Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы салдарынан болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес шығарылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтардың құнын өтеуге 410319409 (төрт жүз он миллион үш жүз он тоғыз мың төрт жүз тоғыз) теңге сомасында қаражат;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жеткізуге байланысты көліктік шығыстардың құнын өтеу үшін 2521680 (екі миллион бес жүз жиырма бір мың алты жүз сексен) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1240 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 27 ақпандағы
N 196 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарының тізбесі және көлемі
Р/с N № |
Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бір- лігі |
Саны | Құны (теңге) |
Сомасы (теңге) |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 |
Матрац |
дана |
7 000 |
1 800 |
12 600 000 |
2 |
Жастық тысы |
дана |
14 000 |
650 |
9 100 000 |
3 |
Ақ жайма |
дана |
28 000 |
950 |
26 600 000 |
4 |
Кереует |
дана |
7 000 |
13 000 |
91 000 000 |
5 |
Жастық |
дана |
7 000 |
900 |
6 300 000 |
6 |
Көрпе |
дана |
7 000 |
2 500 |
17 500 000 |
7 |
8 орындық қысқы палаткалар |
дана |
75 |
186 000 |
13 950 000 |
8 |
10 орындық қысқы палаткалар |
дана |
250 |
285 000 |
71 250 000 |
9 |
12 орындық қысқы палаткалар |
дана |
325 |
300 000 |
97 500 000 |
10 |
Дала асханасы |
дана |
10 |
1 200 000 |
12 000 000 |
11 |
Жылыту пеші |
дана |
650 |
25 000 |
16 250 000 |
12 |
525 гр ет консервілері |
нақты б. |
133 188 |
210 |
27 969 480 |
13 |
338 гр ет консервілері |
нақты б. |
216 855 |
192 |
41 636 160 |
14 |
Макарон бұйымдары |
кг |
69 300 |
100 |
6 930 000 |
15 |
"ТС-1" авиация отыны |
тн |
120 |
135 000 |
16 200 000 |
16 |
"Қысқы" дизель отыны |
тн |
292 |
95 000 |
27 740 000 |
17 |
525 гр ет консервілері |
нақты б. |
24 396 |
210 |
5 123 160 |
18 |
Макарон бұйымдары |
кг |
6 197 |
100 |
619 700 |
Барлығы |
500268500 |