Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 252 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1520 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1520 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 204-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесі бекітілсін.

      2. "Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 333 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 15, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтке дейін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2008 жылғы 15 наурыздағы  
N 252 қаулысымен      
бекітілген        

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      эмитент - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;
      бағалы қағаздар - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
      сауда-саттықты ұйымдастырушы - "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
      депозитарий - эмитентпен жасалған шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын, бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы;
      бағалы қағаздарды орналастырудың ішкі ережелері - сауда-саттықты ұйымдастырушының эмитентпен келісілген ішкі құжаты, оның негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;
      бағалы қағаздарға қызмет көрсетудің және оларды өтеудің ішкі ережелері - депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;
      бастапқы дилер - белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуға сауда-саттықты ұйымдастырушы жіберген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы.

2. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібі

Параграф 1. Бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары

      3. Бағалы қағаздарды эмитент құжатты және құжатсыз нысанда шығара алады. Бағалы қағаздарға қызмет көрсету (сыйақыны есептеу және төлеу) ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

      4. Әрбір шығарылымның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган беретін ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болады.

      5. Бағалы қағаздар аукционды өткізу, жете орналастыру, қайта ашу, жазылым жүргізу жолымен және бағалы қағаздарды орналастырудың ішкі ережелерінде белгіленген басқа да тәсілдермен орналастырылады.

      6. Бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алу бастапқы дилерлердің депозитарийдегі жеке шоттары бойынша және бастапқы дилерлердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
      Депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, олар бағалы қағаздар бойынша орналастыру кезінде бастапқы нарықта, бағалы қағаздардың айналымы мен оларды өтеу кезінде қайталама нарықта есеп айырысуды жүзеге асырудан, сондай-ақ бағалы қағаздарға қызмет көрсетуден тұрады.

      7. Эмитент Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға белгіленген тиісті жергілікті атқарушы орган борышының лимиті шегінде бағалы қағаздар шығарылымының көлемін және нысаналы мақсатын міндетті түрде Қазақстан Республикасының Үкіметімен келіседі.

      8. Эмитент орналастыру күніне дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде орналастыруды жүргізу күні, алдағы шығарылым көлемі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін хабардар етеді.

      9. Бағалы қағаздарды орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері тиісінше бағалы қағаздарды орналастырудың ішкі ережелерінде және бағалы қағаздарға қызмет көрсетудің және оларды өтеудің ережелерінде белгіленеді.

      10. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденттері емес заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздарды бастапқы дилерлер арқылы сатып ала алады.

      11. Сыйақы ставкасы, бағалы қағаздарды орналастыру көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісіледі.

      12. Депозитарийдің орналастырылған бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру күні бағалы қағаздар айналымының басталу күні болып саналады. Бағалы қағаздардың айналымы осы бағалы қағаздарды өтеу күнінің алдындағы соңғы күннің аяқталуымен бірге аяқталады.

      13. Осы бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн - олардың айналымы басталатын күн, ал соңғы күн оларды өтеу күнінің алдындағы соңғы күн болып табылады.
      Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу бағалы қағаздардың жекелеген түрлерін шығару шарттарында белгіленген күндері жүргізіледі. Сыйақыны соңғы төлеу күні, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздарды өтеу күніне сәйкес келеді. Егер бағалы қағаздар бойынша сыйақыны төлеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      14. Бағалы қағаздарды өтеу оларды айналымға жіберу мерзімі аяқталған күннен кейінгі бірінші күні атаулы құны бойынша жүргізіледі. Егер бағалы қағаздардың атаулы құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.

      15. Бағалы қағаздарды өтеу және оларға қызмет көрсету тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      16. Бағалы қағаздарды өтегеннен кейін эмитент бес жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне депозитарийдің бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      17. Эмитент қайталама нарықта бағалы қағаздардың белгілі бір шығарылымының барлық көлемін немесе ішінара бөлігін сатып ала алады және өтей ала алады. Эмитенттің бағалы қағаздардың белгілі бір шығарылымының барлық көлемін сатып алуы туралы шешімі осындай сатып алу күніне дейін бір ай бұрын қаржы агентіне жеткізіледі, ол осы хабарламадан кейін бес күнтізбелік күн ішінде бастапқы дилерлерге бұл туралы хабарлайды.

      18. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      19. Эмитент бағалы қағаздардың мынадай:
      1) орта мерзімді;
      2) ұзақ мерзімді;
      3) орта мерзімді индекстелген;
      4) ұзақ мерзімді индекстелген түрлерін шығаруды, орналастыруды, айналымға жіберуді, оларға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.

      20. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, олардың атаулы құны бір мың теңгені құрайды.

      21. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында отыз күн, есеп айырысу жылында үш жүз алпыс күн.

      22. Бағалы қағаздардың иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, бағалы қағаздармен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор бағалы қағаздармен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.

  Параграф 2. Орта мерзімді бағалы қағаздар

      23. Орта мерзімді бағалы қағаздар бір жылдан жоғары бес жылды қоса алғанға дейін айналыс мерзімдерімен шығарылады.

      24. Орта мерзімді бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде купон деп аталатын орналастыру кезінде белгіленген сыйақы төленеді.

      25. Орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу орта мерзімді бағалы қағаздар айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына екі рет эмитент белгіленген күндері жүзеге асырылады.

      26. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
      S=N*С*180/360
      мұндағы,
      S, теңге - кезекті төленуге тиіс орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,
      N, теңге - орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
      С, % - купон ставкасы.

  Параграф 3. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар

      27. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бес жылдан жоғары айналыс мерзімімен шығарылады.

      28. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде купон деп аталатын орналастыру кезінде белгіленген сыйақы төленеді.

      29. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу бағалы қағаздар айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына бір рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
      30. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
      S=N*С
      мұндағы,
      S, теңге - кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,
      N, теңге - ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
      С, % - купон ставкасы.

  Параграф 4. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар

      31. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналыс мерзімдерімен шығарылады және алты ай еселігі болуға тиіс.

      32. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      33. Егер эмитент бағалы қағаздарды шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.

      34. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына екі рет эмитент белгілеген күндері орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.
      Бұл ретте орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша индекстелген купонды төлеу айналыстың әрбір алты толық күнтізбелік айы сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.

      35. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздарға салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
      36. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
      S=N*I/100+C
      мұндағы,
      S, теңге - кезекті төленуге тиіс орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,
      N, теңге - орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
      I, % - өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
      бұл ретте,
      І =(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
      мұндағы,
      І 1 I 2 , I 3 ,..., I n - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,
      С, - тіркелген купон сомасы,
      бұл ретте, С= N*К*180/360,
      мұндағы,
      К, % - орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.

      37. Тұтыну бағаларының индексін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ай сайын жариялайды.

      38. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болса, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.

5. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар

      39. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бес жылдан жоғары айналыс мерзімдерімен шығарылады және он екі ай еселігі болуға тиіс.

      40. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      41. Егер эмитент бағалы қағаздарды шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарды орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.

      42. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына бір рет Эмитент белгілеген күндері ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.
      Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша индекстелген купонды төлеу айналыстың әрбір алты толық күнтізбелік айы сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.

      43. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздарға салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.

      44. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
      S=N*I/100+C,
      мұндағы,
      S, теңге - кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,
      N, теңге - ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
      I, % - өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
      бұл ретте,
      І=(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
      мұндағы,
      І 1 I 2 , I 3 ,..., I n - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,
      С, - тіркелген купон сомасы,
      бұл ретте, С=N*К
      мұндағы,
      К, % - орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.

      45. Тұтыну бағаларының индексін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ай сайын жариялайды.

      46. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болса, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.

Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2008 года N 252. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.10.2009 № 1520.

      В соответствии со статьей 204-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2003 года N 333 "Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, погашения и обслуживания среднесрочных облигаций местных исполнительных органов" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 15, ст. 159).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания, за исключением пункта 2, который вводится в действие с момента последнего погашения государственных ценных бумаг, выпущенных до момента введения в действие настоящего постановления.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 марта 2008 года N 252

Правила
выпуска ценных бумаг для обращения
на внутреннем рынке местным исполнительным органом города
республиканского значения, столицы

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом города республиканского значения, столицы (далее - Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года и Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" и определяют порядок выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных ценных бумаг местных исполнительных органов города республиканского значения, столицы на территории Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      эмитент - местный исполнительный орган города республиканского значения, столицы;

      ценные бумаги - государственные эмиссионные ценные бумаги, эмитируемые местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы;

      организатор торгов - акционерное общество "Казахстанская фондовая биржа";

      депозитарий - акционерное общество "Центральный депозитарий ценных бумаг", осуществляющее функции платежного агента, функции по депозитарному обслуживанию ценных бумаг и функции по ведению системы реестров держателей ценных бумаг в соответствии с договором, заключенным с эмитентом;

      внутренние правила размещения ценных бумаг - внутренний документ организатора торгов, согласованный с эмитентом, на основании которого организатор торгов осуществляет размещение ценных бумаг;

      внутренние правила обслуживания и погашения ценных бумаг - внутренний документ депозитария, согласованный с эмитентом, на основании которого депозитарий осуществляет обслуживание и погашение ценных бумаг;

      первичный дилер - профессиональный участник рынка ценных бумаг, допущенный организатором торгов в установленном порядке к участию в размещении ценных бумаг.

2. Порядок выпуска, размещения, обращения,
обслуживания и погашения ценных бумаг

§ 1. Общие условия выпуска, размещения, обращения,
обслуживания и погашения ценных бумаг

      3. Ценные бумаги могут выпускаться эмитентом в документарной и бездокументарной форме. Обслуживание ценных бумаг (начисление и выплата вознаграждения) осуществляется в национальной валюте.

      4. Каждый выпуск имеет национальный идентификационный номер (НИН), присваиваемый уполномоченным органом, осуществляющим государственное регулирование и надзор за рынком ценных бумаг, в соответствии с законодательством Республики Казахстан .

      5. Ценные бумаги размещаются путем проведения аукциона, доразмещения, повторного открытия, подписки и другими способами, установленными внутренними правилами размещения ценных бумаг.

      6. Учет ценных бумаг и прав по ним осуществляется по лицевым счетам первичных дилеров в депозитарии и на индивидуальных субсчетах инвесторов, открытых на лицевых счетах первичных дилеров.
      Депозитарий осуществляет функции платежного агента, которые заключаются в осуществлении расчетов по ценным бумагам на первичном рынке при размещении, на вторичном рынке при обращении и погашении ценных бумаг, а также в обслуживании ценных бумаг.

      7. Эмитент в обязательном порядке согласовывает объем и целевое назначение выпуска ценных бумаг с Правительством Республики Казахстан в пределах лимита долга соответствующего местного исполнительного органа, установленного Правительством Республики Казахстан на соответствующий год.

      8. Эмитент в срок не позднее, чем за десять календарных дней до даты размещения информирует Министерство финансов Республики Казахстан о дате проведения размещения, объемах предстоящего выпуска.

      9. Условия и процедуры способов размещения, обслуживания и погашения ценных бумаг устанавливаются внутренними правилами размещения ценных бумаг и правилами обслуживания и погашения ценных бумаг соответственно.

      10. Юридические и физические лица - резиденты и нерезиденты Республики Казахстан могут приобретать ценные бумаги через первичных дилеров.

      11. Ставка вознаграждения, объем размещения ценных бумаг согласовываются с Министерством финансов Республики Казахстан.

      12. Днем начала обращения ценных бумаг считается день осуществления депозитарием расчетов по размещенным ценным бумагам. Обращение ценных бумаг заканчивается с истечением последнего дня, предшествующего дню погашения данных ценных бумаг.

      13. Первым днем, за который начисляется вознаграждение по данным ценным бумагам, является день начала их обращения, а последним днем - последний день, предшествующий дню их погашения.
      Выплата вознаграждения по ценным бумагам производится в дни, установленные условиями выпуска отдельных видов ценных бумаг. Последняя выплата вознаграждения совпадает с днем погашения ценных бумаг, если иной срок не предусмотрен условиями выпуска ценных бумаг. Если дата выплаты вознаграждения по ценным бумагам приходится на нерабочий день, то выплата производится в первый рабочий день, следующий за нерабочим днем.

      14. Погашение ценных бумаг производится по номинальной стоимости в первый день, следующий за окончанием срока их обращения. Если дата погашения номинальной стоимости ценных бумаг приходится на нерабочий день, то погашение производится в первый рабочий день, следующий за нерабочим днем.

      15. Погашение и обслуживание ценных бумаг осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета.

      16. После погашения ценных бумаг эмитент в течение пяти рабочих дней представляет в Министерство финансов Республики Казахстан копию сведений депозитария о погашении ценных бумаг и копии документов, подтверждающих произведенное погашение.

      17. Эмитент может выкупить весь или частично объем определенного выпуска ценных бумаг по рыночной цене на вторичном рынке и погасить их. Решение эмитента о выкупе всего объема определенного выпуска ценных бумаг доводится до финансового агента за месяц до даты такого выкупа, который в течение пяти календарных дней после данного уведомления сообщает об этом первичным дилерам.

      18. Порядок налогообложения по операциям с ценными бумагами определяется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан .

      19. Эмитент осуществляет выпуск, размещение, обращение, обслуживание и погашение следующих видов ценных бумаг:

      1) среднесрочных;

      2) долгосрочных;

      3) среднесрочных индексированных;

      4) долгосрочных индексированных.

      20. Среднесрочные, долгосрочные, среднесрочные индексированные, долгосрочные индексированные ценные бумаги являются купонными эмиссионными ценными бумагами, номинальная стоимость которых составляет одна тысяча тенге.

      21. Расчетная база для исчисления суммы купона по среднесрочным, долгосрочным, среднесрочным индексированным, долгосрочным индексированным ценным бумагам - тридцать дней в расчетном месяце, триста шестьдесят дней в расчетном году.

      22. Владельцы ценных бумаг могут осуществлять любые гражданско-правовые сделки с ценными бумагами, за исключением ограничений, установленных законодательными актами . При этом инвестор все операции с ценными бумагами оформляет через первичного дилера.

§ 2. Среднесрочные ценные бумаги

      23. Среднесрочные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше года до пяти лет включительно.

      24. Размещение и погашение среднесрочных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      25. Выплата купона по среднесрочным ценным бумагам осуществляется в дни, установленные эмитентом два раза в год соответствующего года обращения среднесрочных ценных бумаг.

      26. Сумма купона определяется следующей формулой:
      S=N*C*180/360
      где,
      S, тенге - сумма купона среднесрочных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,
      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества среднесрочных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,
      С, % - ставка купона.

§ 3. Долгосрочные ценные бумаги

      27. Долгосрочные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше пяти лет.

      28. Размещение и погашение долгосрочных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается определенное при размещении вознаграждение, называемое купоном.

      29. Выплата купона по долгосрочным ценным бумагам осуществляется в дни, установленные эмитентом один раз в год соответствующего года обращения ценных бумаг.

      30. Сумма купона определяется следующей формулой:
      S=N*C
      где,
      S, тенге - сумма купона долгосрочных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,
      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества долгосрочных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,
      С, % - ставка купона.

§ 4. Среднесрочные индексированные ценные бумаги

      31. Среднесрочные индексированные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше года до пяти лет включительно и должны иметь шестимесячную кратность.

      32. Размещение и погашение среднесрочных индексированных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается вознаграждение, именуемое индексированным купоном.

      33. Размещение среднесрочных индексированных ценных бумаг производится в предпоследний рабочий день месяца, если эмитентом не предусмотрена иная дата выпуска ценных бумаг.

      34. Выплата индексированного купона осуществляется по среднесрочным индексированным ценным бумагам в дни, установленные эмитентом два раза в год, с соответствующей периодичностью.
      При этом выплата индексированного купона по среднесрочным индексированным ценным бумагам производится в пятый рабочий день месяца через каждые шесть полных календарных месяца обращения.

      35. Индексация денег, вложенных в среднесрочные индексированные ценные бумаги, производится путем исчисления индексированного купона, полученного от сложения фиксированного купона, определенного при размещении, и индекса инфляции за истекший купонный период.

      36. Сумма индексированного купона определяется следующей формулой.
      S=N*I/100+C,
      где,
      S, тенге - сумма индексированного купона среднесрочных индексированных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,
      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества среднесрочных индексированных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,
      I, % - индекс инфляции за истекший купонный период,
      при этом,
      I = (((I 1 /100)*(I 2 /100)*(I 3 /100)*....*(I n /100))-1)*100,
      где,
      I 1 , I 2 , I 3 ,..., I n - индексы потребительских цен за соответствующие месяцы купонного периода, значение I округляется до третьей (включительно) цифры после запятой,
      С, - сумма фиксированного купона,
      при этом, C=N*K*180/360,
      где,
      К, % - значение фиксированного годового купона, определенного при размещении.

      37. Индекс потребительских цен публикуется ежемесячно Агентством Республики Казахстан по статистике.

      38. В случае если индекс инфляции за истекший купонный период равен отрицательному значению, то значение индекса инфляции принимать равным нулю.

§ 5. Долгосрочные индексированные ценные бумаги

      39. Долгосрочные индексированные ценные бумаги выпускаются со сроками обращения свыше пяти лет и должны иметь двенадцатимесячную кратность.

      40. Размещение и погашение долгосрочных индексированных ценных бумаг осуществляются по номинальной стоимости, при этом в течение срока обращения выплачивается вознаграждение, именуемое индексированным купоном.

      41. Размещение долгосрочных индексированных ценных бумаг производится в предпоследний рабочий день месяца, если эмитентом не предусмотрена иная дата выпуска ценных бумаг.

      42. Выплата индексированного купона осуществляется по долгосрочным индексированным ценным бумагам в дни, установленные эмитентом один раз в год, с соответствующей периодичностью.
      При этом выплата индексированного купона по долгосрочным индексированным ценным бумагам производится в пятый рабочий день месяца через каждые двенадцать полных календарных месяца обращения.

      43. Индексация денег, вложенных в долгосрочные индексированные ценные бумаги, производится путем исчисления индексированного купона, полученного от сложения фиксированного купона, определенного при размещении, и индекса инфляции за истекший купонный период.

      44. Сумма индексированного купона определяется следующей формулой.
      S=N*I/100+C,
      где,
      S, тенге - сумма индексированного купона долгосрочных индексированных ценных бумаг, подлежащего очередной выплате,
      N, тенге - сумма номинальной стоимости соответствующего количества долгосрочных индексированных ценных бумаг, вознаграждение по которым подлежит очередной выплате,
      I, % - индекс инфляции за истекший купонный период,
      при этом,
      I=(((I 1 /100)*(I 2 /100)*(I 3 /100)*....*(I n /100))-1)*100,
      где,
      I 1 , I 2 , I 3 ,..., I n - индексы потребительских цен за соответствующие месяцы купонного периода, значение I округляется до третьей (включительно) цифры после запятой,
      С, - сумма фиксированного купона,
      при этом, C=N*K,
      где,
      К, % - значение фиксированного годового купона, определенного при размещении.

      45. Индекс потребительских цен публикуется ежемесячно Агентством Республики Казахстан по статистике.

      46. В случае если индекс инфляции за истекший купонный период равен отрицательному значению, то значение индекса инфляции принимать равным нулю.