2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 897 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 29 қыркүйектегі
N 897 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға
Қосымша хаттама I. Жалпы ережелер

      А. Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) Меморандумның және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында өзгерістер енгізуге келіседі.
      В. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі төменде сипатталған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша көмек көрсету үшін 1210000 (бір миллион екі жүз он мың) АҚШ долларын ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес Америка Құрама Штаттары Үкіметінің басқа органдары және жағдай бойынша басқа институттар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақшалай қаржы бөлу арқылы тиісті оқытуды және жабдықты ұсынады.
      С. Осы Қосымша хаттамада көзделетін ақшалай қаржы мыналарға бағытталған үш жобаға қолданылады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне адам саудасына қарсы күресте бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне адам саудасына, есірткі құралдарының, прекурсорлар мен басқа да контрабанданың заңсыз трафигіне; террористер мен террористік мақсаттағы материалдар транзитіне, сондай-ақ заңсыз кірістердің транзитіне қарсы күрес мақсатында шекара қауіпсіздігін жақсарту жөнінде жәрдемдесуге;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте жәрдемдесуге.
      D. Осы жобаларды қолдау үшін Тараптар қолданатын іс-әрекеттер және ұсынатын ресурстар төменде көрсетілген.
      Е. Осы жобалар бойынша қаражат бөлу Америка Құрама Штаттары Конгресінің жыл сайынғы мақұлдауы мен қорларының қаражат бөлуіне, сондай-ақ оларды Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік Департаментінің бекітуіне байланысты.
      F. Меморандум шеңберінде немесе оған сәйкес Америка Құрама Штаттарының Үкіметі қаржыландырған Америка Құрама Штаттарының Үкіметі не жеке тұлға не ұйым (мердігерлер мен гранттарды алушыларды қоса бірақ шектелмей) әкелген немесе Қазақстанда сатып алған кез келген мүлік немесе қаржы қаражаты барлық салықтардан, қызмет көрсету алымдарынан, инвестициялар мен депозиттер бойынша талаптардан босатылады. Меморандумға сәйкес кез келген осындай мүлікті немесе қаржы қаражатын әкелу, әкету, сатып алу, алу, пайдалану немесе иелену Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық тарифтерден, кедендік баждардан, импорт және экспорт салықтарынан, алу, сатып алу және иелену салықтарынан, қосылған құн салығынан және басқа да салықтардан немесе сол сияқты алымдардан босатылады.

II. Жобалардың сипаттамасы, мақсаты мен бағалауы

      А. Шекара қауіпсіздігін күшейту жөніндегі жоба (450000 - төрт жүз елу мың АҚШ доллары)
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты (бұдан әрі - Әскери институт) мен Америка Құрама Штаттарының Шекара патрулі академиясы арасындағы кәсіптік қарым-қатынасты нығайту осы жобаның мақсаты болып табылады. Жоба шеңберінде қажетті білім мен ағылшын тілін білетін соңғы курстың студенттері мен оқытушыларын Америка Құрама Штаттарының Шекара патрулі академиясына немесе басқа жағдай бойынша құқық қорғау органдарының жанындағы оқу орындарының мамандандырылған курстарына жіберуге қолдау көрсетіледі. Әскери институт немесе шекарашыларды дайындайтын басқа да оқу орталықтары базасында тыңдаушылар, оқытушылар мен офицерлер үшін оқуды Америка Құрама Штаттарының және басқа елдердің сарапшылары жүргізеді. Оқушыларды оқыту бағдарламасы шеңберіндегі қаржының бір бөлігі оқытушылар мен Шекара қызметінің басқа да офицерлерін құқық қорғау агенттіктеріне және шет елдің білім беру институттарына жіберу үшін және Қазақстанға шет ел оқытушыларын шақыруға қолданылуы мүмкін. Қаржының бір бөлігі оған жабдықтар, жиһаздар беру және үй-жайға бағаланғаннан кейін қымбат емес жөндеу жүргізу арқылы Қазақстанда өңірлік оқу орталықтарын құруға бағытталған. Қаржының бір бөлігі Шекара қызметінің офицерлерін, бақылаушыларын және инспекторларын есірткі курьерлерін анықтау әдісі, есірткіні жасыру тәсілін, есірткіні анықтау, жалған құжаттарды сәйкестендіру және басқа да тақырыптар әдістері бойынша мамандандырылған оқуды ұсынуға бағытталған. Мамандандырылған жабдық пен автомобильдер Қазақстан шекарасының тиісті жабдықталмаған өткізу пункттеріне берілетін болады. Шекаралық қызметке ұсынылған жабдықтардың үлгілері де Әскери институтқа және/немесе басқа да оқу орталықтарына да жіберіледі. Қаржы болған кезде фильмдер мен басқа да оқу материалдарын әзірлеуге қажетті компьютерлер мен басқа да аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылатын болады.
      2. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
      нұсқаушылар\сарапшылар мен қажетті оқу материалдарын ұсынады;
      осы жобаға байланысты барлық сатып алуды қамтамасыз етеді;
      жоғарыда көрсетілген жабдықтарды Америка Құрама Штаттары Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен ұсынады;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Америка Құрама Штаттарының Үкіметі қаржыландыратын іс-шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұсынады;
      жоба талаптарына жауап беретін құжаттарды ұсынғаннан кейін Қазақстан тарапынан семинарға қатысушылардың көлік шығыстарын жабады;
      алыстан оқуға қатысуға келген қазақстандық қатысушылардың тәуліктік шығыстарын ұсынады;
      Америка Құрама Штаттары Үкіметінің қаржыландыруы есебінен өткізілетін алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпаратты іс-шара басталғанға дейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
      көмек көрсетілген сәттен бастап 1 шілдеден және келесі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей ресми арналар арқылы атқарылған іс-шаралар, қол жеткізген мақсаттар мен бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржы шығыстары, сатып алынған жабдықтар және басқа да деректер туралы ақпаратты қамтитын есеп береді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      оқу бағдарламасын өткізуге үй-жай ұсынады;
      қолда бар оқу жабдықтарын ұсынады;
      Америка Құрама Штаттары Үкіметінің қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылатын жобаның талаптарына жауап беретін оқуға үміткерлердің тізімі мен олар туралы ақпаратты іс-шара басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
      Қазақстанның заңнамасын білуімен, атап айтқанда оқу іс-шараларына қатысты шекара қауіпсіздігі мен басқа да тақырыптар мәселелерінде бірлескен оқытуды өткізу үшін нұсқаушыларды ұсынады;
      оқушыларға оқыту курсын өткізетін Шекара қызметінің офицерлері мен нұсқаушыларын ұсынады;
      келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (көмек көрсетілген сәттен бастап) Астана қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігіне ресми арналар арқылы атқарылған іс-шаралар, қол жеткізген мақсаттар мен жобаның 4) тармақшасында көрсетілген өлшемдерге сәйкес жобаның тиімділігін растайтын деректер туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Деректер өткізу пункттерінде алынған заңсыз есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, заңсыз көшіп қонушылардың, контрабандалық тауарлардың және адам сатудың, тұтқындар мен табысты өткізілген қылмыстық қудалаулардың саны туралы статистиканы қамтитын болады. Жобаның тиімділігі жыл сайынғы есептердегі ақпарат бойынша бағаланады.
      4. Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
      аталған жоба шеңберінде жабдық пен білім алатын Қазақстан шекарасындағы өткізу пункттерінде заңсыз көшіп қонушыларды адам сатушыларды тұтқындау, заңсыз тауарларды, есірткілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды алу санының артуымен;
      Әскери институтты бітірушілердің Америка Құрама Штаттарының Шекара патрулі академиясының немесе басқа да оқу орындарының мамандандырылған курстарын табысты аяқтауымен;
      Есірткілерді, психотроптық заттар мен прекурсорларды, заңсыз көшіп қонушыларды және басқа да контрабандаларды әкелуді болдырмау жөніндегі оқу курстарынан өткен персоналдар санының көбеюімен.
      В. Ақпарат алмасу және оқыту арқылы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қабілетін арттыру жөніндегі жоба (410000 - төрт жүз он мың АҚШ доллары)
      1. Аталған жоба шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - ІІМ) офицерлік құрамның кәсіби дағдыларын арттыруға жәрдемдеседі. Оқу курстары шеңберінде есірткі курьерлерін анықтау мәселелері, есірткілердің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу әдістері, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі операциялар мен тергеу жүргізу әдістері, заңнама бойынша ұсыныстар дайындау мен заңнамада талап етілетін рәсімдерге офицерлерді оқытуды көздейді. Осы жоба шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Үкіметі ұтқыр және стационарлық бекеттерге мамандандырылған оқуды, қажетті жабдықты және автомобильді ұсынады. Жоба шеңберінде есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері үшін есірткілерді сәйкестендіру бойынша семинарлар өткізу жалғасады. Қаржыландыру, сондай-ақ оқушыларды оқыту қағидаты, оқу сапарлары және бекеттерде қызмет атқарып жатқан офицерлер үшін далалық оқыту бойынша курстарды өткізу арқылы ішкі істер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қолданылатын болады. Қаржыландыру болған кезде жоба шеңберінде IIМ-нің оқу орталықтарын құруға, оларға қымбат емес жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жабдық пен жиһаз ұсынуға көмек көрсетіледі. Қаржыландырудың бір бөлігі есірткіге қарсы күрес стратегиясын әзірлеу бойынша кездесулерді, байланыс орнату және Америка Құрама Штаттарының Федералдық іздестіру бюросының, Ішкі қауіпсіздік министрлігінің, Есірткіні бақылау агенттігінің, Әділет министрлігінің және басқа да ведомстволарының ресми өкілдерімен байланысты қолдау бойынша кездесулерді және басқа да іс-шараларды өткізуді жалғастыруға қолданылады.
      2. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
      осы жобаға байланысты барлық сатып алуларды қамтамасыз етеді;
      жоғарыда көрсетілген жабдықтарды Америка Құрама Штаттары Үкіметінің шешімі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша ұсынады;
      нұсқаушылар мен қажетті оқу материалдарын ұсынады;
      жоба талаптарына жауап беретін құжаттарды ұсынғаннан кейін Қазақстан тарапынан семинарға қатысушылардың көлік шығыстарын жабады;
      алыстан оқуға қатысуға келген қазақстандық қатысушылардың тәуліктік шығыстарын ұсынады;
      Америка Құрама Штаттары Үкіметінің қаржыландыруы есебінен өткізілетін алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпаратты іс-шара басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
      көмек көрсетілген сәттен бастап 1 шілдеден және келесі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей ресми арналар арқылы атқарылған іс-шаралар, қол жеткізген мақсаттар мен бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржы шығыстары, сатып алынған жабдықтар және басқа да деректер туралы ақпаратты қамтитын есеп береді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      оқу бағдарламасын өткізуге үй-жай ұсынады;
      қолда бар оқу жабдықтарын ұсынады;
      оқу орталығын ашу үшін орын ұсынады (екі тарап Үкіметінің келісімі бойынша);
      Америка Құрама Штаттары Үкіметінің қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылатын жобаның талаптарына жауап беретін оқуға үміткерлердің тізімі мен олар туралы ақпаратты іс-шара басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
      келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (көмек керсетілген сәттен бастап) Астана қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігіне ресми арналар арқылы атқарылған іс-шаралар, қол жеткізген мақсаттар мен жобаның 4) тармақшасында көрсетілген өлшемдерге сәйкес жобаның тиімділігін растайтын деректер туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Деректер өткізу пункттерінде алынған заңсыз есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, заңсыз көшіп қонушылардың, контрабандалық тауарлардың және адам сатудың, тұтқындар мен табысты өткізілген қылмыстық қудалаулардың саны туралы статистиканы қамтитын болады. Жобаның тиімділігі жыл сайынғы есептердегі ақпарат бойынша бағаланады.
      4. Жобаның мақсатына қол жеткізудегі табыс мынадай өлшемдермен бағаланады:
      заңсыз есірткіні алу санының, есірткімен байланысты ашылған істер санының, есірткімен байланысты қылмыстары үшін қылмыстық қудаланғандар, сотталғандар санының артуы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі стратегиясын қайта қарау және/немесе түзету;
      есірткіні сату күдігі бойынша қылмыстық іс жүргізу үрдісінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің зертхана нәтижелері мен және материалдарын неғұрлым ұдайы пайдалануы.
      С. Адам саудасына қарсы күрес бойынша жоба (350000 - үш жүз елу мың АҚШ доллары)
      1. Аталған жоба адам саудасына қарсы күресті күшейтуді іске асыруда мынадай төрт бағыт бойынша бағытталған:
      (і) Анықталған және тергелген істердің деңгейін арттыру мақсатында ішкі істер органдарының жедел қызметкерлері мен тергеушілерін оқытуға (50000 - елу мың АҚШ доллары);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтының (ІІМ Институты) базасындағы Заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі оқу орталығында (Оқу орталығы) оқу іс-шараларын қаржыландыруды жалғастыру. Жоба адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша ІІМ Институтының студенттері, ішкі істер органдарының жұмыс істеп жатқан қызметкерлері (кәсіби даярлық курстарынан өту мақсатында ІІМ Институтына ІІМ бұйрығына сәйкес іссапарға жіберілгендер) мен Оқу орталығының оқытушылары үшін Оқу орталығында немесе оқу іс-шараларын өткізудің басқа да орындарында тренингтер өткізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу сессиялары адам саудасы және құрбандарды анықтау техникасы бойынша істерді тергеу әдістеріне бағытталған болады, адам саудасы бойынша істің табысты анықталуы мен тергелуіне қажетті жаңа білім береді. Сондай-ақ тренингтер өзіне адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы өзгерістерді іске асыру мен қолданудың үздік практикасын да қамтитын болады. Қажет болған кезде қорлар Оқу орталығы үшін қажетті жабдықтарды, оқу материалдарын сатып алуға қолданылады, бірақ бөлінген қаражаттың негізгі мақсаты оқыту болады. Қажет болған кезде Америка Құрама Штаттарының Үкіметі халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында заң ЖОО-ларын адам саудасы пәнін зерделеу үшін оны оқу жоспарын әзірлеуге және жақсартуға үлес қосады.
      (іі) Қылмыстық іздестіруді жақсарту және үкімдер санын арттыру мақсатында прокурорлар мен соттарды оқыту (50000 - елу мың АҚШ доллары);
      Сотқа дейінгі қылмыстық істердің, қылмыстық істер бойынша қабылданған сот шешімдерінің, шығарылған үкімдер мен жазасын өтеуге қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар санын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Есқараев атындағы прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты базасында прокурорлар үшін (және/немесе оқу іс-шараларын өткізетін басқа да орындарда) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың біліктілігін арттыру институты базасында соттар үшін (және/немесе оқу іс-шараларын өткізетін басқа да орындарда) оқу іс-шараларын қаржыландыру. Оқу орталығы, Біліктілікті арттыру институттары немесе оқу іс-шараларын өткізетін басқа да орындар қылмыстық іздеуге, адам саудасына қатысы бар трафикерлер мен ресми адамдарды жазасын өтеумен қылмыстық жауапкершілікке тарту мен үкімдер шығару үшін қажетті рәсімдер бойынша прокурорлар мен соттарды оқыту үшін пайдаланылады. Тренингтер, дөңгелек үстелдер немесе кездесулер адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамаға өзгерістерді іске асыру мен қолданудың 2006 жылғы үздік практикасын, сондай-ақ оны жетілдіру мүмкіндігін талқылауды қамтитын болады. Кездесулер сондай-ақ заңнамаға өзгерістер қабылдағаннан кейін іс жүргізуде жатқан адам саудасы жөніндегі істерді талдау мақсатында өткізілуі мүмкін. Қаржыландырудың бір бөлігі ҮЕҰ-ның шағын гранттары және/немесе басқа ұйымдарға халықаралық сарапшылардың қатысуымен оқу немесе дөңгелек үстел өткізу үшін берілуі мүмкін.
      (ііі) Адамдар саудасы халықты хабардар етуді арттыру және жолын кесу үшін қоғамды ақпараттандыру (50000 - елу мың АҚШ доллары);
      ҮЕҰ гранттарын бөлу арқылы қоғамды ақпараттандыру және/немесе басқа ұйымдармен ақпараттық материалдарды, жарнамалық роликтерді, бейне фильмдерді әзірлеу үшін немесе адам саудасының табиғаты мен қаупі туралы халықты хабардар ету мен білімін арттыру үшін басқа да ақпараттық науқандар өткізу үшін бағдарламаны қаржыландыру. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен ынтымақтастық кезінде құқықтық реформаны жалғастыру қажеттілігін насихаттау, трафикерлерді қудалаудың заңнамалық шараларын күшейту және трафик құрбандарына көмек көрсету және қорғау мақсатында мемлекеттік секторларды, заң институттарын, ассоциациялар мен басқа да қоғамдық институттарды ақпараттандыру. Бағдарламалардың тізіміне ішкі істер органдары қызметкерлерінің, ішкі істер органдары тергеушілерінің, прокурорлар мен соттардың ой-өрісін жетілдіру; құқық қорғау органдарының қызметін жарықтандыру; және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасу бойынша іс-шаралар көзделген.
      (іv) Трафик құрбандарына көмек көрсету және қорғау (20000 - жиырма мың АҚШ доллары).
      Бұл құрамдас бөлік шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру адам саудасы құрбандарына көмек көрсету жөніндегі құзыретті орган/органдар арқылы және олардың келісімімен іске асырылатын болады, сонымен қатар осы толықтыру аталған қорларды уәкілетті органдарға тікелей тапсыруды білдірмейді. Қорлар адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге және қорғауға қосымша қаржы бөлуді насихаттау, донорларға тәуелсіз адамдар саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандары үшін үй-жай құру жөніндегі жұмысты қолдау үшін мемлекеттік және жеке серіктестік қатынасты құру жөнінде ҮЕҰ жұмысы үшін қолданылатын болады. Қаржыландырудың бір бөлігі Қазақстан Үкіметі үйлерді қолдауы кезінде, үйлер үшін үй-жайларды жөндеу мен жабдықтауға қолданылуы мүмкін.
      Қорлар адам саудасы құрбандарын қорғау, оңалту, адам саудасының құрбандарын қайта интеграциялау және жіберу тетігі бойынша заңнаманы жақсарту үшін жергілікті, облыстық, ұлттық және халықаралық деңгейде жұмыс топтарын, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу сессияларын өткізуге қолданылады.
      Жергілікті органдармен, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта қорлар кездесулер мен адам саудасының құрбандары үшін үйлерді ашу мен жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен және басқа да адамдармен консультациялар өткізу үшін басқа да іс-шараларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады. Қорлар ҮЕҰ-мен және/немесе басқа ұйымдармен бірлесіп үйлерді ашу мен жетілдіру және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету бойынша бизнес қоғамдастығы, азаматтық ұйымдар және үкімет арасындағы мемлекеттік және жеке ынтымақтастықты қолдауға пайдаланылатын болады. Қаржыландырудың бір бөлігі адам саудасы туралы істер бойынша тергеу жүргізілетін уақытта адам саудасының құрбандарына заңды, психологиялық және медициналық көмек көрсетуге бөлінуі мүмкін. Қаржыландырудың бір бөлігі халықаралық ұйымдарға, ҮЕҰ немесе басқа да қоғамдық ұйымдарға грант түрінде адам саудасы жөніндегі жобаларды іске асыруға ұсынылуы мүмкін.
      2. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
      халықаралық және жергілікті нұсқаушыларды және оқу материалдарын ұсынады;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша жабдықтарды ұсынады;
      осы жобаға байланысты сатып алуларды ұйымдастырады;
      басқа елдердің адам саудасына қарсы күрес саласындағы қызметін, осы мақсаттарға жауап беретін аталған қызмет шамасында үйлестіруді жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      оқу бағдарламасын өткізуге орын ұсынуға;
      адам саудасының құрбандары үшін үйлерді ұйымдастыруға үй-жай ұсынады;
      адам саудасына қарсы күрес және басқа да оқу бағдарламалары саласында Қазақстанның заңнамасын білетін нұсқаушыларды ұсынуға;
      сұралған ақпаратқа сәйкес оқуға үміткерлердің тізімін курс басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға;
      келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей Америка Құрама Штаттарының Астана қаласындағы Елшілігіне ресми арналар арқылы Қазақстан Республикасындағы тұтқындау, қаралып жатқан істердің саны, сотталған трафикерлердің саны туралы жобаны іске асырудың әрбір жылдардағы статистикалық деректерін ұсынуға міндетті.
      4. Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
      қозғалған және табысты тергелген істер санының артуы;
      адам саудасына байланысты істер бойынша тұтқындаулар, тергеулер, қылмыстық іздеулер, сотталғандар және шығарылған үкімдер санының артуы;
      адам саудасы жөніндегі қылмыстарға өздері қатысып сотталған лауазымды тұлғалардың санының артуы;
      жұртшылықты ақпараттандыру бойынша таратылған ақпараттық материалдар мен өткізілген іс-шаралар санының артуы;
      құтқарылған құрбандардың қоғамға табысты кірігуі санының артуы.

III. Бағалаудың жалпы жоспары

      А. Осы Қосымша хаттаманың II бөлімінің А-С тармақтарында көрсетілген жобалардың әрқайсысын бағалау кезінде тараптар:
      1) осы Қосымша хаттама күшіне ену күнінен бастап жылына кемінде бір рет:
      талқылау сәтінде қол жеткізілген табыстарды;
      жобаларды жетілдіру немесе оған өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылау үшін кездесуге;
      2) жобаларға алдыңғы өзгерістер қаншалықты табысты екенін талдауға келіседі.
      В. Әрбір жобаның қорытынды кезеңінде Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бюросының (INL) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болашақтағы жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жетістіктер мен кемшіліктерге жан-жақты сипаттама бере отырып, әрбір жобаны толық бағалауды жүргізеді.

IV. Қорытынды

      Осы Қосымша хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және өзінің қолданылуын Тараптар осы Қосымша хаттамада көзделген барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін тоқтатады.
      Өзара түсіністік туралы меморандумның барлық шарттары өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге қолданылып қала береді.
      2008 жылғы "____" ________________ Астана қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы бірдей заңды күші бар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды.

       Қазақстан Республикасының            Америка Құрама Штаттарының
      Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады