Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41-1 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 495-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесiнде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Меншiк нысанына қарамастан, тұрғын үй салушылардан қосымша қуаттарды қосқаны, сондай-ақ энергия берушi ұйымның энергия тасымалдау желiлерiн дамыту мен қайта жаңартуға байланысты шығындары үшiн төлем алынбайды және осы шығындар жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады