Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
      8-тармақтың екінші абзацында "22" деген сандар "19" деген сандармен ауыстырылсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;
      6-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      6-3) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;
      6-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;
      6-5) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
      6-6) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетгік органмен бірлесіп бекітеді;".
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 ақпандағы
N 222 қаулысына 
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 495-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41-1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 4, 34-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 21, 239-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 569 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 294-құжат).

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105 и признании утратившим силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 222. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года N 454

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105 "Вопросы Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 38, ст. 515) следующие изменение и дополнения:
      в Положение о Министерстве энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в абзаце втором пункта 8 цифры "22" заменить цифрами "19";
       пункт 14 дополнить подпунктами 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) следующего содержания:
      "6-1) утверждает техническое задание на разработку инвестиционной программы;
      6-2) заключает соглашения и инвестиционные договоры с энергопроизводящими организациями;
      6-3) ведет мониторинг исполнения энергопроизводящими организациями инвестиционных обязательств, предусмотренных в соглашениях, и инвестиционных программ, предусмотренных в инвестиционных договорах;
      6-4) формирует группы энергопроизводящих организаций;
      6-5) в случаях утверждения индивидуального тарифа выше расчетного тарифа согласовывает увеличение стоимости инвестиционной программы;
      6-6) утверждает совместно с государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, инвестиционные программы и (или) инвестиционные проекты, учитываемые при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней, тарифных смет;".
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 26 февраля 2009 года № 222

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044 "Об утверждении Правил присоединения дополнительных мощностей и компенсирования затрат для реконструкции и расширения объектов электроэнергетических установок" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 37, ст. 495).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2006 года № 41-1 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 4, ст. 34).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2007 года № 529 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 21, ст. 239).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 569 "О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года № 1044" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 30, ст. 294).