Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне
(Жалпы бөлім), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат):
193-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "Үкіметі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оның шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Жер кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 15-16, 64-құжат):
16-бап 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жер қойнауын пайдалану, магистральдық құбырлар, мұнай мен газ объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын (кең таралғанынан басқасын) қазуға, магистральды құбырлар салу, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;";
2) 43-бап 11-тармағының бірінші бөлігі "өзгеше көзделмесе" деген сөздерден кейін "немесе, егер жер учаскесін пайдалану инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырумен байланысты болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;
48-баптың 1, 1-1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру жер учаскесі немесе жер учаскесін жалға алу құқығы мынадай:
1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;
2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
4) мемлекеттік және (немесе) уәкілетті органдар өткізетін объектілер салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға, және мұндай құрылыс көрсетілген тұлғаларға тікелей жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығында және (немесе) өзге де мүліктік құқықта үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес жақын орналасқан аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейту және қайта жөндеу үшін;
6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
7) халықтың жеке ауласын ұстау жөніндегі мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында, жайылымдық және шабындық алаңдар үшін, сондай-ақ бақшашылық мақсаттар үшін;
8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
9) Қазақстан Республикасының инвестиция туралы заңнамасына сәйкес жасалған Келісім-шарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
10) арнайы экономикалық аймақтардың, индустриалдық аймақтардың жерлері құрамынан;
11) темір жол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтаждары үшін, байланыс пен энергетика мұқтаждары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
12) халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған жалпы пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазалау құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер) үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілер үшін;
13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді пайдаланудың айрықша шарттары бар аймақтарды белгілеу үшін;
14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақшашылық жүргізу, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін;
15) оралмандарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге және жеке тұрғын үй құрылысы үшін;
16) мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделер мен қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық стратегиялық жобалар мен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;
17) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға мақсаттарға берілетін жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.
1-1. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына-шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауылшаруашылық өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейін жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
2. Сатуға арналған жер учаскесі:
жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;
жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;
құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың техникалық шарттары анықталғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;
сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.".
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексі
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат):
51-баптың 4-тармағы "Мемлекеттік" деген сөз "Осы Кодекстің 37-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық қызмет шеңберінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың 1 және 2-сатысындағы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ұлттық басқарушы холдинг пен жалғыз акционері (қатысушысы) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздерге ауыстырылсын.
4. 2008 жылғы 20 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
(Салық кодексі):
106-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстардың сомаларын:
банктерде орналасқан ағымдағы және корреспонденттік шоттарды қоса алғанда, депозиттерді;
банктерге және клиенттерге берілетін кредиттерді (қаржы лизингін қоспағанда);
құжатты есептемелер мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
кепілдікпен шығарылған немесе расталған өтелмеген шартты міндеттемелерді шегеруге құқығы бар.
Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз активтер санатына жатқызу тәртібін ұлттық басқарушы холдингтің басқармасы айқындайды.".
5. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат):
1-баптың 22) тармақшасындағы "ұлттық холдинг" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 жылғы 24 қазандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы жүйесінің орнықтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңы
; 2008 жылғы 25 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы
Заңы
):
1) 2-бапта:
3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер құрамына банк кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйымы ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар болып табылса, онда банк конгломераты болып мыналар танылады:
банк;
банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг;
банктің, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің еншілес ұйымдары;
банктің, банктің еншілес ұйымдарының, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің тәуелді ұйымдары.";
4) тармақшаның бірінші абзацында "(осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда)" деген сөздер "(осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшаның бірінші абзацында "(мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздер "(осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық басқарушы холдинг, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар аффилиирленген тұлғалар болып табылмайды.";
3) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекет Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің, не егер осындай заңды тұлғалар банктің акцияларын сатып алу туралы ұлттық басқарушы холдинг шешім қабылдаған жағдайда, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың атынан ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады.";
7-тармақтағы "ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингті, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар банктік холдинг, банктің ірі қатысушысы болып табылмайды.";
5) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға" деген сөздер "немесе агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 34-бапта:
1-1-тармақта:
"немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның" деген сөздер ", номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің, немесе агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның" деген сөздер ", немесе агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 50-баптың 4-тармағында "табыс ету" деген сөздерден кейін "(;)" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) талап құқығы мемлекет екінші деңгейлі банктердің классификацияланған активтерін сатып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе көрсетілген заңды тұлғаның басқаруына қабылданатын екінші деңгейлі банктердің мәліметтер ұсынуы";
8) 62-баптың 2-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің және (немесе) өтемпаздық коэффициентінің орындалмауы;";
9) 73-1-бапта:
Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банк уәкілетті органның келісімі бойынша заңды және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен және шартпен басқа банкке (банктерге) бір уақытта беру жөніндегі операцияны жүзеге асыруға құқылы. Беру туралы шешімді банктің басқару органы қабылдайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Міндеттемелерді беру депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы-банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді алдағы уақытта беру туралы хабарландыруды жариялайды, банк заңды және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың депозитті беруге келісімі ретінде қаралады.".
7. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 170-құжат):
1) 1-баптың 12) тармақшасында "ұлттық" деген сөзден кейін "басқарушы" деген сөзбен толықтырылсын;
63-1-баптың 5-тармағы "жер қойнауын пайдаланушыларға" деген сөздерден кейін ", акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 71-баптың үшінші бөлігі "келісім-шарттарды қоспағанда," деген сөздерден кейін "ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
1) 2-баптың 4-тармағы "белгілеуге" деген сөзден кейін ", сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;".
9. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат, N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 3-бапта:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда);";
жиырма бесінші абзацта "(мемлекет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда)" деген сөздер "(осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық басқарушы холдинг мұндай заңды тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ұлттық басқарушы холдинг, не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.";
3) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылмайды.".
10. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 16, 99-құжат):
1) 1-бапта "оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады" деген сөздер "оның акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
2-тармақ "осы Заңмен" деген сөздерден кейін "ұлттық әл-ауқат қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "ұлттық басқарушы компания" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Даму Банкінің міндеттері мыналар:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге мақсаттары кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, қолданыстағыларды кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтер, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталған инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жыл және одан артық - жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізінде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру);
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге мақсаттары кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру;
3) заемшының акцияларына немесе қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен бағынышты заем беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде заемшылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары беретін заемдар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне және резидент емес банктерін, лизинг беруші ұйымдарды, сондай-ақ банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды бірлесіп қаржыландыру, кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді (бұдан әрі - банкаралық кредит беру) ынталандыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.";
4) 4-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада "оларға кредит беру" деген сөздер "оларды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"агенттің" деген сөз "сенімгердің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын:
"жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
"мемлекет кепілдік берген заемдар" деген сөздер "мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігі берілген заемдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшада:
"жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
"мемлекет кепілдік берген заемдар" деген сөздер "мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігі берілген заемдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық міндеттемелерін орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі сенімгердің (агенттің) функцияларын орындау болып табылады.";
5) 5-бапта:
1) тармақшада "қаржы жылына арналған" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақша "жобаны" деген сөзден кейін ", экспорттық және лизингтік операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) тармақшада "өтімділігі жоғары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) оларды қаржыландыру бойынша ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңда тұлғалардың агенті болуға";
6-баптың 2-тармағы "мәселелері жөніндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ басшы қызметкерлерді келісу жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 6-баптың 2-тармағындағы "мәселелері жөніндегі" деген сөздерден кейін "басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Даму Банкінің операциялары
Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясынсыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге операцияларды:
1) заемдық операциялар: заңды тұлғаларға - резиденттер немесе бейрезиденттерге ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен ақшалай нысанда кредиттер беруді (Меморандумға сәйкес елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыру талабымен);
2) заңды тұлғалар - резиденттер мен бейрезиденттерге ақшалай нысанда және секьюриттеу мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша орындалуды көздейтін банк кепілдіктерді беруді;
3) заңды тұлғалар - резиденттер мен бейрезиденттерге ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілгерлігі мен өзге де міндеттемелерді беруді;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;
5) банктердің және банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
6) төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар мен операциялар шеңберінде Даму Банкімен жасалған шарттарда көзделген Даму Банкі алдындағы міндеттерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму банкінің заемшыларының, оның ішінде Даму Банкінің заемдарын, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын қоса алғанда, басқа заемдар мен қаражатты есептеу үшін банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
7) шартты салымдардың арнаулы шоттарын, резервтік шоттар және қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігі берілген қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттар ашуды және жүргізуді;
8) заңды тұлғалар - резиденттер және (немесе) бейрезиденттердің Даму Банкінің алдындағы міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдау, қаражат есептеу үшін банктік шоттар ашуды және жүргізуді;
9) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, депозиттер ашу, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
10) Даму Банкі заемшыларын, корреспондент-банктерді, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, заңды тұлғалар - резиденттердің және (немесе) бейрезиденттердің тапсырмалары бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
11) аударым операциялары: заңды тұлғалар - резиденттердің және (немесе) бейрезиденттердің төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Меморандумда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызметті;
14) лизинг қызметін;
15) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды;
16) өз мүлкін жалға беруді;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсатта бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметті;
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.";
8) 10-бапта:
тақырыбында "агент" деген сөз "сенімгер (агент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"агенттің" деген сөз "сенімгердің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"агенттік қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Даму Банкі сенімгер (агент) болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақта:
"мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес заемдар бойынша агенттің" деген сөздер "мемлекет кепілдіктер немесе мемлекет кепілгерлігі берілген заемдар бойынша сенімгердің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму Банкі өзі сенімгер (агент) ретінде қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты шарт негізінде мониторингті жүзеге асыра алады:";
2-тармақта:
"агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес" деген сөздер "шарт негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"отырып," деген сөзден кейін "сенімгер (агент) ретінде қызмет көрсететін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Даму Банкінің заемдар беруі
1. Даму Банкінің қаржыландыруы Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы Даму Банкінің заем беруінің және операциялық шығыстарының орташа құны ескеріліп есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау бойынша құзыреті Меморандуммен және Даму Банкінің жарғысымен анықталады.
2. Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен операцияларды іске асыру, сондай-ақ Даму Банкі беретін кредит құралдары бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес өтелуі тиіс, оның ішінде болашақта келіп түсетін мүлік кепілдігін, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі мүлікті, тиісті мүлікке (мүліктік құқық), сақтандыруға және Даму Банкінің директорлар кеңесі анықтайтын шарттарда және тәртіппен өзге де талап құқықтарын қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдерімен қамтамасыз етілді.
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін ұйымдарға, Даму Банкі заемдар, мезониндік қаржыландыру, банкаралық кредит беретін жағдайларға қолданылмайды.
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит беру және олардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету шарты мен тәртібі Меморандумға сәйкес анықталады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға кредит беру және олардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету шарттарын анықтау кезінде ерекше қатынастарда банкпен байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым және көрсетілген тұлғалармен банктік заңнамада белгіленген мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын лизинг беруші ұйымдарға кредит беруі, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.";
11) 14-баптың 1-тармағында:
3) тармақша "лизинг беруші ұйымдардың" деген сөздерден кейін "және акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша өзге заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде заемшылардың жарғылық капиталдарына қатысады.";
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Даму Банкінің қызметін шектеу
Даму Банкінің:
1) жеке тұлғаларға, кредит серіктестіктеріне, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанында орындауды көздейтін өзге міндеттемелерді беруіне;
2) жеке тұлғаларды депозитке тартуына және жеке тұлғаларға банктік шоттарды ашуына;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған жағдайда қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.";
13) 3-бөлімнің атауында "және кірісі" деген сөздер алынып тасталсын;
14) 16-баптың 4-тармағында:
"өтімділігі жоғары қаржы құралдарының" деген сөздер "Меморандумға сәйкес анықталатын қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"-бабына" деген сөздер "-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Дивидендтік саясат
Даму банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.";
16) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржы есептілігін жасауды Даму банкі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
17) 20-баптағы 4) тармақша алып тасталсын;
18) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19) 23-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы "Даму банкінің президенті" деген сөздер "басқарма" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар";
2-тармақ "Заңда" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 24, 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Директорлар кеңесі
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму банкінің жарғысына сәйкес белгіленеді.
25-бап. Басқарма
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
Басқармаға Басқарма төрағасы басшылық жасайды.
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Даму банкінің жарғысымен басқа органдардың және Даму банкінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму банкінің жарғысына сәйкес белгіленеді.".
11. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
1-баптың 49) тармақшасы "ұлттық" деген сөзден кейін "басқарушы" деген сөзбен толықтырылсын.
12. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақша "немесе инвестициялық стратегиялық жобаның" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша "инвестициялық жобаны" деген сөздерден кейін "немесе инвестициялық стратегиялық жобаны" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба.";
2) 20-баптың 1-тармағындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.
13. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 16, 99-құжат):
1-баптың 11) тармақшасы "ұлттық" деген сөзден кейін "басқарушы" деген сөзбен толықтырылсын.
14. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; 2008 жылғы 24 қазандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы жүйесінің орнықтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңы
):
13-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылық берілген акциялардың меншік иелерінің қоғамды басқаруға қатысуға арналған құқығы оған тиесілі артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.";
2) 33-баптың 3-тармағы "мемлекетке" деген сөзден кейін ", ұлттық холдингке немесе ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 34-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктегі "немесе ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздер ", ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, ұлттық компанияларға" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "Жарғылық капиталына" деген сөздердің алдынан "Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық басқарушы холдингті жоспарлау мен оның есептілігі мәселелері агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісімен белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы холдинг болып табылады. Ұлттық басқарушы холдингтің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес белгіленеді.";
5-тармақтағы "мемлекетке" деген сөзден кейін ", ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.";
4) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыретін анықтау кезінде қолданылмайды. Ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыреті Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісімен белгіленеді.
Осы тармақтың ережесі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.";
5) 53-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың 1, 2 және 3 тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісімен белгіленетін ұлттық басқарушы холдинг директорлар кеңесінің құзыретін айқындау кезінде қолданылады.
Осы тармақтың ережесі агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.";
6) 74-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы тараудың талаптары оларды жасауға қатысты осы Заңмен Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісіне сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында жасалатын ерекше шарттар белгіленген мәмілелерге қолданылмайды.".
15. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж. N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 24 қазандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы жүйесінің орнықтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңы
; 2008 жылғы 25 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңы
):
1) 1-баптың 39) тармақшасы "қаржы агенттігі -" деген сөздерден кейін "ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";
3) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданбастан қаржы агенттігінің мәртебесіне ие болады.";
5) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беруші акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.".
16. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 жылғы 28 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 27 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы
Заңы
):
1) 32-баптың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "және жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын заңды тұлға" деген сөздер ", немесе агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7) лицензиялауға жататын субъектілер арасынан лицензиатты алып тастау.".
17. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат):
1) 14-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;";
2) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын қаржы ресурстарын қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады. Мұндай қолдаудың негізгі құралдарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.";
3) 19-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінде "шарттар" деген сөзден кейін "осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын.
18. "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 5-6, 35-құжат):
"Ұлттық инновациялық қор" деген 3-тарау алып тасталсын.
2-бап.
"Қазақстан инвестициялық қоры туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 89-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап.
Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті