Т.Ә. Төлеубаев, Ә.Н. Төлембаев туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 35 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының өкілі Талғат Әбдешұлы Төлеубаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрында қалдырыла отырып, Лион қаласындағы (Франция) Интерпол Бас Хатшылығының штаб-пәтерінен кері шақыртылсын.
      2. Әлнұр Нұралыұлы Төлембаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрында қалдырыла отырып және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдіктері сақтала отырып, Лион қаласындағы (Франция) Интерпол Бас Хатшылығының штаб-пәтеріне Қазақстан Республикасының өкілі болып іссапарға жіберілсін.
      3. Әлнұр Нұралыұлы Төлембаевтың қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар оның өкілеттіктері мерзімінің ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 002 "Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізіледі деп белгіленсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады