Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:
1) тау-кен металлургия саласында-кемінде 1,8;
2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;
3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,7-ден 4-ке дейін;
4) химия өнеркәсібінде - 1,5;
5) мұнайгаз саласында - 1,8;
6) құрылыс саласында - 1,5;
7) электр энергетикасы саласында - 2,0;
8) теміржол саласында - 1,05-тен 1,25-ке дейін болып бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.03 N 1002 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.29 N 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.06.25 N 709 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.09.19 N 1220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов