Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.
1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2025 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (бұдан әрі – № 470 Жарлық) сәйкес әзірленді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ауылдық елдi мекеннен шыққан үміткер – тұрғылықты тіркелген жері, соңғы 2 (екі) жылда еңбек қызметін жүзеге асыратын жері Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекеніндегі және магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысатын үміткер;
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында оқуы немесе санаттарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
3) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – құрамы мен ережесін жұмыс органы бекітетін жұмыс органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
4) "Болашақ" стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын ұйым;
5) "Болашақ" стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу жеңімпазы (бұдан әрі – конкурстық іріктеу жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турдан өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес "Болашақ" стипендиясы тағайындалған үміткер;
6) инженерлік-техникалық жұмыскер – өндірістік процесті (өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді/қайта өңдеуді) ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыратын, техникалық жоғары білімі, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білімі бар, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызмет жүзеге асыратын, "Болашақ" стипендиясы шеңберінде техникалық бағыттағы мамандықтар саласы бойынша оқыту үшін мамандығының таңдаған саласында кемінде 1 (бір) жыл жалпы өтілі бар жеке тұлға;
7) кешенді тестілеу – зияткерлік қабілетінің, тұлғалық-іскерлік құзыреттерінің деңгейін, шетелде оқуға психологиялық әзірлігін айқындау бойынша тестілеу;
8) тәуелсіз сараптамалық комиссия – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы жанындағы "Болашақ" стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге (бұдан әрі – конкурстық іріктеу) қатысатын үміткермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
9) уәждемелік хат – көлемі 500 сөзден аспайтын, еркін нысанда жазылған эссе, онда үміткер таңдаған жоғары оқу орнын және оның осы саладағы артықшылықтарын, осы стипендияны алуының қажет екенін және таңдаған бағыт бойынша алған білімінен күтетін нәтижені және оны кейіннен практикада қолдануын негіздейді;
10) үміткер – осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сай келетін және конкурстық іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
11) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
12) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – № 470 Жарлыққа сәйкес айқындалатын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрі – жұмыс органы).
3. "Болашақ" стипендиясы атаулы болып табылады және оны "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Республикалық комиссия:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі нысан бойынша академиялық оқуы;
2) Республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.
Бұл ретте конкурстық іріктеу жеңімпаздарының оқуы, тіл оқыту курстарынан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының базасында, сондай-ақ танымал әлемдік ғылыми-зерттеу орталықтарында, зерттеу науқандары шеңберінде ғылыми ұйымдарда, салалық ұйымдарда және өндірісте 12 (он екі) айға дейінгі мерзіммен тағылымдамадан өтуге жол беріледі.
Конкурстық іріктеу жеңімпаздарының оқуы, тіл оқыту курсынан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – тізім), сондай-ақ тізімді қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты жұмыс органы бекітеді.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) № 470 Жарлыққа сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде жұмыс органы әзірлейді және бекітеді.
Тізбені жұмыс органы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның экономиканың кадрларға мұқтаждығының болжамын ескере отырып, мамандықтардың бағыттары бойынша стипендиялардың шекті санын айқындау жолымен қалыптастырады.
4. "Болашақ" стипендиясы мынадай санаттарға тағайындалады:
1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлер;
2) магистр дәрежесін алуға ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер;
3) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат тапсырған кезде инженерлік-техникалық жұмыскер болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер;
4) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат тапсырған кезде медицина ұйымдарында еңбек қызметін жүзеге асыратын және тікелей медициналық көмек көрсететін, жоғары медициналық білімі бар, жалпы медициналық өтілі кемінде 1 (бір) жыл болған адамдар (бұдан әрі – медицина жұмыскері) – медициналық бағыттағы мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға үміткерлер;
5) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат тапсырған кезде мемлекеттік қызметте кемінде 3 (үш) жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде жіберуші мемлекеттік органда соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші (мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер;
6) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат тапсырған кезде Республикалық комиссия айқындаған жұмыскерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде құжат тапсырған кезде таңдаған мамандық бойынша соңғы 12 (он екі) ай үзіліссіз нақты жұмыс өтілі бар (Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда), жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ескергенде талап етілетін бүкіл кезең үшін міндетті зейнетақы аударымдары расталған тағылымдамадан өтуге үміткерлер.
5. Құжат қабылданатын және конкурстық іріктеу өткізілетін мерзімді жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда орналастырады.
6. "Болашақ" стипендиясын тағайындау бойынша іс-шаралар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және оған:
үміткерлердің құжатын қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу, үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
оқу, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасу;
стипендиаттардың академиялық оқуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және мониторингтеу;
оқуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру;
стипендиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында еңбекпен өтеу бөлігіндегі шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттарды оқытуды ұйымдастыруға шарттар жасасу;
"Болашақ" стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, оның ішінде "Болашақ" стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге байланысты шығыстарды төлеу;
үміткерлер үшін кешенді тестілеуді өткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу;
үміткерлермен дербес әңгімелесу өткізгені үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің қызметіне ақы төлеу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Болашақ" стипендиясын жұмсау бағыттары (бұдан әрі – жұмсау бағыттары) бойынша шығыстарды төлеу кіреді.
7. "Болашақ" стипендиясы тағылымдамадан өту, әр дәреже (магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады, ал бұған дейін тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және әкімші алдында берешегінің болмауы шартымен оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген адамдарға "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге қатысуға қайтадан бір мәрте мүмкіндік беріледі.
8. Конкурстық іріктеуге қатысуға жоғары білімі не бакалавр дәрежесі бар және осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжат тапсырған, тіл оқыту курсында оқуға, академиялық оқуға/тағылымдамаға және кейіннен еңбекпен өтеуге кететін жиынтық мерзімді ескергенде құжат тапсырған кезде заңнамада жалпы белгіленген зейнеткерлік жас шегінен шықпайтын Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді меңгерудің қажетті ең төменгі деңгейін жұмыс органы бекітеді. Үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып айқындайды және бекітеді.
"Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған адамдар, ғылыми тағылымдамадан өту шеңберінде тағылымдамадан өткен және еңбекпен өтеу бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған адамдар, сондай-ақ әкімші алдында оқуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға байланысты берешегі бар адамдар "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
9. "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің магистр дәрежесін алуға конкурстық іріктеуге қатысуының шарттары мынадай:
1) ауылдық елдi мекендерден шыққан үміткерлерді, инженерлік-техникалық жұмыскерлерді, медицина жұмыскерлерін, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнына академиялық оқуға шартсыз қабылдануы (қаржылық шарттарды қоспағанда).
Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орны, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдар магистр дәрежесін беруге арналған академиялық бүкіл оқу кезеңіне академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық өтей отырып магистр дәрежесін беруге өтеусіз негізде академиялық оқуға шартсыз шақыртқан (қабылдаған) үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына жол беріледі;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді білу деңгейі;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес шет тілін білу деңгейі;
4) бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33) GPA-ге немесе осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін жұмыс органы бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалылығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;
5) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығының жұмыс органы бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін ұқсас мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – ұқсас мамандықтар тізбесі) сәйкес таңдаған мамандыққа сәйкес келуі;
6) осы Қағидалардың ережелерімен танысқаны туралы растама.
10. Үміткерлер магистр дәрежесін алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін әкімшіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін толтырылған сауалнама (бұдан әрі – сауалнама);
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша "мемлекеттік қызметшілер" санаты бойынша конкурстық іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін – үміткер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарындағы Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының, оның филиалының, өкілдігінің (бұдан әрі – жұмыс беруші) жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға арналған өтінімінің электрондық көшірмесі;
3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының электрондық көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер, инженерлік-техникалық жұмыскерлер, медицина жұмыскерлері, мемлекеттік қызметшілер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқордан алынған осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметінің кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді-көшірме;
5) ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер, инженерлік-техникалық жұмыскерлер, медицина жұмыскерлері, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
6) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижемен қазақ тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
8) ауылдық елдi мекеннен шыққан үміткерлерді, инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен медицина жұмыскерлерін, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, оқу бағдарламасы, мамандығы, кезеңі көрсетілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың (қаржылық шарттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері;
9) академиялық оқуға үміткерді тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнының, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдардың академиялық оқудың бүкіл кезеңі үшін академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық жауып өтеусіз негізде қабылдағанын растайтын құжаттардың, бар болса, олардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмелері;
10) тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттың, мамандығы, курсы (оқу жылы), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпарат, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманың, бар болса, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармаларының электрондық көшірмесі;
11) уәждемелік хаттың электрондық көшірмесі.
11. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға "Болашақ" стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін конкурстық іріктеуге қатысу шарттары мынадай:
1) тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз қабылдануы (қаржылық шарттарды қоспағанда).
Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орны, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін тағайындау, резидентурада оқу үшін академиялық оқудың бүкіл кезеңі үшін академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық өтей отырып философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру, резидентурада оқу үшін академиялық оқуға өтеусіз негізде шартсыз шақыртқан (қабылдаған) үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына жол беріледі;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді білуі;
3) осы Қағидалардың ережелерімен танысқаны туралы растама.
12. Үміткерлер философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін әкімшіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған сауалнама;
2) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының электрондық көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
3) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижемен қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
4) оқу бағдарламасы, мамандығы, кезеңі көрсетілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың (қаржылық шарттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
6) академиялық оқуға үміткерді тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнының, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдардың академиялық оқудың бүкіл кезеңі үшін академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық жауып өтеусіз негізде қабылдағанын растайтын құжаттардың, бар болса, олардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмелері;
7) тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттың, мамандығы, курсы (оқу жылы), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпарат, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманың, бар болса, оның қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармаларының электрондық көшірмесі;
8) тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген және осы шетелдік жетекші жоғары оқу орны философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін белгілеген мерзімдерден аспайтын жеке оқу жоспарының қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге электрондық көшірмесі.
13. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін "Болашақ" стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысу шарттары мынадай:
1) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның сөзсіз (қаржылық шарттарды қоспағанда) шақыртуының болуы;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейі;
3) осы Қағидалардың ережелерімен танысқаны туралы растама.
14. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін әкімшіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған сауалнама;
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтап қалу шартымен маман даярлауға өтінімінің электрондық көшірмесі;
3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының электрондық көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқордан алынған осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметінің кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді-көшірме;
5) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
6) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижемен қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
8) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның сөзсіз шақыруын растайтын, тізбеден таңдалған мамандық, тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есеп-қисап толық жазылған) көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар (қаржылық шарттарды қоспағанда) құжаттардың электрондық көшірмесі;
9) жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекітетін, қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту бағдарламасының электрондық көшірмесі;
10) уәждемелік хаттың электрондық көшірмесі.
15. Үміткер құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20730 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) сәйкес портал арқылы береді.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша үміткерге порталдағы жеке кабинетіне құжаттардың қабылданғаны және конкурстық іріктеуге қатысуға рұқсат берілгені туралы не оларды қабылдаудан дәлелді бас тартылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Құжат топтамасы толық ұсынылмаса, үміткер бұзушылықтарды жояды және құжаттарды қабылдау мерзімі кезеңінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес құжаттар топтамасын қайта ұсынады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға рұқсат алу үшін үміткердің және құжат топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарауды әкімші жүзеге асырады.
Әкімші және (немесе) жұмыс органы конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінде үміткердің құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) дұрыс ұсынбағанын анықтаса, үміткер конкурстық іріктеуден шығарылады және ағымдағы жылы конкурстық іріктеуге жіберілмейді.
16. Конкурстық іріктеу 3 (үш) турдан тұрады.
17. Бірінші және екінші турларды әкімші Қазақстан Республикасының ұйымдарымен және тәуелсіз сарапшыларымен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді.
Әкімші бірінші және екінші турлар өткізілетін жер мен уақытты айқындайды, ол туралы үміткерге порталда, сондай-ақ электрондық және телефон байланысы арқылы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарланады.
18. Бірінші турда кешенді тестілеу өткізіледі, ол келесі турға жіберу үшін іріктеу туры болып табылады. Бірінші турда жұмыс органы белгілеген шекті балл ала алмаған үміткер екінші турға қатысуға жіберілмейді.
19. Екінші тур үміткерлердің тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес анонимді әңгімелесуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмысының тәртібі мен ұйымдастырылуын жұмыс органы бекітеді.
Екінші турда үміткердің кәсіптік даярлық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандығының саласы бойынша кәсіптік құзыреттерінің бар-жоғы айқындалады.
20. Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмыс органы бекітетін нысан бойынша әрбір үміткер бойынша ұсыным береді.
21. Әкімші екі тур өткізілгеннен кейін үшінші тур өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда материалдарды жұмыс органына енгізеді.
Жұмыс органы үміткерлердің материалдарын кешенді тестілеу нәтижелерімен және тәуелсіз сараптама комиссиясының ұсыныстарымен, сондай-ақ жұмыс органы бекіткен конкурстық іріктеуді саралау кестесіне сәйкес саралауды ескере отырып, Республикалық комиссияның қарауы үшін үшінші кезеңге енгізеді.
22. Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарайды және "Болашақ" стипендиясын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткер әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етіледі.
23. Республикалық комиссияның шешiмiнде жұмыс органы бекiтетiн тiл курстарының ұзақтығы кестесiне сәйкес мерзiммен ауылдық елдi мекендерден шыққан үмiткерлерге, инженерлік-техникалық жұмыскерлерге, медицина жұмыскерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге "Болашақ" стипендиясы есебiнен шетелдiк жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес тiл оқыту курстарынан өту қажеттiгi туралы көрсетiледi.
Қазақстан Республикасында тіл оқыту курстарынан өткен соң конкурстық іріктеу жеңімпазы ағылшын тілін білудің қажетті деңгейін айқындау үшін аралық бақылау тестін тапсырады.
Егер ағылшын тілін білудің қажетті деңгейіне қол жеткізілмесе, онда конкурстық іріктеу жеңімпазына одан өтпей қалған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде өз қаражаты есебінен қайтадан тапсыруға бір мәрте мүмкіндік беріледі.
Шет тілін білуге арналған аралық бақылау тестін тапсырса, конкурстық іріктеу жеңімпазы тіл оқыту курстарынан өту үшін шетелге жіберіледі.
Шетелде тіл оқыту курстарынан өткен соң конкурстық іріктеу жеңімпазы шет тілін білудің қажетті деңгейін айқындау үшін қорытынды бақылау тестін тапсырады.
Тіл оқыту курстарынан өту кезінде тізімге қосылған шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжат алған конкурстық іріктеу жеңімпазы қорытынды бақылау тестін тапсырудан босатылады.
Аралық және қорытынды бақылау тестілерін тапсырған кездегі шет тілін білудің қажетті деңгейін жұмыс органы шетелдік ұйымдардың талаптарын ескере отырып белгілейді.
Егер конкурстық іріктеу жеңімпазы аралық немесе қорытынды бақылау тестін қайта тапсырмаған және шетелдік жоғары оқу орнына түсу үшін шет тілін білудің қажетті деңгейін меңгермеген жағдайда, осы тармаққа сәйкес белгіленген мерзімде Республикалық комиссияның шешімі бойынша ол тілдік курстардан одан әрі өту, "Болашақ" стипендиясы бойынша академиялық оқу құқығынан айырылады және Республикалық комиссияның "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешімі шыққан күннен бастап өзіне жұмсалған барлық шығыстарды өтейді.
24. Конкурстық іріктеу жеңімпазы өзіне "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы Республикалық комиссия шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде әкімшімен жұмыс органы бекітетін үлгілік нысандар бойынша оқу шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуға тиіс:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурстық іріктеу жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өткізуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын оның қамтамасыз ету тәсілі;
4) "Болашақ" стипендиясы бойынша оқудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;
5) шетелде академиялық оқуды немесе тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін конкурстық іріктеу жеңімпазының Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және Қазақстан Республикасының аумағында болып (осы тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), "Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша үздіксіз еңбек қызметін мынадай мерзімдерде және өлшемшарттармен жүзеге асыруы туралы талап:
осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар санаты үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарда, қазақстандық және шетелдік ұйымдардың филиалдарында, өкілдіктерінде не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) 50 (елу) және одан көп пайызы Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық және өңірлік ұйымдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдері бар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда, астанада немесе республикалық маңызы бар қалаларда – кемінде бес жыл;
осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін қалаларда (облыс орталықтарында), облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстардың өзге аудандарында, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қазақстандық және шетелдік ұйымдардың филиалдарында, өкілдіктерінде – кемінде үш жыл;
осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар санаттары үшін – мемлекеттік қызметте не Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарында – кемінде үш жыл.
Бұл ретте академиялық оқу аяқталған сәттен бастап еңбек өтілінің бірінші жылы мемлекеттік қызметшіні оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей жүзеге асырылады;
осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген адамдар санаттары үшін – өздерін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда – кемінде үш жыл;
Үздiксiз еңбекпен өтеу әр өңiр үшiн жеке есептеледi, бұл ретте ай сайын зейнетақы аударымдарының қатар түспеуі шарт. Зейнетақы аударымдары бірнеше ұйымнан қатар түссе, еңбекпен өтеу жұмыс істеудің ең көп мерзімі көзделген жұмыс орны бойынша ғана есептеледі;
6) конкурстық іріктеу жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;
7) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы салдарынан конкурстық іріктеу жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;
8) осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі туралы шарт;
9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт;
10) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамында орналастыру үшін академиялық оқу аяқталғаннан кейін қорытынды жұмысты (бар болса) міндетті түрде ұсыну туралы шарт.
25. "Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандық бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асырудың осы Қағидалардың 24-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзімі конкурстық іріктеу жеңімпазының шартта көзделген оқу үлгерімін сөзсіз қамтамасыз етуі және тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнының, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдардың өтеусіз оқытуы шеңберінде магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алып, резидентурада оқып, академиялық оқудың толық кезеңін аяқтауы шартымен күнтізбелік бір жылға қысқартылады.
26. Конкурстық іріктеу жеңімпазы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, конкурсқа қатысу үшін ұсынған құжаттар және (немесе) ондағы деректер (мәліметтер) көрінеу жалған болса, конкурстық іріктеу жеңімпазы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса не тиісінше орындамаса, жұмыс органы конкурстық іріктеу жеңімпазын "Болашақ" стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастама жасайды.
27. Шарт конкурстық іріктеу жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша "Болашақ" стипендиясы тағайындалған күннен бастап туындаған барлық шығыстарды жұмсау бағыттарына сәйкес төлеуге байланысты ақша аудару үшін негіз болып табылады.
28. Конкурстық іріктеу жеңімпазын тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орны, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдар академиялық оқуға өтеусіз негізде қабылдаған жағдайда академиялық оқуға ақы төлеуді қоспағанда, шығыстарға ақы төлеу "Болашақ" стипендиясының жұмсау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу жеңімпазы "Болашақ" стипендиясы шеңберінде шарттық міндеттемелердің бұзылуына байланысы жоқ себептер бойынша тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орнында, сондай-ақ шетелдік және/немесе қазақстандық өзге ұйымдарда өтеусіз негізде академиялық оқу мүмкіндігінен айырылған жағдайда әкімші Комиссияның шешімі бойынша өтеусіз оқу мүмкіндігі аяқталған кезден бастап бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес академиялық оқуы аяқталғанға дейін, бірақ шартта белгіленген мерзімнен асырмай, "Болашақ" стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды толық көлемде төлеуді жүзеге асырады.
29. Шарт жасалған соң және осы Қағидалардың 24-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптар орындалғаннан кейін конкурстық іріктеу жеңімпаздарын әкімші шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/тағылымдамадан өтуге жіберуді және осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес ақша аударуды қамтамасыз етеді.
30. Конкурстық іріктеу жеңімпазы Республикалық комиссияның шешімі бойынша "Болашақ" стипендиясынан айырылған жағдайда Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстар, оған қоса тұрақсыздық айыбы (айыппұл) өтелуге тиіс.
Конкурстық іріктеу жеңімпазы "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан жағдайда Комиссияның шешімі бойынша Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап оған жұмсалған іс жүзіндегі барлық шығыстар өтелуге тиіс, тұрақсыздық айыбы (айыппұл) төленбейді.
Егер "Болашақ" стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмейтін күш мән-жайлары, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, ұрыс қимылдары, блокада, стипендия иегерінің науқастануы, сондай-ақ конкурстық іріктеу жеңімпазының бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамның (жұбайы/зайыбы, балалары) жалғыз қорғаншысы (қамқоршысы) болып тағайындалып, мұның медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталуы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы салдарынан болып, шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсерін тигізсе, мұндай әсер етуге тосқауыл қоюдың мүмкін болмауы және орын алған жағдайда қолдануға болатын ықтимал шаралар мен әрекеттің бәрінің қабылдануы шартымен "Болашақ" стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуден босатылады.
31. "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан не одан айырылған, сондай-ақ әкімші алдында қаржылық берешегі бар конкурстық іріктеу жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін жұмыс органы бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары
Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2025 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) жұмсау бағыттары "Болашақ" стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) академиялық оқуын немесе тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты мынадай шығыстарды төлеуді қамтиды:
1) виза (консулдық алым) ресімдеу, ұзарту;
2) шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру;
3) конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу;
4) шет тілі деңгейін айқындауға арналған аралық және қорытынды бақылау тестілеуін қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың тілдік курстардан өтуі қажет болған жағдайда – тілдік курстар;
5) академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту;
6) тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі – тіл мектебі) өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік ұйым) талаптары бойынша академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ конкурс жеңімпазының тілдік дайындығы, академиялық оқуы, тағылымдамасы процесінде қажетті міндетті көрсетілетін қызметтер;
7) академиялық оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу;
8) тілдік курстардан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және (немесе) шетелдік жоғары оқу орнының, тіл мектебінің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
9) конкурс жеңімпазының банк картасын ашу, қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері);
10) шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тіл мектептерінің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпаздарының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі;
11) жазатайым оқиғалар мен кенеттен сырқаттанудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру;
12) "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту басталған сәттен бастап Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тіл оқыту курстарынан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тіл оқыту курстарын, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру;
13) академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан артық болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын жерінен әрбір оқу жылының басында оқитын жеріне дейін және әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында виза ресімдеу не оның мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда академиялық оқу, тағылымдамадан, тіл оқыту курстарынан өтетін жерінен және кері бағытта жол жүру;
14) академиялық оқуды, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.
2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы тамақтану, тұру, оқу әдебиетін сатып алу шығыстарының нормаларын шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тіл мектептері, шетелдік ұйымдар, шетелдік әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясының жұмсау бағыттарының 1-тармағында көзделген шығыстар көрсетілетін қызметті беруші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.