Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2023 № 938 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгi ереже (бұдан әрi – Үлгi ереже) бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2023 № 938 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.10.2023 № 938 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

      1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 346 қаулысымен;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 346 қаулысымен;

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.06.04 N 822; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 346; 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттiк басқару органдарының және оларға қарасты кәсiпорындардың, мекемелердiң заң қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 17, 187-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметiнiң жай-күйiн жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 152-құжат);

      3) "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 303-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 9 қарашадағы
№ 1072 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметi туралы үлгi ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2023 № 938 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Заң қызметі________________________________________________________

      (орталық және жергiлiктi атқарушы органның, орталық атқарушы орган ведомствосының, сондай-ақ* Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның (келісу бойынша) атауы)

      _______________________________құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Заң қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Заң қызметінің жұмысы ұлттық заңнаманың тұтастығын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие және тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.

      4. Заң қызметіне мемлекеттік орган аппаратының басшысы не мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның шешімі бойынша оның орынбасарларының бірі заңнамада көзделген жағдайларда жетекшілік етеді.

      5. Заң қызметінің құрылымын және штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

      Бұл ретте заң қызметі қызметкерлерінің штат саны мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5 %-ын құрауға тиіс. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;

      6. Заң қызметі мыналардан**:

      1)______________________________________;

      2)______________________________________;

      3) ______________________________________ тұрады.

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органға осы Үлгі ережені өзінің құрылымын әзірлеу және осы Үлгі ережеде көрсетілген негізгі міндеттерді, құқықтар мен міндеттерді, функцияларды осы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерде айқындау кезінде пайдалануға ұсынылады;

      **осы тармақты құрамына кіретін бөлімшелері бар заң қызметтері толтырады.

2-тарау. Заң қызметінің міндеттері, құқықтары және міндеттемелері

      7. Заң қызметiнiң мiндеттерi:

      1) мемлекеттiк органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

      2) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

      4) мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру, мемлекеттiк органда құқықтық насихаттауды ұйымдастыру;

      5) нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

      8. Заң қызметiнiң құқықтары:

      1) Үлгi ереженің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;

      2) мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерді тарту;

      3) біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) әділет органдарында, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың заң қызметтерінде тағылымдамадан өту арқылы өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына норма шығармашылық қызметтің қызығушылық танытатын мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу туралы ұсыныстар енгізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша материалдық ынталандыру алу.

      Заң қызметiнiң міндеттемелері:

      1) мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру;

      2) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттарың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысу;

      3) құқықтық актілердің жобаларын әзірлеумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін тоқсан сайын тағылымдамалар мен семинарлар өткізу;

      4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.

      9. Заң қызметiнiң функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде қатысу;

      2) Астана қаласынан тыс жерде орналасқан, өздерінен өкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу;

      3) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды, соның ішінде құқықтық насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;

      4) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беру;

      5) мемлекеттік орган әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру;

      6) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелерін:

      норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге жоғары тұрған басшыны;

      қабылданған шаралармен бірге әділет органын хабардар ету;

      7) тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      8) мемлекеттік органда құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіру;

      9) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағым жасау жөнінде осы Үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық білдіру туралы өтінішхатпен жүгіну;

      10) осы Үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, құрылымдық бөлімшелермен бірге сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және тиісті лауазымды тұлғаға ұстанымды енгізу.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.05.2024 № 394 қаулысымен.

3-тарау. Заң қызметінің жұмысын ұйымдастыру

      10. Заң қызметінің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің ақтілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруға қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

      Заң қызметіне осы Үлгі ережеде және заңнамалық актілерде көзделмеген функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

      11. Заң қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.

      12. Заң қызметі басшысы заңнамада белгіленген жағдайларда:

      заң қызметіне жалпы басшылық жасайды және заң қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

      мемлекеттік органның басшылығына заң қызметінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      оның орынбасары (орынбасарлары) болады.

      13. Заң қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң қызметі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға заң қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      14. Мемлекеттік органдар әділет органдарына жетекшілік ететін салаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына түсіндірме беру туралы хаттар жіберген кезде оған мемлекеттік органның заң қызметінің тиісті түсіндірмесі қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасының
орталық және жергілікті
атқарушы органының заң
қызметi туралы үлгі ережеге
қосымша

Сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау алгоритмі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2024 № 394 қаулысымен.

      1. Сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 401-бабының екінші бөлігінде және 435-бабының 1-1-бөлігінде көзделген.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 1-бабы үшінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес, егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.

      2. Азаматтық сот ісін жүргізу үшін келісу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      3) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады;

      4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады;

      5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімімен немесе осы алгоритмнің 8-тармағына сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады;

      6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімімен келісуді жүзеге асырады;

      7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімімен келісуді жүзеге асырады;

      8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімімен келісуді жүзеге асырады.

      Келісу жөніндегі талаптар сот актілеріне апелляциялық шағымды немесе дау айту туралы өтінішхатты орталық мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының, оның ішінде прокуратура органдарының ведомстволары мен білім беру мекемесінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай құрылымын құрайтын филиалдардың, өкілдіктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өздері берген жағдайда қолданылмайды.

      3. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен әкімшілік практиканың біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға үшін Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасының Үкіметін қоспағанда, бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ӘРПК-ның 13, 14 және 15-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды тұлға шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға болып танылады.

      4. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау құқығын келісуді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) бірінші сатыдағы сотта шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға қатысты органдардың, лауазымды тұлғалардың бағыныстылығы тәртібімен жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға немесе заңға сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де орган (тұлға) жүзеге асырады.

      5. Сот актілеріне кассациялық шағым жасау құқығын келісуді апелляциялық шағым жасау құқығын келіскен, органдардың, лауазымды тұлғалардың бағыныстылығы тәртібімен жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға немесе заңға сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де орган (тұлға) жүзеге асырады.

      Мұндай жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға болмаған жағдайда кассациялық шағым жасау құқығын келісуді апелляциялық шағым жасау құқығын келіскен әкімшілік орган, лауазымды тұлға қайтадан жүзеге асырады.

      6. Сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салу тиісті орган басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жазбаша нысанда жіберіледі.

      Сұрау салуға АПК талаптарына сәйкес ресімделген жоғары тұрған сот сатыларында сот актісін қайта қарау туралы шағымның, өтінішхаттың жобасы, сондай-ақ шағым жасалатын сот актісі қоса беріледі.

      Сұрау салу АПК-да және ӘРПК-де белгіленген жоғары тұрған сот сатыларында шағым жасау мерзімдері өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      7. Сұрау салуды келісуші органның заң қызметі немесе өзге құрылымдық бөлімшесі қажет болған жағдайда салалық құрылымдық бөлімшелерді тарта отырып, сот шешіміне шағым жасау бойынша заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды.

      Келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі келісуші органның басшысына немесе осы алгоритмнің 8-тармағына сәйкес өзге тұлғаға сот актісіне апелляциялық немесе кассациялық шағым жасау құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      8. Келісу туралы шешімді әкімшілік органның бірінші басшысы (не оны алмастыратын тұлға) қабылдайды. Растайтын құжаттарды (тағайындау, функционалдық міндеттерді жүктеу және бөлу туралы бұйрық) қоса бере отырып, әкімшілік органның бірінші басшысының орынбасарымен немесе заң қызметіне жетекшілік ететін аппарат басшысымен (не оны алмастыратын тұлғамен) келісуге жол беріледі.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау салу келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрау салуды жіберген органға осындай шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлғаның қолы қойылған жазбаша нысанда жіберіледі.

      Келісу туралы шешім міндетті түрде жоғары тұрған әкімшілік органның атауын; соттың атауын; талап қою нысанасын; қабылданған шешімнің негіздемесімен қоса келісу/келісуден бас тарту туралы шешімді қамтуға тиіс.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады