«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қазандағы
№ 1125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Атауы Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
негіздеме наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14
сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
әзірлеуге және
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік
орган
Бағдарламаның Толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін
мақсаты іске асыру
Міндеттері 1) Мақсатты ғарыш жүйелерін құру;
2) Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту;
3) Ғарыш қызметінің ғылыми және
ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
4) Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын
іске асыру;
5) Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін
қалыптастыру;
6) Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және
нормативтік-техникалық базасын құру
Іске асыру 2010-2014 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)
Нысаналы 1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014
индикаторлар жылы жалпы қосылған құнның (бұдан әрі – ЖҚҚ) 30
%-ға өсуі.
2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің
қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы –
80 %.
3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін
көрсетуге елдің қажеттілігін қанағаттандыру
дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 2014 жылы – 55
%.
4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш
деректерінің жалпы санындағы қазақстандық Жерді
қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) ғарыш
аппараттарынан (бұдан әрі – ҒА) алынатын
деректердің үлесі – 50 %.
5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш
технологиясын енгізу.
Қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға 2010 - 2014 жылдары
көздері мен республикалық бюджет қаражаты бағытталады.
көлемдері 2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны iске
асыруға байланысты республикалық бюджеттен қаржы
шығындары 137,7 млрд. теңгенi құрайды.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар
көлемі Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге
арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес
анықталатын болады.
2. Кіріспе
XXI ғасырдағы Қазақстанның жетістігі - бұл оның саяси және экономикалық ықпал ету, мәдени және адамгершілік жағынан тартымды болу орталығы ретінде қалыптасуы. Бұл жаңа даму шептеріне ұмтылыс, өмір мен қауіпсіздіктің жаңа сапасын бекіту. Ғаламдық динамикалық бәсекелестік жағдайында елімізге табыс идеологиясы, Қазақстанның табысты жобасы әрі оның құрылысының бағдарламасы ауадай қажет. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы - осы қазақстандық табыс идеологиясының берік негізі, мықты іргетасы. Бұл құжаттың зор тарихи мағынасы, болашақ өзгерістер қуаты және мемлекеттік дамудың күшті энергетикасы бар.
Құжат Үкімет пен Қазақстан қоғамының алдында орасан зор міндеттер қояды, оларды іске асыру дүниежүзінің жоғары дамыған және бәсекеге аса қабілетті мемлекеттердің таңдаулы клубына алып шығады. Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасу жолы, сондықтан Қазақстанды индустрияландыруды халықаралық нарықтардың талаптары мен шарттарына жауап беретін негізде жаңа тәсілмен қамтамасыз ету қажет.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыш бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылады. Дуниежүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен өндірістер рөлі өсуінің тұрақты үрдісі байқалатыны сөзсіз.
Өте үлкен аумағы және аса бай қорлары бар Қазақстан үшін космонавтика - бұл геосаяси, экономикалық және ғылыми-практикалық мүдделер аясы. Онсыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, оның табиғи ресурстарын зерттеу және ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу өте қиын. Бұл ретте көптеген жағдайларда ол ұсынатын мүмкіндіктерге балама жоқ. Ғарышты игеру адамдарға байланысты және көп арналы телевизиялық хабар таратуды, түрлі объектілердің орналасқан жерін жоғары дәлдікпен табуды және олардың қозғалысын басқаруды, метеорология және басқаны ұйымдастыруда негізінде жаңа міндеттерді шешудің шексіз мүмкіндіктерін ашты.
Осы салалық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті Қазақстанның ғарыш саласын құру стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. Ол болашақта даму әлеуетімен ғарыш техникасын ғылыми зерттеулерден техникалық пайдалануға және коммерциялық қолдануға дейінгі технологиялық тізбекті толық қамтитын барлық элементтерді құруды көздейді.
Ғарыш саласы жобаларының ұзақ мерзімділігі мен ғылымды қажетсінуін ескере отырып, тиісті Бағдарламаны қабылдау сала құрылысына қатысушылардың, соның ішінде ғарыш қызметтерін алуға мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық күшін біріктіруге мүмкіндік береді.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Сала (сектор) жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы
саланың (сектордың) елдің әлеуметтік-экономикалық және
бұқаралық-саяси дамуына әсерін бағалау
Ескерту. 3.1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1382 қаулысымен.
Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін, дамудың әмбебап заңдылықтарына мен үрдістеріне бағынатын саласына айналды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыш секторы серпінді және тұрақты даму үстінде.
Жалпы әлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер мен стратегиялық бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
байланыс пен хабар таратудың спутниктік жүйелерінің қызметтері;
Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) жүйелерінің қызметтері;
іске қосу қызметтерін көрсету;
ғарыш аппараттарының (бұдан әрі - ҒА) өндірісі;
ғарыш жүйелерінің жерүсті, соның ішінде навигациялық жабдығының өндірісі және пайдалану.
Космонавтиканы дамытудың жалпы үрдістері Қазақстан Республикасына дүниежүзілік ғарыш нарығында өз орнын белсенді іздеуді талап етеді, ол мыналарға байланысты:
біріншіден, нарықта көшбасшылық орынды алып отырған, қарсы маркетингтік саясат жүргізіп отырған және нарықты өз араларында бөліп алған ғарыш қызметінің негізгі қатысушылары (АҚШ, РФ, Еуропа ғарыш агенттігі, Жапония, ҚХР, Үндістан, Израиль) арасындағы өсіп келе жатқан бәсеке;
екіншіден, қазақстандық бағдарлама дүниежүзілік бірлестіктің әр түрлі экономикалық-индустриялық даму деңгейіндегі мемлекеттерінің ғарыш қызметіне белсенді қосылуының аясында дамып жатыр.
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың алғашқы нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру кезінде алынды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
Ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенін құру және «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру жобасы іске асырылды;
«Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҒЗК), ЖҚЗ және ғылыми мақсаттағы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация ғарыш жүйелерін құру техникалық ұсыныстары мен ТЭН әзірленді;
«Орбита» радиополигонының техникалық құралдары және Алматы қаласында «Космостанция» эксперименттік базасы жаңғыртылды;
Халықаралық ғарыш станциясының (бұдан әрі - ХҒС) бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізудің кешенді бағдарламасы әзірленді;
ғарыш кеңістігінің радионавигациялық мониторингі, жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерттеу саласында және шетелдік ғалымдармен бірлескен басқа да зерттеулерде бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (бұдан әрі - ҰҒМЖ) негізгі инфрақұрылымын, зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігінің мониторингі жүйесін дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілді және белгілі нәтижелер шығарылды.
Осылайша, Қазақстанда ғарыш саласын қалыптастыру үшін маңызды объективті алғышарттар бар. Сондай-ақ бұл алғышарттарға жоғары технологиялар саласында серпілісті қамтамасыз ету қажеттілігі, экономиканың, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері және ең бастысы меншігінде дүние жүзіндегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының болуы жатқызылуы тиіс.
Қазақстанның жерүсті ғарыш инфрақұрылымына ғарыш айлағымен қатар Аққөл қаласындағы байланыс ҒА жерүсті басқару кешені, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (бұдан - FT АКТБ), ғарыш инфрақұрылымын қабылдау және өңдеу екі орталығы, ғарыш сәулелерінің станциясы, ғылыми зертханалар, астрономиялық обсерватория жатады.
Дүниежүзінің жұмыс істейтін шамамен 30 ғарыш айлағының жалпы және коммерциялық іске қосуларының саны бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағы бірінші болып келеді. Дүниежүзінде ең ірі болып саналатын бұл ғарыш айлағы еліміздің бірегей бәсекелік артықшылығы болып табылады.
Бүгiнде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон», «Союз», «Днепр», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерi (бұдан әрi – FЗK) жұмыс iстейдi, соңғысының негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру жоспарлануда.
«Протон» ауыр сыныпты ЗТ 1966 жылдан бастап коммерциялық іске қосулар үшін қолданылады және дүниежүзілік коммерциялық ұшырулар нарығында жетекші орынға нық ие болды. «Протон» ЗТ әр коммерциялық іске қосуы кемінде 85 млн. АҚШ долларына табыс әкеледі. 2010 жылға 12 іске қосу жоспарланғанын ескерсек, ILS халықаралық компаниясының «Протон» ЗТ коммерциялық іске қосуларына арналған келісімшарттарының сомасы 1 млрд. АҚШ долларынан асатынын көрсетеді.
Жүзбелі ғарыш айлағынан коммерциялық іске қосулар үшін 1998 жылдан бастап «Зенит» орта сыныпты ЗТ «Морские старты» ойдағыдай қолданылуда. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Зенит» ЗТ коммерциялық іске қосуларды «Международные космические услуги» ресейлік-украиналық компаниясы да жүзеге асырады, іске қосу құны 70 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.
«Днепр» жеңіл сыныпты ЗТ коммерциялық іске қосулар үшін 1999 жылдан бастап табысты қолданылуда және ғарыш аппараттарын ұшыруға бейімделген, дайын РС-20 континентаралық баллистикалық зымыран болып табылады. «Днепр» ЗТ коммерциялық іске қосуы 20 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.
Жоғарыда айталғанға байланысты, жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшін 115 млн. АҚШ долларын төлеуді және жыл сайын оның объектілерін ұстауға 100 млн. АҚШ долларын салуды Ресейдің пайдалы деп есептеуі әбден қисынды. Қазақстанның, көзқарасы бойынша, жыл сайынғы жалгерлік ақыны алу, өзінің бірегей бәсекелік басымдығын іске асыру болып табылады. Жалға беру кезеңінің ішінде ел бюджетіне 1,8 млрд. АҚШ долларынан астам түсті.
Сонымен қатар, Қазақстан күш-жігерін жұмсамайынша, оның бірегей бәсекелік басымдығын сақтап қалу мүмкін емес. Мамандардың бағалауы бойынша ғарыш айлағының технологиялық жабдығының табиғи және моральдық тозуының қалған мерзімі шамамен 10 жылды құрайды және мұның Ресей аумағында «Восточный» ғарыш айлағы құрылысының белгіленген мерзіміне сәйкес келуі кездейсоқ емес шығар.
Қалыптасқан жағдайларда Қазақстан өз ғарыштық бағдарламаларының негізінде ғарыш айлағын дамыту арқылы өзінің бірегей бәсекелік басымдығын бұдан әрі де сақтап қала алады. Өзінің ғарыштық бағдарламалары коммерциялық іске қосуларға қатысуға, ғарыш аппараттарының өз өндірісін құруға негізделуі тиіс.
Сондай-ақ ҒА меншікті өндірісін құру қажеттілігі, еліміздің әртүрлі ғарыш қызметтеріне, атап айтқанда ғарыштық байланыс жүйелерінің, Жерді қашықтықтан зондау ғарыш жүйелерінің (бұдан әрі - ЖҚЗ ҒЖ) және спутниктік навигация жүйелерінің қызметтеріне қажеттілігінің жыл сайын өсуімен байланысты.
Отандық операторлар «KazSat-1» спутнигінде қолданылған тарифтерден екі-үш есе жоғары бағалар бойынша шетелдік спутниктер ресурстарын жалға алады. Бұл ретте Қазақстанда негізгі қызметтерді алушылар ел бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер болып табылады.
Мәселен, бүгінгі таңда шетелдік спутниктер ресурстарын жалға алу жылына 34 млн. АҚШ долларын құрайды. Демек, бұл қаржы қаражаты мемлекет ішінде ұлттық байланыс операторларын дамыту үшін пайдаланылмай, шетелдік компаниялардың және олардың өндірістік қуаттарының дамуына кетеді. Спутниктік ресурстарды жалға алу ұзартылған жағдайда тек қана шетелдік компаниялардың жыл сайынғы жалгерлік ақысы 50 млн. АҚШ долларына жетуі мүмкін.
Талдаушылардың бағалауы бойынша Қазақстанның ЖҚЗ ғарыш түсірілімдері нарығының әлеуетті сыйымдылығы жылына 93 млн. АҚШ долларын құрайды, соның ішінде мемлекеттік ұйымдар қажеттілігі - 66 млн. АҚШ долларын және коммерциялық сектор - 27 млн. АҚШ долларын құрайды. Соңғы жылдары GPS аспаптарының бірлескен және жаппай нарығы айтарлықтай өсті және экономикалық әрі әлеуметтік жағынан маңызды болды. Сарапшылардың бағалары бойынша Қазақстандағы навигациялық жүйелер нарығы шамамен 5,8 млн. АҚШ долларын құрауы мүмкін, бұл ретте жаппай нарықтың үлесіне шамамен 25%, немесе 1,4 млн. теңге келеді. Бұл ретте Қазақстанда жоғарыдәлдікті деректердің әлеуетті тұтынушылары геодезия мен кадастр, ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары, құрылыс кәсіпорындары және басқа ведомстволар мен ұйымдар болып табылады.
3.2. Осы саланың (сектордың) күшті және әлсіз жақтарын,
мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін талдау
Қазақстанның әлемдік ғарыш индустриясы қатысушыларының қатарына (ғарыш державаларының қатарына) кіру қажеттілігі уақыттың, ел экономикасын әртараптандыру ниетінің, жоғарыдәлдікті өнімнің өндірісін игеру талаптарымен ғана емес, елде ғарыш индустриясының осындай «Байқоңыр» ғарыш айлағы сияқты маңызды құрамдауышының болуымен байланысты.
Бұл басымдық Қазақстанға одан жүргізілетін ҒА ұшыруларына қатысу, зымыран-тасығыштарды дайындау, қызметтер көрсету және іске қосуды жүзеге асыру, меншікті өндірістік-сынау базасын дамыту үшін бірегей мүмкіндік береді. Қазақстанның әртүрлі қызметтерге және Байқоңырда жүзеге асырылатын халықаралық жобаларды іске асыруға қатысуы аса басымды міндеттердің бірі болып табылады.
Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша ғарыш саласының кейбір күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерін атап көрсетуге болады:
Күшті жақтары (артықшылықтары): |
Әлсіз жақтары (кемшіліктері): |
1) дүниежүзіндегі ең ірі және белсенді «Байқоңыр» ғарыш айлағының меншікте болуы; |
1) «Байқоңыр» ғарыш айлағының |
Мүмкіндіктері: |
Қауіптер: |
1) әлемдік ғарыш нарығының |
1) Ресейдің өзінің жаңа «Восточный» ғарыш айлағына кетуі; |
3.3. Тиісті саланы (секторды) дамытудың негізгі проблемалары,
үрдістері мен алғышарттары
Бұдан басқа, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту перспективаларын бағалау кезінде мынадай проблемалардың барын ескеру керек:
жоғары технологиялық және инновациялық өндіріс саласындағы, нарық нақты талап ететін зерттеулермен айналысатын қазіргі конструкторлық, технологиялық және сынау орталықтарының жоқтығы;
ғарыштық, сондай-ақ жалпы жоғары технологиялық және инновациялық өндірістің жоқтығы;
орта және жоғары техникалық білім жүйесінің әлсіз дамуы, ғарыш саласында ғылыми және кәсіптік кадрларды оқыту және даярлау жүйесінің жоқтығы;
ғылыми-өндірістік, жоғары технологиялық, инвестициялық және салық салаларындағы заң базасының нашар дайындығы, сондай-ақ ғарыш қызметін реттейтін заңдардың жоқтығы;
болашақ өлшемде ғарыш қызметін дамыту тәуекелдерінің болуы;
ғарыш қызметін соңғы тұтынушыға дейін жеткізу қызметтерінің, заңды қамтамасыз етілуінің және инфрақұрылымының жоқтығы.
Осының салдарынан ғарыш қызметінде қазақстандық қамту (құрамдас) үлесі жоқ.
Белгіленген проблемаларды шешу жүйелі және кешенді қағидаттар негізінде қалыптасқан Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарастырылады.
3.4. Саланы (секторды) мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау
Осы кезеңге арналған ғарыш қызметін дамытудың айқын стратегиясының, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды мемлекеттік басқару және мониторингінің тиімді жүйесінің болмауы, яғни ғарыш қызметі саласында кәсіптік мемлекеттік органның жоқтығы себебінен Мембағдарламаның нәтижелері мардымсыз болды. Бұдан басқа, әзірлеуші жоспарлаған мерзімде жүзеге асырылмайтын міндеттерді қойған.
Анықталған жүйелі қателерді жою үшін ел Президентінің Жарлығымен 2007 жылы ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді іске асыруға орталық жауапты мемлекеттік басқару органы ретінде Қазғарыш құрылды.
Құрылған кезден бастап Қазғарыш ғарыш саласының дамуын реттейтін бірқатар құжаттарды: Ғарыш саласын қалыптастыру стратегиясын және Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігін, бес жылдық кезеңдерге арналған стратегиялық даму жоспарларын әзірледі.
Норма шығару қызметінің шеңберінде Қазғарыш «Ғарыш қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірледі.
Ғарыш қызметін дамыту жөнінде белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін ғарыш бейініндегі қазақстандық кәсіпорындар құрылды және әрекет етуде.
3.5. Орын алып отырған проблемаларды шешу жөнінде Қазақстан
Республикасының жағдайына бейімдеуге болатын шетелдік оң
тәжірибеге шолу
Ескерту. 3.5-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1382 қаулысымен.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның ғарыш саласын құру және дамыту ғарыш технологияларын игеру саласында әлемнің жетекші елдері өздерінің ғылыми және өндірістік әлеуетін арттырып жатқанын дәлелдейтін, әлемдік ғарыш қызметі дамуының оң қазіргі заманға сай үрдістерінің аясында жүріп жатыр.
«Space Foundation» (АҚШ) компаниясының 2012 жылғы есебiнiң деректерiне сәйкес:
1) әлемдiк ғарыш нарығының жиынтық көлемi соңғы 5 жылдың iшiнде 37 % өстi және 304,3 млрд. АҚШ долларын құрады;
2) ұшыру саны 2012 жылы 78 құрады, бұл 2011 жылғы 84 ұшырумен салыстырғанда 7 % төмен, бірақ 2010 жылғы 74 ұшырудан 5 % артық;
3) 78 ұшырудың ішінде: 31 % – Ресейге, 24 % – Қытайға, 17 % – АҚШ-қа, 10 % – Еуропаға, 4 % – АҚШ-тың, Ресейдiң, Украинаның, сондай-ақ Норвегияның қатысуымен «Морской старт»/«Наземный стартқа» келедi және 14 %-дан кемі Жапонияға, Үндiстанға, Солтүстiк Кореяға, Оңтүстiк Кореяға және Иранға келедi.
«Euroconsult» компаниясының деректерiне сәйкес 2012 жылы мыналар байқалды:
1) азаматтық ғарыш жобаларына үкiметтердiң шығыстары 4 % өстi, бұл 41,5 млрд. АҚШ долларын құрайды;
2) әскери ғарыш секторына шығыстар 3 % өстi, бұл 31,4 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Елдердiң ғарыш бағдарламаларына ұлғайтылған шығыстары АҚШ-та 43 млрд. АҚШ долларынан (барлық әлемдiк үкiметтiк шығыстардың 61 %) Үндiстандағы 1 млрд.-тан астам АҚШ долларына дейін құрады.
Қазіргі кезде ғарыш қызметімен әртүрлі дәрежеде әлемнің барлық жетекші елдері және көптеген дамып келе жатқан елдер айналысады. Бұл ретте ғарыш қызметіне түрлі елдердің қатысу дәрежесінің ауқымы байланыстың жеке арналарын қолданудан бастап азаматтық және әскери міндеттердің мол ауқымын шешу үшін ғарыш құралдарын ауқымды және жан жақты қолдануға дейін - өте кең екенін ескеру қажет. Сонымен бірге егер бірлі-жарым міндеттерді көптеген мемлекеттер (170 - 180 дейін) шешетін болса, онда әскери, шаруашылық, ғылыми, әлеуметтік және өмірдің басқа салаларын қамтитын көптарапты ғарыш қызметімен тек қана бірнеше мемлекеттің айналасу мүмкіндігі бар.
Ғарышты игеру және практикалық пайдаланудың күрделі міндеттерін дербес шешуге мүмкіндік беретін дамыған ғарыштық инфрақұрылым Ресеймен қатар АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Үндістан елдерінде бар. Бұдан басқа, ғарышты әскери пайдалану мәселелерінде Ұлыбритания және Германия белсенділік көрсетіп отыр. Формалды белгілер бойынша осы тізімге қазіргі уақытта шығару құралдары және өз өндірісінің ғарыш аппараттары бар Израиль қосылуы мүмкін.
Қызметтің жаңа - ғарыш саласын игеру барысында әлемнің әртүрлі елдерінде болып жатқан үрдістерді талдау осы үрдістерге тән және ғарыш нарығын дамыту тұрғысынан қызықты мынадай заңдылықтар мен үрдістерді айқындауға мүмкіндік берді:
ғарыш құралдарын қолданумен зерттеу немесе қолданбалы бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер тобының үздіксіз кеңеюі;
ірі зерттеу және қолданбалы бағдарламаларды іске асыру кезінде күшті біріктіру мақсатында елдер, ұйымдар және жекелеген фирмалар кооперацияларын күшейту;
ғарышты практикалық қолданудың қосбірлікті сипатын дамыту (азаматтық және әскери мақсаттар);
барлық елдерде ғарыш кеңістігін игерудің бастапқы кезеңдерінде ғарыш бағдарламалары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады;
ғарыш қызметтері мен өнімінің әлемдік нарығында елдер арасында да, сондай-ақ жеке коммерциялық ұйымдар мен фирмалар арасында да бәсекелестіктің күшеюі;
заңтанудың жаңа саласы - ғарыш құқығын дамыту.
Сонымен, үлкен экономикалық пайдадан үміттендіретін адамзат қызметінің жаңа саласы ретінде ғарыш кеңістігін игеру, әртүрлі жаңа салалар (мысалы әуеде ұшу, радиобайланыс және т.б.) мен технологиялар пайда болу барысында адамзатқа кездесетін проблемалар мен мәселелерге ұқсас проблемалар мен мәселелерді туғызады. Ғарыш кеңістігін игеруге және қолдануға тән үрдістердің адам қызметінің көптеген түрлерін дамытудағы үрдістермен ұқсастығы көп. Бірақ ғарыш қызметінің саласын дамытудың басқалардан басты өзгешілігі ғарыш кеңістігін игеру бойынша түрлі елдердің және ұйымдардың күш салуды арттыруының ерекше өсу қарқынында.
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру болып табылады.
4.2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
Ескерту. 4.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1382 қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгi мынадай индикаторлар бойынша айқындалатын болады: 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы ЖҚҚ-ның 30 %-ға өсімі қамтамасыз етілуi тиiс.
Бағдарлама табысты iске асырылған жағдайда ғарыш қызметi бекiтiлген спутник байланысы арналарына елiмiздiң қажеттiлiгiн 80 % қанағаттандыруы тиiс, Қазақстан аумағының 55 % дәлдiгі жоғары спутниктiк навигация қызметiн пайдалануы тиiс. Тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ҒА деректерiнiң үлесi – 50 %-дан кем болмауы тиiс. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясы енгізілуі тиіс.
Елдің индустриялық-инновациялық саясатын іске асыру тұрғысынан, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуда экспортқа бағдарлануды дамыту және қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері қазіргі кезеңде маңызды және өзекті болып табылады.
Осы салалық бағдарламаның шеңберінде ғарыш инфрақұрылымының меншікті объектілерін, ғарыш техникасының және технологиясының жоғары технологиялы өндірістерін және олардың жиынтықтауыштарын құру, саланың қазақстандық мамандарын даярлау, сондай-ақ экономиканың және экспорттың ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында саланың нормативтік құқықтық базасын құру жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады.
Осы жұмыстардың іске асырылуына қарай ғарыш саласының кәсіпорындары сатып алатын тауарлардағы, жұмыс пен қызметтердегі қазақстандық қамту көлемі шамамен 2009 жылы 52 %-дан 2010 жылы 55%-ға, 2011 жылы - 62%, 2013 жылы - 66% өседі және 2014 жылы қазақстандық қамту көлемінің болжамды көрсеткіші 70%-ға жетеді. Халықаралық шарттар шеңберінде ғарыш жобаларын іске асыруға шетелдік кәсіпорындарды тартуға байланысты кейбір материалдар мен жабдықтың, жұмыстар мен қызметтердің импортынсыз болмайды.
ЖҚЗ ҒЖ, «KazSat» және ҚұСК жобаларын құру кезеңінде қазақстандық қамту үлесі 25% кем болмайды. Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша қазақстандық қамту үлесі 70%-ға дейін өседі.
Бүгінгі таңда ғарыш қызметінің отандық өндіріс тауарлары, жұмыстары және қызметтері жоқ.
4.3. Бағдарламаның міндеттері
Ескерту. 4.3-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Салалық бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) мақсатты ғарыш жүйелерін құру;
2) жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту;
3) ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын
дамыту;
4) ғарыш жүйелерін пайдаланудың нысаналы жобаларын iске асыру;
5) ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру;
6) ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру.
4.4. Бағдарламаның әрбір міндеті бойынша белгіленетін
нәтижелер көрсеткіштері
Ескерту. 4.4-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
1. Мақсатты ғарыш жүйелерін құру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
мемлекеттік қажеттіліктер үшін әлемдік деңгейдегі сипаттамалармен 4 FA ұшыру;
тұтынушыларды спутниктік байланыс, теле- және радиохабар тарату қызметтерімен 80% дейін қамтамасыз ету;
«KazSat-2» ҒА-ның жалпы сыйымдылығынан 75 %-ға және «KazSat-3» ҒА пайдаланудың бірінші жылында ҒА жалпы сыйымдылығынан 7 %-ға дейін жүктелуін қамтамасыз ету;
2014 жылдан бастап тәулiгiне ауданы 1 млн. шаршы км дейiнгi орта шешiмдi ғарыш түсiрiлiмдерiмен тұтынушыларды қамтамасыз ету;
2014 жылдан бастап тәулігіне ауданы 220 мың шаршы км дейінгі жоғары шешімді ғарыш түсірілімдерімен тұтынушыларды қамтамасыз ету.
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту мынадай нәтижелерге қол жеткiзудi көздейдi:
«Зенит» ЗТ негізінде «Бәйтерек» ҒЗК-ін құру;
ҚұСК ғимаратын салу және оның негізгі сынау жабдығын монтаждау үшін дайындау. ҒА ҚұСК 2015 жылы пайдалануға берілетін болады.
3. Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш технологияларын пайдаланумен өнімнің 4 тәжірибелік-өндірістік үлгісін құру;
кемінде 9 ғылымды қажетсінетін ғарыш технологияларын енгізу; ғарыш саласының ғылыми және ғылыми-технологиялық базасының 3 объектісін жаңғырту;
гептилді трансформациялаудың бірқатар өнімдері үшін 2 технологиялық регламент, 2 әдістеме және 2 гигиеналық норматив әзірлеу
4. Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ҰҒМО үшін 16 ахуал орталығын, 10 тестілік полигон құру;
Қазақстанның тұтынушыларын координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтермен 100 % қамтамасыз ету;
жоғарыдәлдікті спутниктік навигация қызметтеріне елдің сұранысын 30 % (Қазақстан аумағын жабу пайызы) қанағаттандыру.
5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру, ол кәсіптік стандарттар жүйесін енгізуді, отандық және шетелдік ЖОО мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды, шетел ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, кәсіби кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды және мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш саласы қызметкерлерінің жалпы санына қатысты ғарыш қызметі саласындағы қазақстандық білікті мамандардың санын 50 %-ға дейін;
ғарыш бейінінде, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша даярланған мамандар (бакалаврлар, магистрлер, кандидаттар және ғылым докторлары, Ph.D докторлары) санын – 700 адамға ұлғайту.
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру келесі нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш қызметі саласында әріптес-мемлекеттердің санын ұлғайту (жыл сайын кемінде 2 мемлекет);
ғарыш қызметі саласында жеке нормативтік құқықтық база құру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу.
4.5. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге,
нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты
мемлекеттік және өзге де органдар
Ескерту. 4.5-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136, 2012.06.26 № 837; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Осы Бағдарламаны іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі негізгі орындаушы ретінде мынадай жауапты мемлекеттік органдармен өзара әрекет етеді:
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.
Сондай-ақ, Бағдарламаны іске асыруға Қазғарыштың қарамағындағы ұйымдар - ғарыш жобаларының тікелей орындаушылары қатысады: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, «Инфракос» РМК, «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Ескерту. 5-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Бағдарламаны орындау іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ 5 жылдық кезеңдерге арналған стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру арқылы шартты түрде екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
2010 - 2012 жылдар кезеңінде:
«KazSat-2» FA ұшыру;
FЗK, ЖҚЗ ҒЖ және ҒА ҚҰСК тапсырыс берушінің функцияларын игеру;
ЖҚЗ ҒЖ жобалау, әзірлеу, жасау және сынау барысында технологиялардың трансфертін жүзеге асыру және шетелде мамандарды оқыту;
іске асырылатын жобалар шеңберінде «KazSat-2» ҒА пайдалану жөнінде тәжірибе жинақтау жоспарланып отыр.
2013 - 2014 жылдары мынадай негізгі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
«KazSat-3» ҒА ұшыру;
жоғары және орта шешімді 2 ЖҚЗ ҒА ұшыру;
ЖҚЗ ҒЖ пайдалану жөнiнде, жеке ҒА ҚұСК құру жұмыстары бойынша тәжірибе жинақтау және мамандарды қосымша оқыту;
ҒА жобалау және ҒА жинақтауыштарын өндіру технологияларын игеру;
соңғы тұтынушыларға коммерциялық қызметтер көрсету.
Бағдарлама міндеттері бөлінісінде оны былайша іске асыру жоспарланып отыр.
1. Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мынадай іс-шараларды жүргізуді көздейді:
1) «KazSat» сериялы спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, ол мыналарды көздейді:
Қазақстандық геостационарлық FA үшін екі орбиталық позицияны бөлу және Қазақстан Республикасына бекіту;
«KazSat-2» және «KazSat-3» ұлттық FA құру және ұшыру;
«KazSat» сериялы FA РЖБК құру;
2) ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру, бұл мыналарды көздейді:
ЖҚЗ жоғары шешімді FA және ЖҚЗ орта шешімді FA құру және ұшыру;
ЖҚЗ ҒЖ жерүсті басқару кешенін құру;
басты ақпарат орталығын және ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату жерүсті станцияларының бөлінген желісін қамтитын жерүсті мақсатты кешенін құру;
3) ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру, бұл ғылыми міндеттерді шешу, жаңа ғарыш технологияларын пысықтау, жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу үшін ҒА жобалық материалдарын әзірлеуді көздейді;
4) жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығышы ҒЗК-ні құрудың экономикалық орындылығын негіздеу;
5) «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрамға кірмеген және Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған құрамға кірмейтін объектілерін кәдеге жарату және жөндеу әрі аумақтарын қайта құнарландыру.
Көрсетілген шаралар іске асқаннан кейін 4 ғарыш аппараты ұшырылады, оның ішінде 2 ҒА байланыс және хабар тарату және 2 ҒА ЖҚЗ.
Байланыс және хабар тарату, Жерді қашықтықтан зондтау, деректерді беру меншікті ғарыш жүйелерін, ғылыми мақсаттағы FA құру және пайдалану телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы, темір жол және автомобиль көлігі, жер ресурстарын басқару, геодезия, картография, энергетика және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты салаларда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне әкеледі.
«KazSat» сериялы FA тобы тікелей телехабар тарату, дәлдігі жоғары телехабар тарату, тікелей кең жолақты абоненттік кіру қызметтері, ТД-дабылдарын, Интернет-трафигін және дыбыстық хабар таратуды ұтқыр абоненттердің терминалдарына тікелей беретін мультимедиялық спутниктік хабар тарату сияқты болашақ бағыттарда қызметтер көрсету үшін жаңа техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл ретте, көрсетілген сегменттердегі ішкі нарығының іске асырылмаған зор әлеуеті бар.
«KazSat-1» FA іске қосқаннан бастап 1,5 жылда шетелдік спутниктік байланыс операторларының ұсыныстарынан бағасы 25 - 30%-ға төмен Қазақстан Республикасының 18 спутниктік байланыс операторы «KazSat-1» арнасына жалға берілді. Бұл Қазақстан Республикасының белгіленген спутниктік байланыс арналарында 60% сұранысын қанағаттандырды. 2011 жылдың ортасында іске қосуға жоспарланып отырған «KazSat-2» FA «KazSat-1» FA қарағанда жақсырақ сипаттамаға ие, бұл 2014 жылдың соңында 3 жыл аралығында спутниктік байланыс арналарында 80% сұранысын қанағаттандыруға жағдай туғызады.
2015 жылға қарай «KazSat» жобасы бойынша ЖҚҚ болжамдық көрсеткіші 33 млрд. теңге құрайды.
Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру шетелдік компаниялардан Қазақстан Республикасының жер кадастрын және жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрын жасау үшін ғарыш түсірілімдерін сатып алудан бас тартуға мүмкіндік береді.
Екі ҒА түратын ЖҚЗ ғарыш жүйесін 2014 жылдың ортасында іске қосу жоспарланып отыр. Құру жоспарланып отырған жүйенің өнімділігі елімізді ғарыш мәліметтерімен 100% сұранысын қанағаттандырады. Бірақ, ЖҚЗ ҒЖ толығымен қуаттылығымен игеру 1 жылға таман уақытты қажет етеді, сондықтан 2014 жылдың соңына дейін ғарыш мәліметтерімен 50% еліміздің сұранысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
ЖҚЗ ҒЖ жобасы бойынша 2015 жылға қарай ЖҚҚ және экспорт болжамдық көрсеткіштері тиісінше 17 млрд. теңгені және 4,7 млрд. теңгені құрайды.
Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жақын және алыс ғарышты сапалы зерттеуді, Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыштық материалтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту мынадай жобаларды іске асыру арқылы жүргізіледі:
1) «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Зенит» ЗТ негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру. Аталған ҒЗК-ні құру «Зенит» ЗТ-ны дайындау барысында қолданылатын қажетті ұйымдық-өкімдік және нормативтік құқықтық құжаттарды дайындау, Ресей Федерациясының нормативтік-техникалық құжаттарды беруі және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының нормативтік базаларын кейіннен үйлестіру жөніндегі жұмыстарды, жалдан шығаруды кезінде қабылдау және қолдану үшін кешен жүйелері мен агрегаттарын пайдалану құрамы мен ерекшеліктері бойынша қазақстандық ұйымның қызметкерлерін шарттық негізде практикалық оқытуды жүргізуді; «Зенит» ЗТ-ның техникалық және старттық кешендерін жалдан шығаруды және оларды Қазақстан Республикасының қабылдап, пайдаланушы ұйымға одан әрі беруін; «Зенит» ЗТ-ны пайдалану, дайындау және ұшыру бойынша бірлескен есептеу құрамындағы кешен агрегаттары мен жүйелерінде дербес жұмысқа мамандардың дайын болуына қарай жалдан шығарылған объектілерді пайдаланғаны үшін қазақстандық ұйымдарға жауапкершілікті біртіндеп көшіруді, «Бәйтерек» ҒЗК-ні одан әрі жаңғыртуды (реконструкциялауды) көздейді;
2) Қазақстан Республикасының «Зенит» ҒЗК және «Днепр» ҒЗК коммерциялық жобаларына қатысу жөніндегі экономикалық тиімділігін қарастыру;
3) ҒА жобалау-конструкторлық және технологиялық базасын құру, бұл ҒА ҚұСК, FT АКТБ жерүсті инфрақұрылымының объектілерін салуды, сондай-ақ Ұлттық ғарыштық технологиялар зертханасын, ҒА жиынтықтауыштарын өндіру жөніндегі кәсіпорындар мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығын, космонавтика мұражайын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құрудың экономикалық мақсатқа сәйкестігін негіздеуді көздейді;
4) жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығышы ҒЗК-ні құрудың экономикалық орындылығын негіздеу;
5) «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрамға кірмеген және Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған құрамға кірмейтін объектілерін кәдеге жарату және жөндеу әрі аумақтарын қайта құнарландыру.
Бұл шаралар Мемлекет басшысының 2008 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасына «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртіндеп өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізін қалады. Бағдарламаны іске асыру «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік және коммерциялық әлеуетін дамытуды және оның негізінде ғарыш кластерін құрастыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің бірі ҒА ҚұСК салу және ҒТ АКТБ құру болып табылады.
Бұдан басқа, Бағдарламаның аса маңызды нәтижелеріне жоғары қосымша құны бар өнім өндіретін жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру, ғарыш қызметінің технологиялық салаларындағы инженерлік-техникалық қызметкерлер және жоғары білікті жұмысшылар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды жатқызуға болады.
3. Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
1) зымыран-ғарыш техникасын және ғарыш техникасын құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуін әзірлеу;
2) астрофизикалық және ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту;
3) Қазақстан аумағындағы жер қыртысының жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын болжау жүйесін құру;
4) ЖҚЗ деректерін қабылдау, мұрағаттау, өңдеу және бейнелеу технологияларын дамыту;
5) ғарыш ауа-райы мониторингі және болжаудың қазақстандық көп деңгейлі жүйесін құру;
6) ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;
7) ғарыш кеңістігінде ғылыми зерттеу және тәжірибе бағдарламаларын іске асыру;
8) әр түрлі төтенше жағдайлар ошағын табу, оларды оқшауландыру және жою бойынша шұғыл шаралар қолдану жөніндегі даму серпінін бақылау.
Осы шаралар ғарыш техникасының ғылыми зерттеулерінің, зерттемелерінің, сынауларының және өндірудің тұтас жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Бұл ғылыми негізде және қазіргі заманғы жетістіктерде түрлі типтердегі ҒА құруға және ұшыруға, соңғы тұтынушылардың ғарыш жүйелерін пайдаланудың аппараттық-бағдарламалық құралдарын жасауға, сондай-ақ ғарыш қызметінің технологиялық дамуының басым бағыттары бойынша Қазақстанның серпінді жылжуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұшқыш басқаратын ұшулармен байланысты ғарыштық зерттеулер жүргізілетін болады.
4. Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру.
Мақсатты ғарыш жүйелерін құру аясы тар мақсат емес. Бұл - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму және ұлттық қауіпсіздікті және қорғанысты нығайту міндеттерін шешу үшін соңғы тұтынушының құралы. Осы құралды тиімді пайдалану үшін ғарыш жүйелері мен технологияларын қолданудың мақсатты жобаларын іске асыру, түрлі тұтынушыларға ғарыш қызметтерінің операторлар желісін өрістету қажет.
Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру мынадай іс-шараларды өткізуді көздейді:
1) Қазақстан Республикасының ҰҒМЖ дамыту, бұл ҰҒМЖ базалық инфрақұрылымын дамытуды;
ҰҒМЖ тақырыптық (салалық) кіші жүйелерін құруды көздейді;
2) Қазақстан Республикасының ЖСНЖ жерүсті инфрақұрылымын құру мыналарды:
сараланған түзету және мониторинг орталығын құруды;
Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыдәлдікті координаталық-уақыттық ақпаратты ұсыну жөніндегі қызметтерді тұтынушыларға көрсету үшін дифференциалдық станциялар желісін өрестетуді көздейді.
ҰҒМЖ құру және оны интеграциялау шаруашылық қызметінің негізгі түрлерін мемлекеттің объективті, тәуелсіз және үзіліссіз бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҰҒМЖ құру келесі қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жерүсті инфрақұрылымын төтенше жағдайлар зардаптарының алдын aлу, мониторингі және бағалау;
пайдалы қазбаларды және энерготаратушыларды барлау және табу;
инфрақұрылымның мүлкін және жағдайын бақылау;
экологиялық мониторинг;
дала және орман өртінің мониторингі;
картографиялау;
жерді және орманды пайдалануды есепке алу, жоспарлау және бақылау;
ауыл шаруашылығы және орман алқаптары жағдайының мониторингі.
Тұрғындардың навигацияның базалық қызметтерге кіруге рұқсаты кеңейтіледі, сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғарылайтын болады. Ғарыш жүйелерін пайдаланумен қызметтер көрсетуге жеке орта және шағын бизнестің қатысуы қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі уақытта елде спутниктік навигациялық жүйелердің мүмкіндіктері іс жүзінде қолданылмайды. Радионавигациялық өрістер, жоғарыдәлдікті позициялау, жеке позициялау, көліктік телематиканы навигациялық қолдау мониторингі жүйелері әзірлеу кезеңінде, жерүсті инфрақұрылымы жоқ.
Осылайша, Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын, спутниктік геодезиялық желіні құрудың жүйелік жобасын әзірлеу және іске асыру, спутниктік навигациялық жүйелер негізінде қызметтердің кең спектрін көрсету өзекті болып отыр.
Алайда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесімен қамтамасыз ету қажет емес. Экономикалық белсенділігі төмен аз қоныстанған аудандарда, тұрған орнын жоғарыдәлдікті анықтау сұранысын қажет етпейді. Сондықтан жерүсті инфрақұрылымын ҮҒМЖ құру кезеңінде еліміздің 30% аумағын қамту жеткілікті.
Кейіннен белсенділігі аз аумақтарды белсенді игеру еліміздің бүкіл аумағын қамту мәселесі кең аймақты сараланған жүйе ғарыштық байланыс арналарына ақпарат жіберу үшін негізделген «KazSat» сериясының ҒА құрғаннан кейін шешілуі мүмкін.
ҰҒМЖ жобасы бойынша 2015 жылға қарай ЖҚҚ болжамдық көрсеткіші 6 млрд. теңгені құрайды.
5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
1) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, PhD докторантура) білімі бар мамандарға, сондай-ақ кадрлар біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға қажеттілігін тұрақты негізде мониторингілеуді және болжауды қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Кадрлар» ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу және енгізу;
2) Ғарыш қызметі үшін мамандардың және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығын құру, оның маңызды бағыты экономиканың түрлі салаларынан ғарыш қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларын оқыту болады;
3) кадрлық әлеуеттің сапасын арттыру мақсатында ғарыш саласына кәсіби стандарттар жүйесін кезең-кезеңімен енгізу;
4) «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде даярланған жас мамандар үшін қосымша бос орындар құру мақсатында Қазғарыштың кәсіпорындары іске асыратын жобалардың санын ұлғайту;
5) ұзақ мерзімді перспективаға арналған (10 жыл) ғарыш саласының кадрларын даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұжырымдамасын (бағдарламасын) қабылдау;
6) ғарыш қызметі саласында инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды таяу және алыс шетелдің тиісті оқу орындары мен ғылыми орталықтарында, соның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде даярлауды, тағылымдамадан өткізуді және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру мынадай іс-шараларды өткізуді көздейді:
1) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;
2) техникалық реттеу саласында:
- мемлекеттік стандарттар әзірлеу, сондай-ақ оларды енгізу бойынша іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;
- ғарыш қызметі саласындағы ведомстволық кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу;
- БАҚ арқылы техникалық реттеу мәселелерін насихаттау және оқыту семинарларын өткізу;
- Ғарыш қызметі саласында стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар жұмыстарына Техникалық комитеттің қатысуы.
3) халықаралық ынтымақтастық саласында:
- үкіметаралық келісімдерді, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің ғарыш ведомстволарымен бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеуді және пайдалануды, ғарыш жүйелері мен технологияларын қолдануды қамтитын ғарыш қызметі саласындағы жан-жақты ынтымақтастықтың құқықтық және ұйымдық негізін құратын келісімдерді дайындау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық Зымыран технологияларын бақылау режиміне (ЗТБР) кіру іс-шараларын іске асыру;
- Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдалану жөніндегі шарттық-құқықтық базасын жетілдіру.
Көрсетілген Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстанға:
ғарыш саласын дамытудың, соның ішінде, техникалық реттеу, халықаралық ынтымақтастық және басқа аспектілер бойынша тиімді нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға;
шамамен 60 мемлекеттік стандарт дайындау жолымен стандарттау бойынша нормативтік құжаттар базасын дайындауға;
ғарыш техникасының және технологияларының жетекші әзірлеушілері мен өндірушілерімен мықты әріптестік қатынастар орнатуға;
ғарыш қызметтерінің халықаралық кооперациясына және әлемдік нарығына кіруге;
бейбіт мақсатта ғарыш қызметін белсенді іске асыратын мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін көтеруге мүмкіндік береді.
Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін басқарудың негізгі тетігі бағдарламалық-мақсатты басқару тетігі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру үшін мыналар қамтамасыз етіледі:
1) оны іске асыру барысына Қазғарыштың үнемі мониторинг жүргізуі;
2) белгіленген мерзімде Қазғарышқа орындаушы-ұйымдардың оларға жүктелген Бағдарлама бөлімдерін және белгіленген кезеңге арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау жөнінде есептерін ұсыну.
Ғарыш қызметін дамыту жобаларын іске асыру мемлекетаралық келесімдерге және Ресей, Франция кәсіпорындарының, сондай-ақ ғарыштық бейіндегі қазақстандық мемлекеттік кәсіпорындардың шарттарына сәйкес жүргізілетін болады.
Ғарыш жобаларын іске асыру барысында агенттік қазақстандық мазмұн үлесінің мониторингі мен талдау жұмыстарын және оны ұлғайту бойынша шаралар жүргізетін болады.
Бағдарламаның іске асырылу шамасына қарай экономиканың басқа салаларымен өзара байланысы жолға қойылады, яғни ғарыш саласы құрылысының соңғы мақсаты - экономиканың және қоғамның сұраныстарын қанағаттандыру.
Ресурстық қамтамасыз ету, энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қуатты үнемдеу және инвестицияларды тарту мәселелері ғарыш жобаларын іске асыру барысында тікелей шешілетін болады;
3) бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның Президент Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне оны іске асыру жөніндегі есептерді кезең-кезеңмен ұсыну және қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
Ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайту, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму үшін стратегиялық мәні бар ғарыш жобалары, бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңесте оның жұмыс органының ұсыныстары бойынша талқыланатын болады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өткізіліп жатқан ғарыш қызметі саласындағы басым жобалар мен жұмыстар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазғарыштың салалық сараптамасына жатады.
Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы мониторинг Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес іске асырылады.
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу мониторингі әр жоба және жылдар бойынша бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жүргізілетін болады, ол былайша жүзеге асырылатын болады:
жобаларды іске асырудың жоспар-кестелеріне сәйкес жобалардың орындалуының ағымдағы барысын салыстыру;
іс-қимылды түзетуді немесе алдын алуды талап ететін сәттерді анықтау үшін орындалу барысын бағалау;
тәуекелдерді уақтылы анықтау және жауап қайтару үшін жоба тәуекелдерін талдау, қадағалау және мониторингілеу;
жобаларды және олардың өнімдерін іске асыру барысына қатысты дұрыс және өзекті ақпараттық базаны жүргізу;
ағымдағы жай-күй, ілгерілеу мен болжау бағалары туралы есептерді құру үшін ақпарат ұсыну;
шығындар туралы ағымдағы деректерді жаңарту үшін болжамдарды ұсыну және жобалардың кестесі;
жобаларды іске асыру барысына өзгерістер енгізу мониторингі.
Тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазғарыш өзіне ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен бірлесіп, мыналар бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін болады:
Қазғарыштың кәсіпорындарында жобаларды басқару жөніндегі стандарттарды енгізу;
жобаларды іске асырудың үдерісінде ақпараттық жүйелерді енгізу;
Қазғарыштың кәсіпорындарында жобалардың тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу;
жобаны іске асыруға қатысушылардың корпоративтік мәдениеті деңгейін арттыру.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Ескерту. 6-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Талдау көрсеткендей, әлемдік ғарыш нарығы әлемдік жоғары технологиялар нарығының ірі және тез дамып келе жатқан сегменті болып табылады. Ғарыш индустриясы әлемдегі кәсіби даярланған мамандарды маңызды еңбекпен қамтуын қамтамасыз ететін, әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық жағынан тартымды құрауышына айналды.
Капиталды, ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы екенін, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімдерінің ұзақтығын, инвестициялық және технологиялық тәуекелдердің жоғары деңгейін ескере отырып, отандық ғарыш саласын құру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру айтарлықтай мемлекеттік қолдауды талап етеді. Қазақстанда ғарыш саласының негізгі бағыттарын қалыптастырудың бастапқы кезеңдерін ескере отырып, осы кезеңнен өткен барлық елдердің тәжірибесі бойынша ғарыш бағдарламалары мен жобалары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап етеді.
2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржылық шығындар 137 651 966 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар және қаржыландыру көздерi бойынша:
2010 ж. – республикалық бюджет – 14 775 613 мың теңге;
2011 ж. – республикалық бюджет – 39 294 012 мың теңге;
2012 ж. – республикалық бюджет – 35 713 989 мың теңге;
2013 ж. – республикалық бюджет – 29 190 314 мың теңге;
2014 ж. – республикалық бюджет – 18 678 038 мың теңге.
Республикалық бюджет, барлығы – 137 651 966 мың теңге.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар көлемі Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес анықталатын болады.
1-қосымша
7. Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 136 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 837; 20.12.2013 N 1382 қаулыларымен.
Р\с № | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындау үшiн жауаптылар | Орындау мерзiмi |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Мақсатты ғарыш жүйелерiн құру |
||||
1.1 |
«KazSat» спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн құру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2014 жылғы 4-тоқсан |
1.1.1 |
«KazSat-2» байланыс және хабар таратушы ғарыш аппараттарын құру және ұшыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2011 жылғы 4-тоқсан |
1.1.2 |
«KazSat-3» байланыс және хабар таратушы ғарыш аппараттарын құру және ұшыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2014 жылғы 2-тоқсан |
1.1.3 |
Резервтiк жерүстi басқару кешенiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2012 жылғы 4-тоқсан |
1.1.4 |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1382 қаулысымен. |
|||
1.2 |
Қазақстан Республикасының орташа және жоғары шешiмдi Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесiн құру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
1.3 |
Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жөнінде инвестициялық ұсыныстар әзірлеу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2011 жылғы 4-тоқсан |
1.4 |
Ғарыш аппараттарының басқарылуын қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «РҒБО» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы |
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту |
||||
2.1 |
ҚұСК ғимаратын құру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2 |
«Байқоңыр» ғарыш айлағын қолдау және жаңарту |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.1 |
«Зенит-М» ҒЗК жалдан алу және қазақстандық тарапына тапсыру бойынша дайындық жұмыстар |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Бәйтерек» БК |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.2 |
Қазақстан Республикасының «Зенит» ЗТ және «Днепр» ЗТ коммерциялық жобаларына қатысуын пысықтау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.3 |
Құрамға кірмеген және Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешені нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Инфракос» РМК |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.4 |
«Байқоңыр» кешендегі Ресей Федерациясының жалға алу құрамына кірмейтін нысандарды кәдеге жарату, қайта құнарландыру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Инфракос» РМК |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.3 |
Жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығыштармен ҒЗК-ні құру жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
3. Ғарыш қызметiнiң ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту |
||||
3.1 |
Ғарыш қызметi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
4. Ғарыш жүйелерiн қолдану мақсатты жобаларын iске асыру |
||||
4.1 |
Қазақстан Республикасы дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын құру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетiн дамыту жүйесiн қалыптастыру |
||||
5.1 |
Ғарыш саласы мамандарын қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2014 жылғы 4-тоқсан |
5.2 |
Ғарыш саласы мамандарын даярлаудың, біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын (Бағдарламасын) қабылдау |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
5.3 |
«Болашақ» бағдарламасы түлектеріне Қазғарыштың кәсіпорындарына жұмысқа тұруына ықпал ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ, «ҚҒС» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» БК, «РҒБО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру |
||||
6.1. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық реттеу мәселелерiн насихаттауды ұйымдастыру |
ҰҒА Веб- сайтындағы ақпарат және БАҚ-та жариялау |
ҰҒА |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.2 |
Ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеудi қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.3 |
Ғарыш қызметi саласындағы кәсiпорындарда ISO халықаралық сапа стандарты негiзiнде менеджмент жүйесiн енгiзуiн қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ, «ҚҒС» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» БК, «РҒБО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.4 |
«Ғарыш қызметi» ТК 66 ISO/TK 20 стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымының жұмысында қатысу |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ, |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.5 |
Жетекшi дүниежүзiлiк өндiрушiлермен бiрлесiп ғарыш техникасын, технологияларын, ғарыш инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi халықаралық жобаларды iске асыруға Қазақстан Республикасының қатысуы |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ, |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.6 |
Ғарыш қызметi саласында әлемдiк көшбасшы болып табылатын басқа мемлекеттермен ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын дамыту |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.7 |
«Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзiрлеу |
Қазақстан Республика сы Заңының жобасы |
ҰҒА |
2010 жылғы 4-тоқсан |
6.8 |
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаны әзiрлеу |
Қазақстан Республика сы Заңының жобасы |
ҰҒА |
2010 жылғы 4-тоқсан |
6.9 |
Ғарыш бейiнi мамандықтары бойынша бiлiм стандарттарды әзiрлеудi қамтамасыз ету |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.10 |
Ғарыш қызметiн экологиялық нормалау жүйесiн құру |
ЭБЖМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6.11 |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің 2012 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы шеңберінде құжаттарды әзірлеу және келісу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, ҚҒС» ҰК» АҚ |
2012 жылғы 4-тоқсан |
Iс-шаралар бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
Болжамдалған шығындар (мың теңге) | Қаржыландыру көзі | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | Барлығы | |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. Мақсатты ғарыш жүйелерiн құру |
||||||
5 812 200 | 6 519 503 | 10 500 000 | 8 000 000 | 0 |
30 831 703 | 011 РБ |
1 812 200 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 812 200 |
011 РБ |
3 000 000 |
5 500 000 |
10 500 000 |
8 000 000 |
0 |
27 000 000 |
011 РБ |
1 000 000 |
1 019 503 |
0 |
0 |
0 |
2 019 503 |
011 РБ |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1382 қаулысымен. |
||||||
2 785 800 | 20 281 717 | 10 142 716 | 11 298 503 | 5 433 039 | 49 941 775 | 005 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
129 618 | 1 275 839 | 1 199 158 | 1 242 025 | 3 666 476 | 7 513 116 | 009 РБ |
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту |
||||||
4 191 200 | 5 281 717 | 11 033 699 | 7 000 000 | 8 300 755 | 35 807 371 | 005 РБ |
79000 | 3 722 268 | 238 474 | 271 438 | 201 396 | 4 512 576 | 010, 015, 004 РБ |
- |
3 587 617 |
0 |
0 |
0 |
3 587 617 |
010 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
РБ |
79 000 |
78 474 |
78 474 |
100 892 |
101 396 |
438 236 |
015 РБ |
- |
56 177 |
160 000 |
170 546 |
100 000 |
486 723 |
004 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
3. Ғарыш қызметiнiң ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту |
||||||
730 660 | 734 415 | 1 010 000 | 1 010 000 | 1 010 000 | 4 495 075 | 002 РБ |
4. Ғарыш жүйелерiн қолдану мақсатты жобаларын iске асыру |
||||||
978 603 | 1 365 948 | 1 421 022 | 144 742 | 0 | 3 910 315 | 005 РБ |
5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетiн дамыту жүйесiн қалыптастыру |
||||||
50 000 | 50 000 | 50 000 | 208 305 | 50 000 | 408 305 | 017 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру |
||||||
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
18 532 | 22 579 | 13 000 | 15 301 | 16 372 | 84 857 | 014 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
0 | 40 026 | 105 920 | 0 | 0 | 145 946 | 020 РБ |
14 775 613 | 39 294 012 | 35 713 989 | 29 190 314 | 18 678 038 | 137 651 966 | РБ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлiгi
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi
«ҚҒС» ҰК» АҚ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы»
акционерлiк қоғамы
РҒБО» АҚ – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы»
акционерлік қоғамы
«ҰҒЗТО» АҚ - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар
орталығы» акционерлiк қоғамы
«Инфракос» РМК - «Инфракос» республикалық мемлекеттік
кәсiпорыны
«Ғарыш-Экология»
ҒЗО» РМК - «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттiгiнің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны