Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж. № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, орманды қалпына келтіру және ағаш өсіру саласында мемлекеттік бақылау жүргізетін лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету натуралдық нормаларын бекітеді»;
2) 21-баптың 4-тармағында:
«нысанды киім-кешекпен» деген сөздер «нысанды киіммен (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды киіп жүру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
3) 69-баптың 5-тармағында «нысанды киім-кешекпен» деген сөздер «нысанды киіммен (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат, № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 8,44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134 - құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):
тақырыбына және 28-тараудың қазақ тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілмейді.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І; 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат, № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат, 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат, № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың 1-тармағында:
8) тармақшада «ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің органдары мен мекемелерінің» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«8-1) әскери және арнаулы атақ алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдардың басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда, құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері».
4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):
тақырыбында және 135-бапта «ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ведомстволық есеп, нысандарын, халық алдындағы, азаматтық институттармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу ережелері мен есеп нысандарын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 478-баптың 2-тармақшасы «Кодекспен,» Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 47-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
4) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«483. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі
1. Құқық қорғау органының функцияларын атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
Арнаулы атақтар берілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанда киіммен тегін қамтамасыз етіледі. Нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Арнаулы атақтар және оларға шектес арнаулы атақтар берілетін кеден органдары қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың басқа кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
3. Нысанды киім (погонсыз) және нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің натуралдық нормаларын және айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нысанды киім және (погонсыз) нысанды киім киіп жүру тәртібін кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
5) 484, 485, 486, 487 және 488-баптар алып тасталсын;
6) 490-бапта:
2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) денсаулық жағдайы бойынша;»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 59-тарау алып тасталсын;
8) 496-баптың 2-тармақшасы алып тасталсын;
9) 497-баптың 1-тармақшасында оныншы абзац алып тасталсын;
10) 500 және 501-баптар алып тасталсын.
6. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж.,№ 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат):
мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Әскери атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың құқығы мен кепілдіктері Әскери атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
1) кемінде 20 жыл қызмет өткерген адамдардың құқығы бар:
әскери қызметті аттестациялық лауазымда аяқтауға;
зейнетке шығатын кезде әлеуметтік қамсыздандыру, барлық жеңілдіктерді сақтап қалуға;
2) бұрын белгіленген ұстемақы есебімен және одан да төмен емес лауазымдық еңбекақы алуға».
7. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
25-бап:
«нысандық киім» деген сөздерден кейін «(погонсыз)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын;
«Нысанды киім (погонсыз) үлгілері және оны киіп жүруді уәкілетті орган бекітеді, нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің натуралдық нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 223-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағында «жұмыскерлері мен қызметшілерінің» деген сөздер «және қызметкерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-бапта «жұмыскерлер мен қызметшілер» және «жұмыскерлері мен қызметкерлерінің» деген сөздер «және қызметкерлер» мен «және қызметкерлерінің» деген қызметкерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Әскери атақ берілетін ұлттық қауіпсіздік органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын, сондай-ақ орталық және аумақтық құрылымдарда берілетін оларға шектес әскери атақтар лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.».
9. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 11-бапта:
4) тармақшада «қызметкерлері» деген сөзден кейін «және жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;
4-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«барлық құқық қорғау органдарымен міндетті атқарылуы тиіс, құқық қорғау органдарының іс-әрекетін бағалау және олардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын анықтау мәселелері бойынша»;
10) тармақшада «қызметкерлері» деген сөзден кейін «және жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 12-баптың 3-тармағында «қызметкерлері» деген сөзден кейін «және жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 17-баптың 4-тармағында «қызметкерлері» деген сөзден кейін «және жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 11-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау Прокуратура органдарындағы қызмет»;
5) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері
1. Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінің өкілі болуды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
Әскери, табиғат қорғау, көлік, сондай-ақ арнайы объектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
2. Прокуратура органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер немесе әскери атақтар беріледі.
Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін прокуратура органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ орталық және аумақтық құрылымдардағы оларға шектес сыныптық шендер немесе әскери атақтар лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
6) 49-бап алып тасталсын;
7) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор жасаған әкімшілік құқық бұзу фактісі туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкімшілік жолмен ұстауға, жеке басын тексеріп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлігін тексеріп қарауға жол берілмейді.»;
8) 51-бап алып тасталсын;
9) 52-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокуратура қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңымен реттеледі.»;
10) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап Прокуратура қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік
қамсыздандыру
1. Прокуратура органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат, 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж, № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; N 1 23, № 9 құжат, 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж, № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 24, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж,, № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат, № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61 құжат; 2009 г, № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 ж, № 19, 88-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат):
1) 5-1-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасында «ведомстволық статистикалық есеп» деген сөздерден кейін «халық алдындағы, азаматтық институттармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу ережелері мен есеп нысандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-тарау алып тасталсын;
3) 15-бап алып тасталсын;
4) 15-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 16, 17, 17-1, 18, 19 және 20-баптар алып тасталсын;
6) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы
атақтары
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
Арнаулы атақтар берілетін ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, сондай-ақ орталық және аумақтық құрылымдардағы оларға шектес арнаулы атақтар лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7) 21, 23, 23-1, 24, 24-1-баптар алып тасталсын;
6) 6-тарау алып тасталсын.
11. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № № 24, 148-құжат, 2007 ж., № 2,18-құжат, № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат, № 20, 152-құжат., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттарын тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді.»;
2) 6-бапта:
8) тармақша алып тасталсын;
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) аттестациялық тәртіп бойынша анықталған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкерін қызметіне сай келмеуі бойынша, беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе қызметтік тәртіпті үнемі бұзғаны үшін жұмыстан шығару кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қаражаттың орнын толтыруы тәртібін белгілейді»;
16) тармақшада «ведомстволық статистикалық есеп» деген сөздерден кейін «халық алдындағы, азаматтық институттармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу ережелері мен есеп нысандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.»;
4) 10-2, 10-3, және 10-4-баптар алып тасталсын;
5) 10-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-5-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерінің арнаулы атақтары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
Арнаулы атақтар берілетін мемлекеттік өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің, сондай-ақ орталық және аумақтық құрылымдардағы оларға шектес арнаулы атақтар лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді»;
6) 10-6, 10-7, 10-8 және 10-9-баптар алып тасталсын.
12. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; № 1999 г., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82 құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., N 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
101-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген жеңілдіктер арнаулы атақ алу және нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған 20 жылдан кем емес қызмет еткен адамдарға да қатысты таралады.».
13. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат, 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 14 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18 құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178 құжат, 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 123-құжат; 2009 ж., 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери және арнаулы атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды, прокуратура органы мен кеден органдарын қоспағанда еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақылық төлем алуға құқығы бар арнаулы атақтар берілген әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне»;
2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери және арнаулы атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды, прокуратура органы мен кеден органдарын қоспағанда еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақылық төлем алуға құқығы бар арнаулы атақтар берілген әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне»;
3) 22-баптың 3-2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери және арнаулы атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар, арнаулы атақтар берілген әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады»;
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған;
2) осы Заңның 61-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған;
4) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Прокуратура органы мен кеден органдарын қоспағанда әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері»;
5) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу
құқығы
1. Арнаулы атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар, әскери қызметшілердің (мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілерден басқа), арнайы атақтар берілген құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің:
1) арнаулы атақтар беріліп, әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемінде 25 еңбек сіңірген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жеткен;
2) арнаулы атақтар беріліп, әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемінде 25 еңбек сіңірген жылы бар, штаттың қысқартылуы, өз қалауы және денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) арнаулы атақтар беріліп, құқық қорғау органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнаулы атақтар беріліп, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және құқық қорғау органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнаулы атақ алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар, арнаулы атақтар беріліп, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, бұрынғы мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерінің, арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың арасынан зейнеткерлерді әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің 2010 жылғы 1 қаңтарындағы әскери (арнаулы) атақтары бойынша тіркелген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы санаттағы адамдар үшін әскери және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың тиісті шекті жасқа жетуі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.»;
6) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін
зейнетақы төлемдерінің мөлшері
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы болған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда - толық көлемінде;
2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы болған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін жағдайда - толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.
5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнаулы атақтар берілген әскери қызметшілерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз төрт еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.»;
7) 62, 63, 64, 65 және 66 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есептеледі.
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай
қаражатының мөлшері
1. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаты мөлшері қызметтен босаған (адам құрамының тізімінен шығарылған) күнге белгіленеді.
2. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаты мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.
3. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаты мөлшері соңғы қызмет еткен жері бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
64-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оны жүзеге асыру
мерзімдері
1. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргізіледі.
3. Арнаулы атақтар берілген, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебінен зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
5. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге, бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Арнаулы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі, қызмет стажы бар әскери қызметшілерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бюджет қаражаты есебінен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгіленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі.
Әскери қызметшілерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтары болу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін тұңғыш рет қызметке кірген арнаулы әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртібі қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдері жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негізге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.
66-бап. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін, прокуратура органдары және кеден
органдарын қоспағанда, зейнетақымен қамсыздандыруды
жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, прокуратура органдары және кеден органдарын қоспағанда, зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, прокуратура органдары және кеден органдарын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
14. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот приставына нысанды киім (погонсыз), куәлік және жетон беріледі, олардың үлгілерін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді».
15. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді».
16. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) темір жол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормаларын бекіту»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 26-4) тармақшамен толықтырылсын:
«26-4) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, олардың үлгілерін, киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;»;
2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Нысанды киім және айырым белгілері
Темір жол көлігінің жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тікелей байланысты қызметкерлеріне жұмыс берушінің есебінен тиісті айырым белгісі бар нысанды киім (погонсыз) берілуге тиіс.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және айырым белгілерін, оларды киіп жүру тәртібін және және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
3) 32-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде белгіленген үлгідегі нысанды киімде (погонсыз) болуы, қызметтік куәлігі болуға тиіс.».
17. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 г., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
4-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«нысандар үлгілері мен айырым белгілерін, нысанды киім киіп жүру тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын» «(погонсыз)» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) нысанды киім (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;».
18. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат, 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 23 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдедегі «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 25-1-баптағы «белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген» сөздері алып тасталсын;
2) 25-2, 25-3, 25-4, 26, 26-1, 26-2 баптары алып тасталсын;
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің арнаулы
атақтары
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы талаптар мен функцияларды атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдына қойылған негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің лауазымды адамдарына берілетін арнаулы атақтар, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелерінің лауазымдарына арнаулы атақтарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Жоғары басшылық құрамның арнаулы атақтары Қазақстан Республикасы Президенті белгілейтін тізбе және тәртіпте беріледі.»;
4) 28, 28-1, 29-1, 29-2, 29-3 және 29-4-баптар алып тасталсын;
5) 29-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінің
әлеуметтік қорғаудың өзге шаралары
Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулез мекемелерінде және басқа да мамандандырылған учаскелері мен мекемелерінде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне медицина қызметкерлерінің осы санаттары үшін заңнамада белгіленген жеңілдіктер қолданылады.»;
6) 30, 31 және 32-баптар алып тасталсын.
19. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 2-баптың 3) тармақшасында «мемлекеттік» деген сөзден кейін «және құқықтық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бабы 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) халықтың алдында есеп берудің ведомстволық есептелігінің, азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен ынтымақтастық, ережелері мен нысандары бекітіледі;
3) 4-тарау алып тасталсын;
4) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға.»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерінің және
жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңымен және осы Заңда, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледі.
Қаржы полициясы органдары жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
6) 14, 15, 16 және 16-1-баптары алып тасталсын;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің арнайы
атақтары
1. Қаржы полициясы органдарының арнайы талаптары мен функцияларды атқаратын қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
Қаржы полициясы органдарының алдына қойылған негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын Қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдарына берілетін арнаулы атақтар, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелерінің лауазымдарына арнаулы атақтарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Жоғары басшылық құрамның арнаулы атақтары Қазақстан Республикасы Президенті белгілейтін тізбе және тәртіпте беріледі.»;
8) 6-тарау алып тасталсын;
9) 24-бап алып тасталсын.
20. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат, 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
21. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның лауазымды тұлғаларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормаларын бекітеді.»;
2) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғалардың нысанды киімі (погонсыз), кеудеге таққан нөмірлі белгілері және қызметтік куәлігі болуға тиіс.
Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың лауазымдар тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), кеудеге тағатын нөмірлі белгілердің, қызметтік куәліктің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.».
22. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) теріс себептермен мемлекеттік қызметтен шығарылған тұлғаларды.».
23. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау қызметкерлерін онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27-3) тармақшамен толықтырылсын:
«27-3) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесін, нысанды киім (погонсыз) және айырым белгілерін үлгілерін, нысанды киім киіп жүру тәртібін бекіту;».
24. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат):
7-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1) әскери атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдар тізбесін бекітеді;».
2-бап. Кемінде 20 жыл қызмет өткерген, әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен алу, нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
1) аттестацияланған лауазымдардағы құқық қорғау органдарындағы, өзге де әлеуетті және арнайы органдардағы аттестатталған лауазымдарда қызметті өткеруді аяқтауға;
2) зейнеткерлікке шығу кезінде әлеуметтік қамтамасыз етуді, барлық жеңілдіктерді және артықшылықты сақтауға құқығы бар.
3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін құқық қорғау, өзге де әлеуетті және арнайы органдардың тікелей негізгі міндеттер мен функцияларды орындайтын қызметкерлерінде ғана әскери және арнайы атақтарды, сыныптық шендерді, погоны бар нысанды киімді кию құқығын сақтауға бағытталған нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті