Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тау-кен металлургия саласында-кемінде 1,7;»;
7) тармақшадағы «2,0 болып бекітілсін.» деген сөздер «2,0;» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) теміржол саласында - 1,05-тен 1,25-ке дейін болып бекітілсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов