Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 10-тармақтағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттың ерлі-зайыптыларды татуластыру үшiн істі талқылауды кейiнге қалдыру жөнiндегi ұйғарымы бөтен адамдардың қатысуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда шығарылады. Бұл ұйғарым iстiң одан әрі қозғалысына бөгет болмайтындықтан, АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігіне байланысты оған шағым берілмейді немесе кассациялық тәртіппен наразылық келтiрілмейді.";

      2) 22-тармақтың үшінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      3) 23-тармақтағы ", ал кейбiр жағдайларда шешiм көшiрмесi некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеу үшiн тіркеуші органдарға жiберiлмей тұрып," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде АПК-нің 282-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қысқаша хаттама толтырылады.";

      2. "Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 2-тармақта:

      төртінші абзацтағы "олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беретіндей етіп белгіленген мерзімде" деген сөздер "талап қою арызының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы судья АПК-нің 413 және 414-баптарының талаптарын ескере отырып, іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қарауға дайындау тәртібімен АПК-нің 165-бабында көзделген әрекеттерді өз бастамасы немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша жүргізуге құқылы.";

      екінші сөйлемдегі "шығарады" деген сөз "шығаруы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-тармақтың бірінші абзацындағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған даулар (жанжалдар) бойынша - осындай дауларды, бұған заңмен тыйым салынбаған жағдайларда, тараптардың жазбаша келісімімен төреліктің, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беру құқығы, осы процестік әрекетті жасау тәртібі және оның құқықтық салдарлары тараптарға түсіндірілуі тиіс.";

      3) 18-тармақта:

      бірінші сөйлемдегі "сот отырысының хаттамасы не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалуы тиіс." деген сөздер "жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама толтырылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші сатыдағы сотта істі сот талқылауына дайындау барысында тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасымен, осы кезеңде даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама толтырылады.";

      4) 19-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судья азаматтық істі сот талқылауына дайындауды, егер АПК-де және басқа заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруы тиіс.

      Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша АПК-нің 319-бабының екінші бөлігін ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық, облыстық, республикалық деңгейде, Интернет желісінде, телевидениеде) азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау жөнінде іс қозғалғаны туралы жарияланым берілгеннен кейін үш айды құрайды.";

      төртінші және бесінші абзацтардағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 21-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысатын адамдарды азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздерін төрағалық етуші жария етеді және сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жатады (хаттамалық ұйғарым).";

      екінші абзац үшінші абзац деп есептелсін;

      3. "Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №6, 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен);

      1) 8-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      2) 12-1-тармақта:

      "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сот белгілеген мерзімде ұсынылады" деген сөздер "талап қою арызының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      3) 13-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істі қарауға, қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше жағдайлар туындаған, оның ішінде сот АПК-нің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен осы сот отырысында процеске қатысушылардың қайсыбірінің келмеуі салдарынан істі қарау мүмкін емес деп таныған; АПК-нің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істi талқылау барысында оған қатысушылар жаппай тәртiп бұзған; АПК-нің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап етіп алу қажет болған жағдайларда; АПК-нің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен қарсы талап қойылған кезде ғана істі талқылауды кейінге қалдыруға жол беріледі.";

      4) 14-тармақтағы "кеңесу бөлмесіне" деген сөздер "шешім шығару үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4. "Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 10-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 429-бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымға прокурор өтінішхат келтіруі, мүдделерiне қатысы бар тұлғалар осы ұйғарым оларға мәлім болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке шағым беруі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша соттың ұйғарымына берілген жеке шағыммен (прокурордың өтінішхатымен) бірге қабылданған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал жолданады.

      Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы соттың ұйғарымына жеке шағымды беру ұйғарымды орындауды тоқтатпайды.

      Сонымен қатар талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісіне ауыстыру туралы соттың ұйғарымына шағым келтіру немесе прокурордың өтінішхатын қарау жеке шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарағанға дейін көрсетілген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.";

      2) 25-тармақ алып тасталсын;

      5. "Соттардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын азаматтық істер бойынша қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы № 8:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңды тұлғаны құрмастан дара кәсіпкерлердің", "заңды тұлғаны құрмастан дара кәсіпкерлер", "заңды тұлғаны құрмастан дара кәсіпкердің", "заңды тұлғаны құрмастан дара кәсіпкер", "заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлер" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-тармақта:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" деген сөздерден кейін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV (бұдан әрі Жер қойнауы туралы заң)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 5-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭК-нің 78-бабы 1-тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушының атауы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда, сондай-ақ осындай эмиссияға рұқсат берілген объектіге (объектілерге) қатысты оның (олардың) меншік иесі ауысқан жағдайда, қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктемені ұлғайтуға алып келмесе, күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.";

      4) 8-тармақтағы "адамның өмірі мен денсаулығы, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, заңды тұлғаны құрмастан дара кәсіпкерлердің мүлкі, мемлекеттік мүдделер" деген сөздер "адамның өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекет мүдделері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-тармақтағы "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      6) 10-тармақта:

      екінші абзацтағы "өмірі мен", "(немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы ", оның ішінде келісілмеген дүркін-дүркін шығарындылар мен төгінділер, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру" деген сөздер алып тасталсын;

      жетінші абзацтағы ", оның ішінде тиісті түрде ресімделген рұқсат болмаған кезде артық алу не қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзу" деген сөздер "артық алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацтағы "зиянды заттардың рұқсат берілген санынан және" деген сөздер алып тасталсын;

      тоғызыншы абзацтағы "Мұндай заңды тұлға" деген сөздер "Шаруашылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрін жүзеге асыратын объекті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 12-тармақта:

      "талап қоюлар" деген сөздер "сотқа қойылған талап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8) 13-тармақта:

      екінші абзацта:

      "теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын" деген сөздер "теңізде көмірсутектерге барлауды және (немесе) өңдіруді жүргізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "еңсерілмес күштің салдарынан" деген сөздер "еңсерілмейтін күш әсерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Жер қойнауы туралы заңның 93-бабының 4-тармағы" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 154-бабының 8-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      төртінші абзацтағы "1" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;

      9) 15-тармақта:

      бірінші абзацтағы "жеке немесе заңды тұлғалар" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "жеке және (немесе) заңды тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(actio popularis)" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзацтағы:

      "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      "541-бабының 8-2) тармақшасына" деген сөздер "616-бабының 28) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 16-тармақта:

      бірінші абзацта:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "МЭС-нің оң қорытындысынан айыруды (кері қайтарып алуды) оны берген орган табиғат пайдаланушының жазбаша өтінішінің немесе келісімінің негізінде жүзеге асырады."

      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу анықталған жағдайда МЭС-нің оң қорытындысынан айыру (кері қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады (ЭК-нің 51-бабының 7-тармағы).";

      үшінші абзацта:

      "МЭС" деген сөз "Мемлекеттік экологиялық сараптама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сәйкес" деген сөзден кейін "электрондық түрде" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 17-тармақта:

      "денсаулығы үшін" деген сөздерден кейін "көзделген" деген сөзбен толықтырылсын;

      "өмірі мен" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 18-тармақта:

      бірінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экологиялық ақпаратты беру "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Заңына және Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен бекітілген "Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      13) 21 және 22-тармақтардағы "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      14) 23-тармақта:

      бірінші абзацтағы "71" деген цифрлар "69" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы ", оның ішінде белгіленген нормативтерден артық эмиссияларды" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 24-тармақтағы үшінші абзацтағы "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      16) 26-тармақта:

      екінші абзацтағы "(немесе)" деген сөз алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 27-тармақта:

      бірінші абзацтағы "екінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші бөлігінің екінші абзацында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 28-тармақта:

      екінші абзацтағы "Жер қойнауы туралы заңның 128-бабы" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің 78-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;

      бесінші абзацтағы "басқармаларының" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 29-тармақта:

      "(немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      "қоршаған ортаға, адамның өмірі мен денсаулығына теріс әсер ету фактісін" деген сөздер "мұндай теріс әсер ету фактісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 30-тармақтың бірінші абзацындағы қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      6. "Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12:

      1) 2-тармақтың екінші абзацындағы "бірінші сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "бөлігінің 1), 2), 3)" деген цифрлардан кейін ",4)" деген цифрмен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 4) тармақшасына орай орындау туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшінің жойылуы жаңа мән-жай болып табылады.";

      3) 11-тармақта:

      төртінші абзацта:

      "АПК-нің 152-бабына ұқсастық бойынша қайта қарау туралы арыз да" деген сөздер "Қайта қарау туралы арыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "бірінші сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 12-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз түскен күннен бастап ол соттың іс жүргізуіне қабылданды деп есептеледі.";

      5) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымына шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарын АПК-нің 54-тарауының қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.

      Кассациялық сатыдағы соттың ұйғарымдары АПК-нің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ғана қайта қаралуы мүмкін.

      Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы төмен тұрған соттың ұйғарымының күшін жойған жағдайда, апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот істі жаңадан қарау үшін тиісті сотқа беріп, мәселені мәні бойынша шешуге құқылы.";

      6) 19-тармақта:

      екінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істі жаңа сот талқылауына дайындау мерзімін заңды күшіне енген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы ұйғарым күшіне енген күнінен бастап есептеген жөн.";

      7. "Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15:

      1) 4-тармақтың екінші абзацындағы "сотқа дейін" деген сөздерден кейін "немесе соттан тыс" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 21-тармақтағы "Сот" деген сөзден кейін "(судья)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8. "Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6:

      1) 23-тармақта:

      бірінші абзацтағы "спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, не осыларға ұқсас заттарды" деген сөздер "құмар ойындарын, бәс тігуді, спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, не осыларға ұқсас заттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдалануы, құмар ойындармен айналысуы" деген сөздер "құмар ойындарын, бәс тігуді, спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, не осыларға ұқсас заттарды теріс пайдалануы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
     
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады