"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 шілдедегі N 666 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың қорлар түрі мен көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды пайдалы қазбаларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуір N 320  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 144-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалар түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Каспий, "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа газды, мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады