Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 29, 286-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) мұнайгаз саласында - 1,8;
6) құрылыс саласында - 1,5.".
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов