Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1163 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 2058 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1163 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) "Ақжайық" тұрғын үй кешені, құрылыс салушы - "Дүние Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы құны бір шаршы метрі үшін 120000 (бір жүз жиырма мың) теңге және бір машина орны үшін 2000000 (екі миллион) теңге есебінен 4762056000 (төрт миллиард жеті жүз алпыс екі миллион елу алты мың) теңгеден аспайды.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады