"Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2021 № 552 қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
N 90 қаулысымен
бекітілген

"Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)", "жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)", "жеткізуші (дайындаушы, сатушы)" деген сөздер тиісінше "дайындаушыда (орындаушыда)", "дайындаушының (орындаушының)", "дайындаушы (орындаушы)" деген сөздермен ауыстырылды;
      "түзеу іс-шараларын", "түзеу іс-шаралары" деген сөздер тиісінше "түзеу әрекеттерін", "түзеу әрекеттері" деген сөздермен ауыстырылды;
      "дайындаушы, сатушы" деген сөз "дайындаушы (орындаушы)" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі – регламент) дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан және медициналық техникадан басқа өнімнің, немесе қызметтердің (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) регламенттермен, стандарттармен немесе шарттар талаптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.

      Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

      3. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      4. Сәйкестікті ерікті растаған кезде өнімнің немесе қызметтердің стандарттардың немесе өтінім берушінің таңдауына қарай басқа да нормативтік құжаттардың, сондай-ақ өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігі расталады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді.

      7. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

      Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Осы Регламентте белгіленген сәйкестікті растау рәсімдеріне қойылатын жалпы талаптар Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның және Халықаралық электротехникалық комиссияның құжаттарына сәйкес келеді.

2-тарау. Өнімді сертификаттау
1. Негізгі ережелер

      9. Өнімді сертификаттау ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі.

      10. Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға:

      1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;

      2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.

      Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Өнімді сертификаттаған кезде қолданылатын схемалар осы Регламентке 1-қосымшада белгіленген.

      Сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігінің белгіленген талаптарға қажетті дәлелін қамтамасыз ететін схеманы пайдаланған жөн.

      Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13, 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

2. Сертификатталатын өнімге арналған нормативтік құжаттарға
қойылатын талаптар

      12. Сәйкестігіне сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттарда өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) мен сынақ әдістері, өнімінің осы талаптарға сәйкестігін және оның осы Регламенттің 3 және 4-тармақтарына сәйкес сәйкестендірілуін толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу ережесі белгіленуге тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      13. Нормативтік құжаттардың ережелері оны дәл және біркелкі талқылауды қамтамасыз ете отырып айқын жасалуға тиіс. Сипаттамалардың өлшемділік мөлшері мен сандық мәні сынақтар кезінде берілген немесе белгілі дәлдігін туынды анықтау үшін мүмкіндік болатындай берілуге тиіс.

      Ережелердің мазмұны мен мағынасы түрлі зертханаларға салыстырмалы нәтижелер алуға мүмкіндік беруге тиіс. Егер бұл бірізділік сынақтардың нәтижелеріне ықпал ететін болса, сынақтарды жүргізудің бірізділігі көрсетілуге тиіс.

      14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

3. Сертификаттауды жүргізу

      15. Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

      1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

      2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

      3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

      4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;

      5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

      6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

      7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

      8) Сертификат беру;

      9) сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

      10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      16. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

      17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      18. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі бір күннен аспауға тиіс.

      Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) (бұдан әрі - зертхана) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      19. Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

      20. Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.

      Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

      Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      21. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      22. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      23. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі.

      Нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      24. Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.

      Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттамада көзделген және Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      25. Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, бұған өтінім берушінің келісімі бойынша сынақтарды жүргізуді жалғастыру жағдайлары жатпайды.

      Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

      26. Сынақтардың хаттамалары өтінім берушіге және Органға жіберіледі. Сынақтар хаттамаларының көшірмелері сертификаттың жарамдылық мерзімінен кем болмайтын уақытқа сақталуы тиіс. Хаттамалардың көшірмелерін сақтаудың нақты мерзімдері (оның ішінде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігінен өтінім берушіге сертификат берілу мүмкін емес жағдай үшін) зертхана белгілейді.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Өтінім беруші Органға өтінім бойынша шешімде көрсетілген құжаттарды, оның ішінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.

      28. Өтінім беруші Органға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды бере алады.

      Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін Орган Сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе тиісті құжаттарда көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя алады және Органға анықталған бұзушылықтар бөлігінде қайта қарауға бере алады.

      29. Егер нормативтік құжаттарда қаражаттың, уақыттың үлкен шығынына байланысты және сертификаттау сынақтарын жүргізу қиын, ал үлгілерді іріктеу қымбат тұратын тасымалдауы ауыр бұйымдар үшін сынақтар белгіленсе, Органның өкілдері мен аккредиттеу саласында анықталған сынақтарды жүргізу әдістемелеріне сәйкес Орган аккредиттелген сынақ зертханалары қатысатын өндіріс процесінде жүргізілетін сынақтармен бірге сертификаттық сынақтарды біріктіру туралы шешім қабылдай алады.

      Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      30. Сертификаттау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі.

      Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:

      1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі;

      2) технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

      3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;

      4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

      5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

      6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

      7) сақтау жағдайларының бар болуы;

      8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы.

      Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан немесе сертификаттаудың өзге схемасын таңдағаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      31. Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылған сертификатталатын өнімнің сапа менеджменті жүйесіне арналған Сертификаты бар болған кезде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      32. Регламентке 1-қосымшада көрсетілген 9 және 10-схемалар бойынша өнімді сертификаттау өнімнің белгіленген талаптарға тікелей немесе жанама сәйкестігін растайтын өтінімдер мен құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) өнімге бұдан бұрын жүргізілген сынақтардың хаттамалары;

      2) өнімге немесе пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар;

      3) қорытындылар, анықтамалар және өнімнің уәкілетті мемлекеттік органдар берген белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы өзге де құжаттар;

      4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13, 2009.07.21 N 1109 Қаулыларымен.

      33. Өтінімге құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қоса беріледі.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      34. Егер өтінім беруші өтініммен берген ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, Орган өтінім берушіге өнімді басқа схема бойынша сертификаттауды ұсынады.

      35. Өндірістің жай-күйіне немесе менеджмент жүйесін сертификаттауға жүргізілген талдау туралы мәліметтерді (құжаттарды) Өнімге арналған сертификатта көрсетеді.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      36. Орган сынақтар хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдаудан кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

      Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде Орган Сертификат беру туралы шешім қабылдайды. Сертификатты ресімдейді және оны берілген Сертификаттардың тізіліміне тіркейді. Сертификат тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды.

      Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      1) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;

      2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер;

      3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер;

      4) Сертификатты беру үшін негіз болатын сертификаттау схемасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер;

      5) қолданылатын сертификаттау схемасы.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      37. Сертификаттың оның әрекеті қолданылатын нақты өнімнің тізбесі бар қосымшасы болуы мүмкін, егер:

      бір дайындаушы жасап шығаратын және сол бір талап бойынша сертификатталған біртекті өнім тобының;

      Сертификатта көрсетілген бұйымды (кешенді, жиынтықты) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағы бұйымының (кешеннің, жиынтықтың) құрамын талдау талап етілсе.

      Өнімнің сәйкестігін бағалаудың теріс нәтижелері кезінде Орган себептерін көрсете отырып, Сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.

      38. Сертификаттың қолданылу мерзімін сертификаттаудың таңдап алынған схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нормативтік құжаттардың нақты өнімге арналған талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл сертификаттау схемасында көзделген болса), бірақ үш жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, Орган белгілейді.

      Дайындаушы өткізетін өнім үшін сериялық шығарылатын (сериялық шығарылым) өнімге арналған Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде Сертификат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      39. Сертификаттың қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде Сертификатты берген Орган ұзартуы мүмкін. Сертификаттың қолданылу мерзімі бұл ретте Сертификат берілген күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен орындалады:

      1) Сертификаттың "_____ дейін қолданылады" деген бағанының сол жағынан бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталатын "Қолданылу мерзімі_____ дейін ұзартылды" деген жазба енгізіледі;

      2) ұзартылатын Сертификаттың тіркеу нөмірін сақтап және Сертификат ұзартылатын өнімнің атауы мен санын көрсете отырып, жаңа Сертификат ресімделеді.

      40. Егер сериялық өндірістің өніміне берілген Сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал ол қолданылатын кезеңде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда Сертификаттың қолданылуы барлық жарамдылық немесе оны сақтау талаптары сақталғанда өнімді сақтау мерзіміне, алайда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      41. Өнімнің құрастырмасына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін өзгерістер енгізілген кезде Сертификат ұстаушы осы өнімнің өндірісіне толық немесе ішінара сынақтар немесе жай-күйіне бағалау жүргізгенге дейін Сертификаттың күшін жою немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайтын Сертификатты берген Органға дереу хабарлайды.

      Сертификатты ұстаушының Орган қабылданған шешім туралы хабарлағанға дейін оған енгізілген өзгерістері бар өнімді өткізуге құқығы жоқ.

      42. Егер сертификаттау кезінде куәландырылатын осы өнімге нормативтік құжатта белгіленген өнімнің көрсеткіштері одан да қатаң өзгерсе, онда Сертификаттың қолданылуы нормативтік құжатқа өзгеріс енгізілген күнінен бастап тоқтатылады.

      43. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық құжаттамада (техникалық паспорт және басқалары), сондай-ақ тауардың ілеспе құжаттамасында жүргізілген сертификаттау туралы жазба жасауға рұқсат етіледі және Сертификаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      44. Сәйкестік сертификатының көшірмесі белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады, бірінші басшының немесе оған өкілетті адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

      Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.

      Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      45. Сәйкестік сертификатының телнұсқасын беруді өтінім беруші Сертификаттың түпнұсқасын жоғалтқанда (бүлдіргенде) осы сертификатты берген Орган жүргізеді. Бұл жағдайда өтінім беруші жоғалту (бүлдіру) жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінім жібереді.

      Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа мен телнұсқасының берілген күнін көрсете отырып, түпнұсқа тіркелген нөмірмен тіркеледі, бұл ретте бланкінің оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген мөртабан қойылады.

      Сертификаттың телнұсқасы ұзартылмайды.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      46. Сертификат берілген өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестік белгісімен таңбалануы мүмкін.

      Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Органда тіркелген Сертификаттың негізінде дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады.

      47. Инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

      Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделмесе) өткізілетін өнімнің сертификаттау кезінде расталған, белгіленген талаптарға сәйкестігі жалғасатын өнімді сынау үлгілері мен растау қажетті басқа тексерістер кіретін мерзімді және жоспардан тыс тексерістер нысанында Сертификаттың бүкіл жарамдылық мерзімінде, бір жылда бір реттен кем болмайтын мерзім ішінде жүргізіледі.

      Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін Сертификат берген Орган белгілейді. Жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

      48. Өнімнің ықтимал қауіптілік дәрежесі, өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, менеджмент жүйесінің бар болуы, инспекциялық бақылауды жүргізудің құны және т.с.с. кезеңділікті белгілеу және инспекциялық бақылау көлемін анықтау үшін өлшемдер болып табылады.

      Инспекциялық бақылаудың көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      49. Инспекциялық бақылау, әдетте мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау;

      2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;

      3) өнімнің сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;

      4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.

      Нақты өнім сапасының менеджмент жүйесі мен оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелеріне Сертификат бар болғанда тұрақты сапа өнімін шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.

      Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      50. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.

      Акті Органда кемінде үш жыл сақталады, ал оның көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

      51. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын:

      1) инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижелері;

      2) өнімге арналған нормативтік құжат немесе сынақ әдісі Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;

      3) өнімнің құрастырмасы (құрамы), жиынтығы, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясы Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;

      4) өнімді өндіру технологиясының талаптары өзгерген (орындалмаған);

      5) бақылау және сынақ әдістері, менеджмент жүйесі Органның келісімінсіз өзгерген жағдайларда тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

      52. Егер Сертификат берген Органмен келісілген түзеу әрекеттері жолымен өтінім беруші сәйкессіздіктің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде сынақ зертханасында растай алатын жағдайда оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

      Сертификаттың қолданылуы Орган мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      53. Сертификаттың қолданылуы:

      1) егер анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;

      2) егер өтінім беруші Органға қатысты өзінің қаржылық міндеттерін орындамаса;

      3) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылуы уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шараларды қабылдамаса;

      4) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуды қаламаса;

      5) егер өнімді өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса жойылуы мүмкін.

      54. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.

      Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.

      55. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу әрекеттерін Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі.

3-тарау. Қызметтерді сертификаттау
1. Негізгі ережелер

      56. Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      57. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:

      1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;

      2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      58. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.

      59. Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.

      Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтірілген.

      60. Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.

2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      61. Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:

      1) Органға сертификаттауға өтінім беру;

      2) өтінім бойынша шешім қабылдау;

      3) сертификаттау схемасын таңдау;

      4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

      5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

      6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

      7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

      8) Сертификат беру;

      9) сертификатталған қызметіне инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).

      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      62. Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.

      Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.

      63. Орган оны алғаннан кейін он күннен кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      64. Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      65. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:

      1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

      2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

      Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

      66. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

      67. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

      68. Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

      69. Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

      70. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

      71. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

      72. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

      73. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:

      1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;

      2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

      3) тексерістер жүргізу;

      4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

      74. Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

      75. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

      76. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.

      Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.

      77. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:

      1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;

      2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;

      3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;

      4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

      78. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу әрекеттерінің жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.

      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

      79. Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу әрекеттері жүзеге асырылады.

      80. Түзеу әрекеттерін жүргізген кезде Орган:

      1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

      2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

      3) түзеу әрекеттерін орындау мерзімін белгілейді;

      4) түзеу әрекеттерін орындауды тексереді;

      5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

      Ескерту. 80-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      81. Түзеу әрекеттері орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.

      Қызметтерді орындаушы түзеу әрекеттерін орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.

4-тарау. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау

      82. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушының (орындаушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.

      83. Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде дайындаушы (орындаушы) төлейді.

      84. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Дайындаушы (орындаушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.

      85. дайындаушы (орындаушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:

      1) дайындаушы (орындаушы) және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары;

      2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары;

      3) өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;

      4) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік процесс, жинау, дайын өнім, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, сапа менеджменті жүйесінің сертификаттары.

      Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      86. Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.

      87. Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып дайындаушы (орындаушы) белгілеген мерзімге қабылданады.

      Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін дайындаушы (орындаушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.

      88. Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.

      89. дайындаушы (орындаушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.

      90. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар қоса беріледі:

      1) тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) өнімнің осы Регламенттің 85-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);

      4) дайындаушының (орындаушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.

      Қажетті құжаттары бар декларацияны дайындаушы (орындаушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      91. Орган 3 күннен аспайтын мерзімде қарайды және:

      1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталуы мүмкін өнім тізбесінде бар болуын;

      2) дайындаушының (орындаушының) осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;

      3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;

      4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;

      5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      92. Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді.

      Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады.

      Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.

      Тіркелген декларациялардың тізілімін Орган берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.

      94. Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген Органның атауы мен мекен-жайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

      95. Тіркелген декларация дайындаушыда (орындаушыда) соның негізінде ресімделген құжаттармен бірге, оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл сақталады.

      Осы мерзім ішінде Органда тіркелген декларацияның көшірмесі мен тіркеуге арналған ілеспе құжаттар сақталады.

      96. Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.

      Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.

      97. Декларацияда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде дайындаушы (орындаушы) жаңа декларацияны ресімдейді және оны сол Органға осы Регламентте белгіленген тәртіппен тіркеуге береді.

  Техникалық регламентке
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2009.01.16 N 13, 2009.07.21 N 1109, 21.01.2013 № 15 (алғашқы ресми
      жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
      енгізіледі) Қаулыларымен.

Өнімді сертификаттау схемасы

Схе-

ма-

ның

нө-

мірі

Сәйкестік-

ті растау

тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық

бақылау

Сертификаттың

қолда-

нылу

мерзі-

мі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Типті сынау



6 ай

Таңбалау жүргізіл-

мейді

2

Типті сынау

Өндірістің

жай-күйін

талдау

Сатушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Өндірістің

жай-күйін

талдау.

12 ай

Осы

типтің

барлық

шығарыла-

тын өнімі

таңбала-

нады

3

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Өндірістің

жай-күйін

талдау.

12 ай

Осы

типтің

барлық

шығарыла-

тын өнімі

таңбала-

нады

4

Типті сынау

Өндірістің

жай-күйін

талдау

Сатушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Дайындаушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Өндірістің

жай-күйін

талдау.

18 ай

Осы

типтің

барлық

шығарыла-

тын өнімі

таңбала-

нады

5

Типті сынау

Сапа

менеджменті

жүйесін

сертификат-

тау

Сатушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Дайындаушыдан

алынған

үлгілерді

сынау.

Өндірісті

бақылау (сапа

менеджменті

жүйелері)

36 ай

Осы

типтің

барлық

шығарыла-

тын өнімі

таңбала-

нады

6

Типті сынау

Сапа менед-

жменті жүйе-

сін сертифи-

каттау

Сапа

менеджменті

жүйесін бақылау

36 ай

Таңбалау жүргізіл-

мейді

7

Партияны

сынау



Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-

мейді

8

Әрбір

бұйымды

сынау



Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Әрбір

өнім

таңбала-

нады

9

Қоса

берілетін

құжаттармен

бірге

өтінімді

қарау



Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-

мейді

10

Қоса

берілетін

құжаттармен

бірге

өтінімді

қарау

Өндірістің

жай-күйін

талдау


12 ай

Таңбалау жүргізіл-

мейді


      Ескертпе:

      - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды

      - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

Сертификаттау схемаларын қолдану

      1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.

      2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.

      3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.

      4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.

      5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.

      6. 5 және 6-схемаларды:

      сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;

      технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;

      шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;

      өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;

      өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;

      өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

      6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.

      6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.

      7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.

      8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыcымен.

      9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

      Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.

      10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін сертификаттау кезінде пайдалануға жол берілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Техникалық регламентке
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
      енгізіледі) Қаулысымен.

      200_жылғы "___"__________ ________________________

      (сәйкестікті растау

      ________________________

      жөніндегі органның

      ________________________

      атауы, мекен-жайы)

Сертификаттау жүргізуге арналған өтінім

      Бұдан әрі "Өтінім беруші" деп аталатын _____________________________

      (мекен-жайы мен банктік

      ____________________________________________________________________

      деректемелері көрсетілген өтінім берушінің атауы)

      атынан______________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі)

      N___________________________________________________схемасы бойынша

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берілген өнімнің, қызметтердің толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі мен күні)

      _________________________________________________________белгіленген

      (қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету)

      ________________________________________________________сәйкестігіне

      (нақты талаптардың атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________сертификаттау жүргізуді өтінеді.

      Осы өтініммен өнім, қызмет мәліметтерін хабарлаймыз

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы өтініммен:

      сәйкестікті растау рәсімдерін сақтауға;

      сертификатталатын өнім, қызметтер көрсеткіштерінің

      (сипаттамаларының) тұрақтылығын қамтамасыз етуге;

      шартқа сәйкес өнімді, қызметтерді сертификаттауға және

      инспекциялық бақылаумен байланысты шығыстарды төлеуге міндеттеме

      аламын.

      Қосымшалар:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ____________________________ М.О._____________________________

      (уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)

      Техникалық регламентке

      3-қосымша

Сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге арналған
өтінім бойынша
ШЕШІМ

      200__жылғы "____"___________N______________

      ____________________________________________________________________

      (сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы)

      қоса берілген құжаттармен бірге_____________________________________

      (объектінің атауы (өнімнің

      ____________________________________________________________________ сәйкестігін растаған кезде СЭҚ ӨЖ және/немесе СЭҚ ТН кодын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны)

      сәйкестігін растауға арналған 200__ ж."__"_________ өтінімін қарап,

      сәйкестікті растау жөніндегі орган ШЕШТІ:

      1-нұсқа. 1-8 сертификаттау схемалары бойынша

      Сертификаттау____________________схемасы бойынша жүргізілсін

      (схема нөмірі)

      Объектіні сертификаттау кезінде объектінің

      ____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні)

      ____________________________________________________________________

      (қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету)

      _______________________ талаптарына сәйкестікті бағалау жүргізілсін

      Өндірістің жай-күйін талдауды_________________________________

      (аккредиттелген зертхананы және

      __________________________________________________________ жүргізсін

      сарапшы-аудиторларды көрсету)

      Инспекциялық бақылауды________________________________________

      (тексеруді кім жүргізгенін және

      ___________________________________________________________жүргізсін

      кезеңділігін көрсету)

      2-нұсқа. 9 және 10 сертификаттау схемалары бойынша

      Ұсынылған құжаттар негізінде сәйкестік сертификаты берілсін.

      Ұсынылған құжаттамадағы ақпарат сәйкестікті растау рәсімдерін

      жүргізу үшін жеткіліксіз болуына байланысты схема бойынша

      сертификаттаған жөн.

      3-нұсқа. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу бойынша

      Сәйкестік туралы декларация тіркелсін_________________________

      (нөмірі, күні)

      Анықталған сәйкессіздіктер жойылсын_________________________________

      (нормативтік құжаттардың

      ____________________________________________________________________

      талаптарына сәйкессіздіктердің тізбесі)

      ____________________________ М.О._____________________________

      (уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)

      Техникалық регламентке

      4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2009.01.16 N 13, 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен
      бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      20__ж. "__" ______ №______ өтінім бойынша 200__жылғы "___"________

Сынамаларды іріктеу актісі

      Кәсіпорын___________________________________________________________

      (атауы, мекен-жайы)

      Іріктеу мекен-жайы мен орны_________________________________________

      Актіні____________________________________________________қатысуымен

      (тапсырыс берушінің немесе оның өкілінің Т.А.Ә.)

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      құрды.

      Ұсынылған өнімнің үлгілері____________________________________сәйкес

      (нормативтік құжаттың атауы)

      сертификаттау сынақтары үшін іріктелді.

      Өнім________________________________________________________________

      (тауар-көлік жүкқұжаты; Т/Ж түбіртек N, шарт бойынша N,

      ______________________________________________________бойынша алынды

      күні; шарт бойынша N, күні)

      Дайындаушы__________________________________________________________

      (елі, ұйым (жеке кәсіпкер), мекен-жайы)

      Жеткізуші___________________________________________________________

      (елі, ұйым (жеке кәсіпкер), мекен-жайы)

      Қарау кезінде мыналар белгіленді____________________________________

      сақтау шарттары_____________________________________________________

      ыдысының, орауының, сыйымдылықтардың түрі мен жай-күйі

      ____________________________________________________________________

      орау мен заттаңбадағы жазулар_______________________________________

      Үлгілер төмендегі атаумен ұсынылған өнімнен іріктелді

Ұсынылған

өнім үлгі-

лерінің

атауы

Өлшем бірлігі

Партия-

ның

нөмірі

Партия-

ның

мөлшері

Дайын-

далған

күні

Жарам-

дылық

мерзімі

Іріктелген

өнім үлгіле-

рінің саны

1

2

3

4

5

6

7


      Сынамалардың бақылау үлгілерінің сақталу (талап етілу) мерзімі осы актіге қол қойылған күнінен бастап________ай.

      Сәйкестікті растау жөніндегі органның өкілі______ __________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      Аккредиттелген зертхананың өкілі ______ __________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      Өтінім беруші ______ __________________

  (қолы) (аты-жөні, тегі)
Техникалық регламентке
5-қосымша

      200__жылғы "___"__________ _______________________________

      (өтінім берушінің толық атауы)

      _______________________________

      (басшының лауазымы, тегі)

      _______________________________

      (өтінім берушінің мекен-жайы)

      Көшірме:_______________________________

      (техникалық реттеу саласындағы

      _______________________________

      уәкілетті органның атауы)

Сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы
ШЕШІМ


      ______________________________________________________________

      (сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы)

      мынаны хабарлайды:

      1. Сіздің 200__жылғы "___"_________ өтініміңізге сәйкес өтінім

      берілген өнімді сертификаттау сынағы өткізілді

      ____________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      2. Сертификаттау сынақтарының 200__жылғы "___"______N_________

      хаттамасына сәйкес сертификаттауға ұсынылған өнім___________________

      ____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған кезде

      тармақтардың нөмірін көрсету)

      ________________________________________талаптарына сәйкес келмейді.

      . Ұсынылған өнімді сертификаттау сынақтарынан алынған нәтижелерді талдау негізінде Сіздің сәйкестік сертификатын ресімдеу және беру туралы өтініміңіз қабылданбайды.

      4. Сіздің осы өнімді сәйкес келтіруіңіз немесе пайдаға асыруыңыз не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюыңыз қажет.

      Қосымша: 200__жылғы "____"_________N___________сертификаттау сынақтарының хаттамасы бетте.

      ____________________________ М.О._____________________________

      (уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)

      Техникалық регламентке

      6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
      енгізіледі) Қаулысымен.

Қызметтерді сертификаттау схемаcы

Схе-

маның

нөмі-

рі

Орын-

далу

шебер-

лігін

баға-

лау

Қызмет-

тер

көрсету процесін бағалау

Кәсіп-

орынды

аттес-

таттау

Менед-

жмент

жүйе-

сін

серти-

фикат-

тау

Қызмет-

тердің

нәтиже-

сін

іріктеп

тексеру

Инспекциялық бақылау

1

2

3

4

5

6

7

1

+




+

Қызметтердің

нәтижелерін

тексеру

2


+


+


Қызметтер

көрсету

процесінің

тұрақтылығын

бақылау

3





+

Қызметтердің

нәтижелерін

іріктеп

тексеру

4



+


+

Қызметтердің

нәтижелерін

іріктеп

тексеру

5




+


Қызметтер

көрсету

процесінің

тұрақтылығын

бақылау


      Ескертпе.

      * - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау социологиялық бағалау әдісімен жүзеге асырылады

Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану

      1. 1-схема қызметтерді орындаушының шеберлігін бағалауды көздейді, жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтік құжаттаманы білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді тексеруді және қызметтер көрсету нәтижесін (жөнделген, тазартылған және басқа бұйымдар) іріктеп тексеруді, сондай-ақ кезекті инспекциялық бақылауды қамтиды.

      Жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар көрсететін қызметтерді сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.

      2. 2-схема мынадай екі тәсілмен:

      технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайларын тексерумен;

      менеджмент жүйесін бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкін қызметтер көрсету процесін бағалауды көздейді.

      Инспекциялық бақылау қызмет көрсету процесінің тұрақтылығын бақылау жолымен жүзеге асырылады.

      Технологиялық процесті тексергенде:

      1) технологиялық құжаттаманың толықтығы;

      2) жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестігі;

      3) орындаушылар біліктілігінің орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі;

      4) технологиялық тәртіптің сақталуы;

      5) керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі бақыланады.

      Менеджмент жүйесін бағалау кезінде:

      1) сапа саласындағы саясат;

      2) сапа жөніндегі нұсқау;

      3) менеджмент жүйесі элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      4) сапа салаларында белгіленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесінің тиімділігі тексеріледі.

      Өтінім берушіде менеджмент жүйесіне сертификат болған кезде менеджмент жүйесін бағалау жүргізілмейді.

      3. 3-схема қызметтер нәтижесін жаппай тексеруді көздейді. Схема материалдық қызметтерді (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшін қолданылуы мүмкін.

      Инспекциялық бақылау қызметтер нәтижесін іріктеп тексеру жолымен жүзеге асырылады.

      4. 4-схема кәсіпорынды аттестаттауды көздейді, ол:

      оның материалдық-техникалық базасының жай-күйін;

      тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық-гигиеналық жағдайларын;

      нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтерді де қоса алғанда, қызметтердің түр-түрі мен сапасын;

      қызмет көрсетудің анықтығы мен уақтылығын;

      қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебі, жайлылық, келісімділік, тұтынушы сұранымының есебі және т.с.с);

      қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби шеберлігін тексеруді қамтиды.

      Қонақ үйлерді, мейрамханаларды, шаштараздарды, кинотеатрларды және басқаларды сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

      Кәсіпорынды бағалаудың нәтижесінде тұтастай алғанда дәреже (санат, сынып, жұлдызша) берілуі мүмкін.

      Инспекциялық бақылау социологиялық әдістерді пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. 5-схема менеджмент жүйесін және оның жұмыс істеуінің тұрақтылығын кейіннен инспекциялық бақылауды сертификаттауды көздейді.

      Менеджмент жүйесін сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезінде барлық қызмет түрлері қолданылуы мүмкін.

      Ескертпе - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау сараптау немесе социологиялық бағалау жолымен жүзеге асырылады.

  Техникалық регламентке
7-қосымша

Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған
өтінім бойынша
200__жылғы "__"_________N__________
ШЕШІМ

      ______________________________________________________________

      (сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы)

      қоса берілген құжаттармен бірге_____________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны)

      ____________________________________________сертификаттауға арналған

      (қызметтердің атауы, СЭҚ ӨЖ коды)

      200_жылғы "__"_________ өтінімін қарап, сәйкестікті растау жөніндегі

      орган ШЕШТІ:

      1. Сертификаттау______________________________________________

      (сертификаттау схемасының нөмірі)

      _________________________________________схемасы бойынша жүргізілсін

      2. Сертификаттау үшін сынаулар________________________________

      _________________________________________________________жүргізілсін

      (аккредиттелген сынақ зертханасының атауы)

      3. Сертификаттау______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған кезде,

      тармақтардың нөмірін көрсету)

      ______________________________________талаптарына сәйкес жүргізілсін

      4. Инспекциялық бақылау_______________________________________

      ____________________________________________________жүзеге асырылсын

      (тексеру кезеңділігін көрсету)

      5. Жұмыстар___________________________________________________

      _______________________________________________негізінде жүргізілсін

      (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)

      ____________________________ М.О._____________________________

      (уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады