Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ақмола облысының Щучье ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ақмола облысының Щучье ауданын қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысының атқарушы және өкілді органдарының пікірін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев