Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «1,5 болып бекітілсін.» деген сөздер «1,5;» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «1,5.» деген сандар «1,5;» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) электр энергетикалық кешенде - 2,0 болып бекітілсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов