Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы
мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1998 жылғы 23 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 876 қаулысымен
мақұлданған
жоба
1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің бүкіл мәтініндегі "жүктерді", "жүктердің," деген сөздер алынып тасталсын.
Келісімнің 7-бабында "және құрал-жабдықтарын" деген сөздер алынып тасталсын.
2-бап
Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын адамдардың кесіп өтуі, тауарларды, көлік құралдарын және жануарларды өткізу үшін Тараптар мемлекеттік шекара арқылы екі жақты және көп жақты өткізу пункттерін (бұдан әрі - өткізу пункттері) орнатады.
Екі жақты өткізу пункті - шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында тіркелген, тауарларды, жануарларды, сондай-ақ көлік құралдарын мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын шекаралық темір жол және автомобиль станцияларының, теңіз және өзен порттарының, халықаралық қатынастар үшін ашық өзге арнайы жабдықталған орындардың шегіндегі аумақ.
Көп жақты өткізу пункті - шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің және басқа мемлекеттердің адамдарын, тауарларын, жануарлары мен көлік құралдарын мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын шекаралық темір жол және автомобиль станцияларының, теңіз және өзен порттарының, халықаралық қатынастар үшін ашық өзге арнайы жабдықталған орындардың шегіндегі аумақ.
Өткізу-пункттерінің тізбелерін Тараптар дипломатиялық арналар арқылы келіседі.".
3-бап
Келісімнің 6-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Өзге жағдайларда өткізу пункті арқылы қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға ниет білдіретін Тарап үш айдан кешіктірмей енгізілетін шектеулер немесе тыйым салулар туралы екінші Тарапты хабардар етеді.".
4-бап
Келісімнің 10-бабындағы "келесі бес жылға" деген сөздер "кезекті бесжылдық кезеңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
5-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады
және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
200_ жылғы "___"______ _______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқалық данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін