Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Руслан Тохтубайұлы Ахметті Коломбо қаласына (Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 1235 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы "23" деген сандар "22" деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақ "көліктік шығыстарға" деген сөздерден кейін "және 2009 жылғы 22 - 23 тамыз кезеңінде Дели қаласында (Үндістан Республикасы) қонақ үйде тұруға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов