ХАБАРЛАНДЫРУ Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің", "АІЖК" деген сөздер "АПК-нің" деген сөзбен; "159" деген цифрлар "156" деген цифрлармен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талапты", "талапкердің", "талапкер", "Талапкер", "талапкерден" деген сөздер тиісінше "талап қоюшының", "талап қоюшы", "Талап қоюшы", "талап қоюшыдан", "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талап арызды", "талап арыз" деген сөздер тиісінше "талап қоюды" "талап қою" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауды реттейтін заңнамалық актілерді сот практикасында біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Азаматтық сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауапкердің (борышкердің) сот актіcін мәжбүрлеп орындатуды қиындататын немесе мүмкін етпейтін ықтимал әрекеттерінің жолын кесетін процестік шараларды түсіну керек.
Сот қабылдаған қамтамасыз ету шаралары жауапкер-заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді банкроттыққа ұшыратуға, қалыпты өндірістік қызметті бұзуға, басқа тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға, рейдерлікке жағдай жасауға (жауапкердің мүлкін заңсыз тартып алуға) әкелмеуге тиіс.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Төрелік талқылауда қаралатын істер бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шараларын сот АПК-нің 15-тарауында көзделген барлық ережелерді сақтай отырып, борышкердің немесе төреліктің орналасқан жері бойынша қабылдайды.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қараған кезде сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз берген тұлғаның талап қоюы бойынша төрелік талқылауды қозғау туралы ұйғарымды талап етіп, төреліктің іс қозғаған-қозғамағанын тексеруге міндетті.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. Қамтамасыз ету шаралары:
мүліктік немесе мүліктік емес сипаттағы талап қоюларды;
сот шешімдерін орындауды;
татуласу келісімін бекіту туралы сот ұйғарымдарын орындауды;
дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді;
атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету үшін қабылданады.
Сот қамтамасыз ету шараларын судья арызды іс жүргізуге қабылдағаннан және істі қозғағаннан кейін ғана, бірақ заңды күшіне енген сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы атқару құжаты берілгенге дейін істің қандай жағдайында болмасын қабылдайды.
Егер сот қамтамасыз ету шараларын қабылдамаса, заңда көзделген жағдайларда сот орындаушысы да атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету үшін атқарушылық іс жүргізу барысында қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінде санамаланған қамтамасыз ету шаралары толық болып табылмайды.
Сот даулы құқықтық қатынастың сипатын ескере отырып және оны реттейтін заңнамалық актіге сәйкес өзге де қамтамасыз ету шараларын, егер оларды қабылдамау шешімді орындатуды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, қабылдай алады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен салыстырғанда өзге қамтамасыз ету шаралары көзделуі мүмкін. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейiн жасалған, күшiне ену шарты ретінде ратификациялауды көздемеген халықаралық шарттар қолданыста болады және Республиканың заңнамасынан басымдығы, егер Республиканың тиiстi құқықтық қатынастар салаларын реттейтiн заңдарында осы халықаралық шарттар үшін мұндай басымдық тікелей көзделген болса, сақталады ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2 Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы).
Сот бір мезгілде бірнеше қамтамасыз ету шараларын, егер сот шешімін орындауды және талап қоюшының бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, қабылдауға құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. АПК-нің 157-бабына сәйкес сот қамтамасыз ету шараларын іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының немесе олардың өкілдерінің арызы негізінде қабылдайды.
АПК-нің 155-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар, төрелік талқылау тараптары немесе олардың өкілдері арызда қамтамасыз ету шараларын қабылдамау сот актісін мәжбүрлеп орындауды қиындататыны немесе мүмкін етпейтіндігі жөнінде дәлелдерді көрсетуі тиіс.
АПК-нің 156-бабында көзделген сот бұйрығын шығару туралы арыздар бойынша сот бұйрығын беру туралы арызды қамтамасыз ету шаралары қабылданбайды, өйткені сот бұйрығы АПК-нің 135-бабында көзделген даусыз талап қою бойынша азаматтық іс қозғалмастан шығарылады. Алайда сот бұйрығы заңды күшіне енгеннен кейін, бірақ ол өндіріп алушыға АПК-нің 143-бабының тәртібімен берілгенге дейін сот өндіріп алушының арызы бойынша сот бұйрығын мәжбүрлеп орындату жөніндегі қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
Сот өз бастамасымен қамтамасыз ету шараларын қабылдай алмайды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.6. Талап қоюшының немесе оның өкілінің қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арызы болған кезде, егер бұрын іс бойынша сот қамтамасыз ету шараларын қабылдамаған болса, сот АПК-нің 157-бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету немесе сот актілерін орындауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз талап қоюға қоса берілсе немесе ол туралы талап қоюда көрсетілсе, онда судья арызды азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа түскен күні шешеді.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде берілген талап қоюды қамтамасыз ету шаралары туралы арызды, сот актісін мәжбүрлеп орындату қолданғанға дейін берілген сот актісін мәжбүрлетіп орындатуды қамтамасыз ету шаралары туралы арызды судья іске қатысатын адамдарға арыздың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламастан жеке-дара қарайды. Мұндай жағдайларда жеке процестік әрекеттің хаттамасы жасалмайды.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сот отырысында берілсе, онда ол дереу зерттеледі, одан кейін судья оны қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арызды қараған кезде сот қамтамасыз ету шаралары өзінің мазмұны бойынша талап қоюшы (арыз беруші) мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптарға сәйкес келетін-келмейтіні, сот актісін орындауды қиындату немесе мүмкін етпеу мақсатында жауапкердің ықтимал әрекеттерінің жолын кесуді қамтамасыз ете алатын-алмайтыны туралы мәселелерді зерттеуге тиіс.
Егер сот талап қоюшы арызында көрсеткен қамтамасыз ету шараларының ол мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптарға сәйкес келмейтіні туралы түйінге келсе, онда қамтамасыз ету шарасымен ұсынылған мұндай талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз қанағаттандырылуға жатпайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Соттың қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығаруы талап қоюшының немесе оның өкілінің осындай шараларды қабылдаудың қажеттігі туралы жаңа дәлелдерді көрсетіп, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде сотқа қайта арыз беруіне кедергі келтірмейді.
9. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымы АПК-нің 269-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте сот АПК-нің 155-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын қабылдау негіздерінің бар-жоғы туралы арыз берушінің дәлелдеріне баға беруге тиіс.
Заңды күшіне енген сот актісін орындауға қиындық келтіреді немесе мүмкін етпейді деп жауапкердің өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін жасыруға не иеліктен шығаруға, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс кетуге дайындық жасауға бағытталған және тағы басқа да ықтимал әрекеттерін түсіну керек.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымның қарар бөлігінде оның дереу орындалуға жататыны көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. АПК-нің 429-бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымға ол түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде прокурор өтінішхат келтіруі, мүдделеріне қатысы бар адамдар жеке шағым беруі мүмкін.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарламай шығарылса, АПК-нің 161-бабының екінші бөлігіне сәйкес шағым беру үшін мерзім оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.
Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша соттың ұйғарымына берілген жеке шағыммен (прокурордың өтінішхатымен) бірге қабылданған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал жолданады.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы соттың ұйғарымына жеке шағымды беру ұйғарымды орындауды тоқтатпайды.
Сонымен қатар талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісіне ауыстыру туралы соттың ұйғарымына шағым келтіру немесе прокурордың өтінішхатын қарау жеке шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарағанға дейін көрсетілген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.11. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
12. АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолданған кезде талап қоюшы шарттық, деликтік немесе борышкердің мүлкі есебінен қанағаттандырылуға жататын мүліктік сипаттағы өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын талаптарды мәлімдеген жағдайларда ғана жауапкерге тиесілі мүлікке тыйым салу сияқты қамтамасыз ету шараларына жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 115-бабында көрсетілген жауапкер меншік құқығымен немесе шаруашылық жүргізу құқығымен иелік ететін және пайдаланатын мүлік түрлерін жауапкерге тиесілі мүлік деп түсіну керек.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікті иеленетін және пайдаланатын мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынға қатысты мүлікке тыйым салу түріндегі осындай қамтамасыз ету шарасы аталған жауапкерлердің иелігіндегі ақшаларды қоспағанда, қолданылмайды. АК-нің 44, 922, 923-баптарына сәйкес аталған жауапкерлер келтірілген зиян үшін өздерінің иелігіндегі ақшаларымен есептеседі. Аталған жауапкерлердің иелігіндегі ақша жеткілікті болмаған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша мемлекеттік қазына субсидиарлық жауаптылықта болады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Мүлікке тыйым салу сияқты қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы талап қоюшының арызын қараған кезде сот талап қоюшының арызда нақты заттарға тыйым салу туралы өтініш білдіргеніне қарамастан, нақты заттарды немесе мүлік түрлерін көрсетпейді және тыйым салынуы мүмкін мүліктің құнын анықтамайды.
Соттың ұйғарымында талап қоюшының мүліктік талаптарының мөлшері немесе талап қоюшының мүліктік талаптарының сот шешімімен қанағаттандырылған мөлшері ғана көрсетілуге тиіс, ал мүліктің жауапкерге (борышкерге) тиесілілігін немесе оның құнын атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен атқару құжатын орындаған кезде сот орындаушысы анықтайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы істер бойынша мүлікке тыйым салу сияқты талап қоюды қамтамасыз ету шарасын сот қабылдай алмайды, өйткені мұндай зиянның мөлшерін сот АК-нің 952-бабына сәйкес шешім шығарған кезде анықтайды.
Осындай талап қоюды қамтамасыз ету туралы талап қоюшының арызы болған жағдайда, сот моральдық зиянды өтеу мөлшері белгіленген шешім шығарумен бір мезгілде немесе шешім шығарғаннан кейін шешімді орындауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте тыйым салынуға жататын мүліктің мөлшері сот жауапкерден өндірген моральдық зиянды өтеу сомасынан аспауға тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген қамтамасыз ету шарасын сот талап қоюшының мәлімдеген мүліктік емес сипаттағы талабынан даудың нысанасын немесе істі қарағанға дейінгі оның қалпын сақтауды қамтамасыз ету қажеттігі туындаған жағдайларда қабылдауы мүмкін. Жауапкердің жасауына тыйым салынуы мүмкін мұндай әрекеттердің қатарына дау нысанасын иелік ету бойынша, тұрғын үй-жайды қайта жоспарлау бойынша, жер учаскесінің шекарасын өзгерту бойынша, авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектісінің таралымы бойынша әрекеттерді жасауға тыйым салуды жатқызған жөн.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Сот АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес борышкер талап қоюшының алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі мүмкін мүлікті басқа тұлғалардың жауапкерге беруіне немесе мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелерді оған қатысты орындауына тыйым салуға құқылы.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша жауапкердің алдындағы міндеттемелері жөнінде анық мәліметтер болған және жауапкердің үшінші тұлғаларды міндеттемені орындатып, сот актісін орындауды қиындататыны немесе мүмкін етпейтіні туралы негізді болжам болған кезде сот аталған қамтамасыз ету шарасын қабылдауы мүмкін.
Соттың аталған қамтамасыз ету шарасын қабылдау туралы ұйғарымында нақты қандай тұлғаға мүлікті беруге немесе іс бойынша жауапкер алдындағы өзге де міндеттемелерді орындауға тыйым салынатыны көрсетілуге тиіс. Сонымен бір мезгілде талап қоюшы мәлімдеген материалдық-құқықтық талаптар және талап қоюшы мәлімдеген талаптың көлемінен асатын көлемдегі тұлғаның жауапкердің алдындағы міндеттемелері АК-нің 272-бабына сәйкес орындалуы мүмкін болатын тұлғаның іс бойынша жауапкердің алдындағы міндеттемелерінің көлемі ескерілуге тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. АПК-нің 251-бабына сәйкес мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талап қою берілген кезде сот талап қоюшының арызы бойынша АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген қамтамасыз ету шарасын қабылдайды.
Аталған қамтамасыз ету шарасы тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талап қою мәлімделген нақты мүлікке қатысты, егер сот орындаушысы осы мүлікті сату бойынша атқарушылық әрекеттерді өз бетінше тоқтатпаса, қолданылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
19. Егер тұлға атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актіде көзделген атқару құжатын сот тәртібімен даулаған жағдайда сот АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету шарасын қабылдайды.
Егер сот бұйрығы АПК-нің 141, 142, 143-баптарында белгіленген тәртіп пен мерзімдер бұзылып мәжбүрлеп орындауға жіберілсе, оған атқарушылық құжат ретінде сотта дау айтылуы мүмкін.
Егер атқару парағы АПК-нің 241-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, бірақ сот орындаушысы оны мәжбүрлеп орындатуға қабылдаса, оған атқару құжаты ретінде сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша судьяның қаулысына, егер ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актіде көзделген қағидалар бұзылып мәжбүрлеп орындатуға жіберілсе, атқару құжаты ретінде оған сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19-1. АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру түріндегі қамтамасыз ету шарасына қатысты, сот осы талап қоюды қамтамасыз ету шарасын соттан тыс сату нысанасы болып табылатын кепіл мүлкіне дау болған жағдайда қолданылуы мүмкін екенін соттардың ескергені жөн.
Бұл ретте соттар мұндай талап қоюды қамтамасыз ету шарасы сауда-саттықтың қорытындылары шығарылғанға дейін қабылданатынын ескеруі тиіс.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.19-2. АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында белгіленген талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар атқарушылық іс жүргізуде жасалатын мүлікке өндіріп алуды қолдануға байланысты сот орындаушысының актілері мен әрекеттері дауланған жағдайда қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.20. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
21. АПК-нің 159-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот іс бойынша қабылданған қамтамасыз ету шарасын басқа қамтамасыз ету шарасымен (мысалы, мүлікке тыйым салуды жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салумен және т.б.) ауыстыруға құқылы.
АПК-нің 159-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарау үшін кедергі болып табылмайды.
Арызды қарау кезінде талап қоюшы сот бұрын қабылдаған қамтамасыз ету шарасы мөлшерлес талаптарына сәйкес келмейтін, ал ауыстыру тәртібімен ұсынылып отырған қамтамасыз ету шарасы АПК-нің 155-бабында көрсетілген мақсаттарға сәйкес келетін дәлелдемелерді сотқа ұсынуға міндетті.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.22. АПК-нің 159-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жауапкер сот қабылдаған АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларындағы талап қоюды қамтамасыз ету шараларының орнына талап қою бағасына тең соманы талап қоюшының қарызды ақшалай өндіріп алу туралы талаптары бойынша ғана уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің депозитіне енгізуге құқылы.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. Сот талап қоюды қамтамасыз ету туралы талап қоюшының арызын қанағаттандыра отырып, екі тараптың да мүдделерін ескеріп, ақылға сыйымдылық пен әділдікке сүйеніп, АПК-нің 162-бабының негізінде талап қоюшыдан қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етіп беруді талап етуге құқылы.
Егер талап қоюшы қамтамасыз ету шараларын қабылдаудан жауапкерге келетін залалды қамтамасыз етпесе, онда сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы талап қоюшының арызын қанағаттандырусыз қалдыруға құқылы.
Егер АПК-нің 155-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін негіздер болмаса, қарсы қамтамасыз ету шарасы қолданылмайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.24. АПК-нің 160-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қою қанағаттандырылған шешім толық орындалғанға дейін сот қабылдаған қамтамасыз ету шаралары қолданыста болады.
АПК-нің 160-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
Сот қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселені сот отырысының хаттамасын жасап, іске қатысатын адамдарды хабардар ете отырып, сот отырысында қарайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.25. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
26. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
27. Сот актісіне кассациялық тәртіппен шағым жасау (наразылық келтіру), оған сәйкес атқару құжаты берілгенде, атқару құжатын мәжбүрлеп орындатуды тоқтату үшін, егер сот актісінің орындалуы АПК-нің 448-бабында көзделген тәртіппен тоқтатылмаса ғана, негіз бола алмайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.28. Мыналардың:
1) "Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысының 13-тармағының;
2) "Сот шешімі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 29-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.29. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |