Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Статистикалық жұмыстардың 2008 жылға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 17, 158-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2008 жылға арналған жоспарында:
"Статистикалық байқаулар" деген І-бөлімде:
"Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар" деген 1-бөлімшеде:
"Ауыл, орман және балық шаруашылығы статистикасы" деген 1.2-тарауда:
реттік нөмірі 2-жолда:
3-бағанда "жылдық" деген сөзден кейін ", айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"4 қаңтар, 2 қараша, 2 желтоқсан";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"25 қаңтар, 10 қараша, 10 желтоқсан";
"Ведомстволық статистикалық байқаулар" деген 2-бөлімшеде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2.5-тарауда:
реттік нөмірі 1-жолда:
5-бағанда "7, 17, 27 қараша, 7, 17, 27 желтоқсан" деген сөздер алынып тасталсын;
6-бағанда "5 қараша, 5 желтоқсан" деген сөздер алынып тасталсын;
"Статистикалық жұмыстар" деген ІІ-бөлімде:
"Жалпымемлекеттік статистикалық жұмыстар" деген 1-бөлімшеде:
"Ауыл, орман және балық шаруашылығы статистикасы" деген 1.2-тарауда:
реттік нөмірі 12-жолда:
2-бағанда "бұршақты" деген сөзден кейін "(дәнге арналған)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-бағанда "жылдық" деген сөзден кейін ", айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"25 қаңтар, 10 қараша, 10 желтоқсан";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2-аш (астық)".
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілігі нысандарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 1 және N 2 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қарашадағы N 1191 қаулысы .
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов