Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 ж. 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
330-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 10-бөліміне сәйкес экспортқа ренталық салу салуға жатқызылатын шикі мұнай".
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат, 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 11-12, 55-құжат; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 ж. 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 3-тармағындағы "Қоршаған" деген сөз "Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың 1-тармағындағы "Қоршаған" деген сөз "Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., N 2-3; 16, 18-құжаттар; N 13-14, 63-құжат; 2009 ж. 11 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 ж. 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
203-баптың тақырыбында "шетелдіктердің және тұлғалардың табыстарынан" деген сөздер "шетелдіктер және тұлғалар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
315 және 323-баптардың тақырыптарындағы "мерзімі" деген сөз "мерзімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
447-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері";
2) 12-баптың 1-тармағында:
11) тармақшаның үшінші абзацында:
"шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
"қайырымдылық және" деген сөздер "қайырымдылық және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшаның бірінші абзацындағы "заңды тұлғаны тарату кезінде" деген сөздерден кейін "немесе қатысушылардың салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайту кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 17-баптың 3-тармағында:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушінің (салық агентінің) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхаты негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.";
4) 20-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы "хабарлама" деген сөзден кейін "және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 23-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 36-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлік басқару құрылтайшысының салықтық міндеттемесін орындау толығымен сенімгерлік басқарушыға жүктелген болса сенімгерлік басқару құрылтайшысының жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.";
7) 37-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы "(қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "табыс етеді." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында айқындалған құжаттар таратылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда беріледі.";
8) 39-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлікте:
2) тармақшадағы "(қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы "табыс етеді." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында айқындалған құжаттар, бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда беріледі.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда" деген сөздер "заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 40-баптың 1-тармағында:
екінші бөлікте:
3) тармақшадағы "(қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "табыс етеді." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында айқындалған құжаттар бөлініп шығу жолымен таратылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда беріледі.";
10) 41-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
4) тармақшадағы "(қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "табыс етеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында айқындалған құжаттар, қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда беріледі.";
11) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.";
12) 60-баптың 1-тармағы 8) тармақшадағы "саясаты" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) оқуға, біліктілікті арттыруға немесе жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша қайта даярлауға жіберген кезде қызметкерлерге тұруға және ақша төлеуге арналған шығыстардың нормалары;
10) салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаларды оқытуға арналған шығыстар нормалары";
13) 63-баптың 3-тармағында:
2) тармақшада:
"сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;
"кезеңдері үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда салық кезеңінің қорытындылары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "бөліну жолымен" деген сөздер алып тасталсын;
14) 67-бапта:
1-тармақта:
"нысандарын" деген сөзден кейін "осы декларацияға қосымшалармен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы "Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның төртінші абзацындағы "осы декларацияға қосымшалармен бірге" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "азаматтарына қатысты" деген сөздер "азаматтары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты" деген сөздер "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 68-баптың 6-тармағының екінші бөлігі "тарату" деген сөзден кейін ", бөлу жолымен қайта ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 70-баптың 3-тармағында:
"Қосымша" деген сөзден кейін "және (немесе) хабарлама бойынша қосымша" деген сөздермен толықтырылсын;
"(салық агенті)" деген сөздерден кейін "немесе осы Кодекстің 586 - 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 71-баптың 6-тармағындағы "мониторинг бойынша есептілікті" деген сөздер "электронды түрдегі салық есептілігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 72-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей" деген сөздер "өткенге" дейін деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы "түрлері" деген сөзден кейін ", бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "салық" деген сөз "салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 73-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірмей салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш беруге құқылы.";
20) 77-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы оның тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары;";
4) тармақшадағы "шығарылған" деген сөз "жазып берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 86-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "табыстардан" деген сөзден кейін "сондай-ақ осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көрсетілген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлікте осы Кодекстің 111-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстардан" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құн өсімінен түсетін табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелері;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесі;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда өсім әрбір актив бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда өсім әрбір актив бойынша беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4, 4-1 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "шығындардан (шығыстардан)" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);";
үшінші абзацы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
"олар бойынша" деген сөздерден кейін "шығындар (шығыстар)" деген сөздермен толықтырылсын;
"6, 12, 13-тармақтары" деген сөздер "12-тармақтың екінші бөлігі, 13-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесі бойынша әрбір бағалы қағаз, қатысу үлесі бойынша:
1) өткізу кезінде - өткізілу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құны (салым) арасындағы оң айырма;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма қатысу үлесі болып танылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
"4-1. Борыштық бағалы қағаздар бойынша әрбір бағалы қағаз бойынша:
1) өткізу кезінде - дисконттың амортизациясын және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақыны ескере отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен дисконттың амортизациясын және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақыны ескере отырып, бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен дисконттың амортизациясын және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақыны ескере отырып, бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма күн өсімі болып табылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы баптың 1-1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша құн өсімі:
1) өткізу кезінде - өткізу құны мөлшерінде;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күн мөлшерінде;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.";
23) 90-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкер талапты орындау кезінде орындау сомасы барабар мөлшерде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) тармақшадағы "азайтқан кезде" деген сөздерден кейін "талаптар мөлшерін азайту сомасына барабар мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "(резервтерді)" деген сөзден кейін "қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы "күшіне енген" деген сөздерден кейін ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) борышкер дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынған";
24) 100-бапта:
12-тармақта:
бірінші бөлікте:
"Осы Кодекстің 260-бабына сәйкес" деген сөздер "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен ауыстырылсын;
"шегерімге жатқызылуға жатады" деген сөздер "сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнында ескеріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 261, 262-баптарына сәйкес барабар әдісті қолдануға байланысты есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.";
14-тармақта:
"белгіленген" деген сөзден кейінгі "бір" деген сөз алып тасталсын;
"тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1 және 16-1-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерімге жатады.";
"16-1. Жарнама мақсатында өтеусіз берілген тауардың республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды беру не сыйлау күнгі айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын құны мұндай тауарды өтеусіз беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылуы тиіс.";
25) 107-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарды жою қорының қаражатын салық төлеушінің мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады. Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі асып кеткен жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы мұндай сома өткен салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілмеді деген шартпен мақсатсыз пайдалану анықталған сол салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.";
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады. Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі асып кеткен жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы мұндай сома өткен салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілмеді деген шартпен мақсатсыз пайдалану белгіленген сол салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.";
26) 111-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көрсетілген тәртіп, егер жер қойнауын пайдаланушы қызметті барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу және бағалау негізінде өндіруге арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің аяғында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы көрсетілген өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан кейін аяқтады деген шартпен өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңінің аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерімге жатады.";
27) 114-бапта:
1-тармақтағы "төленген салықтар" деген сөздер ", оның ішінде осы Кодекстің 599, 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "кезеңінде" деген сөзден кейін ", оның ішінде осы Кодекстің 599, 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 116-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;";
11) тармақша "сәйкес" деген сөзден кейін "жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпорациялық табыс салығын төлеуден босатуды ұсына отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;";
29) 117-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпорациялық табыс салығын төлеуден босатуды ұсына отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.";
30) 120-бапта:
2-тармақта:
"Әрбір" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір" деген сөздермен ауыстырылсын;
"балансына" деген сөзден кейін "осы тармақта белгіленген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Кодекстің 117-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық балансы бойынша амортизациялық аударымдар осы бапта белгіленген амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) құндық балансына қолдану жолымен анықталады.";
31) 121-бапта:
2-тармақтағы "кіші топтың немесе" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "тиісті қаржы жылына белгіленген" деген сөздер "белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 122-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі "3-тармағында" деген сөздер "3 және 6-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы "осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1)," деген сөздер "коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәтке дейінгі кезеңде осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі "іс жүзінде жүргізілген" деген сөздер "бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәттен бастап шеккен, мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстардың сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған сол бір салық кезеңінде танылады.";
33) 123-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "бөлуге жатпаса" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмаса";
34) 130-баптың 2-тармағындағы "шығыстарға" деген сөз "шегерімдерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 132-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Табыстар мен шегерімдерді түзету осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.";
36) 136-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы Кодекстің 87-бабы 1-1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген амортизацияға жатпайтын активтердің сату құны мен бастапқы құнының арасындағы теріс айырма осындай активтерді сатудан шеккен залал болып табылады.";
37) 137-баптың 1-тармағы "залалдар," деген сөзден кейін "осы Кодекстің 87-бабы 1-1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген амортизацияға жатпайтын активтерді сатудан шеккен залалдар" деген сөздермен толықтырылсын;
38) 141-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған" деген сөздер "және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"жаңадан құрылған" деген сөздердің алдынан "егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
"салық төлеушілер" деген сөздердің алдынан ""
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөнінде декларация тапсыру мерзімін ұзарту кезінде:
1) өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен, оның ішінде өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған кезең үшін есептеледі;
2) салық төлеуші өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып, көрсетілген декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасын төлейді.
Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлем сомасының есебінде есептелген көрсетілген декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасы мен өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылатын кезең үшін төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесінде жаңадан туындаған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ кейінгі екі салық кезеңі ішінде егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығын есептеген жағдайда корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептейді.
Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ кейінгі екі салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі және одан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан туындаған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін болжамды корпоративтік табыс салығын негізге ала отырып, есептейді.";
39) 143-баптың 2-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) репо операциялары бойынша сыйақы;";
10) тармақшадағы "сыйақы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарғында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарғында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымдарға төленетін депозиттер бойынша сыйақы";
40) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша, мал шаруашылығы, құс шаруашылығының және ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу бойынша қызметін жүзеге асырудан алынған жағдайда 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.";
41) 150-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер сыныптауышына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
42) 154-баптың 1-тармағында:
"аударуды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді" деген сөздермен толықтырылсын;
"25-тарауында" деген сөздер "19, 25-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 155-баптың 3-тармағында:
3) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есептеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай мүлікті беру күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы "құны" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар";
44) 156-баптың 1-тармағында:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе; заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті дивидендтерді төлеу күні жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуі тиіс табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қоюы кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;";
9) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыстағы ең төменгі жалақының 55 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы:
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;
I, II, III топтағы мүгедектердің;
мүгедек баланың;
"мүгедек бала" деген санаты бар адамның ата-анасының бірінің - мұндай адам он сегіз жасқа толғанға дейін;
"бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының бірінің - мұндай адамның өмір бойы;";
14) тармақша алып тасталсын:
18) тармақшаның бірінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтарындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "көзделген" деген сөзден кейін "мүгедек баланы" деген сөздермен толықтырылсын;
45) 157-баптағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 161-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі "бойынша салық" деген сөздер "қызметкерінің табыстары бойынша жеке табыс салығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 162-баптың 1-тармағында:
"резиденттері жеке тұлғалардан" деген сөздер "азаматтары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны" деген сөздер алып тасталсын;
48) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі, табыс есебіне жазылатын тиісті айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшерінің жалпы сомасынан аспауға тиіс;";
6-тармақтың 1) тармақшасындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 170-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте, осы Кодекстің 156-бабында қарастырылған түзетулер мен салықтық шегерімдерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры ғана жүргізеді.";
1) тармақшада:
"сәйкес" деген сөзден кейін "және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
"тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
50) 175-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 177-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табыстар мүліктік табыс болып табылмайды.
Мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарды қоспағанда, осы баптың 1) тармақшасында;
осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табыстар өзге де табыстар болып табылмайды.";
52) 180-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.";
53) 184-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "алынған" деген сөз "түсетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыстар.";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма бұрын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.";
54) 188-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстардан салықтар төлейді.";
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "алынған" деген сөз "түсетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
55) 189-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Егер тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы резидент болмаса, мұндай тұлға осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес ретінде қарастырылады.";
56) 190-баптың 2-тармағының екінші абзацындағы "резидент еместің" деген сөздер "шетелдіктің немесе шет мемлекеттегі азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 191-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы "жүргізген" деген сөз "жөніндегі қызметті жүзеге асырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "3) тармақшасын" деген сөздер "3) тармақшасында көрсетілген қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 192-баптың 1-тармағында;
2) тармақшадағы "Республикасында" деген сөз "Республикасының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағындағы, құқықтары немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуі тиіс мүлікті;";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуі тиіс Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;";
төртінші абзацтағы "нәтижесінде алынған" деген сөздер "кезінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) өздеріне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының қаламақылары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер;";
29) тармақшадағы "Республикасындағы" деген сөздер "Республикасының аймағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 193-бапта:
1-тармақта:
"осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығының сомасын салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 192-бабында көрсетілген төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасына қолдану жолымен есептейді.";
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "табылатын" деген сөз "танылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпай тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркелу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;";
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті дивидендтерді төлеуі күні Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуі тиіс табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қоюы кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;";
7) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейін "егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
60) 194-баптың 2) тармақшасы "192-бабының" деген сөздерден кейін "1-тармағының" деген сөздермен толықтырылсын;
61) 196-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу күні болып танылады. Көрсетілген мерзімнен кейін мұндай табыстарды төлеу кезінде оларға қайта салық салынбауы және салық есептілігінде көрсетілуі тиіс";
62) 197-бапта:
баптың тақырыбында:
"Республикасында орналасқан" деген сөздер "Республикасындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жылжымайтын" деген сөз алып тасталсын;
"бағалы қағаздарды" деген сөздер "акцияларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құқықтары немесе олар бойынша жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиіс Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;";
63) 200-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті мынадай шарттар бір мезгілде болған жағдайда осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай көрсетілген табыстардан табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды жүргізеді:
1) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын филиалмен, резидент емес заңды тұлғаның өкілдігімен, резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшартының болмауы;
2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша филиал, өкілдік, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактураның болмауы.
Бұл ретте салық агенті резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұстап қалған табыс салығы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылады.
Көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылмайды және осындай резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне сәйкес табыс салығы салынады. Резидент емес заңды тұлға салық агентіне филиалдың, өкілдіктің, тұрақты мекеменің сәйкестендірілген нөмірімен құжаттың нотариатты расталған көшірмесін беруге міндетті.
4. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға осы Кодекстің 198, 199-баптарына сәйкес корпорациялық табыс салығын ретроспективті тәртіппен есептейді және осы баптың 3-тармағында көрсетілген табыстарды көрсете отырып, тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларация ұсынады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпорациялық табыс салығының сомасы осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұсталынған корпорациялық табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпорациялық табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғанда келесі он салық кезеңіне көшіріледі және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төленуге тиіс корпорациялық табыс салығының сомасын дәйекті түрде азайтады.";
64) 201-бапта:
6-тармақта:
3) тармақшада:
бірінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалын, өкілдігін немесе тұрақты мекемесін филиал немесе өкілдік ашпай Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті болып танылады;";
8-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленетін;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті дивидендтер төлеу күніне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттарының базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуі тиіс табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қоюы кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;";
65) 203-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "табыс ететін және табыс салығы мен табыстардан" деген сөздер "бойынша жеке табыс салығы мен" деген сөзбен ауыстырылсын;
66) 208-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы "ашып көрсетілуге тиіс" деген сөздермен толықтырылсын, 4) тармақшасы алып тасталсын;
67) 212-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлікте "табысты төлеу күнінен кешіктірмей," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжатты резидент емес салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бірінші болып басталатын мынадай күндердің бірінен кешіктірмей ұсынады:
1) резидент емеске табыс төлеу жүргізілген немесе резидент еместің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанында:
2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша есепті салық кезеңіне жоспарлы салық тексеруін жүргізудің басында;
3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша есепті салық кезеңіне жоспардан тыс салық тексеруі аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;
Бұл ретте жоспардан тыс салық тексеруінің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.";
2-тармақта:
екінші бөлігінде:
"агент, номиналды ұстаушы болып табылатын заңды немесе жеке тұлға немесе" деген сөздер алып тасталсын;
"тек" деген сөз "тек қана" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұлғасы" деген сөзден кейін, "оның ішінде агент, номиналды ұстаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер, шартқа (келісімшартқа) сәйкес сыйақы төлеу делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентінің осындай табысты түпкілікті (нақты) алушы (иесі) болып табылатын мемлекетпен, резидентпен тиісті халықаралық шартта көзделген, бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) шартта (келісімшартта) сыйақыны делдал арқылы түпкілікті (нақты) алушы (иесі) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғалардың деректерін (заңды тұлғаның атауын немесе жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, сыйақы сомалары көрсетілген;
2) сыйақыны түпкілікті (нақты) алушы (иесі) Қазақстан Республикасы олармен халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылған;
3) салық агентіне осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес сыйақыны түпкілікті (нақты) алушы (иесі) болып табылатын тұлғаның резиденттігін растайтын құжат ұсынылған жағдайларда табыс салығының төмендетілген ставкасын қолдану құқығы бар.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат салық агентіне, бірінші болып басталатын келесі күндердің бірінен кешіктірмей ұсынылады:
1) резидент емеске табыс төлеу жүргізілген немесе резидент еместің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанында;
2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша есепті салық кезеңіне жоспарлы салық тексеруін жүргізудің басында;
3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша есепті салық кезеңіне жоспардан тыс салық тексеруі аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;
Бұл ретте жоспардан тыс салық тексеруінің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.";
3-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы "тізілімінен" деген сөзден кейін "(акционерлердің тізілімінен немесе резидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан)" деген сөздермен толықтырылсын;
68) 217-бапта:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7) "өтініште көрсетілген деректердің растығы;";
16-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
"жағдайда" деген сөз "жағдайларда" деген сөзбен ауыстырылсын;
"шешімімен келіспеген" деген сөздерден кейін "немесе салық органының шешімі болмаған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "шешім болмаған жағдайда" деген сөздер "олар бойынша салық органдарының шешімі болмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерді көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелері немесе сауда тізілімінен (акционерлердің тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелер;";
70) 223-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "салық органы" деген сөздерден кейін "берген және" деген сөздермен толықтырылсын;
71) 224-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін резидент емес заңды тұлға болып табылады:
жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
оның жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі.
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің пайдасының бір бөлігі осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс.
Осы тармақтың ережесі қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп процентті құрайтын, заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
Осы тармақтың ережесі резиденттің салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталындағы жанама қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместің дауыс беру акцияларына жанама иелік етуіне қолданылмайды.
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс пайдасының бір бөлігі резиденттің осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін және (немесе) дауыс беру акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі - шоғырландырылатын пайда) негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
П=(П1 - Див2)х Д1 + (П2 - Дивn) х Д2 +...+ (Пn - Див(n+1))х Дn- Див1
мұнда
П - шоғырландырылатын пайда;
П1, П2, Пn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің бөлек қаржылық есептілігінде танылған салық салудан кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
Д1, Д2, Дn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жарғылық капиталындағы резиденттің тікелей немесе жанама қатысу үлесі немесе осындай резидент еместің дауыс беру акциясына резиденттің тікелей немесе жанама иелік ету үлесі;
Див2, Дивn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместердің пайдасын тарату нәтижесінде есепті кезеңде алынған дивидендтер түріндегі салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің табыстары;
Див1 - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің пайдасын тарату нәтижесінде есепті салық кезеңінде алынған дивидендтер түріндегі резидент жеке тұлғаның табыстары.
Осы тармақты қолдану мақсатында дивидендтерге салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің есепті кезеңіне дейін бес жылдан аспайтын алдыңғы кезеңдер үшін пайданы тарату нәтижесінде есепті кезеңде:
осындай дивидендтерді есептеу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде орналасқан акцияларды қоспағанда, акциялар бойынша алынған табыс;
заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында тарататын таза табыстың бір бөлігі түрінде алынатын дивидендтер жатады.
Осы баптың мақсаты үшін есепті кезең деп ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең танылады.
Салық салуда жеңілдігі бар мемлекет пен Қазақстан Республикасында есепті кезеңнің және осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда салық төлеуші (К1, К2) түзету коэффициенттерін қолдану арқылы былайша пайда мен дивидендтер сомасының мөлшерін түзетуге міндетті:
П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу + 1 х К2,
Див1, Див2, Дивn = Диву х К1 + Диву + 1 х К2,
К1 = СК (РЕ)1
СК (РЕ)3,
К2 = СК (РЕ)2
СК (РЕ)3,
мұнда
П1, П2, Пn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің бөлек қаржылық есептілігінде танылған, салық салудан кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
Див2, Дивn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместердің пайдасын тарату нәтижесінде есепті кезеңде алынған дивидендтер түріндегі салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің табыстары;
Див1 - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің пайдасын тарату нәтижесінде есепті салық кезеңінде алынған дивидендтер түріндегі резидент жеке тұлғаның табыстары;
СК (РЕ)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі бір есепті кезең айларының саны;
СК (РЕ)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі келесі есепті кезең айларының саны;
СК (РЕ)3 - салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны;
Пу - бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне енгізілетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін осындай мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес пайдасының сомасы;
Пу+1 - бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне енгізілетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін осындай мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес пайдасының сомасы;
Диву - бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне енгізілетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте бір есепті кезең үшін осындай мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент емес пайдасын тарату нәтижесінде алынған дивидендтер түріндегі табыстар;
Диву+1 - бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне енгізілетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте басқа есепті кезең үшін осындай мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент емес пайдасын тарату нәтижесінде алынған дивидендтер түріндегі табыстар.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың мақсаты үшін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталындағы жанама қатысу немесе оның дауыс беру акцияларына жанама иелік ету үлесі (бұдан әрі - жанама қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:
Х = Х1 * Х2*...*Хn * 100;
мұнда:
X - жанама қатысу немесе иелік ету үлесі, пайыздарда;
X1 - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына резиденттің тікелей қатысу немесе резиденттің осындай резидент еместің акцияларына тікелей иелік ету коэффициенті;
Х2,..., Хn - салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әр резидент еместің салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің жарғылық капиталына тікелей қатысу немесе салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әр резидент еместің салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің акцияларына тікелей иелік ету коэффициенті.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бір бөлігі Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына қосылатын пайдасы бөлігінде осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде ескерілетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әр резидент емеске салық салудан кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы, резидент еместің қаржылық есептілігімен расталуға тиіс";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің пайдасы оның жеке қаржылық есептілігінің дерегі бойынша Қазақстан Республикасының резиденті осы баптың ережелерін қолдану мақсатында есепті кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолданумен теңгеде қайта есептеледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент өзі орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі резидент еместер туралы өзі жасаған анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болған жағдайда олардың инкорпорация еліндегі олардың салық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілуі тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент, сондай-ақ нотариаттық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса бере отырып, мынадай құжаттардың:
1) резидент емес заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер резидент емес заңды тұлға Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде тіркелген еншілес ұйымы бар болып табылса);
2) салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінің;
3) дивидендтерді бөлу жүргізілген кезеңді көрсетіп, акционерлердің немесе қатысушылардың арасында дивидендтерді бөлуді растайтын құжаттар (акционерлердің жалпы жиналысының шешімі немесе шет ел мемлекетінің заңнамасында белгіленген өзге құжат);
4) дивидендтерді төлеуді жүргізген кезеңді көрсетіп, салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент емеске дивидендтерді төлеуді растайтын төлем құжаттары;
5) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде осындай қаржылық есептілікке міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмелерін табыс етуге міндетті.";
72) 225-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);";
73) 231-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;";
5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда және тауарды беру не сыйға тарту күніне қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "ресімдеу" деген сөз "жазып беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
75) 238-бап мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Мерзімді баспасөз басылымдарын және жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілердің Интернет-ресурсында орналасқан өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін қоса алғанда, сату салық салынатын айналымның мөлшері есепті салықтық кезеңде мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерінің сатылған бөлігіне келетін құны негізінде айқындалады.";
76) 244-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;";
77) 248-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне орналастырылған тауарлар";
78) 256-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "табыс етілетін" деген сөздер "жазып берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "ұсынылған" деген сөз "жазып берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша "алынған" деген сөзден кейін "жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілердің Интернет ресурсында орналасқанды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшаның бірінші абзацындағы "авиациялық" деген сөз "әуе" деген сөзбен ауыстырылсын;
79) 257-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қосылған құн салығы, егер:
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
2) негізгі құралдар ретінде сатып алынатын жеңіл автомобильдерді;
3) тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша осы Кодексте белгіленген талаптар бұзыла отырып жазып берілген шот-фактуралар алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынатын табысты айқындаған кезде шегерімге жатқызылады.";
80) 262-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы бөлігінде барабарлық әдісті қолдануға құқығы бар.";
81) 263-бапта:
2-тармақтағы "ресімдеу" деген сөз "жазып беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы "толтырылған" деген сөз "жазып берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығын төлеуші:
қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ, байланыс қызмет көрсетулерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын өткізу кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомалары бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.";
16-тармақта:
"8) тармақшасына" деген сөздер "7) және 8) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ресімдеу" деген сөз "жазып беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"осы баптың" деген сөздер "осы бөлімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте шот-фактураны жазып беру күнімен қатар қызмет көрсетушінің сату бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі.";
18-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалсын;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тапсырма шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді осы бөлімде белгіленген тәртіпте сенім білдіруші жүзеге асырады.
Осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда шот-фактураларды осы бөлімде белгіленген тәртіппен сенім білдірілген адам жазып береді.";
82) 264-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде "ұсынушылар" деген сөз "жазып берген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі "жасайды" деген сөз "жазып береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің 1) тармақшасындағы "жасайды" деген сөз "жазып береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
83) 267-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;";
84) 275-баптың 4-тармағының 5) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
85) 276-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
"ең аз" деген сөздер "айлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
үшінші бөліктегі "тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі "тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
86) 279-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8702 тауарлық позициясына кіретін, 10 адам тасымалдауға арналған немесе двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары моторлы көлік құралдары;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8703 тауар позициясына кіретін двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары болатын ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8704 тауар позициясына кіретін, жүкке арналған платформасы және қатты стационарлық қабырғалы жүк бөлігінен бөлек жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары;";
87) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасының реттік нөмірі 20-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
20. |
8702-ден |
микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8702 тауар позициясына кіретін, 10 адам тасымалдауға арналған немесе двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары моторлы көлік құралдары; |
100 теңге/ текше см |
8703-ден |
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8703 тауар позициясына кіретін, двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары болатын ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа); |
||
8704-ден |
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 8704 тауар позициясына кіретін, жүкке арналған платформасы және қатты стационарлық қабырғасымен жүк бөлігінен бөлек жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары; |
88) 310-баптың 10-тармағының үшінші бөлігіндегі "өндіріс немесе металлургия цехы" деген сөздер "қайта өңдеу, өндіріс немесе металлургия цехы (зауыт)" деген сөздермен ауыстырылсын;
89) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"313-бап. Төлеушілер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану бойынша тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісім-шарттардың бірін жасасқан жеке немесе заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады:
1) барлауға арналған келісім-шарт;
2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт.
Осы тармақшаның ережесі тиісті келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге құқық алуға айрықша құқығының негізінде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.";
90) 314-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнгі қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (С х 0,04%) + (Сп х 0,01%), формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
С - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Са - әлеуетті коммерциялық объектінің және С3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (С х 0,01%) + (Сп х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
С - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Сп - әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін - (С х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес.
Бұл ретте өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы Кодекстің 319-322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуы мүмкін емес;
3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - С1 х 0,01% формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттарын жариялаған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшін - қол қойылатын бонусты төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып осы Кодекстің 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күнге шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетелдік валютадағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады. Бұл ретте шикі мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен қорларының құнын айқындау үшін мәні көрсетілген күні ең жоғары болып табылатын осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында көрсетілген шикі мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні пайдаланылады;
2) осы Кодекстің 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген пайдалы қазбалар үшін - қол қойылатын бонусты төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып осы Кодекстің 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетелдік валютадағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағамдау бағалары жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиісті түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген ең төменгі мөлшерде белгіленеді.";
91) 315-бапта:
тақырыбындағы "мерзімі" деген сөз "мерзімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "мынадай тәртіппен" деген сөздер "салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған" деген сөздер "заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жарияланған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:
1) мынадай жағдайларда пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде:
барлауға арналған келісімшарт шеңберінде осы жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт аумағында бұған дейін жариялаған келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін;
Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік үшін уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен бастапқыда белгіленген алынатын қорларды арттыруға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін;
2) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде бастапқыда Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы белгілеген алынатын қорларды арттыруға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде төлейді.";
93) 320-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалардың қорлары көлемінің құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалардың қорлары көлемінің құны коммерциялық табу бонусын төлеген күннің алдындағы күнге мынадай тәртіппен айқындалады:
1) шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшін - коммерциялық табу бонусын төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып осы Кодекстің 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күні алдындағы күнге шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетелдік валютадағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады. Бұл ретте шикі мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшін мәні көрсетілген күні ең жоғары болып табылатын осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында көрсетілген шикі мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні пайдаланылады;
2) осы Кодекстің 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген пайдалы қазбалар үшін - коммерциялық табу бонусын төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып осы Кодекстің 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күні алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетелдік валютадағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтін күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлеріне ресми бағамдау бағалары жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күні бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикі мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар үшін алынатын қорлардың құны өндіруге арналған жоспарлы шығындардың Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен келісімшарттың техникалық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген 20 процентке ұлғайтылған сомасына негізінде айқындалады.";
94) 323-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімдері
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде төленеді:
1) осы Кодекстің 317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы кен орнындағы алынатын пайдалы қазбалар қорының көлемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей;
3) біріктірілген барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша кен орындарында алынатын пайдалы қазбалар қорының көлемін Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей.";
95) 328-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап өзі орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төленеді;
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем 2010 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей төленеді;
2) егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісімнің жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, ұзақтығы он жылдан аспайтын мерзім ішінде тең үлеспен төлейді.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша егер 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 күнінен кешіктірмей 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.
Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгілеу үшін теңгемен төлеудің жалпы мөлшерін айқындау мақсатында осы бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған есепті тоқсанның бірінші күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі;
2) шетелдік валютадағы тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердің сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетілген сомасы мұндай күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтізбелік жылдың басында теңгемен қайта есептеледі.";
96) 329-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"329-бап. Салық декларациясы
1. Егер мемлекет шеккен тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға арналған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселік мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей тапсырады.
2. Егер тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады.
97) 332-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және өткізген, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізілген" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өткізуі үшін үшінші тұлғаға өткізген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы ", оның ішінде үшінші тұлға арқылы берілген" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушы алыс-беріс шикізаты ретінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде берген не кейіннен үшінші тұлғаға беруі үшін өткізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) осы Кодекстің 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебінен жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикі мұнай мен газ конденсатына;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мұнай өңдеу зауытына не мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына не алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін кейіннен мұнай өңдеу зауытына беру үшін үшінші тұлғаға беруді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнай мен газ конденсатының нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мұнай өңдеу зауытына не мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болуы міндетті.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда шикі мұнай мен газ конденсатының тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай, газ кондансаты ретінде қаралады.";
98) 334-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушының мұнай өңдеу зауытына немесе үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен сату үшін өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына немесе үшінші тұлғаға мұнай өңдеу зауытына кейіннен сату үшін өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі ен мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
2) жер қойнауын пайдаланушының алыс-беріс шикізаты ретінде мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін не үшінші тұлғаға алыс-беріс шикізаты ретінде мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін беру және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы кезінде - жер қойнауын пайдаланушының алыс-беріс шикізаты ретінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін берген немесе үшінші тұлғаға алыс-беріс шикізаты ретінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытында кейіннен қайта өңдеуге беру үшін өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 процентке ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде;
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай, газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шикі мұнайдың және газ конденсатының әлемдік бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтіндісі ретінде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаты үшін бағаны бағамдау "The McGraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөздерінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының стандартты сортының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы шикі мұнай бағасын бағамдауды білдіреді.
Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар:
1) "Argue Media Ltd" компаниясының "Argue Crude" дереккөз бойынша;
2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады. Бұл ретте, шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірлігін өндірілген шикі мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып баррелден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы мынадай формула бойынша анықталады:
S = Р1 + Р2 +...Pn х Е, мұнда:
n
S - салық кезеңінде шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы,
Р1, Р2... Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдауы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдауы,
Е - тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы,
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдауы жарияланған күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамы мына формула бойынша айқындалады:
Рn = Сn1 + Сn2,
2 мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамы,
Сn1 - "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдауының төменгі мәні (min),
Сn2 - "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдауының жоғарғы мәні (max).
Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының белгілі бір стандартты сортына шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды жеткізуге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Жеткізуге арналған шартта шикі мұнайдың стандартты сорты көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикі мұнайдың сорты көрсетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша жеткізілген шикі мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салық кезеңінде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға міндетті.
4. Табиғи газға әлемдік баға халықаралық өлшем бірлігін бекітілген коэффициенттерге сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып салық кезеңінде бағалардың шетел валютасындағы күнделікті бағамдаудың орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтіндісі ретінде төменде көрсетілген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаның бағамдауы "The McGraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөздерінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газының салық кезеңіндегі шетел валютасындағы бағасының бағамдауын білдіреді.
Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға:
1) "Argus media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөздерінің деректері бойынша;
2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.
Табиғи газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша анықталады:
S = Р1 + Р2 +...Pn х Е, мұнда:
n
S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдік бағасы,
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдауы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдауы,
Е - тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы,
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдауы жарияланған күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдауы мына формула бойынша анықталады:
Рn = Сn1 + Сn2,
2 мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдауы,
Сn1 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдауының төменгі мәні (min),
Сn2 — "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдауының жоғарғы мәні (mах).";
99) 335-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "тіркелген" деген сөз "орналасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
100) 336-баптың екінші бөлігінде:
"1) - 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) - 3-1) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өткізген" деген сөзден кейін "және (немесе) берген" деген сөздермен толықтырылсын;
"жағдайда" деген сөздердің алдынан ", оның ішінде мемлекет атынан пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған" деген сөздермен толықтырылсын;
101) 338-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмеген болса, орташа биржалық баға салық кезеңінде бағалардың орташаландырылған бағамдауының орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің нарықтық айырбас бағамы ретінде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбалардың шетелдік валютадағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон бағалы металдар биржасында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған баға бағамдауын білдіреді.
Егер осы бапта өзгеше көзделмеген болса, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:
S = Р1 + Р2 +...Pn х Е, мұнда:
n
S - салық кезеңіндегі пайдалы қазбаға орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңі ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдауы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауы,
Е - тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы,
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдауы жарияланған күндердің саны.
Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауы мынадай формула бойынша айқындалады:
Рn = Сn1 + Сn2
2 мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауы,
Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдауы,
Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдауы.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңінде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауының орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтіндісі ретінде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:
S = Р1 + Р2 +...Pn х Е, мұнда:
n
S - салық кезеңіндегі алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңі ішінде Лондон бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдауы жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
Е - тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы,
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдауы жарияланған күндердің саны.
Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауы мынадай формула бойынша айқындалады:
Рn = Сn1 + Сn2,
2 мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдауы,
Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге р.m. (таңертеңгі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдауы,
Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге р.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдау.
Күміске орташа биржалық баға салық кезеңінде күміске бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтіндісі ретінде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:
S = Р1 + Р2 +...Pn х Е, мұнда:
n
S - салық кезеңіндегі күміске орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңі ішінде Лондон бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдауы жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдауы,
Е - тиісті салық кезеңіндегі тиісті шетел валютасына теңгенің орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы,
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдауы жарияланған күндердің саны.
Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.
Салық жылының ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрінің нақты көлемін кен орындарын игерудің Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен бекітілген техникалық жобасындағы өндірудің күнтізбелік кестесі негізінде әзірленген жергілікті жобада көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептік баланстардың деректері бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерін нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдеріне түзетуге жүргізуге және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына қосымша декларация табыс етуге міндетті.
Жүргізілген түзетуді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңінің осы салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түпкілікті есеп-қисап есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізілуге тиіс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;
минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлері - оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4-тармақ "Лондон металдар биржасында" деген сөздерден кейін "және Лондон бағалы металдар биржасында" деген сөздермен толықтырылсын;
102) 344-бап "сомасын" деген сөзден кейін "орналасқан жері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
103) 348-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мынадай шығыстар мен залалдардың:
тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстар;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген қолданыстағы тіркелген активтер бойынша бұған дейінгі салық кезеңдерінде үстеме пайда салығын есептеу үшін шегерімге жатқызылмаған осы активтердің қалған құнының сомасы шегінде;
бухгалтерлік есепте тіркелген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі шығыстары,
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрі шегерімге жатқызылатын басқа да шығыстары;";
5-тармақта:
"осы баптың 4-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
"бұдан бұрын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Егер бір және сол шығыстар осы баптың 3-тармағында белгіленген шығыстардың бірнеше түрлерінде көзделген болса, онда үстеме пайда салығын есептеген кезде көрсетілген шығыстар бір рет қана шегеріледі.";
104) 349-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25 асатын салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша таза табысының бір бөлігі салық базасы болып табылады.";
3-тармақтағы "табыс пен осы Кодекстің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерімдер" деген сөздер "табыспен, осы Кодекстің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-бабында көзделген шегерімдер мен залалдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"350-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір тиісті ставканы осы Кодекстің 351-бабында көзделген барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомасын кейіннен жинақтай отырып тиісті деңгейге жататын үстеме пайдаға салық салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасы мәнінің әрбір деңгейі үшін осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен жылдық жиынтық табыстың нақты сомасынан аспайтын тиісті деңгейдің шегерімдеріне қатынасы мәнінің жоғары шегінің көбейтіндісі ретінде айқындайды. Жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын айқындау жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы жылдық жиынтық табыстың нақты сомасынан асатын немесе жылдық жиынтық табыстың нақты сомасына тең болған кездегі деңгейге дейін жүргізіледі.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарт бойынша есептелген жылдық жиынтық табыстың нақты сомасы 1,6-дан бастап 1,7-ні қоса алғанға дейінгі мәнге сәйкес келетін жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасынан асып түссе, онда жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасы 1,7-ден жоғары мәнге сәйкес келетін жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарт бойынша есептелген жылдық жиынтық табыстың нақты сомасы ретінде айқындалады.
2) жылдық жиынтық табыстың алынған есеп айырысу мәні негізінде осы Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасы мәнінің әрбір деңгейіне сәйкес келетін корпорациялық табыс салығының тиісті есеп айырысу сомасын айқындайды;
Корпорациялық табыс салығының есеп айырысу сомасы осы Кодекстің 310-бабының 5-тармағының ережелерін есепке ала отырып салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарт бойынша есептелген, осы Кодекстің 349-бабының 4-тармағында белгіленген таза табыс салығының сомасына ұлғайтылған корпорациялық табыс салығы соманың және жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарт бойынша нақты жылдың жиынтық табыс сомасына осы деңгейге сәйкес келетін жылдың жиынтық табыстың есеп айырысу сомасына қатысты көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Корпорациялық табыс салығының 1,7 жоғары мәні және одан кейін келетін мәні үшін айқындалған есеп айырысу сомасы нақты корпорациялық табыс салығына тең, ал осы Кодекстің 349-бабының 4-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылар үшін - нақты корпорациялық табыс салығының сомасына және тұрақты мекеменің таза табысының салығына тең.
3) таза табыстың есеп айырысу сомасын жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы мен осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген шегерімдердің жалпы сомасы, сондай-ақ корпорациялық табыс салығының есеп айырысу сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады;
4) салық кезеңінде алынған нақты таза табысты осы Кодекстің 351-бабында көзделген тиісті деңгейдің таза табысының есеп айырысу сомасы мен бұдан бұрынғы таза табыстың есеп айырысу сомасы арасындағы ретінде осы Кодекстің 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша бөледі.
5) үстеме пайда салығының тиісті ставкасын осы Кодекстің 351-бабында көзделген таза табыстың әрбір бөлінген сомасына қолданады;
6) үстеме пайда салығының есептелген сомасын осы Кодекстің 351-бабында көзделген барлық деңгейлер бойынша жинақтайды.";
106) 353-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"353-бап. Салықты төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңінен кейінгі жылғы 15 сәуірден кешіктірілмей төленеді.";
107) 357-баптың 2-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
108) 358-баптың 2-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
109) 365-баптың 3-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1:1 қатынасты сақтай отырып двигателінің шекті жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшекті мәнімен біреуден көп бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлікке дейін дөңгелектеуге жатқызылады, егер 0,5-тен төмен болса дөңгелектелмейді.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен аз болған жағдайда, двигателінің қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатқызылады.";
110) 367-бапта:
1-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 3-бағанында:
"5" деген цифр "6" деген цифрмен ауыстырылсын;
"8" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. |
"Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-ға дейінгіні қоса алғанда және 55 кВт-тан жоғары көлемі шағын кемелер |
1 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8. |
Мыналарды: |
Көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті |
Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам |
Көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті |
";
"Бұл ретте салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады.";
111) 368-бапта:
1-тармақтың 1-бөлігі "осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылықты жүргізу немесе жедел басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңі ішінде беруші тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, онда салықтың осындай төлемі тараптардың келісімі бойынша сатып алу-сату шартының талаптарына негізделіп сатып алатын тараптың берілетін салық салынатын объекті бойынша ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелерін орындауы болып табылады.";
112) 369-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсан күнінен кешіктірмеу болып табылады.
Салықты төлеу салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.
Жеке тұлғалардың көлік құралдары мемлекеттік техникалық байқаулардан немесе тіркеуден, қайта тіркеуден өткен жағдайда осы Кодекспен белгіленген тәртіпте көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін салықты бюджетке есептеу және төлеу жүргізіледі.";
4-тармақ алып тасталсын;
113) 374-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы:
жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері - жер учаскесін мемлекеттік меншіктен берген жағдайда;
азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да негіздер - қалған жағдайларда негіз болып табылады.";
114) 388-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.";
115) 395-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі."
2-тармақ алып тасталсын;
116) 396-бапта:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу және метрология бойынша уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайға жататын және негізгі құралдар құрамында ескерілетін ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке инвестициялар;
2) концессия шартына сәйкес концессия объектілері болып табылатын ғимараттар, құрылыстар.";
2-тармақтың 2) тармақшасында "ғимараттар" деген сөзден кейін "құрылыстар" деген сөзбен толықтырылсын;
117) 397-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Концессия объектілерінің орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалған осындай объектілердің құны салық базасы болып табылады.";
118) 398-бапта:
1-тармақта және 3-тармақтың бірінші абзацында "салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының" деген сөздер "салық базасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының" деген сөздер "салық базасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
119) 403-баптың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
120) 406-баптың 7-тармағында:
үшінші абзацтағы "мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
121) 413-бапта:
Бірінші абзацта "ставка" деген сөз "1 ставка" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Салық ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады";
122) 416-бапта:
2-тармақта "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады";
123) 418-баптағы "салық салу объектілерінің орналасқан жері" деген сөздер "жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі" деген сөздермен ауыстырылсын;
124) 422-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"Салық ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күніне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады";
125) 425-баптағы "салық салу объектілерінің орналасқан жері" деген сөздер "жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі" деген сөздермен ауыстырылсын;
126) 426-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және қызметі бойынша осындай режим таратылатын селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.";
127) 429-баптың 3) тармақшасындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 431-баптың 7-тармағындағы "қабылданған шешім негізінде" деген сөздер алып тасталсын, "салық төлеушіні хабардар етеді" деген сөздер "уәкілетті орган белгілеген нысанда шешім жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;
129) 435-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
"Оңайлатылған" деген сөздердің алдынан "Салық салудың өзге режимдеріне өту кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"салық органына" деген сөздерден кейін "алдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні көрсетілген салықтық өтінімді беру күнінен кейінгі салық кезеңінің бірінші күні болып табылады.";
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Патент негізінде арнаулы салық режимінен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне өту үшін салық төлеуші:
патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың талаптарына сәйкессіздік туындаған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей";
өзге жағдайда - патенттің қолданыс мерзімі өткенге дейін салықтық өтінішті береді.
Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні:
патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың талаптарына сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күні;
өзге жағдайларда - патенттің қолданыс мерзімі өткеннен кейінгі бірінші күн болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Салық органы салық төлеушінің арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, көрсетілген салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шешім жібереді.
Бұл ретте салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру мұндай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі."
130) 436-баптың 2-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
131) 441-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "сәйкестендіру" деген сөз "құқық белгілеу, сәйкестендіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың төртінші бөлігіндегі "қабылданған шешім негізінде" деген сөздер алып тасталсын, "салық төлеушіні хабардар етеді" деген сөздер "уәкілетті орган белгілеген нысанда шешім жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;
132) 445-баптың бірінші бөлігіндегі "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және әлеуметтік салықты есептеу жүргізілетіннен кейінгі айдың бірінші күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
133) 447-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"447-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері";
134) 450-баптың бесінші бөлігіндегі "көшірмелерін" деген сөздің алдынан "құқық белгілеуші" деген сөздермен толықтырылсын;
135) 456-баптың бірінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздер "алымдарды төлеу күні қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
136) 461-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
137) 462-баптың 4-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
138) 471-бапта:
бірінші абзацта "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК)" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестеде:
реттік нөмірі 1.1- жолдың 2-бағанындағы "Электр" деген сөз "Өз қажеттіліктері үшін жаңадан ашылған энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясы өндірісін қоспағанда, электр" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.20-жолдың 2-бағаны "үлгілерді қоспағанда" деген сөздерден кейін "аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 1.6.-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу";
реттік нөмірі 1.62.-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операциялары";
реттік нөмірі 1.63.-жолдың 3-бағанындағы "(40)****" деген сөз алып тасталсын;
кесте мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.95.-жолмен толықтырылсын:
"
1.95. |
Тауар биржалары саласындағы қызмет: |
|
тауар биржасы үшін |
10 |
|
биржа брокері үшін |
5 |
|
биржа дилері үшін |
5 |
";
139) 475-баптың бірінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
140) 487-баптың 1-тармағындағы "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
141) 492-бапта:
2-тармақта:
"республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Арнайы" деген сөз "Жылжымалы көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындысын қоспағанда, арнайы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
142) 495-бапта:
1-тармақтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1.3.7-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"ластанған күкірт (Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
143) 498-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбеген болса, төлемақы төлеушілер ластану объектісінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.
Ластанудың жылжымалы көздері бойынша декларацияны салық органдарына олардың мемлекеттік тіркелген орны бойынша уәкілетті мемлекеттік орган табыс етеді.";
144) 501-баптың 1-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемақыны төлеу күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
145) 502-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлемақы сомасы бюджетке жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу орны бойынша төленеді. Төлем рұқсат алғанға дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.";
146) 506-бапта:
1-тармақтағы "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
147) 507-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
148) 510-бапта:
1-тармақтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы 0,1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
149) 514-баптың бірінші абзацындағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
150) 526-баптағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кеме жүзетін су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
151) 530-бапта:
1-тармақтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірі күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
1) жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің алаңына және орналастыратын жеріне негізделе отырып белгіленеді:
Р/с N |
Жарнама түрлері |
Жылжымалы объектілердегі төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК) |
||
Республикалық маңызы бар қалалар |
Облыстық маңызы бар қалалар |
Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Алаңы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін) |
2 |
1 |
0 |
2. |
Лайтбокстар (сити-форматтағы) |
3 |
2 |
1 |
3. |
Алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер: |
|||
3.1. |
2-ден 5 ш.м. дейін |
5 |
3 |
1 |
3.2. |
5-тен 10 ш.м. дейін |
10 |
5 |
2 |
3.3. |
10-нан 20 ш.м. дейін |
20 |
10 |
5 |
3.4. |
20-дан 30 ш.м. дейін |
30 |
15 |
5 |
3.5. |
30-дан 50 ш.м. дейін |
50 |
20 |
10 |
3.6. |
50-ден 70 ш.м. дейін |
70 |
30 |
15 |
3.7. |
70 ш.м. астам |
100 |
50 |
25 |
4. |
Шатырүсті неондық жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неондық әріптер): |
|||
4.1. |
30 ш.м дейін |
30 |
20 |
10 |
4.2. |
30 ш.м. астам |
50 |
30 |
10 |
5. |
Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама: |
|||
5.1. |
5 ш.м дейін |
1 |
1 |
0 |
5.2. |
5-тен 10 ш.м. дейін |
2 |
1 |
0 |
5.3. |
10 ш.м. астам |
3 |
2 |
1 |
6. |
Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама: |
|||
6.1. |
2 ш.м дейін |
2 |
1 |
0 |
6.2. |
2-ден 5 ш.м. дейін |
2 |
1 |
0 |
6.3. |
5-тен 10 ш.м. дейін |
3 |
2 |
1 |
6.4. |
10 ш.м. астам |
8 |
4 |
2 |
7. |
Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) |
10 |
5 |
1 |
2) көлік құралдарына, жарнама объектісінің алаңына және орналастырылатын жеріне негізделе отырып белгіленеді:
Р/с N |
Жарнама түрлері |
Жылжымалы объектілердегі төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК) |
||
Республикалық маңызы бар қалалар |
Облыстық маңызы бар қалалар |
Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлік құралы үшін): |
|||
1.1. |
автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде |
8 |
4 |
2 |
1.2. |
шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін) |
3 |
2 |
1 |
2. |
Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін: |
|||
2.1. |
2 ш.м дейін |
3 |
2 |
1 |
2.2. |
5 ш.м дейін |
15 |
10 |
5 |
2.3. |
5-тен 10 ш.м. дейін |
35 |
25 |
10 |
2.4. |
10-нан 20 ш.м. дейін |
50 |
25 |
10 |
2.5. |
20-дан 40 ш.м. дейін |
60 |
45 |
20 |
2.6. |
40 ш.м. астам |
80 |
40 |
25 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автмобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне байланысты екі еседен көп емес арттыруға құқылы.";
152) 534-баптың 2-тармағында "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баждың төлеген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
153) 535-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның 1-абзацындағы "талап арыздардан" деген сөздер "арыздардан" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "ерекше жүргізілетін" деген сөздердің алдынан "осы тармақтың 2)-4), 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
154) 548-баптың 5-тармағы ", салық органдары" деген сөздерден кейін ", қайтаруға салықтық өтініш берген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 554-баптың 6-тармағында:
"АҚШ долларына" деген сөздерден кейін ", евроға, ағылшын фунт стерлингіне, шевйцар франкіне, канада долларына, жапон иеніне" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік "АҚШ долларынан" деген сөздерден кейін "немесе оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түріндегі эквиваленті" деген сөздермен толықтырылсын;
156) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етпеуі туралы";
157) 558-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы "хабарламаны" деген сөзден кейін "және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін" деген сөздермен толықтырылсын;
158) 560-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы "тұрғылықты немесе" деген сөздер алып тасталсын;
159) 565-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке тұлғаны адвокат жекеше нотариус ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның адвокаттық, нотариустік қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін тұрған жері бойынша салық органына берген дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус ретінде тіркеу есебіне қоюды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жекеше нотариус ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып жүргізеді.
Салық органы жеке тұлғаны адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша адвокат ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып жүргізеді."
160) 568-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"ағымдағы күнтізбелік жылда салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер - салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған күннен кейінгі күннен бастап;";
5-тармақтағы "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздермен ауыстырылсын;
160) 570-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру:
1) салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігі жоғалған (бүлінген) жағдайда - салықтық өтініші негізінде;
2) қосылған құн салығын төлеушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда - атауы немесе тегі, аты, әкесі атының өзгеруі туралы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде салық органы жүргізеді.";
162) 571-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда:
1) салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса;
2) салық салынатын айналым мөлшері мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.";
2-тармақтың бірінші абзацындағы "Қосылған құн салығы бойынша" деген сөздердің алдынан "Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы тармақта өзгеше көзделмесе салық органдары салық төлеушіні осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудың күні мұндай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні болып табылады.
Салық органдары салық төлеушіге салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға:
1) салықтық өтініш берудің алдындағы жылдың күнтізбелік жылы үшін салық төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген ең төменгі айналымды іске асыру бойынша асып кеткен;
2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін салық төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген ең төменгі айналымды іске асыру бойынша асып кеткен жағдайларда қызмет көрсетеді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге дербес қол қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етіледі.
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жүргізіледі.";
5-тармақтың үшінші абзацындағы "бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енгенін алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6-тармақтың үшінші абзацындағы "шығарылды деп танылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап шығарылды деп танылады.";
163) 573-бапта:
1-тармақтың 1-абзацындағы "электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе оны" деген сөздер "электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны жою салық төлеушінің салық органымен осы бапта белгіленген жағдайларда хабарламаның кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін байланыстың арналары арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.";
2-тармақтағы "сәттен бастап үш жұмыс күнінен" деген сөздер "күнінен бастап бір жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "үш жұмыс күні" деген сөздер "бір жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-баппен толықтырылсын:
"4. Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды салық органы, электрондық цифрлық қолтаңбаны жою туралы уәкілетті органның шешімі негізінде бір жұмыс күні ішінде мынадай:
1) салық органы - салық төлеушіні соттың заңды күшіне енген үкімі не қаулысы негізінде - төлеуші соттың үкімін не қаулысын алған күнінен бастап жалған кәсіпорын деп таныған;
2) салық органы - сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде - соттың шешімін алған күнінен бастап мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда.";
164) 577-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді осы Кодекстің 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеуші деп таныған жағдайда мұндай төлеушілер салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері бойынша салық органына жер учаскесін иеленумен пайдаланудың нақты құқығының туындауы негізінде құқық белгілеуші құжаттардың күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде тіркеу есебіне қою үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінімді беруі міндетті."
165) 579-бапта:
2-тармақта "күнтізбелік" деген сөз алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі "шарттар сақталған соң" деген сөздерден кейін "бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
166) 586-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
1) салық қызметі органдарындағы салықтық есептілікті;
2) халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банктік салымнан төленген табыс салығын қайтаруға салықтық өтінішті;
3) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
4) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір-бірімен салыстыру жолымен жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген деректер өз арасында да салыстырылады.";
167) 603-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізіледі.";
168) 607-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Салық органдары осы Кодекстің 608-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, осы баптың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелерін, салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Осы баптың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органына жүгінуге құқылы";
169) 608-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.
5. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ондай салық төлеушіге осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4), 5 тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.";
170) 609-бапта:
3-тармақта:
"қамтамасыз ету тәсілдері" деген сөздер "салықтық берешекті өтемеген жағдайда қамтамасыз ету тәсілдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда" деген сөздер "республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғада банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның банк шоттары жоқ немесе банк шотында және кассасында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы қолданады.";
171) 613-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді:
1) салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда жүргізеді.
Бұл ретте, салық органы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың шағым жасалған сомалары шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізеді. Билік етуге шектеу қоюға салық төлеушінің қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі қаражаты және (немесе) жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылатын мүлкі ғана жатады.
Егер осы тармақпен өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім шығару кезінде салық төлеушінің тек қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал және (немесе) жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылатын мүлкінің билік етуі шектеледі....
"3. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - мұндай шешім шығарылған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегі сомасына;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және өсімпұлдар сомасына қабылдайды."
4-тармақтың бірінші бөлігінде "салық берешегі сомасына" деген сөздер алынып тасталсын;
172) 614-бапта:
2-тармақта "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда" деген сөздер "республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғада банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның банк шоттары жоқ немесе банк шотында және кассасында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.";
173) 616-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Дебитор мен салық төлеуші (салық агенті), салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторлары арасындағы салыстырып тексеру актісінде көрсетілген дебиторлық берешекке өзара есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда салық органына өзара есеп айырысу туралы шарт берілген сәттен бастап дебиторлардың банктік шоты қойылған салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін өндіріп алу жөніндегі инкассалық өкім қайтарылып алынуы мүмкін."
174) 621-баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтардың бірінші бөлігіндегі "тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда" деген сөздер "республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
175) 623-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер осы тармақта басқаша белгіленбесе, мониторингке, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, мынадай талаптарға бір мезгілде сәйкес келетін, анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар ірі салық төлеуші жатады:
1) барлық активтерінің баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингілеуге жатқызылатын ірі салық төлеушілердің бекітілуге жатқызылатын тізбесінің жыл аяғында қолданыстағы кемінде 325 000 айлық есептік көрсеткішін;
2) қызметкерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен және жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткізілген өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген сенім білдірілген тұлға (оператор) және/немесе жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар ірі салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингісіне жатқызылады және осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттардың сақталуына байланыссыз ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
Осы баптың мақсатында:
1) жылдық жиынтық табыс, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жылдың салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
2) активтердің баланстық құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілігінің деректері негізінде айқындалады;
3) қызметкерлердің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жылдың бірінші тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялардың деректері негізінде айқындалады.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, осы тармақта белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің арасында анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші жатады.
176) 635-баптың 8-тармағының төртінші бөлігі "және (немесе) мұндай өнім берушілер бойынша уәкілетті органға ірі салық төлеушілерге мониторинг бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығының сомасының сенімділігін растау туралы сұраным жіберіледі" деген сөздермен толықтырылсын;
177) 644-бапта:
1) тармақшада "және (немесе) қызмет көрсету" деген сөздер "(жұмыстарды орындау, қызмет көрсету)" сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "қызмет көрсетуші" деген сөздердің алдынан "жұмыс," деген сөзбен толықтырылсын;
9) тармақшада "пайдалана" деген сөз "қолдана" деген сөзбен ауыстырылсын;
178) 645-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлігінде "немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде" деген сөздер "қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасында "жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын" деген сөздер "жатпайтын жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасында "немесе қызмет көрсету" деген сөздер ", жұмыс, қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
179) 646-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлігі "егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлігінде:
1-тармақтың екінші бөлігінде "терминалдарымен жарақтандырылған" деген сөздерден кейін "компьютерлік жүйе болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "бақылау-касса машинасын есепке қою туралы" деген сөздер "салық органына бақылау-касса машинасын есепке қою туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
180) 648-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде" деген сөздер "қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбысын есептен шығарады;";
181) 651-бапта:
5-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін" деген сөздердің алдынан "Мемлекеттік тізілімге қосу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың бірінші сөйлемінде "Бақылау-касса машинасының моделіне сәйкес келмеу" деген сөздер "Мемлекеттік тізілімге қосу кезінде уәкілетті органға берілген құжаттамада көрсетілген бақылау-касса машинасының моделінің сипаттамасына сәйкес келмеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
182) 656-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бақылау - есептеу дұрыстығы, алудың толықтығы және салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің уақтылығы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты салық қызметі органының жүргізетін тексеруі.";
183) 669-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай мазмұнда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабарландырады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) жоғары тұрған салық қызметі органына шағым беруге құқылы.";
184) 670-баптың 6-тармағының 4) тармақшасындағы "туындаған мәселелер бойынша" деген сөздерден кейін "қосымша ақпарат және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
185) 674-баптың 2-тармағында:
екінші бөлікте;
"шағым" деген сөзден кейін "(өтініш)" деген сөзбен толықтырылсын;
"бөлігінде" деген сөзден кейін "орындалуы соттың іс жүргізуге шағымды (өтінішті) қабылдаған күнінен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте сотқа берілген шағымның (өтініштің) көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуі тиіс";
186) 675-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "нақты" деген сөз алып тасталсын;
187) 679-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің 669-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайта шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) жоғары тұрған салық қызметі органына шағым беруге құқылы.".
4. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, N 54, 114-құжат, N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, N 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2008 ж., N 13-14, 54-құжат, N 23, 114-құжат):
18-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
1) "Жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, механикалық көлік құралдарының немесе тіркемесінің мемлекеттік техникалық тексеруден өтуі туралы куәлікті беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж алынады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу Салық кодексінде белгіленген тәртіпте көлік құралдары салығы төленгеннен кейін жүргізіледі.".
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Механикалық көлік құралдарын және оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу:
- механикалық көлік құралдарын және оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқаудан өткізгені туралы куәлік үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжаттарды бергеннен кейін;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіпте ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын жеке тұлғалардың төлегенін растайтын құжаттарды бергеннен кейін жүргізіледі.".
5. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, N 66, 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 124-құжат; 2006 ж., N 11 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына):
30-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады";
5-тармақта "тұлғалар үшін" деген сөздерден кейін "салықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
6. "Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 101-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңы, 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осындай үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуын басқаға беру туралы шартқа өзгерісте немесе қосымша келісімде үлескердің басқаға беруі бойынша құны туралы ақпараттың мазмұны болуы керек, ал жаңа үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын сатып алады.".
7. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат, N 24, 128, 129-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; 2009 жылғы 31 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 11 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 шілдедегі Заңына; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңына; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңына):
44-бапта "берілген" деген сөзден кейін "(қайта рәсімдеген)" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 23, 113-құжат; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңына):
1) 4-бапта:
бірінші абзацта "2011" деген сандар "2012" деген сандармен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшада "2010", "2011" деген сандар тиісінше "2011", "2012" деген сандармен ауыстырылсын;
2) 5-бапта "2011" деген сандар "2014" деген сандармен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
бірінші абзацта "2011" деген сандар "2042" деген сандармен ауыстырылсын;
1) тармақшада "2010" деген сандар "2013" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшада "2010", "2011" деген сандар тиісінше "2011", "2012" деген сандармен ауыстырылсын;
4) 7-бапта:
бірінші абзацта "2011" деген сандар "2014" деген сандармен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
кестедегі төртінші бағанның тақырыбында "2010" деген сандар "2013" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшаның кестедегі тақырыптың бесінші бағанындағы "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шикі мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатқан және (немесе) берген жағдайда, оның ішінде заттай нысанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне алушының мемлекет атынан немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 2-тармағының 1) - 3-1) тармақшаларында көзделген тәртіппен белгіленген ставкаларға 0,5 төмендету ставкасы қолданылады.".
2) тармақшаның кестесінде:
5-бағанның тақырыбында "2010" деген сандар "2013" деген сандармен ауыстырылсын;
5) 10-бапта:
бірінші абзац "немесе қолма-қол ақша арқылы" деген сөздер ", қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау," деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 3) тармақшалардағы "жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын", "ақшалай есеп айырысуға" деген сөздер тиісінше "жеке тұлғалардың", "ақшалай есеп айырысуларына" деген сөздермен ауыстырылсын.";
6) 13-бап жетінші абзацтағы "басқаға берген" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"6) борышкер жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған".
7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Осы бапта көрсетілген активтер 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті топтың (кіші топтың) құндық балансын 2009 жылғы 1 қаңтардағы бухгалтерлік есепке сәйкес көрсетілген күннен кейін жүргізілген құнсыздану мен қайта бағалауды есепке алмастан көрсетілген активтердің теңгерімдік құнын құрайды немесе ұлғайтады.
Осы бап мынадай шарттарға бір мезгілде жауап беретін активтерге таратылады:
1) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексінің) 116-бабына сәйкес тіркелген актив ретінде танылған;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген);
3) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті топтың (кіші топтың) теңгерімдік құнына қосылмаған.";
8) 15-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының инвестиция туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісім-шарттар бойынша инвестициялық жобалар шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмайды.";
9) 23-баптың 6-тармағында:
1) тармақшадағы "қаңтарынан бастап" деген сөздерден кейін "2011 жылдық 1 қаңтарына дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "2011" деген сандар "2012" деген сандармен ауыстырылсын;
10) 25-баптың 14-тармағының үшінші бөлігінде "берген" деген сөз "жазып берген" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 49-баптың 1-тармақшасының алпыс жетінші абзацындағы "өткен мерзімінің" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылатын 1-баптың 1-тармағын, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2), 3), 6), 11), 17) тармақшаларын, 20) тармақшасының төртінші абзацын, 21) және 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының екінші-алтыншы абзацтарын, 24) тармақшасының екінші-жетінші, он бірінші-он сегізінші абзацтарын, 25)-30) тармақшаларын, 31) тармақшасының екінші абзацын, 32), 34)-37) тармақшаларын, 38) тармақшасының жетінші-он бірінші абзацтарын, 39), 41) және 42) тармақшаларын, 43) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 46), 51), 60), 70) тармақшаларын, 72) тармақшасының екінші-бесінші абзацтарын, 73)-75), 78)-83) тармақшаларын, 85) тармақшасының екінші-төртінші абзацтарын, 88), 91), 97)-106), 109), 113)-115), 118), 161) тармақшаларын, 162) тармақшасының он үшінші-он сегізінші абзацтарын, 167), 176) және 177) тармақшаларын, 178) тармақшасының бесінші абзацын, 180) тармақшасының екінші абзацын және 1-баптың 8-тармағын, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 178) тармақшасының екінші-төртінші абзацтарын, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 23) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 33) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті