кейіннен пайдаға асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама мен атқарушы биліктің жергілікті органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіпте сәйкестендіріледі.
7. Осы Техникалық регламенттегі техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру мынадай жағдайларда:
1) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша тапсырысты орындау шарттарын құру және жасасу кезінде;
2) нарық субъектісінің құрылысты жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы іске асыруы кезінде;
3) салу-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға мердігерлік шарттарын жасасу кезінде;
4) бір меншік иесінен екіншісіне ауысатын пайдаланыстағы ғимараттарды (имараттарды) нарықта өткізу кезінде;
5) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға тапсыру және қабылдау кезінде;
6) құрылысы аяқталмаған объектілерді нарықта өткізу кезінде;
7) тоқтатылып қойылған, құрылысы аяқталмаған объектілерді тапсыру және қабылдау кезінде;
8) ғимараттың (имараттың) техникалық жай-күйін пайдалануды және өзгені де бақылау кезінде;
9) ғимараттарды (имараттарды) немесе оның жекелеген үй-жайлары мен бөліктерін жалдау шарттарын құру және жасасу кезінде;
10) ғимаратты (имаратты) қолданыстан шығару немесе кейіннен пайдаға асыру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылысы аяқталмаған объектіні жою кезінде жүзеге асырылады.
8. Пайдаланыстағы ғимарат (имаратты) жағдайында сәйкестендіру міндеттеріне қарай объектіні аспаптық немесе көзбен шолу арқылы зерттеу жүргізіледі.
9. Осы техникалық регламенттегі техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіруді:
1) құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың (құрылысқа арналған жоба, ізденіс, сараптама, зерттеу жұмыстарын, тапсырыстар бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырмаларды өндіру, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда) тапсырыс беруші-инвестор;
2) пайдаланыстағы ғимарат (имарат) немесе құрылысы аяқталмаған объекті түріндегі жылжымайтын объектінің меншік иесі;
3) өздерінің құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті органдар жүргізеді.
10. Осы Техникалық регламенттің талаптары міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
11. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заң актілерінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) бейнеэкологиялық қауіпсіздік - ғимараттың (имараттың) сыртқы және ішкі көрінісінің көзге көрінетін гомогенді (мысалы, ғимараттардың бір типті шатырлары, бір түсті қасбеттері, олардың жалаң қабырғалары және т.с.с.) және агрессивті (мысалы, тор көзді тұсқағаздар, бір типті терезелер және т.с.с.) параметрлері адамдардың жаны мен тәніне зиян келтіретін қаупі жоқ ғимараттың (имараттың) жағдайы;
2) үй-жай - ғимараттың (имараттың) ішіндегі белгілі бір функционалдық мақсатты және құрылыс құрастырмалары бар кеңістік;
3) ғимаратқа (имаратқа) техникалық қызмет көрсету - элементтердің дұрыс жай-күйін, берілген параметрлерді және оның құрастырмалық элементтері мен техникалық құрылғыларының жұмыс режимдерін ұстап тұру бойынша өткізілетін шаралар кешені;
4) ғимаратты (имаратты) ағымдағы жөндеу - ғимарат (имарат) элементтерінің бұзылған жерлерін жөндеу (жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру) және олардың жұмыс жағдайын ұстап тұру мақсатында іске асырылатын іс-шаралар кешені;
5) ғимаратты (имаратты) пайдалану - техникалық жай-күйін бақылауды, техникалық қызмет көрсетуді және ғимаратты (имаратты) ағымдағы жөндеуді қамтитын, мақсатына қарай пайдалануына байланысты ғимараттардың (имараттардың) өміршеңдік кезеңі;
6) ғимараттың (имараттың) авариялық жай-күйі - адамдардың тұруы немесе келуіне, өндіріс процестерін орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға арналған қауіпсіздік талаптарымен қамтамасыз етудің мүмкін еместігі салдарынан пайдалануы тоқтатылуы тиіс жағдай;
7) имарат - белгілі бір тұтыну қызметтерін жүзеге асыруға арналған құрылыс қызметінің сиректеу нәтижесі;
8) инженерлік тораптар - елді мекендердің аумақтарында, сондай-ақ ғимараттарда (имараттарда) жүргізілетін түрлі мақсаттағы құбырлар мен кабельдер (су құбыры, кәріз, газ, жылу, байланыс және т.б.);
9) құрылыс құрастырмасы - ғимараттың (имараттың) белгілі бір көтеруші, қоршағыш және/немесе эстетикалық қызметтерді орындайтын бөлігі;
10) ғимараттың (имараттың) меншік иесі - ғимаратқа (имаратқа) немесе оның бөлігіне заңнамалық актілерде мойындалатын және қорғалатын меншік құқығы бар заңды немесе жеке тұлға;
11) пайдалану бақылауы - ғимараттың (имараттың) меншік иелері орындайтын сәйкестендіруді бағалаудың бір түрі, ғимаратты (имаратты) пайдаланудың осы Техникалық регламентті пайдалану талаптарына сәйкестігін тексеру;
12) ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы - ғимараттың (имараттың) техникалық жай-күйіне, техникалық қызмет көрсетілуіне және ағымдағы жөндеуге бақылау жүргізуге жауапты жеке немесе заңды тұлға (үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен басқа, ғимараттардың (имараттардың) меншік иелері, кондоминиум объектілері мен өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы өзге объектілерді басқаратын жеке және заңды тұлғалар);
13) пайдаланушы - ғимаратты (имаратты) немесе оның бөлігін функционалдық мақсаты бойынша пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
14) техникалық жерасты қабаты (техжерасты қабаты) - инженерлік жабдықты орналастыру және коммуникацияларды жүргізуге арналған, ғимараттың төменгі бөлігінде орналасқан техникалық қабат;
15) топырақты ылғалдау - жерасты сулары және/немесе ылғалдылықтың құрылыстың осы түрі үшін қабылданған ауыспалы мәндерінен асатын деңгейлері (арыны) көтерілген жағдайда топырақтардың физикалық жағдайы мен құрылымының күрт өзгеруіне байланысты топырақтың бүлінуі.
3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнімнің айналым шарттары
12. Нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар) Қазақстан Республикасының жер және тұрғын үй заңнамасында, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарға және құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырмаларының қауіпсіздігі туралы, өрт қауіпсіздігі туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы, экологиялық қауіпсіздік туралы, радиациялық қауіпсіздік туралы техникалық регламенттерде , сондай-ақ осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
13. Егер ізденушіден, жобалаушыдан, дайындаушыдан немесе уәкілетті өкілден, ғимараттардың (имараттардың) меншік иелерінен және тәуелсіз сарапшылардан, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдардан өнімнің осы және өзге техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы ақпарат бар болған жағдайда ғимараттарды (имараттарды) нарықта айналымға шығаруға жол берілмейді.
14. Ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға берген сәттен бастап оларды пайдаланудан шығарғанға дейінгі кезеңде осы өнімнің нарықта айналымда болуына жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделген техникалық паспорты болған жағдайда ғана жол беріледі.
15. Сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс ғимараттарды (имараттарды) сәйкестігін растау рәсімінен өтпейінше нарықта өткізуге және пайдалануға беруге жол берілмейді.
16. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) осы және өзге де міндетті техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімінен өткен ғимаратты (имаратты) пайдалануы;
2) ғимаратты (имаратты) қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша барлық пайдаланушыларға нұсқама беруі;
3) осы Техникалық регламенттің 13-тармағында көрсетілген жағдайларда ғимаратты (имаратты) пайдалануға жол бермеуі;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарын, сондай-ақ ғимараттардың (имараттардың) барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін ғимаратты (имаратты) пайдалану үшін арнайы білім (машық) болуын талап ететін ерекшеліктері туралы хабардар етуі;
5) ықтимал қауіп туындаған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін ескертетін, сондай-ақ апат туралы ақпарат келіп түскен жағдайда пайдалануға тыйым салуға дейінгі қажетті іс-шараларды уақытылы өткізуді қамтамасыз етуі;
6) ғимаратты (имаратты) пайдаланудан апаттық жағдайда шығару қажет болған жағдайда бұл үшін қажетті шараларды қабылдау және мемлекеттік бақылау және қадағалаудың тиісті органдарын осы Техникалық регламент талаптарының бұзылғандығы туралы дереу хабардар етуі керек.
4. Ғимараттардың, имараттардың және іргелес аумақтардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
17. Белгіленген тәртіпте рұқсат алу рәсімінен өту ережелеріне сәйкес қызметті (жобалау, құрылыс салу, пайдалану, кейіннен пайдаға асыру) жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада көзделген талаптардың барлық кешенін орындауы керек.
18. Жобаны әзірлеуші осы Техникалық регламентте және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды ескеруі және қадағалауы қажет.
19. Жобалау барысында ғимараттардың (имараттардың) өміршеңдігінің барлық кезеңдеріндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар мен мемлекеттік органдардың олардың осы Техникалық регламентті реттеу объектілері бойынша құзыретінің шегіндегі өзге де нормативтік құжаттардың ережелерін қолдану негізінде қамтамасыз етілетін қауіпсіздік түрлері сәйкестендірілуі және ескерілуі тиіс.
Ғимараттарды (имараттарды) жобалау барысында қауіпсіздіктің барлық турлерін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар орындалады:
1) құрылыс құрастырмаларының көтеруші қабілеттері мен өзгергіштігін есептеудің пайдаланылатын әдістері қолданыстағы нормативтік құжаттардың тиісті материалдардан жасалған құрастырмаларына қойылатын талаптарына жауап беруі тиіс және жүктемелер мен әсерлердің қолайсыз түрде бірлесе келуін ескеріп орындалуы керек;
2) есептерді орындау процесінде инженерлік ізденістердің нәтижелерін, ғимараттың (имараттың) орналасқан орнының қызметтік мақсаты мен сипатын, құрылыс құрастырмаларының, бұйымдарының және материалдарының техникалық сипаттамаларының рұқсат етілетін шашыраңқылығын, көтеруші құрылыс құрастырмалары бұзылуының болжалды салдарын, есептеудің қолданатын әдістерін есептеу дәлдігі бойынша шектеулерді, ықтимал қауіптер сипаттамаларын ескеру қажет;
3) қолданылатын материалдар мен бұйымдардан бөлінетін иондаушы сәулелер Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздік жөніндегі заңнамасының талаптарында белгіленген жол берілетін шектерден аспауы тиіс;
4) ғимараттардың (имараттардың) құрастырмалық шешімдері, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен бұйымдар адамдарды олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбей тұрып, қауіпсіз орынға эвакуациялауға жеткілікті уақытты қамтамасыз ететін өртке төзімділіктің қажетті шегінде орындалуы тиіс;
5) қолданылатын полимерлік және синтетикалық материалдарға мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тиісті рұқсаты болуы керек;
6) жобада радионуклидтермен залалданған материалдары құрастырмалар мен бұйымдарды дайындау кезінде пайдалануға жол берілмейтіндігі және құрылыс учаскесінде радонның және оның ыдырау өнімдерінің, геопатогендік аймақтардың болуын міндетті түрде зерттеу туралы, сондай-ақ құрылыс учаскесіндегі экологиялық жағдай жөніндегі қорытынды алынғандығы туралы нұсқаудың бар болуы;
7) сейсмикалық қауіпті аудандарда құрылыс салу үшін арнайы жобалық-құрастырмалық шешімдерді, соның ішінде шұғыл эвакуация жолдарындағы ойықтарды толтыру бойынша да, оларды төтенше жағдайлардың салдарынан бұғатталуын болдырмайтын шешімдерді қолдану қажет;
8) ғимараттардың (имараттардың) сәулеттік және құрастырмалық шешімдерінде олардың бейнеэкологиялық қауіпсіздігінің шарттарын ескеру және қамтамасыз ету қажет;
9) көпфункционалды ғимараттардың (имараттардың) жобалық және құрастырмалық шешімдерінде олардың үй-жайларының (аймақтарының) ерекшеліктерін ескеруі және өндірістің немесе қызмет көрсетудің қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз ету қажет;
10) ғимараттың (имараттың) инженерлік қамтамасыз етілуі оны жобалауға техникалық тапсырмасына сәйкес болуы тиіс;
11) инженерлік жабдықтың оның жинақтылығын, монтажын, оны пайдалану, жөндеу және бөлшектеу немесе ауыстыруды анықтайтын қажетті ілеспе құжаттамасы (техникалық паспорты немесе нұсқаулығы, сәйкестік туралы сертификаты немесе декларациясы және т.б.) болуы тиіс;
12) жылыту жүйесі пайдаланудың нақты климаттық аймақтарында ауа температурасының және ғимарат (имарат) үй-жайларының қоршау құрастырмалары беттерінің нормативтік (жол берілетіннен төмен емес) және реттеуші параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс;
13) ғимарат (имарат) үй-жайларының қызметіне қарай желдету және ауа баптау жүйелері микроклиматтың есептік ауа алмасуы мен оңтайлы параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс және ауру тудыратын микроорганизмдер мен аллергендердің жиналуын, көбеюін және таралуын болдырмауы тиіс;
14) газбен жабдықтау жүйесі ғимараттың (имараттың) қызметіне қарай қысымы есептелетін газдың қауіпсіз берілуін қамтамасыз етуі тиіс;
15) суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелері қысымы есептелетін судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс;
16) кәріз жүйесі ағын сулардың қауіпсіз бұрылуын қамтамасыз етуі тиіс;
17) электрмен жабдықтау жүйесі пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс және электр жабдықтарының жануы қаупін болдырмауы тиіс;
18) ғимаратта (имаратта) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, үюге, сақтауға және жоюға арналған ішкі және/немесе сыртқы орындар болуы қажет;
19) ғимараттар (имараттар) шектерінде табиғи және жасанды жарықтандырудың нормаланатын мәндерді қамтамасыз ету қажет;
20) ғимараттың (имараттың) жобалық-құрастырмалық шешімдері мен оны инженерлік жабдықтау жүйелері қалпына келтірілмейтін энергетикалық ресурстардың тиімді және үнемді шығындалуын қамтамасыз етуі тиіс;
21) ғимаратты (имаратты) шудан оқшаулау адам өмірі мен денсаулығына жол берілмейтін қауіптің болмауы ескеріле отырып жобалануы және құрылуы қажет.
20. Ғимараттың (имараттың) жобасын әзірлеу, келісу, бекіту және өзгерістерді енгізу, міндетті құрам мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. V011566
21. Ғимаратты (имаратты) салу процесінде жобада белгіленген қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары кешенінің барлығы орындалуы және олардың жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде орындалуын бақылау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
22. Ғимараттарды (имараттарды) салуға, қайта жаңғыртуға және жөндеуге мердігерлік шарт жасасу кезінде тапсырыс беруші онда техникалық регламенттердің талаптарын көрсетуі қажет.
23. Салынып жатқан ғимарат (имарат) белгіленген нормаларға сәйкес өзге объектілерден қажетті арақашықтыққа алыстатылуы тиіс.
24. Ғимарат (имарат) құрылысы:
1) учаскеде радонның, оның ыдырау өнімдерінің және гепатогенді аймақтардың болуын тексеру қорытындыларын алуды қосқанда ғимарат (имарат) салынатын учаскені дайындаудың жалпы нұсқаулары мен ережелерін;
2) құрылыс салу-монтаждау және әрлеу жұмыстары мен олардың құжаттық ресімделуін орындау кезектілігін;
3) инженерлік жабдықтау жүйелерін құрастыру, жөндеу және іске қосу тәртібін;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шараларын және олардың құжаттық ресімделуін бақылауды;
5) салынған ғимаратты (имаратты) пайдалануға беруге рұқсат алуды қоса алғанда, оны тапсыру-қабылдау жөніндегі комиссиясын жасақтау, оның жұмыс істеуі және нәтижелерін ресімдеу тәртібін көздейтін жұмыстың жүргізілу жобасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
25. Инженерлік тораптардың, машиналар мен жабдықтардың, метрополитендердің, шахталардың, көпірлер мен тоннельдердің, сондай-ақ өзге арнайы имараттардың нақты түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиісті техникалық регламенттерге сәйкес техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
26. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) барлық пайдаланушылардың ғимаратты (имаратты) қызметтік мақсаты бойынша қауіпсіз пайдалануын ұйымдастыруды;
2) ғимараттың (имараттың) техникалық жағдайының қауіпсіз деңгейін қарау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу әдістерімен ұстап тұруды;
3) ықтимал немесе болған қауіпті табиғи құбылыстар мен процестерге байланысты апаттың пайда болу қаупі төнген кезде қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдауды;
4) өз күштерімен жоя алмайтын апат туындаған жағдайда арнайы қызмет өкілдерін шақыруды;
5) ғимараттың (имараттың) бақыланатын нақты параметрлері техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін болса және регламенттелген мерзімде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу әдістерімен сәйкес келтіру мүмкін болмаса, ғимаратты (имаратты) пайдаланудан шығару шараларын қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.
27. Ғимараттың (имараттың), инженерлік жабдықтаудың жекелеген құрастырмалары немесе элементтерінің ғимаратты (имаратты) қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды сақтамаудан туындайтын апаттық жағдайы мұндай апаттық жағдайларды жоюға қажетті ең қысқа мерзімде жойылуы тиіс немесе ғимарат (имарат) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланудан шығарылуы тиіс.
28. Егер пайдаланыстағы ғимараттардың (имараттардың) нақты параметрлері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмесе, онда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары бұл туралы ғимараттардың (имараттардың) барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін, техникалық персоналды хабардар етуі тиіс және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін және мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен келісілген ұйымдастыру және техникалық шараларды жүргізгенге дейін ғимараттарды (имараттарды) пайдалануды тоқтату шараларын қабылдауы керек.
29. Ғимаратты (имаратты) тұтастай немесе инженерлік жабдықтау жүйесінің құрастырмаларын, элементін пайдаланудан толық немесе ішінара шығарып тастап, осы құрылғылардың пайдаланылуын бақылау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың талаптары сақталуы тиіс.
30. Ғимаратта (имаратта) өрттен, жарылыстан, су басып кетуден және басқа да қауіпті жағдайлардан қорғайтын құралдар болған жағдайда, ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы техникалық паспортқа сәйкес олардың жұмысқа қабілетті жағдайын ұстап тұруы тиіс.
31. Ғимаратты (имаратты) ағымдағы жөндеу кезінде бастапқы жобадан ауытқуға жол берілмейді.
32. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары ғимараттардың (имараттардың) барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін мынадай талаптар мен ережелерді сақтау туралы хабардар етуі тиіс:
1) ғимараттарды (имараттарды) немесе олардың бөліктерін функционалды пайдалану талаптарын;
2) өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) жарылыс қауіпсіздігі талаптарын;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын;
5) ғимараттарға (имараттарға) кіру ережелерін;
6) пайдаланыстағы инженерлік жүйелерді қауіпсіз пайдалану ережелерін;
7) іргелес аумақтарда автокөлік құралдарының қозғалуы мен оларды қою ережесін;
8) төтенше жағдайлар пайда болған кезде өзін-өзі ұстау ережесін.
33. Ғимараттардың (имараттардың) пайдаланушылары мен меншік иелері ғимараттарда (имараттарда) анықталған жарамсыздықтар туралы белгіленген тәртіппен ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушыларына хабарлауы тиіс.
34. Ғимараттар (имараттар) элементтерінің жарамсыздықтарын жоюға кез келген тәсілмен (ауызша, жазбаша, диспетчерлік байланыспен, телефонмен, факспен, Интернетпен) алынған өтінімдерді ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары олар келіп түскен күні қарауы және келесі күннен кешіктірмей оларды жоюды ұйымдастыруы тиіс.
Жарамсыздықтарды жоюға ұзақ уақыт қажет болған немесе шұғыл жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер жоқ болған жағдайларда өтінім берген пайдаланушыны қабылданған шешімдер туралы хабардар ету қажет.
35. Жоспарлы ағымдағы жөндеулерді жүргізу кезінде, сондай-ақ өмірді қамтамасыз етудің резервтік көздеріне жоспарлы өту кезінде ғимараттардың (имираттардың) жауапты пайдаланушылары ғимараттарды (имараттарды) пайдалану шарттары өзгеруінің болжалды мерзімін көрсете отырып, бұл туралы ғимараттардың (имараттардың) пайдаланушылары мен меншік иелерін алдын ала хабарлауы тиіс.
36. Апат туындаған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары ғимараттар (имараттар) орналасқан орынға дереу келіп, ғимараттардың (имараттардың) барлық пайдаланушылары мен меншік иелерін апат туралы және оның салдарын жоюдың болжалды мерзімдері туралы немесе, қажет болған жағдайда, ғимараттарды (имараттарды) пайдаланудан төтенше шығару туралы хабардар етуі керек.
37. Ғимараттарды (имараттарды) немесе олардың бөліктерін жаңа қызметтік мақсатқа ауыстыру қажет болған жағдайда, ғимараттардың (имараттардың) меншік иелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаттық рәсімдерден өтуі тиіс.
38. Ғимаратты (имаратты) немесе оның бөлігін жаңа функционалды мақсатқа ауыстыру кезінде қайта құрылымдауды жүргізу қажет болған жағдайда, ол қайта құрылымдау кезеңіне пайдаланудан шығарылуы тиіс.
39. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес ғимараттың (имараттың) қауіпсіз жай-күйін ұстап тұруды ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы зерттеу, техникалық қызмет көрсету, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес ағымдағы жөндеу жүргізу жолдарымен қамтамасыз етеді.
40. Ғимаратты (имаратты) тексеру жүргізу барысында ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы:
1) атмосфералық шөгінділерді бүратын шатырлар мен құрылғылардың жарамды жай-күйде екендігіне;
2) сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылу және суықпен жабдықтаудың ішкі тораптарының жарамдылық жай-күйде екендігіне, қосылыстарда және құбырлардың қабырғаларындағы, фасондық бөліктеріндегі және аспаптардағы жарықшақтар арқылы судың ақпайтындығына;
3) газбен жабдықтау жүйелерінің жарамдылығына;
4) желдету жүйелерінің жарамдылығына;
5) электрмен жабдықтау жүйелерінің жарамдылығына;
6) ғимараттың (имараттың) ағаш құрылымдарының жарамдылығына;
7) тас немесе бетон қабырғаларда, темірбетон ұстындарда, сырғауылдарда, фермаларда, арқалықтарда және тақталарда жарықшақтардың жоқтығына;
8) имарат қабырғалары мен ұстындарының, көтеруші қабырғаларының тігінен болуына;
9) темірбетон және металл құрастырмалары жіктері мен қосылыстарының жарамды жай-күйде екендігіне;
10) динамикалық жүктемелерге, термикалық әсерлерге ұшыраған немесе агрессивтік ортадағы құрылымдардың жарамдылығына көз жеткізуі тиіс.
41. Ғимараттардың (имараттардың) іргетастары мен жертөлелерінің қабырғаларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы келесі қауіпсіздік талаптарын орындауды ұйымдастыруы тиіс:
1) іргетастардың және жертөлелердің зақымдалуын олардың пайда болу шамасына қарай жою;
2) жертөлелер мен техеденасты қабаттарының мөлшерлі температуралық ылғалдылық режимін ұстап тұру;
3) негіздер мен іргетастардың, жертөлелер мен техникалық жерасты қабаттары қабырғаларының топырақтарының ылғалдануын болдырмау.
42. Іргетастардың біркелкі емес шөгуінің белгілері пайда болған кезде ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы жарықшақтарға күйбелгілерді орнатып ғимаратты тексеруді ұйымдастырып, деформациялану себептерін жою шараларын қабылдауы тиіс.
Топырақтың, іргетастар құрастырмаларының және жертөлелер қабырғаларының күйін тексеруді мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып аспаптық бақылау тәсілімен жүргізеді.
43. Ғимараттың (имараттың) іргетастары мен жертөлелер қабырғаларын пайдалану кезінде:
1) жертөлелер және техникалық жерасты қабаттарын инженерлік жабдықтардың ақауы мен кемуінен су басуына;
2) жертөлелер қабырғалары мен іргетастарында конденсаттың және көгерудің пайда болуына;
3) арнайы рұқсаттық рәсімдерінсіз ғимаратқа тікелей жақын жерде қазандықтар мен орларды қазуға;
4) ғимаратқа (имаратқа) тым жақын жерге қар жинауға, сондай-ақ жаңбыр суының ағынына және инженерлік жүйелер мен жабдықтардан іргетастарға ғимарат (имарат) астындағы топыраққа судың кетуіне жол берілмейді.
44. Ерекше жағдайдағы аудандарда орналасқан ғимараттардың (имараттардың) іргетастары мен жертөлелерінің қабырғаларын қауіпсіз пайдалану үшін ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес:
1) шөгінді немесе сор топырақтарды ылғалдандыру кезінде шөгінділер әрекетінен;
2) ісінбелі балшық топырақтарды ылғалдандыру кезінде іргетастардың көтерілуінен;
3) суға қаныққан әлсіз балшық топырақтарды немесе қалқыма-құмдарды сығу кезінде іргетастардың орнықтылығын жоғалтуынан;
4) сейсмикалық күштер әрекетінен зақымдалудың алдын алудың және жоюдың арнайы шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыруы тиіс.
45. Ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы ғимараттың (имараттың) қабырғаларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) зақымдарды пайда болуына қарай жою;
2) деформацияға, тігінен ауытқуға және шөгуге, қалау қатарларының қабыршақталуына, қабырғалық материалдың бұзылуы мен кірпіштердің ілінуіне және түсуіне жол бермеу;
3) металл құрастырмалар элементтері қосылыстарының деформациясына және бұзылуына жол бермеу;
4) металл құрастырмалар элементтері бекітпелерінің бұзылуына немесе босап кетуіне жол бермеу;
5) ғимараттың (имараттың) шығыңқы бөліктері бекітпелерінің жарамды күйін ұстап тұру;
6) егер анықталған деформация үлкейсе, онда мамандандырылған ұйымдарды тартып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және деформацияның әрі қарай дамуының алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдау керек.
46. Ағаш қабырғалары бар, сондай-ақ ағаш көтерушісі бар ғимараттың (имараттың) жауапты пайдаланушысы ағаштың ылғалдану көздерін уақытында жою жөнінде алдын алу шараларын құрастырмаларға құрғату режимін жасап, гидрооқшаулауды қайта қалпына келтіруі және антисептиктендіруді және жанудан қорғауды жүргізуі тиіс.
Ағаш зақымдағыштармен зақымдалған қабырға элементтерін антисептиктеу, оттан қорғау және гидрооқшаулау жұмыстарын орындап жаңаларымен ауыстыру керек.
Ғимараттардың (имараттардың) меншік иелері анықталған зақымдау ошақтарын жою және қорғау іс-шараларын орындау жұмыстарын құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес жүргізуі тиіс.
Пайдалануды бақылау барысында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары құрастырмалардың органикалық материалдардан жасалған көтеруші элементтерінің беріктігінің төмендеуін анықтауы тиіс және қажет болған жағдайда құрастырманың зақымданған учаскелерін ауыстырып, антисептиктеп, оттан қорғау құрамдарымен жабуы тиіс.
47. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары ғимарат (имарат) құрастырмаларының жабық бөлшектерін және инженерлік тораптарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында келесі қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етулері тиіс:
1) ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға енгізгеннен кейін 25 жылдан кешіктірмей құрастырмалық түйіндерді бірінші рет іріктеп ашу;
2) әрбір 10 жылдан соң құрастырмалық түйіндерді қайталап ашу (бұрынырақ ашылған түйіндерде ішінара, қайтадан ашылған басқа түйіндерде ішінара), бұл орайда бірінші кезекте пайдаланудың барынша қолайсыз температуралық-ылғалдылық жағдайларындағы, сондай-ақ құрастырмалардың үстіңгі жақтарында жарықшақтар, қорғау қабатының қатпарлануы, тоттанған дақтары бар орындардағы көтеруші салмалы бөлшектерді ашу;
3) болат бөлшектер айтарлықтай тоттанып зақымданған жағдайда құрастырмалық түйіндерді ашуды әрбір 5 жылдан соң сиретпей жүргізу қажет;
4) көлденең қимасының ауданы тоттанып зақымдану салдарынан 30%-дан артық кішірейген бөлшектерді анықталған жағдайда бұндай түйіндерді үштен кем емес мөлшерде ашу қажет;
5) құрастырмаларды ашу және бітеу жұмыстарын жүргізу рұқсаттық рәсімдердің белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады;
6) сейсмикалық жағынан қауіпті (6 балл және одан жоғары) аудандарда темірбетон элементтерін (тіреулерді, беларкаларды, панельдерді, сейсмикаға қарсы белдеулерді және т.б.) ашуға және арматураны жалаңаштауға, егер ол құрылымды күшейту қажеттілігінен туындамаған болса, жол берілмейді.
48. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) құбырлар орнатылған құрастырмалар мен үй-жайлардың нормативтік температуралық-ылғалдылық режиміне, будан және судан оқшаулау қорғалуына;
2) су басып кеткен жағдайда іргелес аумақтарды, жертөле үй-жайларын кептіруге;
3) жерасты құбырларын кезбе токтардан қорғау іс-шараларының уақытылы және сапалы орындалуына;
4) құрастырмалар мен құбырлардың қорғаныш жабындарын салуға және мерзімді қайта қалпына келтіруге;
5) тотық токтарын (катодтық және протекторлық қорғау, кезбе токтарды құрғату) басуға және бұруға, құрастырмалар мен құбырлардың тотығуға қарсы қорғалуын бақылауды жүзеге асыру керек.
49. Ғимараттар (имараттар) шатырларының барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары келесі қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етулері тиіс:
1) құрастырмаларды шатырлардан немесе инженерлік жабдықтардан су өту салдарынан болатын ылғалданудан қорғау;
2) ағаш құрастырмаларды жанып кетуден қорғау;
3) шатырлық аражабындар мен және жабындардың конденсат түзгіштігі мен суып кетуін болдырмайтын ауа алмасу және температуралық-ылғалдылық режимі;
4) жылуоқшаулаудың жарамдылығы;
5) гидрооқшаулаудың жарамдылығы;
6) суқабылдағыш шұғынықтардың шатырмен түйісу орындарының жарамдылығы, шұғынықтардың бітелуінің және мұз қатып қалуының болмауы, суағар тікқұбырларының түйістерінен су ақпауы және жылуоқшаулау тікқұбырларының шоғырланған ылғалдылығының болмауы.
50. Көтеруші құрастырмалардың және шатырлық жабындардың деформациясына жол берілмейді.
Төбелердің нормативтік мәндерден жоғары, соның ішінде қардың артық жүктелуіне жол берілмейді.
51. Төбелердің металл құрастырмаларында және металл шатырларда тот дақтарының пайда болуына жол берілмейді.
Тотығудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары тотығуға қарсы қорғау материалдарымен өңделуін ұйымдастырулары тиіс.
Болат байланыстарды және төбеде және шатырасты үй-жайларында орналастырылған бөлшектерді 5 жылдан бір реттен сиретпей қажеттілігіне қарай тотығуға қарсы құрамдармен сырлау керек.
52. Төбенің көтеруші құрастырмалары, төбеде орналастырылған құрылғы мен жабдық, төбенің ернеулері және су бұрушы элементтері, қоршаулар, гильзалар, анкерлер, найзағайдан қорғау құрылғылары техникалық жарамды жай-күйде болуы тиіс.
53. Шатырларды ауыстыру жұмыстары ғимарат аражабындарының атмосфералық шөгінділермен ылғалдануын болдырмайтындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.
Шатырларды, түтін мұржаларын, шатырлардың парапеттері мен басқа элементтерін жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс материалдардың барлық қалдықтары мен қоқыстарын жойып шатырды тазарту қажет.
54. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары келесі шараларды қамтамасыз етулері қажет:
1) төбелерді пайдалануға қатысы жоқ тұлғалардың төбеге шығуын болдырмау;
2) төбелердің жағдайын тексеруді айына 1 реттен сиретпей жүргізу;
3) төбелердің құрастырмаларындағы, шатырлардағы, асылмалардағы, науашалардағы және суқабылдағыш шұғынықтардың тексеру барысында анықталған зақымданулар дереу жойылу керек;
4) төбелерді қоқыстардан тазарту жылына 2 рет (қыс маусымының басталуы алдында және ол аяқталғаннан кейін) жүргізіледі.
55. Пайдаланудың қысқы кезеңінде ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары ғимараттардың (имараттардың) төбелері мен өзге құрастырмалық элементтерден қар мен мұздың құлауынан болатын қауіптердің алдын алулары тиіс.
56. Төбелердің үстіңгі бетіндегі барлық шығып тұратын түтін және желдету құбырларының элементтерін, ауа үдетпелерді, төбелерге шығатын есіктердің, жиек қабырғалардың, антенналардың, сәулеттік бөлшектердің және т.б. жарамдылығын қамтамасыз ету қажет.
57. Ішкі суағарлар ластанудан, жапырақтардан, қардан, мұздан және т.б-дан үнемі тазартылуы тиіс.
Құрылым түйістерінің, ішкі суағарлардың және төбелердің тығыз шектесуі және дұрыс бекітілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Су бұрудың сыртқы және ішкі жүйелерінің жарамсыздығын жұмыс жүйесінің нашарлауына жол бермей, ақауларды анықтау шамасына қарай жою керек.
58. Ғимараттардың (имараттардың) инженерлік жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары келесі қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етулері тиіс:
1) инженерлік тораптарға, жүйелерге және жабдықтарға құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес уақытында техникалық қызмет көрсету және оларды ағымдағы жөндеу;
2) сейсмикалық әсерлердің мүмкін кезінде инженерлік жабдықтар мен аспаптардың сенімді бекітілуі;
3) жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау және орталық ауа баптау жүйелерінің жабдықтарына сынау жүргізу;
4) жыл сайын жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін ақауларды табу үшін, сондай-ақ ағымдағы жөндеу аяқталғаннан кейін жылыту кезеңінің басталар алдында инженерлік жабдықтарды және аспаптарды тексеру.
59. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары сынау нәтижелерін актілермен ресімдеулері тиіс.
Бұл ретте ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары келесі шараларды қамтамасыз етулері тиіс:
1) белгіленген тәртіппен тексеруден өткізілген аспаптарды қолдану;
2) жылытылатын үй-жайлардағы ауаның қолайлы температурасын ұстап тұру;
3) найзағайдан қорғау жабдықтарының жарамды жай-күйін ұстап тұру;
4) өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес барлық құрастырмаларды оттан қорғауды ұстап тұру;
5) судың ағып кетуі мен кемуінің барлық түрлерін жылдам жою;
6) жұмыс істеп тұрған инженерлік жабдықтардан шығатын үй-жайлардағы шудың деңгейін санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес белгіленген нормативтік мәндерден аспайтындай етіп ұстап тұру;
7) апаттық жағдайда кернеулі болуы мүмкін жабдықтардың барлық бөлшектерін нөлдеп, қорғаныстық жерге қосудың жарамды жай-күйін ұстап тұру;
8) инженерлік жабдықтар жүйелерінің қайта құрастырылуын, ағымдағы жөнделуін және іске қосылуын мамандандырылған ұйымдарды тартып жүргізу керек;
9) ішкі тораптардан, аспаптардан және аппараттардан газдың шығуы анықталған жағдайда, сондай-ақ қауіпсіздік автоматикасының, мұржалардың, желдету каналдарының жарамсыздығы кезінде, құбырлардың бастары бұзылғанда қолданыстағы газқұбырларының тиісті құрылғыларын өшіру керек;
10) адамдарға қауіп төндіретін ақаулы аспаптардың, компьютерлердің, теле және радиоаппаратуралардың, ғимараттар (имараттар) жабдықтары тұтастығының жарамсыздығын анықтаған жағдайда ақауларды жойғанға дейін жарамсыз жабдықтарды немесе торап учаскелерін дереу өшіру керек.
60. Орталық жылыту жүйесі болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) жарамсыз бекіткіш-реттеуші арматураны ағымдағы жөндеуді немесе ауыстыруды;
2) құбырлар арқылы өту жабдықтарындағы (шатырастыларындағы, жертөлелердегі немесе еденасты қабаттарындағы) жылуқұбырларының жылу оқшаулаумен түйіспейтін өтпелі көпіршелерін орнатуды;
3) жылыту жүйесінде судың айналымы тоқтаған жағдайда және су температурасы +5 о С-ке дейін төмендеген кезде сырттағы ауаның теріс температура жағдайында жылыту жүйесінің босатылуын;
4) орталық жылыту жүйесінде жылу тасымалдағыштың жол берілетін қысымын ұстап тұруды;
5) жылыту жүйесінің жылу тасымалдағышпен дұрыс толтырылуын;
6) ауаны түсіретін автоматты құрылғылар болмаған жағдайда орталық жылыту жүйелерінен ауажинағыштар арқылы ауаны мерзімді шығарып тұруды қамтамасыз етулері керек.
61. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары мамандандырылған ұйымдарды тартып, ыстық сумен жабдықтаудағы іркілістерді жоюлары тиіс.
62. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау жүйесі болған жағдайда:
1) пайдалану барысында қазандықтағы дыбыс қысымы мен дыбыс деңгейінің жол берілетін деңгейлерін;
2) шектес бөлмелердегі шудың жол берілетін деңгейін қамтамасыз ететін қоршау құрастырмаларының дұрыс жай-күйі;
3) тәулігіне бір реттен сиретпей қазандық жабдығының жай-күйін қарап тұру және дұрыс жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етулері қажет.
63. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары газбен жабдықтау құрылғысы болған жағдайда:
1) ғимараттарда (имараттарда) орнатылған газбен жабдықтау құрылғыларының тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
2) газбен жабдықтау ұйымына апаттар, өрт, газ есептегіш аспаптардың жарамсыздығы туралы және газды пайдаланғанда туындайтын өзге де бұзылушылықтар туралы дереу хабарлауды;
3) ғимараттардың (имараттардың) кез келген үй-жайларында газдың иісі сезілген жағдайда ғимараттардың (имараттардың) пайдаланушылары мен меншік иелерін газ және электр аспаптарын пайдалануды дереу тоқтату туралы алдын ала ескертіп, газдалған және оған жақын орналасқан үй-жайларды желдетуді қамтамасыз етуді;
4) газбен жабдықтауға байланысты жұмыстарға мамандандырылған ұйымдарды тартуды;
5) газ құбырларын құрастыруды және бөлшектеуді, газ аспаптарын, аппараттарды және газды пайдаланатын басқа жабдықты орнатуды, оларды газ құбырына, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелеріне жалғауды, мамандандырылған ұйымдарды тартып, газбен жабдықтайтын жабдықты пайдалануға енгізуді жүзеге асыруды;
6) газбен жабдықтау құрылғысын ғимараттардың (имараттардың) апаттық жай-күйі кезінде ажыратуды;
7) газбен жабдықтау құрылғысын төбелер мен қабырғалардың сылағының бұзылуы немесе арақабырғалар мен қабырғаларда өтпелі саңылаулардың бар болуы кезінде ажыратуды;
8) газбен жабдықтау құрылғысын түтіндік және желдету арналарында тартымның болмауын немесе бұзылуы кезінде ажыратуы керек.
64. Газ құбырлары орналасқан техникалық жерасты қабаттары мен жертөлелерін қоймалар ретінде немесе өзге қажеттіліктерге пайдалануға тыйым салынады.
Бұл үй-жайларға кіретін есіктер құлыпталып, кілттері ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушыларында болуы тиіс.
Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары жертөлелер мен техникалық жерасты қабаттарынан осы үй-жайлардан шығарылған тұрақты сыртқы түтікшелер арқылы ауаның сынамасын іріктеп алуды қамтамасыз етуі тиіс.
65. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары электр-радио және тележабдықтар қолда бар кезде келесі шараларды қабылдаулары қажет:
1) электр- (радио- және теле-) жабдықтардың қолданыстағы электрсыйысымдылық туралы заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау;
2) электр тогы соғу қауіптілігі жоғары үй-жайларда құрастырма лампаны арнайы жарақсыз ұстау мүмкіндігін болдырмайтын оқшауландырғыш ылғалға төзімді материалдан жасалған қысқыштары бар шырақтарды қолдану.
66. Желдету мен ауа баптау жүйелері болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) бұл жүйелерді, олар ғимараттардың (имараттардың) үй-жайларында микроклиматтың параметрлерін нормативтік талаптарға сәйкес ұстап тұратындай пайдалануды;
2) жобамен қарастырылған үй-жайлардан ауаның қажетті көлемін сыртқы ауаның температурасы +5 о С және төмен кезінде кетіретін табиғи сору желдетуін;
3) желдету жүйелерінің статикалық қысымының камерасы ретінде пайдаланылатын жылы шатырастыларының герметикалығын;
4) орталық сору шахталарының ұштарында шатырлар мен ауаүдетпелер табиғи желдетуінің қолда бар болуын қамтамасыз етулері қажет.
67. Су құбыры және кәріз болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) құрылыс нормалары және ережелері талаптарына сәйкес сумен жабдықтау мен кәріз жүйелерінің жөндеу жұмыстарын жүргізуді;
2) үй-жайларда су құбыры жүйелерінің жұмысынан болатын нормативтен тыс шуларды және дірілдерді (гидравликалық соққыларды, сулардың құбырлардағы және суқабылдағыш арматурадан ағып кету кезіндегі жоғары жылдамдағын) жоюды, су құбырындағы қысымды реттеуді;
3) санитарлық-техникалық жүйелердің ағып кету, тамып кету, тығындалып қалуын, ластануын жоюды, гидравликалық бекітпелерді, гидравликалық соққыларды, құбырлардың қосылу орындарындағы қабыршықтарды, санитарлық құралдардың гидравликалық бекітпелерін және кәріз жүйелеріндегі қосылыстар түйістерінің герметикалықсыздығын, кәріздік сорғылардың бастарының қатып қалуын кетіруді;
4) ішкі өрт крандарын жеңдермен, оқпандармен және тасымалы өрт сөндіргіштерді жинақтауды қамтамасыз етулері тиіс.
68. Қоқыс құбыры болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) қоқыстарды жоюды сондай-ақ тиеу клапандарын алып оларды жөндеуді;
2) ғимараттардың (имараттардың) пайдаланушылары мен меншік иелерін қоқыс құбырлары оқпандарын, қоқыс құбырларын пайдалануға тыйым салынуын көрсете отырып, жүйелі тазалау, жуу және зарарсыздандыру уақыттары туралы хабарлауды;
3) тиеу клапандарын жинауды, жууды және зарарсыздандыруды;
4) қоқыс құбырлары оқпандары мен қоқыс құбырлары камераларының ішкі беттерін тазалауды, жууды және зарарсыздандыруды;
5) бөтен тұлғалардың жұмыстар аралығындағы үзілістерде есігі құлыпқа тығыз жабылуы тиіс қоқыс құбырлары камераларына кіруін шектеуді қамтамасыз етулері керек.
69. Ғимараттардың (имараттардың) аражабындарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері тиіс:
1) ғимараттар (имараттар) аражабынының орнықтылығы, жылу ұстағыштығы, иілістері мен тербелістерінің, жарықшақтарының болмауы;
2) жүктемелердің аражабынға уақытша біркелкі үлестірілген және көзделген жүктемелердің нормативтік мәндеріне сәйкестігі;
3) ғимараттар (имараттар) аражабынын нормативтік дыбыстық оқшаулауы;
4) аражабындардың зақымдарын жою;
5) аражабындардың жылутехникалық, акустикалық, суоқшаулағыштық қасиеттерін сондай-ақ сыртқы қабырғалардың, санитарлық-техникалық құрылғылардың және өзге элементтер түйісуінің жылугидрооқшаулауын қалпына келтіру;
6) қосарлы салынған қазандықтардың, кір жуу орындарының, көмір қоймаларының, дүкендердің және өндірістік үй-жайлардың үстеріндегі аражабындардың, олардың астында орналасқан үй-жайларда ылғалдылықтың, газдылықтың және ерекше иістердің артуының пайда болуына жол бермейтін герметикалығы.
70. Ғимараттардың (имараттардың) үй-жайларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері тиіс:
1) қоршау құрылымдарының үстіңгі жағында конденсаттың шөгуін болдырмайтын үй-жайлардың нормативтік температуралық-ылғалдылық режимі;
2) үй-жайларды топырақ газдарынан қорғау;
3) барлық пайдаланылатын үй-жайларға өтудің қолжетімділігі;
4) үй-жайларды бөгде тұлғалар мен жануарлардың өтіп кетуінен қорғау.
71. Баспалдақ үй-жайларын эвакуация жолдары ретінде, материалдарды, жабдықтарды және керек-жарақтарды қоймалау үшін пайдалануға, баспалдақ белдеулері астында қойма және өзге қосалқы үй-жайларды құруға жол берілмейді.
72. Техникалық үй-жайға кіретін есік жабық болуы тиіс және ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары осы бөлмелерге кіруді бақылайды.
Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қосалқы және техникалық үй-жайларды жарықтандыруды және желдетуді қамтамасыз етулері тиіс.
73. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары ғимараттар (имараттар) арқылы өтетін транзиттік инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдардың уәкілетті өкілдерінің тәуліктің кез келген уақытында оларға кіре алу мүмкіндігін қамтамасыз етулері керек.
74. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары санитарлық-эпидемиологиялық саулық саласындағы қолданыстағы заңдарға сәйкес кеміргіштер мен жәндіктердің пайда болуы мүмкін орындарды жүйелі түрде дератизациялауды және зарарсыздандыруды жүргізуі тиіс.
75. Жарақтандырылмаған үй-жайларда ыстық және жарылыс қаупі бар материалдар қоймаларын құруға жол берілмейді.
76. Ғимараттардың (имараттардың) едендерін қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары немесе үй-жайлардың меншік иелері қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері қажет:
1) едендердің зақымдарын олардың анықталғанына қарай жою;
2) ылғалдың едендердің құрылымына ұзақ әсер етуін болдырмау;
3) қорғаныштық-әрлеу жабындарын қалпына келтіру.
77. Ағаш едендердің сырланған қабатының бұзылуы, желдету торкөздеріндегі немесе ернеулік астындағы саңылаулардың ластануы, жекеленген бекіткіштердің жылжушылығы және түсіп қалуы табылғанынша жойылуы тиіс.
Тақтайлар мен паркеттік бекіткіштердің жергілікті шөгуін, солқылдауын, қажалуын, кебуін және бұжырлануын, сықырлауды, желдету торкөздерінің болмауын, жабынның негіздіктен шіруін, қабаттың ажырауын ағымдық жөндеу кезінде жою керек.
78. Солқылдақтығы мен иілгіштігі жоғары едендерді жабу қажет, бұл ретте көтеруші құрылымдар ағаштарының жай-күйін және серпімді төсемдерді тексеріп жарамсыздықтарды жою керек.
Ағаш арқалықтары бар топырақтар бойынша қойылған еден арқалықтардағы тақтай едендердің еденастылық кеңістігі желдету саңылауы арқылы желдетілуі тиіс.
79. Синтетикалық материалдардан жасалған едендердің статикалық электрленуін төмендетуге үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 50-55%-ға дейін арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
80. Цемент, таскесте және асфальт едендердегі бұзылған едендерді бітеу бұрын еденге төселген сол материалдардан және сондай қалыңдықта алынған қабаттармен жүргізілуі тиіс.
81. Ғимараттардың (имараттардың) баспалдақтарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері тиіс:
1) баспалдақта орналасқан ысырмалар, электрқалқандар және өзге ажыратқыш құрылғылар кілті ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушыларында сақталатын жабық шкафтарда болуы тиіс;
2) баспалдақтардың жарамсыз жай-күйін (металл көлбеу арқалықтардың тоттануы, алаңшалар мен белдеулердің қабырғаларға тығыз емес жанасуы, баспалдақ алаңшалары мен басқыштарындағы жарықшақтар, шұңқырлар, қабаттың ажыраулары, басқыштардағы қажалудан болған шұқырлар, қоршаулардың, тұтқалардың және сақтандырғыш торлардың бекітпелерінің әлсіреуі, қанаттардың зақымдануы, ағаштардың шіруі, адырнаның көлбеу арқалық астындағы арқалықтарға бекітілуінің жетімсіз беріктігі және басқалар) олардың пайда болған кезінде онан әрі бұзылуына жол бермей, жою керек.
82. Ғимараттардың (имараттардың) балкондарды, күнқағарларды, лоджияларды және эркерлерді қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары немесе үй-жайлардың меншік иелері қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері керек:
1) балкондардың, лоджиялардың және эркерлердің апатты жағдайларында оларға кіретін есіктерді жабу, күзеттік жұмыстарды жүргізу және оларды қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет;
2) бетондалған (сыланған) болат арқалықтарда бетонның (ерітіндінің) металмен ұстасу беріктігін тексеру қажет.
Қабаттары ажыраған бетонды немесе ерітіндіні жою керек. Қорғаныш қабатын қалпына келтіру қажет.
83. Ғимараттардың (имараттардың) балкондарына, күнқағарларына, лоджияларына және эркерлеріне жүк түсірудің нормативтік мәндерден жоғары болуына жол берілмейді.
84. Ірі панельді және ірі блокты ғимараттардың (имараттардың) қабырғаларында ойықтарды кеңейту және ою белгіленген тәртіпте рұқсаттық рәсімдер өткізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
85. Қауіпсіз әйнек салу ғимараттардың (имараттардың) келесі элементтері мен бөліктерінде міндетті:
1) егерде шынының төменгі жиегінің еден деңгейінен биіктігі 700 мм-ден кем еместі құраса, адамдардың көпшілік жиналатын (болатын) орындарында орналасқан терезелер, шынылы есіктер мен арақабырғалар;
2) сауналарға, сусебезгілік кабиналар мен ванна үй-жайларына арналған тұтас әйнек есіктер;
3) әйнек төбелер, шатырлар.
86. Ғимараттардың (имараттардың) терезелерін, есіктерін және жарық күнтартарларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары немесе үй жайлардың меншік иелері қауіпсіздіктің келесі талаптарын орындауды қамтамасыз етулері тиіс:
1) терезелерді, есіктерді және жарық күнтартарларды жарамды жай-күйде ұстау;
2) жарық мөлдірлі толтырмалардың мерзімдік тазалауын жүргізу;
3) терезе қораптарының түсуіне және шынылардың әлсіз бекітілуіне жол бермеу;
4) жарамсыздықтардың онан әрі дамуына жол бермей, табылған кезінде жою.
87. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтар болған жағдайда оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етулері керек.
88. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтар қоршауының жарамды жай-күйін қамтамасыз етулері тиіс.
89. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақта уақытылы жасыл екпелерді (ағаштардың бұтақтарын кесу, бұталарды маусымдық кесуді жүргізу, түбір өркендерді кесу, қураған ағаштардан тазарту), көгалдарды (көгалдық шөптерді себу, көгалдарды жақсарту, қиып, суғарып отыру), гүлзарларды (гүл отырғызу, арам шөптерін отау, суғару) күтуі керек.
90. Іргелес аумақтарды пайдалану кезінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қолданыстағы заңнаманың санитарлық- эпидемиологиялық нормалары мен ережелер талаптарын, қоқысты жинау және тасып шығару, сондай-ақ іргелес аумақтарды жинауды жүргізу бөлімінде орындауы тиіс.
91. Тұрақты түрде адамдардың болатыны ұйғарылған ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қалдықтарды жинап, тасып әкетуді қамтамасыз етулері керек.
Іргелес аумақтарда қатты қалдықтарға арналған жинағыштарды орнату қажет болған жағдайда оларды жабдықталған қатты жабынды алаңшада орналастыру керек.
Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қоқыс жинағыштарға еркін жетуді және жарықтандыруды қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоқыс жинағыштардың толып кетуіне және аумақтың ластануына жол бермей, қоқыстың дер кезінде тасып әкетілуін бақылауы тиіс.
Қоқыс жинағыштарды тұрғын ғимараттардың терезелері мен есіктерінен 20 м-ден кем емес ара қашықтықта орналастыру қажет.
92. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары:
1) белгіленген тәртіпте ірі габаритты қалдықтарды жинауды және тасып әкетуді ұйымдастыруды;
2) қатты қалдықтарды арнайы полигондарға (рұқсат етілген қоқыс тастау орындары), ал шаруашылықтық-нанқақтық ағындарды - станцияларға немесе өзге осы мақсаттар үшін орнатылған орындарға төгуге тасып әкетуді;
3) онан әрі технологиялық қайта өңдеуге жатпайтын өнеркәсіптік улы емес қалдықтарды өнеркәсіптік қалдықтарға арналған полигондарға тасып әкетуді қамтамасыз етулері қажет.
93. Сұйық қалдықтарды іргелес аумақтарға, нөсерлік кәрізге, жер бедеріне, кюветтерге және су объектілеріне құюға жол берілмейді.
Іргелес аумақтарда және қоқысжинағыштарда қалдықтардың барлық түрлерін жағуға жол берілмейді.
94. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтарды жинауды және санитарлық жай-күйін күн сайын бақылауды қамтамасыз етулері тиіс.
Ғимараттарға (имараттарға) кіреберісте, сондай-ақ адамдардың іргелес аумақтар бойынша қозғалыстарының негізгі бағыттары бойымен қоқыссауыттар орнатылуы тиіс.
95. Материалдар мен жабдықтарды іргелес аумақтарда уақытша қоймалау қажет болған жағдайда ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары бұл мақсаттар үшін арнаулы алаңшаларды бөлуді қамтамасыз етулері тиіс.
Көгалдарда, жол жүру бөліктерінде және өткелдерде қоймалауға жол берілмейді.
96. Іргелес аумақтарда қоғамдық дәретханалар орналасқан жағдайда, оларды электр жарығымен және сорғылық желдеткішпен қамтамасыз ету қажет.
97. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары қысқы кезеңде жүру жолдары мен өткелдерден қар жинауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ оларда мұз жабындарының түсуін болдырмау шараларын қабылдауы тиіс.
Іргелес аумақтарда қар мен мұз сынықтарын үйіп жинау кезінде қолда бар флораны сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Қысқы мерзімнің аяқталуына байланысты мыналарды ұйымдастыру қажет:
1) іргелес аумақтардан суды ағызу;
2) еріген суды ағын орнына жүйелі түрде айдау;
3) іргелес аумақтарды қар еріп болған соң жалпы тазалау.
98. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтардың құрғатқыш жүйелерін жарамды жай-күйде ұстап тұруы тиіс.
99. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары адамдар мен көлік құралдарының іргелес аумақтар бойынша қозғалысының қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуі қажет.
Іргелес аумақтардағы жүру жолы бөліктерінің жабынында шөгу, өзге зақымдардан ойдымдар болмауы тиіс.
Көлік құралдарын іргелес аумақтарға қою іргелес аумақтарға көліктің кіруіне (адамдардың кіруіне), ғимараттарға (имараттарға) көліктің кіру жолына (өту жолдарына), сондай-ақ арнаулы көлік пен жөндеу-техникалық қызмет көрсету көлігінің жүруіне кедергі тудырмауы тиіс.
100. Іргелес аумақтарда арнайы жабдықталған орындардан тысқары жерлерде көлік құралдарын жууға, бензин мен майларды төгуге, сондай-ақ сигналдарды, тежегіштерді және қозғалтқыштарды реттеуге жол берілмейді.
101. Ғимараттарға (имараттарға) өрт сөндіру жолдарын күтіп ұстау талаптары қолданыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
102. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтарда орналасқан қарау құдықтарының қақпақтарына және инженерлік тораптарды басқару түйіндеріне, сондай-ақ өрт сөндіретін сумен жабдықтау көздеріне (өрт сөндіру гидранттары, су қоймалары) еркін кіруді қамтамасыз етуі тиіс.
103. Іргелес аумақтың шекаралары немесе ғимараттардың (имараттардың) габариттері көлік дәлізінен 50 м-ге дейінгі ара қашықтықта орналасқан ғимараттар (имараттар) қолданыстағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес жабдықталуы және жарақтандырылуы тиіс.
104. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары сыртқы жарықпен жарақтандырылған іргелес аумақтарды пайдалану кезінде, кешкі және түнгі уақытта:
1) табиғи жарықтану 20 люкске дейін төмендегенде, сыртқы жарықтандыру қондырғысын қосуды жүзеге асыруды;
2) кешкі және түнгі режимдерде жұмыс істейтін қолданыстағы шырақтар үлесі 95%-дан кем еместі құрауын бақылау қажет. Бұл ретте жұмыс істемейтін шырақтарды бірінен кейін бірін қатарластырып орналастыруға жол берілмейді;
3) сыртқы жарықтандыру қондырғылары жұмысының тоқтап қалуы, сондай-ақ электр сымдарының үзілуі немесе тіректердің зақымдалуы анықталған жағдайда оларды тез арада жою қажет.
105. Іргелес аумақтарда рұқсат етілмеген өтуден қорғау құралдарын орнату және оларды қолдану адамдар мен жануарларға қауіп тудырмауы тиіс.
106. Ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары іргелес аумақтарда адамдарға және көлік құралдарына қауіп тудыратын кез келген жұмыс түрлерін жүргізген жағдайда олардың қауіпті аймаққа кездейсоқ кіруін болдырмауды ұйымдастыруы қажет.
107. Ғимараттар мен имараттарды орналастыру кезінде күзет, санитарлық-қорғаныс және басқа қорғаныс аймақтары экологиялық заңнамаға сәйкес белгіленеді.
108. Ғимараттардың (имараттардың) шектерінде салу және пайдалану кезінде экологиялық заңнама талаптарына сәйкес санитарлық тазалау, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу, табиғатты пайдаланудың шектеу режимі арқылы орман-саябақтық, жасыл және қорғау аймақтарын құру жүзеге асырылуы тиіс.
109. Ғимараттардың (имараттардың) мақсаттық қызметінің экологиялық салдарларын есептеу үшін олардың орналасқан орнын белгілеу экологиялық заңнама талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау шарттары мен ережелерін сақтап жүргізіледі.
110. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын және кейіннен пайдаға асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде жерлерді қайта өңдеу, табиғат ресурстарын қайта жандандыру, ұтымды пайдалану және аумақтарды абаттандыру бойынша экологиялық заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдануы тиіс.
111. Ғимараттарды (имараттарды) кейіннен пайдаға асыру жұмыстары кешенін жүзеге асыруды орындаушылар оны пайдалану тоқтатылғаннан кейін қайта өңдейтін элементтерді бір мезгілде қайта қалпына келтіру және қайталап пайдалану, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жұмысты оларды орындаудың қауіпсіздігін экологиялық заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз ететіндей ұйымдастыруы тиіс.
112. Ғимараттардың (имараттардың) меншік иелері, ғимараттардың (имараттардың) жауапты пайдаланушылары және пайдаланушылар өздеріне бекітілген ғимараттардың (имараттардың) немесе олардың бөліктерінің шегінде меншіктеу, басқару немесе жалдау құқықтарымен осы Техникалық регламенттің талаптары бойынша жауапты болады.
5. Сәйкестікті растау тәртібі
113. Осы Техникалық регламенттің сәйкестікті растау нысандары нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар), сондай-ақ жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру процестері болып табылады.
114. Нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттардың (имараттардың) сәйкестігін, сондай-ақ жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру (одан әрі - ғимараттардың (имараттардың) сәйкестігін растау) процестерін растау ғимараттардың (имараттардың) өміршеңдік циклы кезеңдеріне байланысты міндетті немесе ерікті сипатта болады.
Ғимараттардың (имараттардың) сәйкестігін техникалық реттеу туралы заңнамаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес растау:
1) ғимараттарды (имараттарды) дайындаушылар (орындаушылар);
2) ғимараттардың (имараттардың) меншік иелері (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) немесе ғимараттарды (имараттарды) сатушы болып табылатын өтініш беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация нысанында жүргізіледі.
115. Сәйкестікті растауды жүргізу мақсатында адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға тудыратын ықтимал қауіп дәрежесіне байланысты ғимараттар (имараттар) жауапкершіліктің үш санаты бойынша жіктеледі:
І санат - жауапкершіліктің жоғарылатылған деңгейі;
II санат - жауапкершіліктің қалыпты деңгейі;
III санат - жауапкершіліктің төмендетілген деңгейі.
Ғимараттарды (имараттарды) техникалық күрделі объект ретінде жауапкершіліктің белгілі бір санатына жатқызудың жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіледі .
116. Сәйкестіктің міндетті расталуына пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар) жатады.
117. Ғимараттардың (имараттардың) сәйкестігін міндетті растау осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестендіріліп келесі сұлбалар бойынша жүргізіледі:
1) III санатты ғимараттар (имараттар) үшін - дайындаушылардың (орындаушылардың) техникалық реттеу туралы заңнамаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы (бұдан әрі - сәйкестік дәлелдемесі) заңнамаға сәйкес ұсынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларациялар қабылдау;
2) II-III санатты ғимараттар (имараттар) үшін - сәйкестік дәлелдемелері және аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қатысуымен алынған нәтижелер негізінде декларациялар қабылдау;
3) I-II санатты ғимараттар (имараттар) үшін - сәйкестік дәлелдемелері және аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қатысуымен алынған нәтижелер және сапа менеджменті жүйесінің бағалары негізінде декларациялар қабылдау.
118. Ғимараттардың (имараттардың) өміршеңдік циклының кезеңдеріне байланысты материалдардың тізіліміне сәйкестікті растау мақсатында дәлелдемелер ретінде мына құжаттар енгізілуі тиіс:
1) жоба (сызбалар, кестелер, есептер, түсіндірмелер және басқалар);
2) техникалық паспорт;
3) тіркеу және рұқсат құжаттамасы;
4) сараптамалық қорытынды;
5) атқарушы техникалық құжаттама (сынақтар мен өлшемдердің нәтижелері, жұмыстардың журналы, материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды қолдануға арналған сертификаттар, жасырын жұмыстарды куәландыру актілері, жауапты құрылымдарды қабылдаудың аралық актілері);
6) сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.
119. Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылмайтын ғимараттардың (имараттардың) және олардың өміршеңдік циклдарына сәйкестікті ерікті түрде растау өтініш берушілердің бастамасы және талаптары бойынша жүргізілуі мүмкін.
Ғимараттардың (имараттардың) және олардың өміршеңдік циклдарына сәйкестікті ерікті түрде растау сәйкестікке міндетті растауды алмастырмайды және техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
120. Ғимараттарды (имараттарды) тұрғызуды жүзеге асыратын атқарушылар міндетті түрде сертификаттауға жататын немесе сәйкестендірілуін сәйкестік декларациясымен растауға жол берілетін өнімдер мен қызметтердің тізіліміне Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарына сәйкестік туралы сертификаттың немесе декларацияның болуын тексереді.
6. Сәйкестік презумпциясы
121. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің өзге құжаттары сәйкестік презумпциясы сақталған жағдайда осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылады.
122. Ғимараттарды (имараттарды) жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру кездерінде осы Техникалық регламентпен бейімдестірілген стандарттарды қолдану жағдайында сәйкестік презумпциясы сөзсіз шарт болып табылады.
7. Үйлестірілген нормативтік құжаттардың тізілімі
123. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік нормалау объектілері ретіндегі ғимараттардың (имараттардың) қауіпсіздігі олардың өміршеңдік циклінің барлық кезеңдерінде нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің міндетті қолданысымен реттеледі.
124. Үйлестірілген нормативтік құжаттар тізіліміне халықаралық стандарттармен үйлестіру ұстанымында техникалық реттеу мақсаттарына сәйкес келетін нормативтік құжаттар енеді.
Үйлестірілген нормативтік құжаттар ғимараттарды (имараттарды) жобалау, салу, пайдалану, кейіннен пайдаға асыру процестерін салааралық реттеу негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналады және осы Техникалық регламенттің қосымшасына сәйкес құрылымдық бөлімдер мен кешендердің құрамында қолданылатын өзара байланысты құжаттар болып саналады.
125. Осы Техникалық регламенттің үйлестірілген нормативтік құжаттары туралы ақпаратты (бекіту, өзгерту және күшін жою) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайынғы арнайы тізілім түрінде ресми басылым арқылы жариялайды.
8. Өтпелі кезең
126. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген күннен бастап нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттардың (имараттардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету онда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
127. Осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасы заң актілерінің ережелері негізінде барлық ғимараттарға (имараттарға) немесе олардың бөліктеріне меншік құқығын ретке келтіріп, белгілеу керек.
128. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың олардың құзыреті шегінде қалыптасқан өзге құжаттары техникалық реттеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен үндестірілуге жатады.
Техникалық регламентке
қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы үйлестірілген нормативтік құжаттар құрылымы
Актілер кешені | Стандарттау мен нормалаудың негізгі бағыттары |
---|---|
1 |
2 |
1. Ұйымдастырушылық- |
|
1.01. Стандарттау, |
Құрылыстағы стандарттау, нормалау және |
1.02. Құрылыс жүргізу |
Құрылыс, жобаалдылық және жобалау |
1.03. Өндіріс |
Құрылыс жүргізу кезінде құрылысты, |
1.04. Пайдалану |
Ғимараттың және имараттың құрылыстық |
1.05. Қала құрылыстық |
Қала құрылыстық кадастрды құру мен |
1.06. Сәулет және қала |
Сәулет және қала құрылыстық органдардың |
2. Жалпы нормативтік- |
|
2.01. Құрылыстық |
Құрылыстық имараттардың, инженерлік |
2.02. Өрт қауіпсіздігі |
Қала құрылыстық, көлемдік-жоспарлық |
2.03. Қауіпті |
Инженерлік қорғаныстық және |
2.04. Ішкі климат және |
Үй-жайдың жылулық, әуелік-ылғалдық, |
2.05. Мөлшерлі |
Құрылыстағы мөлшерлі өзараалмасымдылық |
3. Қала құрылысы, |
|
3.01. Қала құрылысы |
Жаңа жерге орналастырудың, өндіргіштік |
3.02. Тұрғын, қоғамдық |
Тұрғын, қоғамдық, өндірістік және |
3.03. Көліктердің |
Автомобиль және темір жолдар, |
3.04. Гидротехникалық |
Бөгендерге, каналдарға, бөгеттерге, |
3.05. Магистральдық |
Газға, мұнайға және мұнай өнімдеріне |
3.06. Мүгедектер мен |
Мүгедектер мен халықтың өзге |
4. Ғимараттар мен |
|
4.01. Сумен қамтамасыз |
Жүйелердің және тұтынушылардың |
4.02. Жылумен |
Сыртқы тораптарға және имараттарға, |
4.03. Газбен қамтамасыз |
Газ құбырларына, жабдықтарына және |
4.4. Электрмен |
Желілерді және тұтынушыларды жіктеу. |
4.5. Қоқыс шығару |
Қоқыс шығару, тұрмыстық қатты |
5. Құрылыстық |
|
5.01. Ғимараттар мен |
Топырақтардың жіктеулері мен есептік |
5.02. Тасты және |
Ғимараттар мен имараттардың тасты және |
5.03. Темірбетонды және |
Тұтасқұймалы, құрастырылмалы және |
5.04. Металл |
Көтеруші және оның үстіне тиімді |
5.05. Ағаш |
Ғимараттар мен имараттардың ағаш |
5.06. Өзге |
Асбестцементті және өзге материалдардан |
5.07. Оларға арналған |
Бұйымдарға арналған жалпы талаптар. |
6. Құрылыс материалдары |
|
6.01. Қабырғалық қалау |
Әр түрлі материалдардан жасалған |
6.02. Минералдық |
Цементке және өзге тұтқырларға арналған |
6.03. Бетондар және |
Әр түрлі бетондарға, бетондық |
6.04. Құрылыс |
Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға, |
6.05. Жылуоқшаулаушы, |
Минералданған бұйымдарға, кеуек бетонды |
6.06. Шатырлық, |
Орамды шатырлық материалдарға, шатырлық |
6.07. Әрлеу және қаптау |
Полимерлі, қышты, ағаш және өзге әрлеу |
6.08. Асбестцементті |
Асбестцементті жазық және толқынды |
6.09. Жол материалдары |
Асфальтбетонды, асфальтбетонды қоспалы |
6.10. Құрылыс шынысы |
Табақ шыныға және құрылысқа арналған |
7. Құрылыс ұйымдарын |
|
7.01. Жедел |
Жіктеулер және жалпы техникалық |
7.02. Құрылыс ұйымының |
Бетондау жұмыстарына, жинақтау |
7.03. Құрылыс индуст- |
Жарақтарға, жарақтарға және пішіндерге |
8. Баға түзеу бойынша нормативтік құжаттар |
|
8.01. Құрылыс |
Инвестициялық жобалардың тиімділігі, |
8.02. Баға белгілеу |
Жобалау-ізденістер жұмыстарының және |
8.03. Материалдық және |
Құрылысқа арналған материалдық және |
8.04. Еңбек ресурстары |
Құрылыс өнімі элементтерінің еңбек |