Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1240 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 176 қаулысында :
3-тармақтағы "500 (бес жүз) тонна дизель отынын және 500 (бес жүз тонна) жағатын мазутты" деген сөздер "481,109 (төрт жүз сексен бір бүтін бір жүз тоғыз) тонна дизель отынын және 479,434 (төрт жүз жетпіс тоғыз бүтін төрт жүз отыз төрт) тонна жағатын мазутты" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта :
1) тармақшадағы "66495500 (алпыс алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың бес жүз)" деген сөздер "65772500 (алпыс бес миллион жеті жүз жетпіс екі мың бес жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "78291700 (жетпіс сегіз миллион екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз)" деген сөздер "60533679,02 (алпыс миллион бес жүз отыз үш мың алты жүз жетпіс тоғыз теңге екі тиын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "4202358,3 (төрт миллион екі жүз екі мың үш жүз елу сегіз теңге отыз тиын) деген сөздер "977210 (тоғыз жүз жетпіс жеті мың екі жүз он)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 196 қаулысында :
4-тармақтың 1) тармақшасындағы "500268500 (бес жүз миллион екі жүз алпыс сегіз мың бес жүз)" деген сөздер "410319409 (төрт жүз он миллион үш жүз он тоғыз мың төрт жүз тоғыз)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қытай Халық Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 мамырдағы N 495 қаулысында :
4-тармақтың 1) тармақшасындағы "433213840 (төрт жүз отыз үш миллион екі жүз он үш мың сегіз жүз қырық)" деген сөздер "426459474 (төрт жүз жиырма алты миллион төрт жүз елу тоғыз мың төрт жүз жетпіс төрт)" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Құпия.