Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы N 88-IV Заңы

      Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат):
      1) 88-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 бөліктермен толықтырылсын:
      "1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы дұрыс емес мәліметтерді табыс етуі -
      лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-2. Осы баптың 1-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 172-2-бапта:
      тақырыбы және бірінші абзацы "қорларының" деген сөзден кейін ", ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі қатысушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) мынадай мазмұндағы 179-3-баппен толықтырылсын:

      "179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе)
                  зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
                  асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының
                  бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
                  заңнамасын бұзуы, сондай-ақ пруденциялық
                  нормативтерді немесе басқа да сақталуға міндетті
                  нормалар мен лимиттерді орындамауы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын мынадай түрде бұзуы:
      бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;
      қаржылық есептіліктегі көрсеткіштердің не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау жөніндегі мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан қаржылық есептілікті жасау -
      лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы -
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 573-баптың бірінші бөлігінде:
      "88 (бірінші бөлік)" деген сөздер "88 (1, 1-1 және 1-2 бөліктер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "175-2," деген цифрлардан кейін "179-3," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
      бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
      3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
      банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын;
      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;
      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.
      Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.
      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;
      4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
      5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
      6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;
      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;
      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;
      10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам
процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған
немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің
болуы;";

      2) 8-баптың 5-тармағының үшінші абзацындағы "облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды" деген сөздер "облигациялармен;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.";
      3) 11-1-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда және (немесе) сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім алу құжаттары.";
      5-тармақтың 7) тармақшасындағы "болуы негіз болып табылады" деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру үшін осы Заңмен, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен көзделген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Құжаттардың толық пакетін ұсынған және осы бапта көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат береді және сонымен бір уақытта осы Заңға, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім береді.";
      4) 19-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "банктің уәкілеттік берілген органдары" деген сөздер "құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 20-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларындағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер "осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың екінші бөлігінде:
      "құжаттар" деген сөз "құжаттардың толық пакеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      9, 10-тармақтардағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      6) 26-баптың 2-тармағында:
      а) тармақшасы "әзірлеуге," деген сөзден кейін "осы Заңның 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлерін тағайындауды (сайлауды) уәкілетті органмен келісуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен немесе Қазақстан Республикасының банк қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;";
      7) 55-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      8)74-1-бапта:
      1-1-тармақтағы "тұрғын үй қарызы" деген сөздер "қарыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "банкке сеніп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған" деген сөздер "кастодиан банкке сеніп тапсырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Зейнетақы" деген сөз "Кастодиан-банкке сақтау және есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етілуі;
      2) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      5) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
      6) бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін
айқындау мүмкіндігі, ол:
      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
       бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      8) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
      9) әртараптандыру - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру;
      10) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      11) ең төменгі зейнетақы - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері;
      12) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      13) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы
зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің
мөлшері;
      15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
      18) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
      19) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы
жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
      20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны;
      21) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды  тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
      23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
      25) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      26) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      27) зейнетақы төлемдері:
      Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
      28) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
      29) зейнетақы аннуитеті шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
      30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
      31) инвестициялық декларация - зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
      32) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
      33) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары жиынтығы;
      34) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      35) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк;
      36) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      37) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
      38) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
      39) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
      40) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      41) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетіледі;
      42) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      43) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      44) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
      45) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін экономикалық талаптар;
      46) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      47) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      48) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      49) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға.";

      2) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларының консервативті және қалыпты инвестициялық портфельдеріне енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельге енгізілген жинақталған зейнетақы қаражатының және осы инвестициялық портфельде болу кезеңінде түскен жарналардың сақталуын осы Заңда көзделген тәртіппен инфляция деңгейін ескере отырып қамтамасыз етеді.";
      3) 8-бапта:
      2-тармақтағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы" деген сөздер "Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ "мүгедегі болған" деген сөздерден кейін ", Орталықтан" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) 18-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) салымшы зейнетақы төлемдеріне құқық алған кезде нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейін ескеріп анықтауды;";
      4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражатының аударылғаны туралы электрондық хабарламалар жіберуді және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарынан құралған жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыруды;";
      мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-3) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір жыл ішінде екі рет шарт жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаларды деректердің бірыңғай тізіміне енгізуден бас тартуды;";
      мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-4) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды;";
      5) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.";
      6) 23-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "елу бес жасқа" деген сөздер "елу жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 23-3-баптың 2-тармағында:
      "1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейін ", 22-бабының 3-2-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
      "не" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.";
      8) 25-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салымшының, алушының, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қарыздары бойынша зейнетақы активтері мен жинақталған зейнетақы қаражатына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкротқа ұшыраған жағдайда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.";
      2-1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгіленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.";
      4-тармақта:
      "Алушы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетпеген адам" деген сөздермен толықтырылсын;
      "он бес еселенген" деген сөздер "елу еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 27-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын осы жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельде сақтауға;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) осы Заңның 34-1-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;";
       10) 27-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-1-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару

      1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа зейнетақы қорымен жасасатын шарты бойынша Орталықтың электрондық хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      2. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударудың тәртібі, сондай-ақ салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына аудару уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      3. Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды салымшы (алушы) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшы (алушы) туралы ақпарат бар және салымшыға (алушыға) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электрондық терминалдар арқылы аударуға мүмкіндік беретін электрондық құжат арқылы жүзеге асырады.";

      11) 29-бапта:
      1-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-2) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;";
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптастыратын әрбір инвестициялық портфелі бойынша инвестициялық декларациялары зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптастыратын әрбір инвестициялық портфелі бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мерзімді баспасөз басылымдарында зейнетақы ережелерін (олардағы өзгерістерді) уәкілетті органмен келіскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жариялануға тиіс.";
      2-тармақ "ережелерін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 30-бап мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жылда екі реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезінен бастап күшіне енеді.
      4. Салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жіберуші қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негізінде он бес жұмыс күні ішінде алушы қорға жіберуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берілмейді.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылады.";
      13) 31-бапта:
      4-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      "есептелетін" деген сөз "консервативтік және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кірістілігінің көрсеткіші" деген сөздерден кейін "портфельдің тиісті түрі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфелінің номиналдық кірістілігін және әрбір инвестициялық портфель түрі кірістілігінің ең төменгі мәнін есептеудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
      үшінші бөліктегі "активтеріне қатысты" деген сөздер "консервативтік және (немесе) қалыпты портфелінің активтеріне қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "есептелетін" деген сөз "консервативтік немесе қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Егер агрессивті инвестициялық портфельден аудару кезінде жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері агрессивті инвестициялық портфельге түскен жинақталған зейнетақы қаражатының және инфляция деңгейін ескере отырып есептелген агрессивті портфельде болу кезеңінде енгізілген жарналардың сомасынан аз шамада болса, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өз қаражаты есебінен айырманы өтейді.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы төлемегені үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
      Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.";
      14) 31-1-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.";
      15) 31-3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.";
      16) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық
                 портфельдер

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельдердің мынадай түрлерін:
      1) акцияларды қоспағанда, активтері қаржы құралдарына инвестицияланатын консервативтік түрін;
      2) активтері қаржы құралдарына, оның ішінде отыз проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланатын қалыпты түрін қалыптастыруға міндетті.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивті инвестициялық портфельді қосымша қалыптастыруға құқылы, оның активтері қаржы құралдарына, оның ішінде сексен проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланады.
      3. Зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде инвестициялау объектілерінің тізбесі, қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялардың мөлшері және инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері, хеджирлеу жөніндегі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияны инвестициялық портфельдің әрбір түрі үшін әзірлейді.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияға өзгерістерді жылына көп дегенде екі рет енгізуге құқылы.
      5. Зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының басқа түрдегі инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп консервативтiк инвестициялық портфельге аударады.
      6. Инвестициялық портфельдi таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын, сондай-ақ зейнеткерлiк жасқа дейiн жетi жыл және одан аз уақыт қалған тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивтi инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп қалыпты инвестициялық портфельге аударады.";

      17) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;
      18) 36-2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы "аяқталған" деген сөзден кейін "соңғы" деген сөзбен толықтырылсын;
      19) 40-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;";
      4-тармақта:
      1), 2) тармақшалардың бірінші бөлігіндегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер "осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бірінші бөліктегі "жетпіс бес" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "құжаттар" деген сөз "құжаттардың толық пакеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 41-бапта:
      2-тармақта:
      6) тармақшадағы "бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне" деген сөздер "басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір жинақтаушы зейнетақы қорының ішіндегі басқа инвестициялық портфельге," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылуға тиісті жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы туралы мәлімет беруге;";
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) зейнетақымен қамсыздандыру туралы әрбір жеке тұлғамен шарт жасасуды және оны бұзуды, салымшының (алушының) не сенім білдірілген адамның жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтініштерін олардың тұратын жеріне қарамастан қабылдауды және орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір филиалдың және өкілдіктің осындай қызметтерді көрсетуін қамтамасыз етуге міндетті.";
      21) 42-1-баптың 2-тармағында "1-1-тармағының 3)-6) тармақшаларында" деген сөздер "8-тармағының 3)-7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 42-4-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшасында "және оның басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатыла тұрады" деген сөздер "өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысына) ауысады;";
      23) 45-2-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөлігі "тағайындайды" деген сөзден кейін ", оған оның барлық органдарының өкілеттіктері беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын іс-әрекет жасаған органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады." деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган лицензиядан айырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы сотқа өтініш береді.
      Уәкілетті орган лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында жариялайды.";
      үшінші бөліктегі "Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі" деген сөздер "Уақытша әкімшілік" деген сөздермен ауыстырылсын, "оның" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізуді аяқтағанға дейін өз қызметін жүзеге асырады.";
      сегізінші бөліктегі "тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылданған" деген сөздер "мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 47-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
      "мөлшерін" деген сөз "мөлшері екі миллиард теңгеден кем болмауға тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оны" деген сөз "Оны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      25) 52-баптың 1-2-тармағындағы "болып табылмайтын" деген сөздер "емес болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 55-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелерді, зейнетақы активтерін басқаруға шарттар жасасуды, эмитенттің жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын, артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруды, эмитенттен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі акцияларды сатып алуды талап етуді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, зейнетақы активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер жасасу;".

      4. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат, N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 3-бапта:
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мінсіз іскерлік бедел - кәсіпойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;";
      2) 34-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін жүргізу жөнінде қызметтер көрсету және (немесе) оларды реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларындағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер ", осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың екінші бөлігінде:
      "құжаттар" деген сөз "құжаттардың толық топтамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      9, 10-тармақтардағы "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      5. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация;
      2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
      3) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;
      4) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған іс-әрекеттері;
      5) бағалы қағаз - мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы;
      6) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға;
      7) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу;
      8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер;
      9) бағалы қағаздардың бағасын белгілеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
      10) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған
бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының
субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
      11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ пай инвестициясы қоры;
      12) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер;
      13) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
      14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      15) брокер - клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      16) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзіне тиесілі қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына табыс ететін құжат;
      17) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
      18) депозитарийлік қолхат - осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
      19) депозитарийлік қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
      20) депозитке салу - орталық депозитарийдің өз клиенттерінің жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;
      21) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;
      22) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы;
      23) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      24) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын
уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар;
      25) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
      26) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
      27) жеке шоттан үзінді - тіркеуші немесе номиналды ұстаушы беретін және тіркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгілі бір уақыт кезінде құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
      28) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы;
      29) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы;
      30) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
      31) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі осы бағалы қағаздардың немесе базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;
      32) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
      33) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объект құнына сәйкес сомада жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;
      34) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де өтімділігі жоғары активтер кепілімен қамтамасыз етілген облигация;
      35) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      36) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға;
      37) қазақстандық депозитарийлік қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
      38) қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;
      39) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      40) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебі;
      41) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
      42) қаржы құралы - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған қаржы нарығының бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері;
      43) қаржы нарығы - қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
      44) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      45) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз;
      46) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар;
      47) левередж - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы;
      48) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу;
      49) лицензиат - уәкілетті орган берген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      50) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
      51) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
      52) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      53) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай;
      54) номиналды ұстауды есепке алу жүйесі - номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер;
      55) облигацияларды өтеу - эмитенттің орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейіннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тәртіппен сол эмитенттің акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі іс-әрекеті;
      56) облигацияларды ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым;
      57) облигациялық бағдарлама - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісінде белгіленетін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
      58) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома;
      59) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу;
      60) опцион - шарт, оған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) осы шартта аталған мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын осы шартта келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты
стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретінде пайдаланылуы
мүмкін;
      61) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
      62) орталық депозитарий - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
      63) өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға;
      64) өтініш беруші - бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатымен уәкілетті органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
      65) пруденциялық нормативтер - уәкілетті орган белгілеген және лицензиат сақтауға тиіс нормалардың қаржылық көрсеткіштері;
      66) рейтинг - белгілі бір эмитенттің шамамен алғандағы кредит қабілетін немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенімділігін белгілейтін бағаның дара сандық және әріппен белгіленген көрсеткіші;
      67) сауда жүйесі - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және осы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажетті активтері мен рәсімдерінің кешені;
      68) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы;
      69) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жасалған тізім;
      70) своп - екі тараптың уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде белгілі бір талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз;
      71) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      72) трансфер-агент - өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      73) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
      74) тіркелген тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шоты бар тұлға;
      75) тіркеуші - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      76) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      77) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, олармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
      78) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
      79) ұлттық сәйкестендіру нөмірі - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкілетті орган беретін әріптік-цифрлық код;
      80) фьючерс - стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын келісілген баға бойынша және белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді;
      81) хеджирлеу - қаржы құралдарымен мәміле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің кірістері мен шығындарының туындауы жай-күйіне байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау;
      82) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттің үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
      83) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі, номиналды құны (облигациялар үшін) туралы мәліметтер;
      84) ішкі құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
      85) эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар;
      86) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу;
      87) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы;
      88) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі - эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат;
      89) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектісі ретінде болуын тоқтату;
      90) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздарды бастапқы бағалы қағаздар рыногында сату;
      91) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы;
      92) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі;
      93) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.";

      2) 2-баптың 3-тармағы "эмиссиялық бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейін ", өзге де қаржы құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 5-баптың 2-тармағы "бағалы қағаздарға" деген сөздерден кейін "және өзге де қаржы құралдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 9-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
      "Эмитент" деген сөзден кейін "қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "саны өзгерген" деген сөздер "саны кеміген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 22-1-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде "құрылған" деген сөзден кейін "және (немесе) активтерінің кемінде үштен екі бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облигацияларды төлеу ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигацияны толық төлегенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны иеленушінің жеке шотына осы облигацияны есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.";
      7) 45-баптың 3-тармағындағы "бір ғана" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1-бап. Лицензиат органдары

      Лицензиат (тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды құрады:
      1) басқару органы;
      2) атқарушы орган;
      3) бақылаушы орган.";

      9) 54-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларындағы "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында" деген сөздер "осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "құжаттар" деген сөз "құжаттардың толық пакеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      10) 56-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "он проценті шегінен аспайтын" деген сөздер "он процент және одан көп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "тәртібі" деген сөзден кейін "мен талаптары" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 72-бап мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқаратын басшы қызметкерлер болуға тиіс.";
      12) 84-бапта:
      2-тармақтағы "бес" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі "акционері" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 89-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      14) 90-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      15) 92-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "барлық лицензиаттардың жартысынан астамы" деген сөздер "лицензиаттардың кемінде 30 проценті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 4, 33-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;
      2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
      3) басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
      4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;
      5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
      6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;
      7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;
      8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
      9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;
      10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
      11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;
      12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
      13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
      14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;
      15) пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алуы арқылы инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шартын бұзу;
      16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;
      17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;
      18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;
      19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;
      20) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      2) 4-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Жабық" деген сөз "Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "және тіркеуші" деген сөздер ", тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 9-бапта:
      1-тармақта:
      екінші бөліктегі "және жылжымайтын мүлік қорларына" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.";
      3-тармақтағы "және тіркеуші" деген сөздер ", тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10-баптың 2) тармақшасы "акционерлік" деген сөздің алдынан
"ағымдағы қызметке арналған, оның ішінде" деген сөздермен
толықтырылсын;
      6) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.
      Кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.";
      7) 20-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "көшірмелері" деген сөз "жобасы" деген сөзбен ауыстырылсын;".
      8) 24-бапта:
      4-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтінім берушіге ақшаны беру (оның ішінде ақшаны ол көрсеткен шотқа аудару) пайларды сатып алған күні жүзеге асырылады.";
      5-тармақтағы "өтінім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күніндегі" деген сөздер "пайларды сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Басқарушы компания пайларды орналастыруды тоқтата тұру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, орналастыруды тоқтата тұру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар еткен жағдайда, пайларды орналастыруды белгілі бір кезеңге тоқтата тұру мүмкіндігін аралық және жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көздеуге құқылы.";
      10) 27-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында ресми тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      11) 28-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіледі.
      Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өздерінің құқықтарына нұқсан келтіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қарсы дауыс берген пай ұстаушылар қор ережелерінде пай ұстаушының пайларды сатып алу құқығының болуына қарамастан, осы өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілгендігі туралы көрсетіле отырып, мәтіні баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе оларды қор ережелерінде белгіленген тәртіппен алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде басқарушы компаниядан өздеріне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы.";
      4-тармақ "кастодианмен" деген сөзден кейін ", тіркеушімен" деген сөзбен толықтырылсын;
      12) 31-баптың 2-тармағындағы "ішінара" деген сөз алып тасталсын;
      13) 37-бапта: 2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттар, жобалау-сметалық құжаттама;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) басқарушы компанияның инвестициялық қордың есебінен және оның мүддесіне сай жасалған, құрылысқа үлестік қатысу шарттарынан туындаған талап құқықтары;";
      үшінші бөлік "активтерін" деген сөзден кейін "осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-1-тармақтың 1) тармақшасындағы "осы үйлер мен ғимараттар орналасқан" деген сөздер алып тасталсын;
      3-2-тармақ "процентін" деген сөзден кейін ", жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлікті қайта бағалаудан түскен кірістерді шегере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 1) тармақшасындағы "осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      14) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы "жасасуға құқығы жоқ." деген сөздер "жасасуға;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі кірістілігі туралы ақпаратты көрсетуге құқылы емес";
      15) 44-баптың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) инвестициялық қордың акциялары мен пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізуге;";
      16) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәліметтер акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабардар ету, акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлік инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.".

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      1-баптың 10-тармағының 1) тармақшасындағы "30)" деген цифр "5)" деген цифрмен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      2-бап.
      1. Осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтарын, 12) тармақшасын, осы Заңның 2009 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын, осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының қырық төртiншi абзацын, 11) тармақшасын, 13) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының бірінші, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 20) тармақшасының үшiншi абзацын және 24) тармақшасын, осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағының 2), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын, 16) тармақшасының алтыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi ай iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельді таңдау туралы өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс жүргізсін.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады