Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың қорлар түрі мен көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды пайдалы қазбаларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуір N 320
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 144-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалар түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Каспий, "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев