Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 2206 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2016 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.
5. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"әзірлеушісі олардың мемлекеттік органы болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;
Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады;".