2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімнің қосымша келісіміне қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 989 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге қосымша келісімнің жобасы (бұдан әрі - Қосымша келісім) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қосымша келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
N 989 қаулысымен   
мақұлданған     

жоба

2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге қосымша келісім

      Астана қ.                               2008 жылғы " "

      Бұдан әрі "Құзыретті орган" деп аталатын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет жасайтын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев бірінші тараптан, және бұдан әрі "Концессионер" деп аталатын Жарғы негізінде әрекет жасайтын "Батыс транзит" акционерлік қоғамы атынан басқарма төрағасы Асқар Кежекұлы Ысқақов екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге төмендегі қосымша келісімді (бұдан әрі — Қосымша келісім) жасасты:
      1. "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1217 қаулысымен мақұлданған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге (бұдан әрі - Концессиялық келісім) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      "Келісімнің мәні" деген 2-бөлімде:
      4-тармақта:
      екінші абзацтағы "2008 жылдың 30 маусым аралығы" деген сөздер "2008 жылдың 31 желтоқсан аралығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "2008 жылдың 1 шілдесінен" деген сөздер "2008 жылдың 1 қаңтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Құрылыс аяқталған күннен бастап Объект мемлекеттік меншікке беріледі және бүкіл пайдалану кезеңінде Концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады. Осы Келісімде көрсетілген жағдайлардан басқа, иелену және пайдалану құқықтары Концессионерден талап етілмейді";
      "Тараптардың ортақ құқықтары мен міндеттері" деген 5-бөлімде:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "пайдалану мерзімі" деген сөздер "салу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 25) тармақшасындағы "пайдалану мерзімінен" деген сөздер "құрылыс аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Құрылыс кезеңі" деген 8-бөлімде:
      1-тармақтағы "2,5 дәйекті" деген сөздер "3 дәйекті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Пайдалану кезеңі" деген 9-бөлімде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Электр энергиясын беру мен бөлу жөніндегі қызметтерге арналған тарифті немесе инвестициялық тарифті, қызмет көрсетуді бастаған сәттен бастап заңнамаға сәйкес табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді";
      "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге қосымшада "Қаржы-экономикалық модель" деген бөлімде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бекітілген ЖСҚ-ға сәйкес құрылысқа арналған шығыстар 19 898 603 000 (он тоғыз миллиард сегіз жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз үш мың) теңгені құрайды";
      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "Басқа қарыздар мен кредиттердің мөлшері - 0 теңге" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақта:
      6) тармақшаның екінші абзацындағы "1,056 цент/кВт.с (ҚҚС-сыз, 134,5/1 АҚШ доллары бағамы бойынша)" деген сөздер "1,94 теңге/кВт.с (ҚҚС-ын есепке алмағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийінде инвестициялық тарифті индекстеу мөлшері 4 % құрайды" деген сөздер "инвестициялық тарифті индекстеу мөлшері соңғы күнтізбелік жылдағы инфляция деңгейіне тең келеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қосымша келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      3. Қаралмаған шарттар бөлігінде Концессиялық келісім өзгеріссіз қалады.
      4. Қосымша келісім бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.

  Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктің деректемелері

Құзыретті орган:                              Концессионер:

Қазақстан Республикасының                    "Батыс транзит"
Энергетика және минералдық                 акционерлік қоғамы
ресурстар министрлігі

010000, Астана қ., Қабанбай батыр   050008, Алматы қ., Алмалы ауданы,
көшесі, 22                          Шевченко көшесі, 162-Ж
СТН 031400129613                    СТН 600400554861
БСК 195 301 070                     БСК 190501956
ЖСК 000120200                       "АТФ Банк" АҚ-ның Алматы қ.
Астана қ. бойынша Қазынашылық       филиалындағы
департаменті                        е/ш 08546789

Қазақстан Республикасының        "Батыс транзит" АҚ
Энергетика және минералдық       басқарма төрағасы
ресурстар министрі               А.К.Ысқақов
С.М.Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады