Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. |
Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын, сондай-ақ Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы – азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабардар ету және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі;
2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – ашық НҚА интернет-порталы) – "электрондық үкімет" веб-порталының жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге ақпаратты "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орналастыруды қамтамасыз ететін құрамдасы;
3) ашық НҚА интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, баптауларды және ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;
4) "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7) нысаналы топ – құқықтары мен мүдделері ұсынылып отырған реттеумен (нормативтік құқықтық актінің жобасымен) қозғалатын тұлға, тұлғалар тобы;
8) пилоттық жоба – мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;
9) реттеу субъектілері – нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;
10) реттеушілік жүктеме – Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
11) реттеушілік саясат – нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
12) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемалары, оларды шешу жолдары, заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелер қамтылуға тиіс белгіленген нысандағы құжат;
13) заң жобасына түсіндірме жазба – заң жобасы туралы жалпы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін және жұртшылықтың болашақ реттеушілік саясат туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал ететін нысанда жазылған, заң жобасының мақсаттары, міндеттері мен негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, заң жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтитын, заң жобасына қоса берілетін міндетті құжат;
14) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Үкімет айқындайтын заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қағидалар жобаланатын реттеуден болатын салдарды болжау рәсімдерін, заң жобаларын жария талқылау рәсімдерін және реттеушілік саясаттың басқа да рәсімдерін қоса алғанда, көзделген рәсімдерді дәйекті сақтау арқылы реттеушілік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге және Үкіметтің заң шығару бастамасын іске асырудың бірыңғай тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
4. Үкіметтің заң шығару жұмысын орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар олармен келісу бойынша жүзеге асырады және ол мыналарды:
1) консультативтік құжатты әзірлеуді, оны мүдделі органдармен, ұйымдармен және нысаналы топтармен талқылауды;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4) консультативтік құжатты жария талқылау, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі) қорытындысын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталында осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен орналастыруды;
5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен;6) консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды;
7) консультативтік құжатты Комиссия мақұлдаған жағдайда заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды;
8) егер заңның тиісті жобасында оларды қабылдау көзделсе, заң жобасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, заң жобасына ілеспе материалдарды келісуге енгізу үшін қажетті актілерді әзірлеуді;
9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10) егер Кәсіпкерлік кодексте кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін заң жобасының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу қажеттігі көзделген болса, оны жүргізуді;
11) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен заң жобасын жария талқылау үшін, ғылыми сараптамалардың (лингвистикалық сараптаманы қоспағанда), қоғамдық кеңестердің, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды;
12) мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның шешімі бойынша заң жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізуді;
13) заң жобасын Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне (бұдан әрі – Үкімет регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;
14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен;
16) заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) енгізуді және оны Үкімет регламентіне сәйкес қарауды;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелеріне (бұдан әрі – Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелері) сәйкес заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) келісуді;
18) заң жобасын Президент Әкімшілігімен, Үкімет Аппаратымен келіскеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;
19) заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) енгізуді;
20) заң жобасын Парламент палаталарында (бұдан әрі – Парламент) қарау кезінде оны ұсынуды және сүйемелдеуді;
21) қабылданған заңның іске асырылуын Үкімет Регламентіне сәйкес оның ішінде, егер тиісті заң жобасында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау көзделсе, оларды уақтылы бекіту арқылы қамтамасыз етуді;
22) қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдауды;
23) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен заңның тиімділігін және консультативтік құжатта көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды қоса алғанда, нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингін жүзеге асыруды қамтиды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2024 № 822 қаулыларымен.5. Консультативтік құжатты, сондай-ақ заң жобасы бойынша және қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-1. Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес дайындалған заңдардың жобалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары, сондай-ақ көрсетілген жобаларды іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі болған кезде ғана мемлекеттік органның бастамасы бойынша әзірленуі мүмкін.
Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мерзімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісуін алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.
Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ашық НҚА порталында жария талқылау, сондай-ақ қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, сараптамалық қорытындыларын ұсыну мерзімдері күнтізбелік 5 (бес) күнді құрайды.
Комиссияның консультативтік құжатты қарау мерзімі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық НҚА порталында жария талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспауға тиіс.
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.
Заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын іске асыру үшін әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары сол жобалармен бір уақытта және дәл сол мерзімдерде әзірленеді және келісуге, жария талқылауға, сараптамаларға жатады.
Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Консультативтік құжатты әзірлеу
6. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар консультативтік құжатты әзірлеуші органдар болып табылады.
Өзге органдар, ұйымдар мен азаматтар мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы, олар әзірлеуші органдардың қарауына беріледі және консультативтік құжатта көрсетіледі.
Қажет болса, консультативтік құжатты дайындауға ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдар, ғылымның тиісті салаларының ғалымдары, білімнің әртүрлі салаларының мамандары тартылуы мүмкін.
7. Консультативтік құжатты әзірлеу алдында зерттеулер, әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуі, халықаралық және өзге де ұйымдардың ұсынымдары алынуы мүмкін. Зерттеулер барысында алынған есептік материалдар консультативтік құжатқа міндетті қосымшалар болып табылады.
8. Консультациялық құжатты әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жыл сайынғы жолдауының ережелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкімет шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері, заңнаманың тиімділігін талдау, Қазақстан Республикасының заңнамасын қоғамдық өмірдің тиісті салалары мен аяларында қолдану практикасы, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, БАҚ-та қамтылған ақпарат ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Консультативтік құжатты әзірлеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
1) құқықтық реттеудің тиісті саласындағы қолданыстағы заңнамаға және практикаға талдау жүргізуді, қолданыстағы құқықтық тетіктер тиімділігінің жеткіліксіз болуының проблемалары мен себептерін айқындауды (олар болған кезде), оның ішінде ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің көп болуын анықтауды;
2) экономикалық, әлеуметтанушылық, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерделеуді, қорытуды және талдауды;
3) ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың әлеуметтік, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық және өзге де салдарын (оң/теріс) зерттеуді және болжауды жүзеге асыруды, оның ішінде ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ осындай шешімдерге байланысты белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды дамыту үрдістері мен нұсқаларын талдауды;
4) халықаралық тәжірибені зерделеуді және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді;
5) алдағы бес жыл ішінде заң жобасының қабылдануына байланысты қоғамдық қатынастардың реттелетін саласында қол жеткізілетін (нысаналы) индикаторларды, күтілетін нәтижелерді айқындауды қамтиды.
Заңнамалық актіні қабылдау қажеттігі туралы куәландыратын дәлелдердің баяндалуы нақты болуға, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы тиімділігі жеткіліксіз заңнамамен байланысын егжей-тегжейлі белгілеуге тиіс. Болған жағдайлардың қысқаша фабуласы, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіле отырып, құқық қолдану практикасынан дәлел ретінде мысалдар келтіру қажет.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың әлеуметтік салдарын болжау кезінде олардың жалпы қоғамның дамуына да, оның жекелеген әлеуметтік топтарына да, тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға ықпалы: халықтың білім деңгейіне және жұмыспен қамтылуына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігіне, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға әсеріне талдау жүргізіледі, әлеуметтік сипаттағы ықтимал тәуекелдер және басқа да салдары бағаланады.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың қаржы-экономикалық салдарын болжау кезінде оны қабылдауға байланысты:
1) гранттық қаржыландыру мен қарыздарды тартуды қоса алғанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің тікелей және жанама кірістері мен шығыстары;
2) құқық қолданушылардың және заңнамалық акт нормаларын іске асырудың өзге де субъектілерінің кірістері мен шығыстары;
3) өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділік (бәсекелестікті дамытуға ықпалы, кредиттік ресурстардың қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да салдар) бағаланады.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың экологиялық салдарын болжау кезінде заңнамалық актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға әсер етудің бағыты, сипаты мен дәрежесі бағаланады.
Құқықтық салдарды болжау шеңберінде ұсынылатын шешімдердің белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігіне, оның ішінде құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, нақтылауға, құқықтық олқылықтарды жоюға, ақаулы, тиімсіз және декларативтік нормаларды алып тастауға болжамды әсері бағаланады.
Консультативтік құжатқа онда көрсетілген мәліметтердің негізділігі мен анықтығын көрсететін тиісті материалдар міндетті түрде қоса берілуге тиіс.
10. Әзірлеуші орган нысаналы топтарды айқындауды қолданыстағы құқықтық тетіктердің жеткіліксіз тиімділігін талдау нәтижелері мен құқықтық реттеудің тиісті саласында ұсынылатын шешімдерді қабылдау салдарын негізге ала отырып жүзеге асырады.
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Әзірлеуші орган осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шарттарды орындағаннан кейін консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру арқылы оны жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдаулар мен пікірсайыстарды қамтиды.
Реттеу жоспарланатын қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты талқылауларды жоғарыда көрсетілген тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып жүргізуге болады.
Жария тыңдауларды, пікірталастарды өткізу кезектілігін әзірлеуші орган өзі айқындайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Консультативтік құжатты, заң жобасын орналастыруды әзірлеуші органдардың қызметкерлері АЖО арқылы жүргізеді. Оператор әзірлеуші органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде ұсынады.
Консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында талқылау мерзімін әзірлеуші мемлекеттік органдар өздері айқындайды, бірақ мұндай мерзім 15 (он бес) жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
Орналастырылған консультативтік құжатқа 100-ден (жүз) астам пікір түскен жағдайда әзірлеуші орган міндетті түрде жария тыңдау және (немесе) пікірсайыс өткізеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2024 № 822 қаулыларымен.15. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат ҰКП мен және сараптамалық кеңестермен міндетті түрде талқылануға тиіс.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық кеңестермен міндетті түрде талқылануға тиіс.
16. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЗҚАИ), Комиссия мүшелері ұстаным, сараптамалық қорытынды, ұсыным алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келіскен кезде консультативтік құжаттың ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етіледі.
Әзірлеуші орган Комиссия мүшелеріне хабарламаны 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Бұл ретте ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер және ЗҚАИ ашық НҚА порталы арқылы автоматты түрде хабардар етіледі.
Сараптамалық қорытындылар ҰКП-ның немесе сараптамалық кеңес мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оның міндетті қосымшалары болып табылады.
Консультативтік құжат бойынша сараптамалық қорытынды, қорытынды, ұсыным беру үшін белгіленетін мерзім оның ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама ҰКП-ға, сараптамалық кеңес, қоғамдық кеңес, ЗҚАИ мүшелеріне түскен кезден бастап он бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.17. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, ЗҚАИ, Комиссия мүшелері консультативтік құжатқа өздерінің ұстанымдарын, сараптамалық қорытындыларын, қорытындыларын, ұсынымдарын ашық НҚА интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Сараптамалық қорытындылар, қоғамдық кеңестердің қорытындылары, ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады және консультативтік құжатқа, қабылданғанға дейін заң жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің сараптамалық қорытындылары, қорытындылары, ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда консультативтік құжат ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Әзірлеуші орган сараптамалық қорытындылармен, қорытындымен, ұсынымдармен келіспеген жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей келіспеу себептеріне негіздеме жасайды және оны ашық НҚА порталына орналастырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2024 № 822 қаулыларымен.3-тарау. Жария талқылаулар өткізу
18. Әзірлеуші консультативтік құжатта айқындалған нысаналы топтарды олардың ашық НҚА интернет-порталында жария талқылауларға, жария тыңдауларға және (немесе) пікірталастарға қатысу мүмкіндіктері туралы мынадай мәліметтерді:
1) мемлекеттік органның, жария тыңдауларды ұйымдастырушының атауын;
2) жария тыңдаулар үшін өткізілетін орны мен уақытын да көрсете отырып, талқылауларды өткізу күнін, тәсілін (пікірталастар/жария тыңдаулар);
3) консультативтік құжатта баяндалған проблеманың (проблемалардың) қысқаша сипатын;
4) талқылауларды ұйымдастырушы мемлекеттік органның ұйымдастыруға жауапты тұлғаларының байланыс ақпаратын (мекенжайлары, электрондық пошталары, телефондары);
5) консультативтік құжат орналастырылған ашық НҚА интернет-порталына, оған түсіндірме беру мүмкіндігін көрсете отырып, сілтемені ашып хабардар етуге тиіс.
Әзірлеуші жария тыңдаулар өткізгенге дейін 20 (жиырма) жұмыс күні қалғанда ашық НҚА интернет-порталын, әзірлеушінің сайтын қоса алғанда, БАҚ-та осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілген хабарландыруды орналастыруға тиіс.
Нысаналы топтар алдағы жария талқылаулар өткізілетіні туралы мынадай бір немесе бірнеше тәсіл арқылы хабардар етіледі:
1) шақыруларды нақты субъектілер – нысаналы топ өкілдеріне пошта байланысымен, қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы мекенжайға тарату;
2) талқылауды ұйымдастырушы мемлекеттік органның интернет-ресурсында хабарландыру жариялау;
3) БАҚ-та хабарландыру жариялау;
4) нысаналы топтар өкілдерінің абоненттік ұялы байланыс нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама нысанындағы sms-хабарлама;
5) консультативтік құжатта көрсетілген өзге де тәсілдер.
Алда жария тыңдаулар және (немесе) пікірталастар өткізу туралы қоғамдық және сараптамалық кеңестердің мүшелері, ҰКП, ЗҚАИ да хабардар етіледі.
19. Ашық НҚА интернет-порталында жария талқылау мынадай:
1) "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушылардан қысқаша негіздемелері бар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмай қабылдау;
2) балағат сөздерді, тіл тигізетін сөздерді, жарнаманы, сондай-ақ консультативтік құжатқа, тұжырымдаманың жобасына немесе заң жобасына қатысы жоқ өзге де ақпаратты пайдалануға жол бермеу;
3) консультативтік құжат немесе заң жобасы бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар жіберілген кезде жобаның нақты құрылымдық элементін (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсету шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланушылардың жобаларды жария талқылау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін түскен ескертулері және (немесе) ұсыныстары қаралмайды.
Әзірлеушілер ақпаратты пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын олар ашық НҚА интернет-порталында пікір түрінде жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды. Ақпаратты пайдаланушының ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын қабылдау не қабылдамау туралы әзірлеушінің шешімі уәжді, нақты, жалпы негіздемелерсіз, декларативті сипаттағы ережелерсіз болуға және түскен пікірдің астында жариялануға тиіс.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Оператор "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асыру шеңберінде осы Қағидаларда белгіленген орналастырылған жобаларды жария талқылау шарттарының сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылар ескертулерінің және (немесе) ұсыныстарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және оларды жариялау туралы шешім қабылдайды немесе негіздемелерді көрсете отырып, жариялаудан бас тартады.
21. Жария тыңдаулар осы тыңдауларға қатысуға ниет білдірушілер сиятындай үй-жайда не қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы онлайн-трансляцияларды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілде және орыс тілінде ашық форматта өткізіледі.
Мемлекеттік орган БАҚ тартуды және өткізілетін жария тыңдаулардың, оның ішінде әлеуметтік желілер алаңдарында жария етілуін қамтамасыз етеді.
Қажетті үй-жаймен қамтамасыз ету үшін үй-жайда өткізілетін жария тыңдауларға қатысқысы келетін адамдар кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауларды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелуі қажет.
Қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін жария тыңдауларға қатысқысы келетін адамдар кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауларды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелуі қажет.
Үй-жайда өткізілетін жария тыңдауларға тіркелген адамдар жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде кіргізіледі.
Қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін жария тыңдауларға тіркелген барлық адам жіберіледі.
Жария тыңдауларда азаматтар жеке баяндама жасай алады, оның ұзақтығын ұйымдастырушы айқындайды.
Ниет білдірушілер баяндама жасау үшін талқылаулар өткізілгенге дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркеліп, өз баяндамасының тезистерін ұсынуы қажет.
Баяндамада консультативтік құжатта көрсетілген проблемалардың шешімі және (немесе) ескертулер бойынша дәлелді ұсыныстар және (немесе) проблемалардың әзірлеуші ұсынатын шешімі бойынша ұсыныстар берілуі қажет.
Жария талқылаудың өзінде әзірлеушінің өкілдері консультативтік құжатты қысқаша таныстырады, келіп түскен қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды. Қабылданбағандар бойынша әзірлеушінің ұстанымы келтіріледі.
Жария тыңдаулар өткізу процесінде түскен ұсыныстар мен ескертулер хаттамаға енгізіледі және олар бойынша мемлекеттік органның ұстанымы қалыптастырылады. Талқылаулар өткізілетін жерде ұстаным қалыптастыру мүмкін болмаған кезде мұндай ұстаным жария талқылаулар өткізілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қалыптастырылады және мемлекеттік органның интернет-ресурсы мен ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.
Мүдделі тұлғалардың баяндама жасауының қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулер де жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
22. Пікірталастар онлайн-трансляцияларды қамтамасыз ете отырып және БАҚ-ты тарта отырып, мемлекеттік тілде және орыс тілінде ашық форматта өткізіледі.
Пікірталастар нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу бойынша әртүрлі ұстанымдарды білдіретін кемінде 2 (екі) қатысушының қатысуымен өткізіледі.
Әзірлеуші орган пікірталастар өткізілгенге дейін 20 (жиырма) жұмыс күні қалғанда ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның ресми сайтында хабарландыру жариялайды.
Пікірталастарға қатысу үшін ашық НҚА интернет-порталында өтінім қалдыру қажет.
Пікірталастар өткізілгенге дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда оларға қатысу жөнінде өтінімдер қабылдау тоқтатылады.
Пікірталастарды өткізудің ұзақтығын, форматын және басқа да ерекшеліктерін ұйымдастырушылар айқындайды және консультативтік құжаттың толық талқылануын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте сөз сөйлеуге берілетін уақыт арқылы пікірталасқа қандай да бір қатысушыға басымдық берілмеуге тиіс.
Пікірталасқа қатысушыларды іріктеуді ұйымдастырушы өтінім берген тұлғалар арасынан жүзеге асырады. Өтінім берген тұлғалардың келісуі бойынша ұйымдастырушы қатысушыларды консультативтік құжатта көрсетілген проблемаларды шешу бойынша олар ұсынған тезистер негізінде топтастыруға тиіс.
Пікірталастар өткізілгенге дейін 5 (бес) күн қалғанда ұйымдастырушылар пікірталастарға жіберілген қатысушылардың тізімін жариялайды.
23. Жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың, пікірталастардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Есеп кейіннен заң жобасын қараудың барлық сатысында оған міндетті қосымша болып табылады.
Есеп ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Консультативтік құжатты Комиссияның қарауына шығару
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындылары бойынша әзірлеуші заңнамалық өзгерістердің қажеттігі немесе қажет еместігі туралы шешім қабылдайды.
Заңнамалық актіні қабылдау қажеттігін айғақтайтын дәлелдерді жазу жағымсыз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнама тиімділігінің жеткіліксіздігі арасындағы байланысты егжей-тегжейлі белгілейтіндей нақты болуы тиіс. Дәлел ретінде орын алған жағдайлардың қысқаша фабуласын, тұжырымдар мен ұсыныстарды көрсете отырып, құқық қолдану практикасынан мысалдар келтіру қажет.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері Президент Әкімшілігі немесе Үкімет басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде консультативтік құжатты қарайды және әзірлеушіге ашық НҚА интернет-порталы арқылы ресми ескертулер береді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
29. Комиссия мүшелерінің қандай да бір ескертулері және (немесе) ұсыныстары болмаған кезде мемлекеттік орган консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
Комиссия мүшелерінде ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші оларды барынша алып тастауды қамтамасыз ету мақсатында бір ай мерзім ішінде осындай ескертулерді пысықтайды.
Алынбаған ескертулер бойынша келіспеушіліктер хаттамалары жасалады, оларға ескертулер берген Комиссия мүшелері оны әзірлеушілер енгізген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қоюға тиіс.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Пысықтау қорытындылары бойынша келіспеушіліктер хаттамалары бар пысықталған консультативтік құжат ашық НҚА интернет-порталында қайта орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Осыдан кейін Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пысықталған консультативтік құжатты қарайды және олар бұрын берген, жойылмаған ескертулер немесе Комиссияның басқа мүшелерімен пысықталғаннан кейін пайда болған жаңа ережелер бөлігінде ғана ескертулер бере алады.
Комиссия мүшелерінің ұстанымдары ашық НҚА интернет-порталында қайта көрсетіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Әзірлеуші Комиссия мүшелерінің ескертулерімен келісіп, консультативтік құжатты пысықтай алады және осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес қайта қарауға енгізе алады не қосымша келіспеушіліктер хаттамаларын жасай алады және оны Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне келіспеушіліктер хаттамалары бар консультативтік құжатты енгізе алады.
Әділет министрлігі консультативтік құжатты, ал келіспеушіліктер хаттамалары болған жағдайда – осындай хаттамалармен бірге Комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.
Комиссия отырысында ескертулерсіз және (немесе) ұсыныстарсыз қарау үшін келіп түскен консультативтік құжат қысқаша таныстырылымнан кейін дауыс беруге шығарылады.
Комиссия отырысы барысында ескертулер және (немесе) ұсыныстар дауысқа қабылданбайды.
Келіспеушіліктер хаттамаларымен келіп түскен консультативтік құжат бойынша дауыс беру келіспеушіліктер хаттамаларына енгізілген әрбір ескерту бойынша жүзеге асырылады. Консультативтік құжат осындай жолмен алынбаған ескертулердің болмауы шартымен ғана мақұлдануы мүмкін.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Комиссия:
1) қолданыстағы заңнамамен жеткілікті реттелген қоғамдық қатынастарды регламенттеуді көздейтін;
2) құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келетін (адам құқықтарының, заңдылықтың, теңдіктің, әділдіктің басымдығы және т. б.);
3) реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес келмейтін консультативтік құжаттарды мақұлдамайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Комиссия отырысында мақұлданғаннан кейін консультативтік құжат әзірлеушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.34. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-тарау. Заң жобасын әзірлеу
35. Заңдардың жобаларын әзірлеу олардың консультативтік құжаттарының негізінде ғана және оларға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы арнайы және жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ғана тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Өзге жағдайларда, егер заң жобасын әзірлеу процесінде консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаса, мұндай мәселе әзірлеуші мемлекеттік органның өтініші бойынша Комиссия отырысына шығарылады.
Комиссия көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) егер өзгерістер тұжырымдамалық сипатта болса, осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді жүргізе отырып, консультациялық құжат пысықтауға жіберілсін;
2) егер өзгерістер құқықтық қатынастарды реттеу бойынша тұжырымдалған тәсілдерді айтарлықтай өзгертпесе, сондай-ақ бұрын қаралмаған проблемалық мәселелерді шешуге бағытталмаса, консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу мақұлдансын.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Заң жобасын дайындау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен жұмыс тобы құрылады немесе тиісті бөлімшелерге тапсырма беріледі.
37. Жұмыс тобына нысаналы топтар өкілдерінің, заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеушінің заң бөлімшесі қызметкерлерінің, заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеу құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар өкілдерінің және ЗҚАИ қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
38. Заң жобаларын дайындауға ілімнің түрлі салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Парламент депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
Әзірлеуші заң жобаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
39. Жұмыс тобының сандық құрамын, отырыстарының жиілігін және жұмыс форматын әзірлеуші айқындайды.
Жұмыс тобының отырыстары қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық байланыс құралдары арқылы (онлайн режимде, бейнеконференцбайланыс және т.б. арқылы) ұйымдастырылуы мүмкін.
40. Заң жобасының мәтінімен бірге заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеу жүргізіледі және тізбесі осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген ілеспе материалдар қалыптастырылады.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда бұл мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын әзірлеуші органға ұсынады.
Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бір ай ішінде беруге тиіс.
Заң жобаларын уақтылы енгізу мақсатында әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген кезде олардан өздері реттейтін қоғамдық құқықтық қатынастар саласында заңға тәуелді жаңа нормативтік құқықтық актіні әзірлеудің не заңға тәуелді қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәліметтерді (ақпаратты) міндетті түрде сұратуға тиіс.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу талап етілмесе, құзыретіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің осындай жобаларын әзірлеу жататын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші органнан келіп түскен сұрау салуға тиісті жауап жіберуге тиіс.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары болмаған жағдайда заң жобаларында оларға сілтеме нормаларға жол берілмейді.
Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар дайындалады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасына түсіндірме жазбада заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері қамтылуға тиіс.
41. Республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қоспағанда, әзірлеуші заң жобасын заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте заң жобасын ғылыми құқықтық, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге жіберу оны ашық НҚА интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл ғылыми сараптамалардың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Ғылыми сараптамалардың қорытындыларымен келіспеген жағдайда заң жобасы әзірлеуші заңнамада белгіленген мерзімдерде ашық НҚА интернет-порталында тиісті қорытындылармен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін жариялайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.42. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасына қатысты Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарында орналастырылады.
43. Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге алып келуі ықтимал заң жобасына Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары міндетті сипатта болады.
44. Іске асырылуы республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға алып келетін заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын алу талап етіледі.
45. Жұмыс тобының жұмысы аяқталғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін заң жобасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестесімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда), осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбасымен және баспасөз релизімен осы Қағидаларда регламенттелген тәртіппен ашық НҚА интернет-порталына және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Заң жобасының ережелерін түсінуді жеңілдету мақсатында әзірленген заң жобасына реттеудің бизнес-процесінің моделі сипатталған және оны іске асырудың нақты тетіктері ашылған таныстырылымдар, схемалар қоса беріледі, олар оның мәні мен мазмұнын көрнекі және түсінікті түрде көрсетеді.
Заң жобалары бойынша ашық НҚА интернет-порталында талқылау және (немесе) жария тыңдау тиісті заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында жарияланғаннан кейін және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізіледі.
Нысаналы топтардың өкілдері, қоғамдық кеңестің, сараптамалық кеңестердің, ҰКП мен ЗҚАИ мүшелері заң жобасының ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етіледі және ұсыным, ескерту, ұсыныс немесе (сараптамалық) қорытынды беруге шақырылады.
Бұл талаптар заң жобасы одан кейінгі әрбір орналастырылған және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскен кезде қолданылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.46. Әлеуметтік маңызы бар заң жобасы бойынша әзірлеуші осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жария тыңдау өткізуі мүмкін.
Әлеуметтік маңызы бар заң жобасы деп адамның және тұтастай алғанда қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын заң жобасын түсінген жөн.
Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.47. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, ҰКП-ның және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларын, ЗҚАИ қорытындыларын ұсыну үшін әзірлеушілер белгілейтін мерзім оларға хабарлама келіп түскен кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кем болмайды.
Қоғамдық кеңес, сараптамалық кеңестер, ҰКП және ЗҚАИ заң жобасына өз ұсынымдарын, қорытындыларын (сараптамалық) мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық НҚА интернет-порталында орналастырады.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдары, ҰКП-ның, сараптамалық кеңестің сараптамалық қорытындылары, ЗҚАИ қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және заң жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен әрбір келісу кезінде оған міндетті қосымшалар болып табылады.
Әзірлеуші белгілеген мерзімде қоғамдық кеңес ұсынымдар, ҰКП және сараптамалық кеңестің мүшелері сараптамалық қорытындылар ұсынбаған жағдайда, заң жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Әзірлеуші ұсынымдармен, қорытындымен (сараптамалық) келіскен жағдайда заң жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Ұсынымдармен, қорытындылармен (сараптамалық) келіспеген жағдайда, әзірлеуші орган келіспеу себептерінің негіздемесі бар ұстанымды қалыптастырады. Әзірлеуші он жұмыс күні ішінде ашық НҚА интернет-порталына қоғамдық кеңеске, ҰКП, ЗҚАИ, сараптамалық кеңеске тиісті хатты орналастырады
48. Заң жобасын жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Кейіннен есеп заң жобасын қараудың барлық сатысында оған міндетті қосымша болып табылады.
Есеп ашық НҚА интернет-порталында орналастырылуға жатады.
49. Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын міндетті түрде әзірлейді.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында дайындалып жатқан, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын негізгі өзгерістерді кеңінен жария ету болып табылады.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасында реттеу субъектілерінің енгізілетін немесе өзгертілетін құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, өзге де жаңалықтарды (шектеулі форматта жаңалықтардың сыналуын), ұсынылатын бастамалардың нормативтік-құқықтық, қаржы-экономикалық, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін хабарлауды және түсіндіруді, ұсынылатын бастамаларды іске асыруға тартылған тұлғалардың ақпараттық-әдістемелік сүйемелденуін және олардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың толық тізбесі көзделуге тиіс.
Осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген азаматтарды хабардар ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасы болып табылады. Ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасының талаптары онда айқындалған индикаторларға сәйкес толық көлемде іске асырылуға тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларында міндетті іс-шаралармен қатар азаматтарды хабардар ету жөніндегі қосымша іс-шараларды қарастыра алады.
50. Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлеуші органның бірінші басшысы оны Әділет министрлігімен және БАҚ саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін заң жобасын келісу кезінде бекітеді.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және жинақтайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Үкімет Аппаратына жібереді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51. Дайындалған заң жобасы ілеспе құжаттарымен бірге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберіледі.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған мынадай құжаттар ілеспе құжаттар деп танылады:
1) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Үкімет регламентінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;
3) заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, жобаны қабылдау қажеттігі негізделген заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баптардың қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі қоса беріледі.
Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған консультативтік құжаттың нақты тармағына немесе ережесіне міндетті түрде сілтеме жасалады;
5) мақұлданған консультативтік құжат;
6) заң жобасын БАҚ-та, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы анықтама.
Анықтамаға ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы және консультативтік құжат пен заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есептер қоса беріледі;
7) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;
8) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама, уәкілетті ұйымдарға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;
9) консультативтік құжат және заң жобасы бойынша ЗҚАИ қорытындылары;
10) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;
11) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, оған заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары қоса беріледі;
12) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;
13) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заңнамалық актілердің тізбесі;
14) егер заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
15) реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;
16) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.52. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар заң жобасы бойынша өз ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және түпкілікті болуға тиіс.
Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасын келісу кезінде Әділет министрлігі заң жобасын жан-жақты пысықтау және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашу фактісінің белгіленуін қамтитын заң жобасы бойынша қорытынды береді.
Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілерінің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде) келіседі.
Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні ішінде) келіседі.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Алынған ескертулер және (немесе) ұсыныстар бойынша заң жобасы пысықталады. Қабылданбаған ескертулер және (немесе) ұсыныстар бойынша әзірлеуші дәлелді негіздеме ұсынады.
Заң жобасына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар жұмыс тобымен бірге талқылануға тиіс.
Заң жобасын қайтадан келіскен кезде келісуші мемлекеттік органдар заң жобасының жаңа және (немесе) пысықталған ережелері бойынша ғана ескертулер және (немесе) ұсыныстар бере алады.
54. Заң жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгеннен кейін және ол Үкімет Аппаратына енгізілгенге дейін заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55. Заң жобасын Үкімет Аппаратына енгізу тәртібі Үкімет регламентінде белгіленеді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6-тарау. Пилоттық жоба
56. Пилоттық жоба заң жобасында ұсынылып отырған норманы сынау және оның тиімділік деңгейін айқындау мақсатында жүргізіледі.
57. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынауды талап ететін болса, онда бұл құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі.
Сыналатын норма қолданылатын кезеңде уәкілетті орган сыналатын норманың тиімділігін бағалауды жүргізеді, оның барысында оң және теріс салдары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
58. Сыналатын құқық нормасын қолдану практикасын талдауда мыналар:
1) сыналатын норманың қолданылу саласын айқындау;
2) сұрау салулар жіберу, сауалнама жүргізу, пікірлер жинау және т. б. арқылы құқық қолдану практикасында сыналатын норманың тиімділік деңгейін айқындау;
3) сыналатын норма қолданысқа енгізілгеннен кейінгі оң және теріс салдарын талдау;
4) сыналатын норма бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау;
5) сыналатын норманы қолдану практикасына қатысты прокурорлық қадағалау актілерін талдау;
6) өтініштердің жиілігі мен қабылданған шешімдерді ескере отырып, сот актілерін талдау;
7) БАҚ-та және жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникация желілеріндегі интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде қамтылған ақпаратты талдау;
8) сыналатын норманың құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді жинау және т. б. қамтылады.
59. Талдау қорытындылары бойынша әзірлеуші сыналанатын норманың тиімділік деңгейі туралы есеп жасайды, оған тиісті талдау жүргізу барысында жиналған барлық қажетті материалдар қоса беріледі.
Егер сыналанатын норма азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, есеп ҰКП-мен және (немесе) қоғамдық кеңестермен де келісіледі.
60. Талдау нәтижесі теріс болған кезде сыналатын норма пилоттық жоба шеңберінде ол қабылданған мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
Талдаудың оң нәтижесі болған кезде әзірлеуші орган сыналатын норманы қабылдау туралы заң жобасын әзірлейді, оған міндетті түрде сыналанған норманың тиімділік деңгейі туралы есеп қоса беріледі.
7-тарау. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі
61. Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заңдардың жобаларына консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Заң жобаларын дайындаудың оңайлатылған тәртібі конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заң нормаларына қатысты қолданылады.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.62. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі:
1) заң жобасын дайындауды;
2) заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды және осы Қағидаларға сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;
3) заң жобасын Үкіметке енгізуді және оны Үкімет регламентіне сәйкес қарауды;
4) заңдардың жобаларын Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелеріне сәйкес Президент Әкімшілігімен келісуді;
5) заңдардың жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізуді;
6) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді;
7) заңдардың жобаларын Парламент палаталарында қарау кезінде оларды ұсынуды және сүйемелдеуді қамтиды.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.63. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдардың нормаларына қатысты оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобасы Конституциялық Соттың шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуға тиіс.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8-тарау. Қабылданған заңды сүйемелдеу
64. Парламент заңды қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді, ол Әділет министрлігімен және БАҚ саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.
Қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы реттеудің жаңа (өзгертілген) тәсілдерін енгізудің нақты мерзімдерін, реттеу субъектілерінің жаңа (өзгертілген) құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, нысаналы топтар, экономика және қоғам үшін күтілетін салдар, өзге де жаңалықтар (жаңалықтардың шектеулі форматта сыналуы), қабылданған тәсілдердің нормативтік-құқықтық, қаржы-экономикалық, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі туралы хабардар етуді және түсіндіруді, қабылданған заңнамалық өзгерістерді іске асыруға тартылған тұлғаларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді және олардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың толық тізбесін көздеуге тиіс.
Осы Қағидаларға 9-қосымшада көзделген азаматтарды хабардар ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасы болып табылады. Ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасының талаптары онда айқындалған индикаторларға сәйкес толық көлемде іске асырылуға тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларында міндетті іс-шаралармен қатар азаматтарды хабардар ету жөніндегі қосымша іс-шараларды қарастыра алады.
65. Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және жинақтайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Үкімет Аппаратына жібереді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.66. Қабылданған заңның тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында әзірлеуші жыл сайын, заң қабылданғаннан кейін келесі бес жыл ішінде Әділет министрлігіне консультативтік құжатта көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу деңгейі туралы есеп беріп отырады.
Қабылданған заңның тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингі шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 1-қосымша |
"______________________________________ _________________________________" реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Проблеманың сипаты:
Р/с | Проблемалық сұрақ | Туындаған проблеманың негізгі себептері | Сипатталатын проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер | Проблеманы өлшеу тәсілдері |
2. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеумен неғұрлым ұқсас әлемдік тәжірибені салыстырып тексеру:
Р/с | Ағымдағы жағдай | Халықаралық тәжірибе |
3. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:
Р/с | Шешім | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
4. Ұсынылған шешім жолдарының мыналарға әсері:
Артықшылықтары | Кемшіліктері | |
1. Әлеуметтік дамуға (адами капиталды өлшеу деңгейі) | ||
2. Кәсіпкерлікті дамытуға | ||
3. Мемлекеттік билік органдарына | ||
4. Экономикалық жүйеге | ||
5. Экологиялық ортаға | ||
6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне | ||
7. Өзге |
5. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:
Р/с | Ағымдағы көрсеткіштер | Нәтиже | Мерзім (негіздеме) |
6. Заңнамалық реттеу жағдайында іс-қимыл алгоритмдерін көрсете отырып, іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):
Іс-Шаралар | Мерзім | Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) | Бюджет |
7. Ықтимал тәуекелдер:
Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер) | Ықтимал тәуекелдердің себептері | Тәуекелдерді басқару жүйесі |
8. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:
Тізім
9. Жария талқылау тәсілі:
Тізім (1 міндетті және 2 міндетті емес)
10. Жария талқылау нәтижелері.
(мәтін)
Р/с | Ұсынылатын шешім | Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы |
1 | ||
2 |
11. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда).
(мәтін)
12. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары
(мәтін)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 2-қосымша |
"____________________" реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.
Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күні _______
Жария талқылау өткізілетін күн (күндер):
Ашық НҚА порталында жария талқылау ______
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Жария талқылау аяқталатын күн (күндер):
Жария тыңдау ______
Пікірсайыс_____
Жария талқылау өткізу нысаны (нысандары) _______
Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі
Р/с | Автор | Ұсыныс / ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, пікірсайыстарда немесе жария тыңдауда тікелей түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. Сараптамалық кеңес мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
4. ҰКП-дан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады.
* Есептің 1.1, 2-6-бөлімдері ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде қалыптастырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырып, осы есепке қосады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 3-қосымша |
"________________________________________________" заңының жобасы тұжырымдамасының жобасы
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 4-қосымша |
"______________________________" заңының жобасы тұжырымдамасының жобасын жария талқылаудың қорытындылары жөніндегі есеп
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
заң шығару жұмысының қағидаларына | |
5-қосымша |
Заң жобасын ақпараттық сүйемелдеудің және түсіндірудің үлгі бағдарламасы
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауаптылар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ұйымдастыру жұмысы | |||||||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм | әзірлеуші орган | ||||||
2. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә. мен байланыстары көрсетілген тізімді дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу (әсіресе, бұл ведомствоаралық заң жобаларына қатысты) | заң жобасын әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | әзірлеуші орган | |||||
3. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстары, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілерден, жұмыс тобының мүшелерінен, осы саладағы сарапшылардан, қоғам белсенділерінен тұруы тиіс | спикерлер тізімі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | 1 тізімнен кем емес | әзірлеуші орган | ||||
3. | Әлеуетті тәуекелдер (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) бойынша ақпаратты дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган | ||||
4. | Жиі қойылатын сұрақтарды талдауды және оларға жауаптарды БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу және әзірлеуші органның сайтына орналастыру | ақпаратты жариялау | НҚА ашық талқылауының бүкіл мерзімі ішінде (бірінші аптаның қорытындысы бойынша, екінші аптаның қорытындысы бойынша, үшінші аптаның қорытындысы бойынша, төртінші аптаның қорытындысы бойынша) | кемінде 2 ақпараттық-анықтамалық материал | әзірлеуші орган | ||||
5. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | НҚА ашық талқылаудың бүкіл мерзімі ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган | ||||
6. | Заң жобасының негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (ақпараттық кесте, теле-кесте, бейнероликтер және т. б.) қажеттігіне қарай дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | ақпараттық кесте және бейнероликтер | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 медиа-өнім |
әзірлеуші орган | ||||
Ақпараттық жұмыс | |||||||||
1. | Заң жобасы бойынша браузерлерде іздестіру үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік органдар сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | 1 тізбеден кем емес | әзірлеуші орган | ||||
2. | НҚА жобасын әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, НҚА жобасына байланысты заңға тәуелді актілердің тізбесін, қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә. және байланыстарын орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | Ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігі бар бір сілтемемен кемінде 5 құжат | әзірлеуші орган | ||||
3. | Әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде үлгілік хабарлама орналастыру | хабарламаны әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | әлеуметтік желілердің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган | ||||
4. | Түсіндірме жазбаны, заң жобасын, заңға тәуелді актілер тізбесін, баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін тәуекелдерді талдауды дайындау және Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне жіберу | ақпараттық-анықтамалық материалдар | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 10-шы күні | ақпараттық-анықтамалық материалдар |
әзірлеуші орган, | ||||
5. | Медиа-өнімдерді (ақпараттық кестені, бейнероликтерді) дайындау және өз ресурстарында, бірінші басшылардың әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда орналастыру | ақпараттық кесте мен бейнероликтерді жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | кемінде 3 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган | ||||
6. | Заң жобасын сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін | кемінде 3 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган | ||||
7. | Әлеуметтік желілердегі онлайн-алаңдарда заң жобасының тақырыбын талқылау | әлеуметтік желілердегі онлайн-алаңдар | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін | кемінде 2 талқылау | әзірлеуші орган | ||||
8. | БАҚ-та мақалалардың қазақ және орыс тілдерінде шығуын ұйымдастыру | интернет-порталдардағы және баспа басылымдарындағы мақалалар | талқылау барысы бойынша ақпаратты жаңарта отырып, талқылаудың бүкіл кезеңі | интернет-ресурстарда кемінде 2 мақала және баспа басылымдарында мақала |
әзірлеуші орган, | ||||
9. | Әзірлеуші орган берген ақпараттық кестелер мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру (қажет болған кезде) | БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | талқылау барысы бойынша ақпаратты жаңарта отырып, талқылаудың бүкіл кезеңі | әлеуметтік желілерде кемінде 5 мың пайдаланушыны қамтитын кемінде 2 жарияланым |
әзірлеуші орган, | ||||
10. | Орталық коммуникациялар қызметінің заң жобасын түсіндіру жөніндегі брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет |
әзірлеуші орган, | ||||
11. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында заң жобасы бойынша сұхбаттарды талқылауды және шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ток-шоу, интерактивтік және ақпараттық талдамалық бағдарламалар | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама |
әзірлеуші орган, | ||||
12. | Заң жобасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық және талдамалық материалдардың интернет-ресурстарда шығуы | материалдардың интернет-ресурстарда шығуы | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 5 материал | әзірлеуші орган |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 6-қосымша |
Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына салыстырма кесте
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с | Құрылымдық бөлік | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Негіздеме (тапсырмаларға сілтемелерді, консультативтік құжаттың нақты тармағын/ережесін, түзетудің мәнін; енгізілетін әрбір түзетудің дәл және аражігі ажыратылған негіздемесін қоса алғанда) |
1. | ||||
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 7-қосымша |
"________________________________________________" заңының жобасын талқылау бойынша түсіндірме жазба
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, заң жобасын қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері;
заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері;
жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;
күтілетін нәтижелердің мерзімі;
жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда – Республикалық бюджет комиссиясының шешімі;
егер заң жобасы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері.
* Талқылау үшін заң жобасына түсіндірме жазба заң жобасының барлық негізгі ережелері туралы жалпы мәліметтер алуға және жұртшылықтың болашақ реттеушілік саясат туралы хабардар болуына ықпал етуге мүмкіндік беретін барынша қысқа, нақты және қарапайым нысанда жазылуы тиіс.
Мағыналық жүктемесі жоқ декларативтік сипаттағы ережелерді енгізуге, қабылдануы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін, метафораларды қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 8-қосымша |
"_______________________" заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2024 № 822 қаулысымен.
Заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күн _______
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Жария талқылау өткізілген күні (-дері) (өткізілсе) ______
Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі
Р/с | Автор | Ұсыныс/ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария тыңдауда тікелей түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. Сараптамалық кеңесінің мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
4. ҰКП-дан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
7. Уәкілетті ғылыми құқықтық сараптаманың ұйымынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама үйлестірушісінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
9. Уәкілетті ғылыми-экономикалық сараптама ұйымынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады.
* Есептің 1.1, 2-9-бөлімдері ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде қалыптастырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырып, осы есепке қосады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша |
Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұйымдастыру жұмысы | |||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм | әзірлеуші орган | ||
2. | Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | құжаттар топтамасы | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
3. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә., байланыстары көрсетілген тізімді (әсіресе, бұл ведомствоаралық заңдарға қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
4. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілер, нысаналы топ, осы саладағы сарапшылар, қоғамшылдар қатарынан құралуға тиіс | спикерлер тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
5. | Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган |
6. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган |
7. | Қабылданған заңның негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (инографикалар, телеграфикалар, телекестелер, бейнероликтер және т.б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | медиа өнімдері | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 инфографика және 1 бейнеролик (қажет болған кезде) | әзірлеуші орган, АҚДМ |
Ақпараттық жұмыс | |||||
1. | Заң бойынша браузерлерде іздеу үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік орган сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 тізбе | әзірлеуші орган |
2. | Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтемедегі бүкіл тізбеде | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
3. | Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру. Мысалы: “Бүгіннен бастап "........ туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. Жете танысу үшін сілтеме (ведомство сайтына сілтеме) бойынша өтуге болады" | ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган |
4. | Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін қол қойылған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және ОКҚ-ға жіберу | ОКҚ атына құжаттар топтамасымен хат | қажет болған кезде | баспасөз-конференция | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
5. | Әзірленген инфографикалар мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында орналастыру | инфографикалар мен бейнероликтерді жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
6. | БАҚ-та және интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру | БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала | әзірлеуші орган, АҚДМ |
7. | Әзірлеуші орган берген инфографикалар мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған кезде) | БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
8. | Қабылданған заңды түсіндіру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
9. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында қабылданған заң бойынша талқылау мен сұхбаттар шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | әзірлеуші орган, АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
10. | Қабылданған заңды сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ресми жарияланғаннан кейін | баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
11. | Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған кезде) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 99-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 105-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 255-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж, № 2, 16-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 347-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 364-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 506-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1067 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 767-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 326-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 521-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 149-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 545-құжат).