Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 297 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 2 және 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1191 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1056 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Статистикалық жұмыстардың 2008 жылға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 17, 158-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2008 жылға арналған жоспарында:
      "Статистикалық байқаулар" деген І-бөлімде:
      "Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар" деген 1-бөлімшеде:
      "Ауыл, орман және балық шаруашылығы статистикасы" деген 1.2-тарауда:
      реттік нөмірі 2-жолда:
      3-бағанда "жылдық" деген сөзден кейін ", айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "4 қаңтар, 2 қараша, 2 желтоқсан";
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "25 қаңтар, 10 қараша, 10 желтоқсан";
      "Ведомстволық статистикалық байқаулар" деген 2-бөлімшеде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2.5-тарауда:
      реттік нөмірі 1-жолда:
      5-бағанда "7, 17, 27 қараша, 7, 17, 27 желтоқсан" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-бағанда "5 қараша, 5 желтоқсан" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Статистикалық жұмыстар" деген ІІ-бөлімде:
      "Жалпымемлекеттік статистикалық жұмыстар" деген 1-бөлімшеде:
      "Ауыл, орман және балық шаруашылығы статистикасы" деген 1.2-тарауда:
      реттік нөмірі 12-жолда:
      2-бағанда "бұршақты" деген сөзден кейін "(дәнге арналған)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағанда "жылдық" деген сөзден кейін ", айлық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "25 қаңтар, 10 қараша, 10 желтоқсан";
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-аш (астық)".
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілігі нысандарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 1 және N 2 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қарашадағы N 1191 қаулысы .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады